СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Информатика, физика, математика апталығының жабылу кеші

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Математика, информатика, физика – әлеміне саяхат» атты 9-10 сыныпоқушыларының қатысуымен КТА

Просмотр содержимого документа
«Информатика, физика, математика апталығының жабылу кеші»

Пәні: физика, математика, информатика

Күні: 26.01.18 ж.

Уақыты: 16:15 сағ.

Өтілетін орны: акт залы

Пән мұғалімдері: Сапарбаева И. К.

Сабақтың тақырыбы: «Математика, информатика, физика – әлеміне саяхат»

Мақсаты:

білімділік – оқушылардың физика, математика, информатика пәндерінен алған білімдерін жүйелеп, қорытындылау;

дамытушылық – ой-өрісін, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту және ғылыми көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен пайдалана білу дағдыларын жетілдіру;

тәрбиелік – шапшаңдыққа, төзімділікке, шыдамдылыққа баулу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Әдісі: топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика, физика, информатика, ағылшын, қазақ тілі

Қолданылатын көрнекіліктер: нақыл сөздер, мультимедиалық эпипроектор.



Өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру.

а) Оқушыларды жинақтау, зейіндерін сайысқа аудару

командаларды таныстыру;

10 «А», 10 «Ә» сынып оқушылары – Ньютон командасы, 9 «А», 9 «Ә», 9 «Г» сынып оқушылары – Паскаль командасы, 9 «Б», 9 «В» - Пифагор командасы;

б) әділ-қазылар алқасымен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім.

  1. І – айналым «Тапқып болсаң, тауып көр!» (цифрларды байланыстырып жұмбақ айту, жұмбақтағы жасырын сөзді тауып, оны үш тілге аудару).

Үш тілде дұрыс жауап бересе – 30 ұпай;

Екі тілде дұрыс жауап берсе – 20 ұпай;

Бір тілде дұрыс жауап берсе – 10 ұпай.

  1. ІІ – айналым «Ой – толқын, білім – теңіз» (мақал-мәтелдер айту). Әр дұрыс жауап – 10 ұпай.

  2. Көрініс

  3. ІІІ – айналым «Ғажайып үштік» (логикалық есептер). Оқушылар өздерінің таңдауына байланысты 10, 20, 30 ұпайлық ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.

  4. IV – айналым «Қас-қағым сәт» (викториналық сұрақтар). Әрбір сұраққа тез әрі нақты жауап беру керек. Әр дұрыс жауап – 10 ұпай.

ІІІ. Қорытынды.

а) ән-шашу;

ә) ұстаз тілегі;

б) жеңімпаздарды марапаттау.



1 – жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанғансың

Евклид, Фалес, Пифагор бата алғансың,

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

«Ақыл-ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың.



2 – жүргізуші:

Армысыздар құрметті жиналған қауым,

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар

Босқа қарап тұрмаңыздар

ИФМ – де басталмақшы

Көңілді тапқырлар сайысы.



1 – жүргізуші:

Дайындықпен келіп тұрған жарысқа

Есеп білсе жетеді ғой табысқа

Сайыскерлерді шақырайық ортаға

Шын жүйректей шаба тұғын алысқа!

(ортаға сайыскер оқушылар шығады)

10 «А», 10 «Ә» сынып оқушылары – Ньютон командасы, 9 «А», 9 «Ә», 9 «Г» сынып оқушылары – Паскаль командасы, 9 «Б», 9 «В» - Пифагор командасы;

2 – жүргізуші:

Тіл көзінен сау болсын деп басқаның

Аластаған барлық Алаш аспанын

Азиаданың алауындай қарыштап

Тапсырманы тез орындап тастағын.

1 – жүргізуші:

Міне нағыз сыналатын кез келді

Қарап қалма сен де үлес қос, тез енді

Шапшаңдық пен білімділік танытып

Оза шауып таң қалдырып біздерді.

2 – жүргізуші:

Білімдіден шығады алғыр шешен

Шешендікпен болған ғой барлық көсем

Сайра шәкірт бұлбұлдай шарықташы

Қалмасын бұл жарыста сенің есең!

1 – жүргізуші: Білімді азамат – ел ертегі

2 – жүргізуші: Білікті бірді, білімді мыңды жығар

1 – жүргізуші: Білім мен даналық – адам көркі

2 – жүргізуші: Білімді адам еш нәрседен қорықпайды, мазасызданбайды, әр уақытта батыл болады.

  1. жүргізуші: Бүгінгі сайыстың негізгі бөлімі IV –айналымнан тұрады.

  1. І – айналым. « Тапқыр болса, тауып көр!» (цифрларды байланыстырып жұмбақ айту, жұмбақтағы жасырын сөзді тауып, оны үш тілге аудару).

Үш тілде дұрыс жауап бересе – 30 ұпай;

Екі тілде дұрыс жауап берсе – 20 ұпай;

Бір тілде дұрыс жауап берсе – 10 ұпай.

2. ІІ – айналым. «Ой – толқын, білім - теңіз» (мақал-мәтелдер айту). Әр дұрыс жауап – 10 ұпай.

3. Көрініс



  1. ІII – айналым. «Ғажайып үштік» (логикалық есептер). Оқушылар өзінің таңдауына байланысты 10,20,30 ұпайлық ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.

  2. ІV – айналым. «Қас-қағым сәт» (викториналық сұрақтар). Әрбір сұраққа тез әрі нақты жауап беру керек. Әр дұрыс жауап – 10 ұпай.

2 – жүргізуші:

Білім – деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – деп сайысымызды бастаймыз.

1 – жүргізуші:

Оймен және көк теңізін шешіңдер

Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер

Айтылғанда математикалық жұмбақтар

Зейін салып зердеменен шешіңдер!



«Тапқыр болсаң тауып көр!» бөлімінде жұмбақ айтылады немесе ойды аяқтау керек және оның жауабы үш тілде айтылуы керек. (10, 20, 30 ұпай).



  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойында,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

( сызғыш, линейка, ruler)



  1. Алды артымыз шексізде,

Жете алмайсын біздерге

Сәуле мен кесінді шыққан тегін білсін де.

(түзу, прямая, straight)



  1. Нәрселерді санағанда, керек ол бізге ауадай,

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағыңа қарамай.

(натурал сан, натуральные чилсла, natural numbers)



  1. Табиғат тілі – математикалық ...

(тіл, язык, language)



  1. Математик жанымен ... болу керек!

(ақын, поэт, poet)



  1. . . . математиканы пайдалану арқылы ғана жетіледі.

(ғылым, наука, science)



2 – жүргізуші:



Қойылған мақал-мәтелдерге

Ойланып жауап іздейік.

Уақытты текке өткізбей

Лезде шешіп тастайық.



«Ой – толқын, білім - теңіз» бөлімінде цифрларға байланысты мақал-мәтелдер айтамыз.



  1. . . . жаман бір қолды ірітер, (бір)

. . . құмалақ бір қарын майды шірітер. (бір)



  1. . . . қырлы, бір сырлы. (сегіз)



  1. . . . кісі бейім тұрса, (екі)

Есті кісі кейін тұрады.



  1. Ер . . . рет өледі, (бір)

Қорқақ . . . рет өледі. (мың)



  1. Батыр . . . оқтық, (бір)

Бай . . . жұрттық. (бір)



  1. . . . түгел болса, төбедегі келер.(төртеу)



  1. Білекті . . . жығар, (бірді)

Білімді . . . жығар. (мыңды)



  1. . . . жеңнен қол шығар, (бір)

. . . жағадан бас шығар. (бір)



  1. . . . жылға қоян терісіде шыдайды. (бір)



9 сынып оқушылары дайындаған көріністі тамашалайық

1 – жүргізуші: «Ғажайып үштік» айналымында оқушылар кестеден ұпай бойынша сұрақтарды таңдайды.

10 ұпайлық сұрақтар.

  1. (оң жақтағы 10) Тікбұрыштың периметрі 30 см, ал ұзындығы 11 см, ені нешеге тең? (4 см)

  2. (ортадағы 10) Компьютерге ақпарат енгізуге арналған негізгі құрылғы? (пернетақта).

  3. (сол жақтағы 10) Тоқ күшін өлшейтін құрал? (Амперметр)



20 ұпайлық сұрақтар.



  1. (оң жақтағы 20) Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары 1 метрге тең 5 бөлікке кесті. Егер бір бөлікті кесу үшін 2 минут кетсе, бөренені кесуге қанша уақыт кетеді? ( 8 минут).

  2. (ортадағы 20) Компьютердің қай құрылғысы адамның ойлау қабілетін модельдейді? (процессор)

  3. (сол жақтағы 20) Электр шамы арқылы 3 Кл заряд ағып өткенде, атқарылатын жұмыс 7,5 Дж болса, шамның кернеуі неге тең? (2,5В)



30 ұпайлық сұрақтар.



  1. (оң жақтағы 30 саны) 56 санының 25 пайызын табыңыз. (14)

  2. (ортадағы 30) Ең алғашқы ЭЕМ қай жерде қашан жасалынды? (1946 жылы АҚШ – тың Пенсильван университетінде)

  3. (сол жақтағы 30) Сұйыққа толық батырылған денеге әсер ететін Архимед күші неге тең? (сұйыққа батырылған дененің салмағына тең)



2 – жүргізуші: «Қас-қағым сәт» бөлімінде әрбір команда викториналық 10 сұраққа тез, әрі нақты жауап беру керек. Әр дұрыс жауап – 1 ұпаймен бағаланады.

І. «Ньютон» командасына:

1. Санның жүзден бір бөлігі? (процент)

2. 35 нешеге тең? (243)

3. Бір нүктеден шыққан екі сәуле? (бұрыш)

4. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем? (аксиома)

5. Космоновтиканың негізін қалаған кім? (Королев)

6. Дене пішінінің өзгеруі қалай аталады? (деформация)

7. Тоқ көздерінде неше полюс болады? (2. Оң және теріс)

8. Ең алғашқы бағдарламаушы (программист) кім? (Ада Лавлейс)

9.Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы? (Модем)

10.Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрылғы қалай аталады? (сканер)



ІІ. «Пифагор» командасына:

  1. Ең кіші жай сан? (2)

  2. 162 неге тең? (256)

  3. Екі нүктен арқылы неше түзу жүргізуге болады? (біреу)

  4. Квадраттық функцияның графигі қалай аталады? (парабола)

  5. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңының формуласы?

  6. Электр зарядының өлшем бірлігі? (Кулон)

  7. Радионың атасы? (Александр Сергеевич Попов)

  8. Ақпарат сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? (informatio)

  9. Алғашқы есептеу құралы? (саусақ)

  10. Офистік бағдарламалардың ішіндегі кеңінен пайланылатын мәтіндік редактор? (Microsoft Word)

III. «Паскаль» командасына:

  1. Қандай үш біртаңбалы сандардың қосындысы олардың көбетіндісіне тең? (1, 2, 3)

  2. π саны рационал ма әлде иррационал ма? (иррационал)

  3. 50 – ді 0,5 – ке бөліңдер, қанша шығады? (100)

  4. Жазықтықта қиылыспайтын екі түзу? (параллель түзулер)

  5. Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі қалай аталады? (тамшы)

  6. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)

  7. Кернеуді өлшейтін құрал? (Вольтметр)

  8. Информатиканың атасы деп кімді айтамыз? (Чарльз Бебейдж)

  9. Жалпы желіге қосылу үшін қандай құрылғы қажет? (Модем)

10.Пернетақтадағы Caps Lock пернесі қандай қызмет атқарады? (кіші әріптен үлкен әріпке, үлкен әріптен кіші әріпке ауысу)

Би «Флешмоб». 8 «А» сынып оқушылары.

1 – жүргізуші:

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды

Ал, қазір әділ-қазы сөз алады,

Жарыстың жеңімпазын анықтап

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

2 – жүргізуші:

Көңіл бөліп бұл кешке

Келгендерге рахмет.

Шын сезінген көрерменге

Мың рахмет, мың рахмет!!!














Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!