СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 19.05.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Информатика и втипо

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

хорошый. этот проектвам дает самые лучшие .заходи

Просмотр содержимого документа
«Информатика и втипо»

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінен мемлекеттік

емтихан сұрақтары (2016-2017 оқу жылы)


  1. Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы (Сақтар, қаңлы, үйсін, ғұн мемлекеттері).


Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды.

Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген.Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.

Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, төбесі шошақ тығыз киізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған».

Парсы жазбаларында сақтарды (1 Дарийдің «Бехистун жазбасы», Сузінің, Ксеркстің «Дәвтер туралы жазба»). «Құдіретті еркектер», Иран жазбаларында («Авеста») «Жүйрік атты турлар» деп атаған. Сактарда негізінен, әскери қоғам болды. Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.

1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген

2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.

3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын мекендеген.

Үйсіндер.

Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы Қызыл аңғар (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.

Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекарасы болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты.

Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды.

Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған.

Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған (қаруланған) 30 мың атты нөкері жене оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.

Қаңлылар.Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптарында кангха болып кездеседі.

Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдаряның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады.

Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы.

Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланысын жасап тұрды.

Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған.

Ғұндaрдың қоғамдық құрылысы. Мeмлекeт билеушіcінің титулы - «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй». Шаньюйге түменбaсы, жүзбасы, онбасылар бағынышты бoлды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдаp басқарды. Ақсaқaлдар мемлекeт ісін тaлқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.

Ғұндар, хундар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Ғұндар (грекше Hunnoі, латынша Chunnі, Hunnі) әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырды. Біздің заманымыздан бұрынғы 209 жылдан ғұндарды Модэ (Мөде) басқарды. Модэ билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы берді. Қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұндардың қол астына көшті. Біздің заманымыздан бұрынғы 177 жылға қарай Тынық мұхиттан Каспий теңізіне дейінгі жерлерді өздеріне қаратты. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 ғасырдың орта шеніне қарай ғұндар мемлекеті толассыз қанды соғыстан, орталыққа бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей бастады. Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарaсын импeрия деңгейінe дейін кеңейтіп, cапалық өзгерістeрді жүзеге аcырды. Ол ғұндaрдың үлкен мeмлекетін б. з. б. 209 - 176 жылдаp аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді.

Екінші империя - Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген аумақ пен халықтарды иеленді. Бұл мeмлекет «Ғұндардың батыс империясы» деп аталды.

Б.з. басында Қазaқстан aумағын мекен еткен тайпалардың eң жауынгер хaлқы ғұндар болды. Ғұндардың жaуынгеp билеушілeрінің біpі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропa xалықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шaһaрларының бірі Вeнецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шaпқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс ayдаруымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеpінe б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлeстігінің нeгізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230 - 174 жылдаpы өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеyшісі Мөдe үйсіндеpге және Қытaй аумағының біраз бөлігіне билік жүргізeді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар eкігe бөлінеді:

Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қoл астына кіреді.

Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүcтік-батыc Моңғолия жеpін мекен еткeн. Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастағaн ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әcкерлерінен жеңіліп, қoлға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші pет Мажаpстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.

2. Қазақстандағы индустрияландыру (1928-1940 жж.) және оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.

1925 ж. желтоқсанда өткен БК(б)П-ның ХІV съезінде Кеңестер Одағын индустрияландыру бағыты белгіленді. Капиталистік шаруашылықтан ерекше, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, өзіндік машина, станок жасау, металлургия, химия, қорғаныс және басқа да ірі өнеркәсіптері бар жүйе құру қажет делінді. Ең алдымен ауыр өнеркәсіпті дамыту, оның шаруашылықтағы жетекшілік рөлін бекіту арқылы шет елдермен экономикалық жарыста озып шығу мақсаты қойылды. Бұл сол кездер үшін дұрыс, бірақ күрделі мақсат еді. Кеңестер Одағы көлемінде бұл бағытта біршама жетістікке қол жеткізілді. Бірақ оның біржақты жүргізілгенін, дәлірек айтқанда, ұлттық аймақтарды, соның ішінде, әсіресе, Қазақстанды патшалық билік кезіндегідей шикізат көзі дәрежесінде қалдырғанын көреміз.

1925 жылдың қыркүйегі мен 1928 жылдың қыркүйегі арасындағы үш жылда өнеркәсіп салу ісіне 3,3 млрд сом қаржы жұмсалды. Ол орасан зор қаржы негізінен алғанда Ресей аумағындағы ескі өнеркәсіп орындарын қайта жөндеу мен жаңа қуатты зауыт-фабрикалар, су-электр станцияларын жасауға жұмсалды. 1926 ж. 27—30 сәуірде сол кездегі республика астанасы Қызылордада өнеркәсіптің дамуы мәселесіне арналған арнайы өлкелік мәжіліс өткізілді. Онда Қазақстанның орасан зор табиғат байлығы атап өтіле отырып, зерттелмеген аймақтардағы қазба байлықтарын кең түрде барлау қажеттігі көрсетілді. Тері, май, ұн, тұз өндіру, балық аулау сияқты салаларының даму жолдары айқындалды. Байқап отырғанымыздай, басты назар патша заманындағыдай тау-кен ісі мен өңдеу өнеркәсібіне аударылған екенҚазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік. Бірінші бағытты жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады. Екінші бағыт бойынша — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды. Үшінші бағыттағылар — қазақ жерін индустрияландыруға қарсы болды. индустрияландыру оның ұлттық болмысын бүлдіреді, “түйеден социализмге” тікелей өту мүмкін емес деді. Келесі, төртінші бағытты жақтаушылар шовинистік көзқараста болды. Олар қазақ халқының индустрияландырудың қарқынына ілесе алатынына күмән келтірді. 1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде басталатын бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т.б. қайта қалпына келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сияқты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле ағаш тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гурьевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорғанда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі негізінен шағын аумақты қамтамасыз етуге бейімделген кәсіпорындар еді.




3. «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» - жаңа экономикалық саясаты.


Нұрлы жол - болашаққа бастар жол

«Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы Жол –болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауы – өзінің тарихилығымен ерекшеленетін кезекті құжат.Елбасының қазақстандықтарға жолдаған Жолдауында түрлі маңызды мәселелер жан-жақты көрініс тапқан. Ұлт көшбасшысы халыққа арнаған Жолдауында 7 бағытқа айрықша назар аударған.

Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту. 
Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту. 
Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту. 
Төртінші. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен су- және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту. 
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту. 
Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. 
Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру. 
Сонымен бірге Елбасы Жолдауда денсаулық, білім мәселесінің де күн тәртібінен түспейтінін айтты. 
Ел экономикасының дамуы көлік қатынасының өркендеуімен тығыз байланысты. Өздеріңізге белгілі, жеті бағыттың алғашқысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болып табылады. Бұл жөнінде Елбасымыз: «Қазақстандықтар салатын жаңа магистральдар біздің экономикамыз бен қоғамымызды жаңартады. Олар біздің еліміздің барлық түкпірлерін орталықпен берік байланыстырады. Жүк тасымалы жеделдейді және ұлғаяды. Ел арқылы транзит көлемі артады. Біздің азаматтарымыз заманауи және сапалы автомагистральдармен жүріп, кез келген өңірге қауіпсіз және тез жететін болады. Әлеуметтік инфрақұрылым жақсарады, жаңа және заманауи мектептер мен ауруханалар жоғары сапалы қызметтер көрсетеді...»,–деп Жолдауда нақты айтты.


4. Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы V-XII ғасырлардағы Түркі мемлекеттері.

Түркі мемлекетінің басында - қаған тұратын, оның оң қолы (көмекшісі) - "ягбу" титулымен аталатын. 568 ж. бастап Түркі қағанаты 4 болысқа бөлінетін. Қағанның ордасы (ставкасы) - Алтайда болған. Халық 3 әлеуметтік топқа бөлінген - бектер, қара-будундар (жалпы халық), татылар (құлдар). Түріктерге бағынатын тайпалырдың барлығы - оғыз деп аталатын. 

581 ж. Қытайда Чжов династияның орнына Суй династия келгеннен кейін, жаңа патша орта ғасырлық түріктермен барлық сауда қарым-қатыныстарды үзді. Енді Қытайдан жібек маталары Орта Азияға келмейтің болғандықтан, түрік қағандарының Ұлы Жібек жолындағы ролі азая бастады. Тобо-хан қайтыс болғаннан кейін, түркі қағанатта өзара қырқыс басталады. Суй династияның патшалары осы ішкі өзгерістерді сезіп, түркі қағанатты ыдыратуға, әлсіретуге тырысады. Осы саясаттың нәтижесінде, 602-603 жж. қарай, түркі қағанаты екіге бөлініп кетеді. 
604 ж. Батыс Түркі қағанатының қағаны болып Таман сайланды. Ал Шығыс Түркі қағанатының қағаны болып Жанғар. 

Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар - бір жағынан - Батыс Түркі қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. осы соғыстардың нәтижесінде 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".) Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады. 


5. Қазақ халқының 1905-1907 жылдардағы революцияға қатысуы. І және ІI Мемлекеттік Думаға сайлау.

1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықтыПатша үкіметі отаршыл билікке қарсы шыққан халықты аяусыз жазалауға көшті: тінту жүргізді, түрмеге қамады, жер аударды, мешіттер мен медреселерді жауып тастады. Мұның өзі жергілікті халық тарапынан қатты наразылық туғызды.[1]

1905—1907 жылдары жұмысшылардың бірқатар толқулары болып өтті. Жұмысшылар алғашқыда жоғары жақтағы аймақтық бастықтардың атына арыз айтып, шағым түсіріп көрді. Мәселен, 1902 жылы мыс кеніштері мен Екібастұз көмір кенінің 150 жұмысшысы Дала генерал-губернаторының атына арыз-шағымдар жолдады. Жұмысшылардың кәсіпорындарды тастап, қашып кетуі де аз болған жоқ. Кейінірек жұмысшылар наразылығының бұйрыққа бағынбау және ереуіл сияқты түрлеріне көше бастады. 1904 жылы Зайсан уезіндегі Надеждинск кен қазу орнында жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Оған Мейірхан Кемалов басшылық етті. 1905 жылы Қазақстандағы темір жол жұмысшылары Бүкілресейлік саяси ереуілге қатысты. Жұмысшылар тез арада саяси кепілдіктер мен бостандықтар берілуін, Құрылтай жиналысын шақыруды талап етті 1905 жылғы желтоқсанда Спасск мыс балқыту зауытында, сондай-ақ Қарағанды кен қазу орындарында үлкен ереуілдер орын алды. Оларға іле-шала Павлодар қаласындағы өзеншілер де бас көтерді. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, зейнетақыны арттыруды, дәрігерлік қызметті тегін көрсетуді, жыл сайын ақылы еңбек демалысын беруді талап етті.

Осымен бір мезгілде Успенск кенішінде жұмысшылардың ірі баскөтеруі басталды. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, тұрмыс жағдайын жақсартуды, орыс-қазақ училищесін ашуды талап етті. Кеніш иелері олардың талаптарын ішінара қанағаттандыруға мәжбүр болды. Жалақы мөлшері едәуір көбейтілді, 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді, азық-түлік өнімдерінің бағасы аз да болса арзандатылды. Жұмысшыларға су өтпейтін арнайы киімкешек, аяқ киім берілді. Мұның өзі қазақ және орыс жұмысшыларының алғашқы бірлесіп жасаған іс-қимылының нәтижесі еді.

1905—1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы жеңіліске ұшырады. Бірақ ол қазақ халқының қоғамдық сана-сезімін арттыруға, өлкедегі демократиялық қозғалысты дамытуға орасан зор ықпал етті. Ресейдегі революциялық оқиғалардың әсерімен қазақ халқының көрнекті перзенттері саяси сахнаға көтерілді. Халықтың таңдаулы өкілдерінің Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы Қазақстан тарихында аса маңызды рөл атқарды. Қазақ халқының көшбасшыларына айналған зиялылар Ресей империясының өкілетті органының мінберінен ең маңызды проблемаларды, жерге қатысты мәселелерді принципті түрде батыл көтере білді.

Бірінші орыс революциясы жылдарындағы оқиғалар қазақ халқымен Қазақстандағы басқа да ұлыстардың саяси белсенділігін арттырды. Қазақ жұмысшылары өз алдына дербес саяси күш ретінде көріне білді. Солай бола тұрса да ол жылдардың оқиғалары Қазақстандағы ұлттық-демократиялық және жұмысшы қозғалысының әлсіз, әлі де жетілмегенін көрсетті.

Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. 1905 ж. 11 желтоқсандағы Сайлау заңы бойынша Думаға 524 депутат қатысуы керек еді. Сайлаудың шет аймақтарда кеш өткізілуіне байланысты оның жұмысына 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: А. Бірімжанов (Торғай облысы), А. Қалменов (Орал облысы), Ә. Бөкейханов (Семей облысы), Ш. Қосшығұлов (Ақмола облысы) сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин (Уфа губ.) мен Д. Тұндыт (Астрахан губ.) сияқты қазақ азаматтары да болды. Қазақ депутаттары думадағы мұсылман фракциясы құрамында қызмет етті. 1- Мемлекеттік думада ірі фракцияны кадеттер құрады. Кадеттерді ұлттық аймақтардың депутаттары да қолдады. Думаның құқын кеңейту, саяси кешірім жариялау жөніндегі кадеттердің ниеті Ресей патшасы тарапынан қолдау таппады. Оған жауап ретінде дума патша билігін тоқтатуды талап етті. Жер мәселесін талқылау өте тартысты жүрді. Жағдай осылай шиеленіскен соң, 9 шілдеде дума патша жарлығымен таратылды.

Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді.Қазақ халқынан депутаттыққа Оралдан Б.Қаратаев, Ақмоладан Ш.Қосшығұлов, Торғайдан А.Бірімжанов, Семейден Т.Нұрекенов, Жетісудан М.Тынышбаев, Сырдариядан Т.Алдабергенов, Астраханнан Б.Құлманов сайланды. Мұсылман фракциясына 36 депутат енді. Бұл фракция "мұсылман фракциясы" және "мұсылман қызмет фракциясы" болып екі топқа бөлінеді. 1907 жылдың 21 сәуірінен мұсылман депутаттары "Дума" газетін шығарып, Думада қаралып жатқан мәселелерді жариялап тұрды. Мұсылман фракциясы Ресейдің шет аймағындағы отарлау саясатын әшкерелеп,парламенттік жолмен күрес жүргізді. Қазақ депутаттары Нұрекенов, Алдабергенов, Қосшығұлов, 

Бірімжанов мұсылман фракциясының құрамына, Тынышбаев конституциялық-демократиялық фракция құрамына кірді. 


6. Дінмұхаммед Қонаев саяси қайраткер!

Қазақстан тарихында Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың өмірі мен  қызметі халық үшін қалай өмір сүру мен  еңбек ету керектігінің тамаша үлгісі болып қалады. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, 8 Ленин орденімен, КСРО, шетелдік мемлекеттердің басқа ордендерімен және медальдарымен марапатталған.

Қазақстанның көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткері, ғалым, Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаев 1912 жылғы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында дүниеге келген. Дінмұхамед оқу озаты болмаған, бірақ  қиын ғылымдарды үлкен сүйсінушілікпен меңгерген. Мектептегі сабақтарынан кейін республика Мемлекеттік жоспарының аудандандыру секторында статист болып жұмыс істеген, ал кешке институтқа даярлық курстарында білім алған.

1931 жылы жас Д.А. Қонаев Мәскеуге Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен М.И. Калинин атындағы Мәскеу түсті металдар және алтын институтына оқуға түсу үшін барады. 1936 жылғы шілде айында Д.А. Қонаев институттың тау-кен факультетін бітіріп, Қоңырат-Балқаш құрылысына жіберіледі. Д.А. Қонаев бұрғылау станогының машинисі, шебер, ауысымдық инженер, Қоңырат кенішінің директоры қызметтерін атқарды. 1938 жылғы қараша айында тұңғыш Балқаш мысы алынды. Д.А. Қонаев мемлекеттік награда – «Еңбектегі озаттығы үшін» медалін иеленді.

30 жасында Д.А. Қонаевқа мемлекеттік басқарудың аса жауапты бөлігі, қазіргі шамамен — Премьер-министр орынбасарының постысы тапсырылған. 1949 ж. ақпанның аяғында Қазақстан коммунистерінің 6-шы съезінде Д.А. Қонаев алғаш рет ОК мүшесі болып сайланды

Партиялық және шаруашылық басқарудың барлық жолдары тоғысқан, Үкімет төрағасының және Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы постысында 30 жылдан астам уақыт болып, Д.А. Қонаев Қазақстанның гүлденуі, оның өндірістік күштерінің дамуы, халық игілін арттыру үшін өте көп еңбек етті. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Балқаш, Жезқазған кен-металлургия комбинаттары құрылды және дамыды. Оның көмегімен химия, металлургия институттары пайда болды, қазақстандық ВАСХНИЛ, Ақмоладағы Бураевский институты әлеуметтік тапсырыстар  пакетін алды, ядролық физика саласында қарқынды жұмыстар басталды; Орта Азия әскери округі, әскери-инженерлік база құрылды.

Нағыз интернационалист ретінде Д.А. Қонаев өзінің көп ұлтты халқын жақсы біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сүйген, оның патриотизмін, еңбек сүйгіштігін, өзін-өзі құрбандыққа шалуын және рухани ұлылығын жоғары бағалаған.

Д.А. Қонаевтың Қазақстан экономикасы мен мәдениетіне қосқан үлесі орасан. Өзінің игі істерімен ол Отанының даңқын биікке асқақтатты, өзінің есімін мәңгі етті және Қазақстан деп аталатын елінің тарихында мәңгілікке қалды

7.Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы XIII-XV ғғ. Түркі және Моңғол мемлекеттері.

1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күштіШыңғыс-хан империясы құрылды .

Шыңғыс-хан құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.

Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы. Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.

1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды.

Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.

Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басын алынды.

Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Қайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.

Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы ерлікпен қорғанды. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі.

Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті.

Ұлыстардың құрылуы. Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды.

Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.

Алтын Орда (1243-XV ғ. Ортасы): құрылуы, этникалық құрамы, билік жүйесі.

1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына ұлы Батый отырды

XIV-XV ғғ. Ақ Орда және Көк Орда мемлекеттері: этникалық құрамы, саяси жағдайы.

Алтын орданың тарихын зерттеушілер Көк Орда, Ақ Орда деген терминдердің шығуын Жошы ұлысының әр бөліктері деген пікірді ұстанады. Бірақ Ақ, Көк Орданың туу кезеңі туралы әр түрлі қайшы пікірлер айтылуда. Батудың Алтын Орданы басқару кезеңінде енші жерлер, облыстар Жошыдың басқа ұлдарының меншігінде болған. Ақ Орда – Шибанда, Көк – Орда-Еженде Жошылықтардың генеологиясы бойынша оның үлкен ұлы Орда-Ежен Бату ханның келісім берген. Орда-Ежен еншілікке әкесінің резиденциясын Ертістің бойында Алакөл көлінің жанында орналасқан Көк Орданы алды. Осы оқиғаға байланысты Үтеміш қожаның аңызын келтіре кету керек: Шыңғысхан Жошының мұрагерлік мәселесін қарастырғанда Орда-Еженге көк түсті киіз үй қойған, соған байланысты Көк Орда.

Ақ Орда: Берке ханның өлімінен кейін 1266-67жж Абул Гази жазғандай, Меңгі-Темір хан таққа отырып, ұлыста тәртіп орната бастады. Ақ Орда орналасқан аймақты ол Шибан ханның ұлы Бахадур ханға еншілікке берді.

Көк Орда термины ресми атау ретінде Жошының тірі кезінде қолданылған:

1. оның ордасын, Алакөл маңайындағы білдіру үшін;

2. бұл термин Жошының ұлдары Орда-Ежен ұрпақтарының иеліктерін білдіру үшін;

3. Көк Орда жошылықтардың сол қанаттың ханзадалары деп атаған

Ақ Орда.

а) Ақ Орда сөзтіркесі алғаш рет 1266-67 жылдардағы оқиғаларды сипаттауда Алтын Орда ханы Меңгі- Темірдің билегенге дейін болғанын білдіреді;

б) Ақ Орда термині Шибан ұрпақтары иеліктеріне қатысты, себебі олардың географиялық орналасуы Алтын Орданың алғашқы хандарының жеке сарайлары мен Орда- Ежен иеліктерінің аралықтарында болды. Орда-Ежен иеліктері алғашқыда Жошы ұлысының ең шығысында орналасты;

в) Ақ Орда ханзадалары Жошылықтардың әскерінің оң қанатына кірді. Ұлыстар – Шыңғысхан династиясының билеушілер мүшелерінің меншік иеліктері, өсуіне және өз бетімен бөлінуіне қарай мемлекеттікті білдірді.

Көк Орда және Ақ Орда XIV ғасырдың екінші жартысында Өзбек ұлысына орын беріп, кейіннен бұл ұғым Жошы ұлысында қолданылмады.

Ақ Орда аумағы XIV ғасырдың ІІ-ші жартысында Алтын Ордадан тәуелділігінің әлсіреуіне қарай біртіндеп қалыптасты.

Орда-Ежен ұлысы алғашқыда Ертіс маңайынан Жетісудың солтүстік-шығыс жағында орналасты. XIV ғасырда Орда-Ежен билеушілері өз биліктерін Шибанға да жүргізді, яғни қазіргі Қазақстанның барлық аумағына, Жетісудан басқа. Жетісу Шағатайлар мемлекеті құрамына кірген. Ақ Орданың саяси орталығы Қазақстанның оңтүстігіне ауысты. Астанасы Сығанақ қаласы болды.

Мемлекет басына Орда-Ежен ханы тұрды, оған Жошының жер иелері бағынатын және өз жер иеліктерінде және қол астындағы тайпаларға әкімшілік саяси билікті жүзеге асыратын ірі көшпелі ақсүйектер (бек, әмір, бағадурлар) кірді.


  1. Алаш партиясы, оның бағдарламасы мен басшылары. Алашорда автономиясы.


«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы —Әлихан Бөкейханов.[1]

«Алаш» партиясының өмірге келуі

1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасындағы тоғызыншы тарауда «Ғылым-білім үйрету» жөнінде

- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;

- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;

- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;

- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;

- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;

- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;

- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.

- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген [8].

1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ сиезі өтеді. Сиездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..

Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы сиезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді.

Алаш автономиясы (1917—1920) — 20 ғ. басында қазіргі Қазақстан Республикасы жерін мекендеген қазақ-қырғыз республикалық мемлекеті.[1] Алаш автономиясы — 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде жарияланған қазақ халқының ұлттық-терр. мемлекеттігі. Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, төмендегідей қаулы қабылдады: “Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, қазанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын ... және бұл бүлікшілік біздің қазақ-қырғыздың басына келуін мүмкін деп ойлап ... съезд бір ауыздан қаулы қылады:

Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты “Алашорда” болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады (“Сарыарқа” газеті. Семей. 1918, 25 қараша). Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) Ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясының үкіметі — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды.

Азамат соғысы жылдарында большевиктер басқарған Кеңес үкіметіне қарсы күресте Алашорда үкіметі жеңіліс тапты. Нәтижесінде жеңіске жеткен Кеңес үкіметі Алаш автономиясын және оның үкіметі Алашорданы тарих сахнасынан күштеп кетірді1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ сиезі өтті. Сиезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы сиезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды.



  1. ҚР әлемнің неғұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру жолында.

Бәсекеге қабілеттіліктің алғышарттары. Бәсекеге қабілеттілік — өзіңді танып анықтау арқылы көз жеткізілген барлық артықшылықтарды пайдалану.

2007 жылы Ұлт көшбасшысы Қазақстанның ғылыми сыйымды экономикасын құрудағы басты кедергі — өз мүмкіндіктеріне сенбейтін және орынды тәуекелге бармайтын шығармашылық ізденістері жоқ адамдар болуы мүмкіндігін айта келе, мұндай мәселені шешудің көзі ретінде индустриялды-инновациялық дамудың стратегиясын негіздеді, жауапкершілік алатын жастардың жаңа буынына үміт артты. Заманауи жағдайдағы Қазақстан өркендеуінің экономикалық негіздері халықтың қоғамдық белсенділігін көтеру мен өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Қазіргі экономикалық өсу жоғарғы тәуекелге бару арқылы жалпы ғылыми ортаның, ақпараттық инфрақұрылымның даму-деңгейіне, ғылыми зерттеудің қаржылық көлемінің мөлшеріне, олардың нәтижелерін коммерциялық жүзеге асырудың белгісіздігіне тәуелді басқару тәжірибесіндегі үздіксіз инновациялық үрдістерге көшуге жетелейді. Сондықтан да ғылыми-техникалық жетілдіруді мемлекеттік ынталандыру айқын қажеттілікке айналып отыр. Бұл өмір сапасына бағытталған «тұтыну қоғамынан» интеллектуалды қоғамға өтуді білдіреді. Инновациялық экономиканы құрудың экономиканы әртараптандыруға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асырумен тікелей байланыстылығы, Қазақстанның жетекші дамыған елдер сияқты жетістіктерге жету үшін адамдар әлеуетін, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін түпкілікті көтеру қажеттілігі тұр. Әр елдің өзіндік ерекшеліктері бар, Қазақстанның да тиімді жүзеге асырылатын ұлттық бәсекелік басымдылықтары бар, олардың ішінде табиғи ресурстар қоры: вольфрамның әлемдік қорының 50%, уранның 25%, хром құрамды қазбалардың 23%-ын құрайды. Қазақстанда бүкіл дүниежүзіндегі фосфор қорының 90% орналасқан және сирек металдар монополиялық өндірушілерінің әлемдік клубына кіреді. Бірақ республика бай табиғи ресурстары бола тұра, ішкі өндірісте жоғарғы технологиялық туарлар мен қызметтің жетілдірілмегендігінен шығаратын өнімі жалпы әлемдік өнімнің 0,06%-нан аса алмады. Қазақстанның ұлттық басымдылықтарының бірі — аграрлық өндіріс. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және жетілдіру салаларында кластерлік бастамаларды жүзеге асыру арқылы аграрлық секторды индустрияландыру жұмысы қолға алынды, әсіресе нарықтық бәсекені қалыптастыру.

Жаһандық бәсеке — заманауи қоғамдық даму заңдылығы, ол ұлттық мемлекетті ғана қамтымайды, ол трансұлттық корпорациялар (ТҰК) арасында да жүреді. ТҰК интеллектуалды, ғылыми-техникалық және қаржылық әлеуеттік ортада құрылады. Шамамен неғұрлым табысты салалардың әлемдік сауда және қаржы айналымының жартысынан көбі солардың бақылауында. Көптеген ТҰК өздерінің экономикалық айналымы жөнінен ірі елдерден асып түседі. Жетекші 500 трансұлттық корпорациялар өңдеуші кәсіпорындар экспортының үштен бірін, әлемдік саудадағы шикізаттық туарлардың төрттен үшін, жаңа технологиялық сауданың бестен төртін қамтиды, дүниежүзінің барлық елдерінде ондаған миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етеді. Жүргізілген реформалар барысында Қазақстан бас аяғы он жылдан аса уақыт мерзімінде нақты нарықтық экономикаға қол жеткізді. Қазіргі кезеңде экономикалық өсімнің негізгі көзі елдің шикізаттық әлеуеті болып табылады. Республика экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар тартылды және ашық сыртқы сауда саясатын жүргізеді. 2004 жылы сыртқы сауда айналымы көлемі 7 млрд. доллардан аса оң айырыммен, 33 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 1994 жылмен салыстырғанда үш есе өсімді берді. Сыртқы сауда жүргізу аймағы алғашында ТМД көлемімен шектелсе, 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында алғашқы орынды ЕО елдері, Ресей, Швейцария және Қытай тұрды. Осылайша Қазақстан жаһандық бәсеке орталығына қосылды.


  1. Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы ХV-XVII ғғ. Қазақ хандығы. Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жүздері.

Қазақ халқының этникалық қалыптасуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдыраған кезінен басталады. Этнос – тарихи жағдайда қалыптасқан тілі, салт-дәстүрі, тұрмысы ортақ, басқалардан бөлектенген адамдар тобы. Кейбір жазба деректерде «қазақ» сөзі ескі түрік тіліндегі «еркін адамдар» ұғымын білдіретінін айтады. Тағы бір деректерде сақ, хазар тайпаларының атынан шыққаны айтылады.

XV ғасырдағы Шайбани Әбілқайыр хандығындағы, яғни Дешті-Қыпшақтағы көшпелі халықтардың этникалық бірігу процесі тез жүрді. XV ғасырдың ортасына қарай Әбілқайыр ықпалы әлсіреді. Оған қарсы шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандар артына көп халықты ертіп, Жетісуға көшті. Міне, осы Керей мен Жәнібектің артынан ерген және осы хандардың билігіне қараған бұрынғы Шайбани хандығындағы халықтар қазақтар деп аталды. Қазақ халқының құрамына арғын, найман, дулат, керей, үйсін, қаңлы, қыпшақ, алшын, қоңырат, жалайыр, уақ тайпалары кірді. Бұл тайпалардың тілі қазақ тілі болды. Нәсілдік белгілері – моңғолоидтік.

Қазақ жүздері

Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгелдей қоныстанды. Қазақ халқы мекендеген бұл жерлерде 3 түрлі шаруашылық аймақ қалыптасты. Осыған байланысты сол өңірлерде мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді:



Ұлы жүз

Мекендеген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерінің бойы).

Тайпалар: дулат, албан, үйсін, қаңлы, суан, жалайыр, шапырашты, сіргелі. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.

Орта жүз

Мекендеген өңірлері: Орталық және Шығыс Қазақстан (Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойы). Тайпалар: арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат.

Орта жүзді Бекарыс деп те атайды.

Кіші жүз

Мекендеген өңірлері: Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы)

Тайпалар: табын, адай, шөмекей, жағалбайлы, алшын, шекті, төртқара, тама, серкеш т. б. Кіші жүзді кейде Жанарыс деп атайды.

Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы (XV-XVII ғғ.)

Саяси жағынан бытыраңқылығы басым этникалық топтардың, яғни қазақ тайпаларының бір мемлекетке бірігуі Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында құрылды.

Қазақ хандығының құрылысы бастапқы кезде (XV-XVI ғасырларда) 7 сатыдан тұрды.

Ауыл. Басшысы – ауылбасы, бірнеше жанұядан тұрады.

Ата-аймақ. Басшысы – ақсақал, жеті атадан қосылатын бірнеше ауылдан тұрады.

Ру. Басшысы – рубасы, 15 аймақтан құрылады.

Арыс. Басшысы – би, бірнеше рудан құралған.

Ұлыс. Басшысы – сұлтан, бірнеше арыстан құрылады.

Жүз. Басшысы – хан, бірнеше ұлыстан құрылады.

Хандық. Басшысы – хан, үш жүзден құралған.

Қазақ хандығының құрылуы. XV ғасырдың 50 жылдарында Дешті-Қыпшақтағы Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдай шиеленісе түседі. Осы кезде Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне қарасты халықты бастап,

Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударады. Моғолстан ханы Есен-Бұға оларды қарсы алып, Шу өңірінен Қозыбасы деген жерді бөліп береді. Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді. Қазақ хандығы 1465 жылы құрылды. Бұл фактіні Мұхамммед Хайдар Дулати растайды. Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына бөгет жасамақ болған әрекеті жүзеге аспады.

Қазақ хандығының нығаюы. XV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының іргесі нығайды. Көрші мемлекеттердің (Әбілқайыр хандығы, Темір және Моғолстан мемлекеттері) құлдырауы Қазақ хандығының күшеюіне себеп болды. Ең алдымен Қазақ хандығының құрамына Созақ, Сауран қалалары кірді.

1480 жылы Керейдің баласы Мұрындық хан болды.

1486 жылы қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбаниді жеңді.

  1. ғасырдың аяғына қарай Қазақ хандығының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы ықпалы күшейді. Қазақ хандығының құрамында Сығанақ, Созақ, Сауран қалалары болды.

  2. ғасырдағы Қазақ хандығы. XVI ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығы күшейе түсті. 1511 жылы Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Қасым ханның алға қойған басты міндеті – Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ хандығының құрамына қосу. Қасым ханның бұл істі орындау жолындағы басты кедергісі Мұхаммед Шайбани болды.

1510 жылы Қасым ханның әскерлері Мұхаммед Шайбанидің әскерін жеңді.

1510 жылы Мұхаммед Шайбани Мервте өледі.

  1. ғасырдың аяғына қарай Қасым хан Қазақ хандығының жерін ұлғайтады.

  2. ғасырдағы Қазақ хандығы. XVI ғасырдың аяғына қарай Жетісу жерлері, Сырдария бойындағы көптеген қалалар, бұрынғы Ноғай Ордасының құрамында болған жерлер Қазақ хандығының қарамағына қосылады. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының халық саны 1 млн-ға жеткен. Қасым хан қазақтың құқықтық тарихының 5 бөлімінен тұратын белгілі «Қасқа жол» заңдар жинағын шығарған. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы Ресей патшалығымен, Сібірмен т. б. елдермен байланыс орнатады. Қазақ хандығының Қасымнан кейінгі билігі Мамаштың қолына тиді.

1523 жылы хан тағына Тақыр отырды. Тақырдың кезінде Қазақ хандығы біраз жерлерінен айырылды.

  1. жылы хан тағына Бұйдаш отырғанда да, Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары жақсарған жоқ.

  2. жылы хан тағына Қожа Махмұд, 1535 жылы Тоғым хан отырды.

1537 жылы хан тағына Қасымның баласы Хақназар (1537–1580) отырды. Хақназар ең алдымен Жайық маңын, Түркістан жерлерін басып алды.

1580 жылы хан тағына Шығай отырды.

1582 жылы Шығайдың баласы Тәуекел хан болды. 1586 жылы Тәуекел Түркістанды басып алды. 1598 жылы Тәуекел хан інісі Есім сұлтанмен қазақ қолы Мәуереннахрға кіріп, Самарқанды басып алады. 1598 жылы Ташкентте Тәуекел хан қайтыс болады.

1598 жылы Есім хан болды. Есімнің інісі Тұрсын Есім ханға бағынбай, Түркістанды жеке биледі.

  1. жылы Есім хан Тұрсынды өлтіреді. Есім хан Қазақ хандығының аумағын кеңейту бағытында үлкен үлес қосты. Мемлекет билігін, құқықтық жүйені реттеуде Есім ханның «Ескі жолы» аталған заңдар жинағы елеулі рөл атқарды.

  2. Есім хан қайтыс болады. 1629 жылы хан тағына Есім ханның баласы Жәңгір отырады. Ол қазақ тарихында «Салқам Жәңгір» деген атқа ие болды.

1643 жылы Салқам Жәңгір 600 сарбазбен ойраттың 50000-дық әскеріне қарсы шығып, жеңіске жетеді. Бұл соғыста Жәңгір ханға Жалаңтөс көмекке келеді. 1652 жылы ойраттарға қарсы ұйымдастырылған шайқаста Жәңгір қайтыс болады. Біраз уақыт бойы қазақ хандығының билігі сұлтандардың қолында болады. 1680 жылы хан тағына Әз-Тәуке отырады. Әз-Тәуке хандық билікті билерге сүйеніп жүргізеді. Билердің көмегімен «Жеті жарғы» заңдар жинағын шығарады.

Тәуке хан кезінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болады. 1718 жылы Әз-Тәуке қайтыс болады.


  1. 1917 жылғы қазан революциясы тұсындағы Қазақстан. Кеңестік биліктің орнауы және Азамат соғысы (1918-1920 жж.).

Қазан төңкерісі – 1917 ж 25 қазанда Петроградта болған ірі әлеуметтік – саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В.И.Ленин басқарған большевиктерпартиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала горнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Съезде В.И.Ленин басқарған және жұмысшы шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ремей еңбекшілерін өз жағына тартуды айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Сонымен қатар Кеңестердің бүкілресейлік ОКК-нің жаңа большевиктерден құрамы сайланды. Съезд В.И.Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес Үкіметін орнатуға шақырды. 1917 ж. ақпан ревалюциясы кезінде 3 маусымда Санкт – Петербургте жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Кеңеңс үкіметінің орнауының 2 түрлі жолы болды:

1)Өнеркәсіп олрталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда бейбіт жолмен;

2)Сібір, Орал, Жетісу казактарымен офицер кулактар біріккен контрревалюциялық күштер аудандарды қарулы күрес жолымен.

Азамат соғысы мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. Қазақстанда Кеңес үкіметіне қарсы қарулы күрестің негізгі күштері Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскерлері, өнеркәсіп орындарының бұрынғы қожалары кезінде Ресейге қоныс аударып келушілердің ауқатты топтары, қазақ ауылының бай шонжарлары және солардың мүдделерін қорғайтын саяси партиялар мен ұйымдар болды. Қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысып үкімет мүшелері Қазақстанға жақын қалаларға орналасты. Кеңес үкіметіне қарсы құрылған үкіметтермен – Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеттерімен, Омбыдағы уақытша Сібір үкіметімен, одан кейін Колчак диктатурасымен, Орынбор және Орал казак әскерлерінің басшыларымен келісуге ұмтылды.

  1. «ҚР мемлекеттік егемендігі» туралы конституциялық заң. Бірінші бүкілхалықтық сайлау.

Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы. «қр Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңы» (1991 ж.).

Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.

Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.

Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.

КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.

Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.



  1. Түркі халықтарының ойшылдарының еңбектерінің тәуелсіз Қазақстанда бағалануы (Әбу Насыр әл-Фараби, Қ.А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұн, М.Х. Дулати, Қ. Жалаири).

1)Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді, солардың бірі – күллі әлемге танымал ұлы жерлесіміз - Әбу Насыр әл-Фараби. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Әл Фараби, Әбу- (870-950) - Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Әл Фараби заманында бүкіл ОртаАзия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Одан кейін ғылыми жолға түсіп, Грек, латын, санскрит және басқа тілдердіүйренеді. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді. Қазір Қазақстан Ғылым академиясының кітапханасында Әл Фарабидің елу шақты еңбегі бар. Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "категориялар", "метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" мен 4 сопылық еңбектеріне түсініктемелер жазды. Ұлы Бабамыз Аристотельдің философиясын дамыта отырып, өз тарапынан да "Ғалымдардың шығуы", "Ғалымдар энциклопедиясы немесе тізбегі", "Кемеңгерлік меруеті", "Ізгі қала тұргындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы", "Философияны аңсап үйрену үшін алдан ала не білу кажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", "Әлеуметтік-этникалық трактаттар", "Философиялық трактаттар", т. б. көптеген философиялық еңбектер жазған. Фактілер негізіне сүйене отырып, әл-Фараби кейін қазақ халқының құрамына қосылған түркі тайпасынан (Қаңлы-қыпшақтардан) шыққанын, оның туған қаласы қазір Қазақ жерінде екенін және ол Шығыс халықтарынын мәдениетіне жақын қатынасы бар қайраткер болды дей аламыз. Әл-Фараби өзінің “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы” атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы “қала” деп отырғаны – мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы менсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моралдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі керектігі, т.б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Фараби Аристотель еңбектерін барлық қорынан зерттей отырып, өзі де жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым күшін барынша насихаттап, адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді. Фараби ғылымының салаларын меңгеріп, тамаша табыстарға жеткен.

2) Қожа Ахмет Яссауи.

(1094-1167 ж.ж)

Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, «Яссауишілік» атты діни ағымның негізін салады. Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.
Яссауидің «Даналық кітабы» кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.

Қожа Ахмет өзінің атақты «Даналық кітабы» аталатын циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз өлеңдерінде: Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен, Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.

Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен, Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен , - деп даналық сөздердің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен. «Диуани Хихмет» атты діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.

3) Әбу Райхан әл-Бируни . Тек Ислам әлемінде ғана емес бүкіл дүние жүзіндегі дәуірінің ең ұлы ғалымы болған Бируни 973 жылы Хорезмде туылған. 17 жасынан бастап жетістіктерімен көріне бастады. Атақты ғалым Әбул Уәфаменен астрономиялық бақылаулар жасады. Ғазналық Махмуд хан Үндістанды жаулап алғанында ұстаздарымен Бируниді де ол жаққа алып барды. Арап, Парсы, Иврит, Рим, Сирий, Грек және Қытай тілдерін жақсы білетін. Математика, астрономия, геометрия, физика, химия, медицина, фармацевтика, тарих, география, этнология, геология, діндер және мазһабтар тарихы сияқты 30-ға жуық ілім салаларында еңбектер жасап жемісін берді. •  Жердің домалақ және айнала қозғалуда екендігін, жерде тартылыс күші бар екендігін Ньютоннан қаншама ғасырлар бұрын анықтаған
•  Сол дәуірде Мейірімді Үміт мүйісі туралы, Кристофор Колумбтан 5 ғасыр бұрын Америка материгі туралы және Жапония туралы алғаш айтқан. •   Геометрияны ботаникада қолданды

•  Айдың, күннің және жердің қозғалыстарын зерттеп, бүгінгі нәтижелерге қол жеткізген.

•  Материктердің солтүстікке қарай жылжуы туралы пікірді алғаш айтқан.

•  Аурулар туралы да өте көп білген. Қай шөп қай ауруға дауа болатынын білген.

•  Тригонометрияны астрономиядан бөлек бір білім саласы етіп бөлді.
•  Алғаш рет жердің диаметрін өлшеген. Бұл өлшемі қазіргі өлшемге дәлме дәл келуде. Еуропада мұны Бируни жүйесі деп атайды.

•  Тығыздық өлшеу құралын (пикнометр) тапты және ыстық сумен суық су арасындағы тығыздық айырмашылығын 0,041677 деп анықтады.

•  Ғазналы Махмуд, Сәбуктәкин және Харезмнің тарихтарын жазды. •  Салыстырмалы діндер тарихының құрушысы болып саналды.  •  Ғылымның барлық саласына жарамды 180-ге жуық еңбектер жазды.

•  “Айтқандарымның ішінде ақиқаттың сыртына шыққандары болса Аллаһқа тәубе етемін. Барлығы Оның қолында” деп айтатын .алгебра, геометрия, география салаларында заманының ең білімдісі ол еді.


  1. Қазақстандағы ұлттық мемлекеттіліктің құрылуы. Қазақ АКСР құрылуы.

Қазақ мемлекетінің қайта құрылуы. Қазақ АССР-І. 1920 ж. 26 тамызында РКФСР Бүкілресейлік Орталық атқару комитеті мен халық комиссарлары кеңесі М.И.Калинин мен Ленин қол қойған, РКФСР құрамында, астанасы Орынбор қаласында болатын "Қырғыз (қазақ) кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілері құқтарының Декларациясын қабылдайды, ол Декларация РКФСР құрамына жеке автономия болып кіретін Қазақ АССР-і құрылуын жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалар, казактар, қызыл әскерлер депутаттары Кеңестерінің Республикасы ретінде бекітті.

Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:

  1. Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралыуездерінен түратын Семей облысы.

  2. Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері менОмбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.

  3. Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінентұратын Торғай облысы.

  4. Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратынОрал облысы.

  5. Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстыңКрасноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші женебесінші облыстар.

  6. Астрахань губерниясының құрамында болып келгенБөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екіншіПриморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.

"Известие ВЦИК" газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды. Міне осы территориялар жаңадан құрылған ҚазАКСР-нің құрамына кірді. Сырдария және Жетісу облыстары Түркістан АКСР-нің құрамында қала берді. Декретте бұл жерлер ҚазАКСР-дің құрамына оның халқының қалауы бойынша өте алады деген тармақ болды.Қазақ автономиясының құрылуы сөзсіз аса маңызды тарихи және саяси оқиға болды. Қазақ халқының автономия түрінде болса да, мемлекеттілігі қалпына келтірілді, оның территориясы белгіленді. Тіпті Сырдария, Жетісу облыстарындағы қазақтарды бірыңғай республикаға біріктірудің құқықтық негізі қаланды. Сондай-ақ В.И.Ленин және М.И.Калинин қол қойған декретте ҚАКСР-дің орталық органдары Қазақ Орталық Атқару комитеті (ҚазОАҚ) пен Қазақ Халық Комиссарлар Кеңесі екендігі анықталды, 12 халық комиссариаттарын және Завольже әскери округіне бағынышты қазақ әскери комитетін құру белгіленді. ҚАКСР-нің РКФСР орталық органдарымен, Сибревком және Түркістан АКСР-мен қарым-қатынасы анықталды. Сибревком мен ТүркАКСР ОАК-ның Президиумы құрамына Казревком өкілдері ендірілді. 1920 жылы Орынборда Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезі өтті. Съезд ҚАКСР-нің орталық мемлекеттік органдарын С.Мендешевті бекітті. Қазақ Халық комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып Р.Радусь-Зенкович бекітілді. Қазақстанның астанасы болып Орынбор қаласы жарияланды. Құрылтай съезі «ҚАКСР-дің еңбекшілері құқығының декларациясын» қабылдады. Бұл конституциялық мәні бар ҚАКСР-дің мемлекеттік құрылымын, территориясын, сайлау жүйесін т.б. жақтарын анықтаған құжат болды. Декларация 1926 жылы қабылданған ҚАКСР-дің бірінші конституциясының жобасына кірді.Құрылтай съезі «Қазақ АКСР-нде Кеңес өкіметін ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдады. Қазақстандағы жоғары өкімет билігі Кеңестердің бүкіл қазақтық съезі болып табылды. Бұл съезд Қазақ Орталық Атқару комитетін сайлайды. ҚазОАК 75-ке дейін мүшеден және 25 мүшелікке кандидаттан тұрды. Бүкілқазақтық съезді ҚазОАК жылына бір рет шақырады. ҚазОАК бүкілқазақтық съездер аралығында жоғары билік органы болып есептелді. Төтенше немесе кезектен тыс бүкілқазақтық съездерді ҚазОАК өз қалауы бойынша немесе республиканың 3/1-н білдретін жергілікті кеңестердің талабымен шақыра алды. Бүкілқазақтық съезд мемлекеттегі бүкіл билікке басшылық жүргізді. ҚазОАК-ты сайлады, үкіметтің есебін тыңдады, заңдар қабылдады. Автономды халық комиссариаттары РКФСР-дың осындай халық комиссариаттарына тәуелді болды. Халық комиссариаттары автономды және біріккен болып бөлінді. Біріккен халық комиссариаттарға РКФСР-дың халық комиссариаттарына тікелей бағынышты халық комиссариаттары жатты. Бұл халық комиссариаттыры сондай-ақ ҚазОАК пен Қазхалкомкеңесіне де бағынды. Бірақ РКФСР басшылығымен келісіп отырды. Біріккен халық комиссариаттарына БОАК пен Халкомкеңестің 1920 жылғы 26 тамыздағы декреті бойынша мыналар жатты: азық-түлік, қаржы, жұмысшы шаруа инспекциясы, қатынас жолдары, сонымен қатар халық шаруашылығы кеңесі, почта және телеграф басқармасы, қазақ статбюросы, төтенше комиссия.Олардың басшыларын ҚазОАК пен Қазхалкомкеңес өздері тағайындап, орнына алды. Жоғарыдай айтылған деректер бойынша автономды халық комиссариаттарына: ішкі істер (почта және телеграф басқармасынсыз), әділет, халық ағарту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жер шаруашылығы жатты. ҚазАКСР-і құрылған кезде барлығы 13 халық комиссариаты болды..

Бірақ олардың саны мен бағыныштылығы кеңінен өзгерістерге ұшырап тұрды. 1924 жылы Орта Азия мен Қазақстанда үлкен тарихи-саяси маңызы бар оқиға болды. Түркістан АКСР-і Бұқар және Хорезм кеңестік республикалары тарады. Олардың орнына одақтас республика мәртебесінде өзбек КСР-і мен Түркімен КСР құрылды. Тәжік АКСР-і өзбек КСР-нің құрамына кіріп, 1929 жылдан одақтас республика болды. Қырғызтан алдында РКФСР құрамындағы автономиялы облыс болып, 1926 жылдың баснынан авономиялы республика мәртебесін алды. Осының алдында 1922 жылы 30 желтоқсанда Кеңес Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылған еді. Түркістан республика құрамындағы Сырдария және Жетісу облыстарының қазақ жерлері ҚазАКСР-нің құрамына өтті. Бұл орталықтың күштеп жүргізген шаралары Орта Азия мен Қазақтандағы әкімшілік-территориялық межелеу деп аталды. Орынбор қаласы мен губерниясының бір бөлігі Ресейдің қарамағына өтті. Жаңа астана Қызылорда қаласына көшірілді.


  1. Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Жастардың демократиялық қоғам құру жолындағы күресі.

1986 Ж. Алматыдағы желтоқсан оқиғасы: себептерi және салдары. Жастар баскөтерулерiнiң маңызы.

Қазақ жастарының 1986 ж. желтоқсандағы бейбіт шеруінің түрі ұлттық болғанымен, ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, оның ішінде, орыс халқына бағытталмаған болатын. Бірақ республиканың және одақтың партиялық-бюрократтық жүйе тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастардың бүлігі деп бағаланып, шындық бүркемеленді.Бейбіт шеруді басып-жаншуда зандылық өрескел бұзылды. Жастарды қуып таратуда сырттан арнайы әскери бөлімдер жеткізіліп, орыс ұлтының өкілдерінен халық жасақтары жасақталып, өрт сөндіру машиналары, төмір таяқтар, шағын саперлік күрекгер, үйретілген иттер пайдаланылды. Ұсталғандар прокурордың санкциясынсыз түрмелерге қамалып, онда орын жетпегендерді ұрып-соғып, зебірлеп қысты күні киімсіз қала сыртына апарып тастады. Қылмысты істер бойынша тергеу қысқа мерзімде, үстірт жүргізілді. Бұл шаралардың барысында ішкі істер орындарында 3,5 мыңнан астам адам ұсталып, 103 адам сотталды, 270 студент жоғарғы оқу орындарынан, 753 адам комсомолдан, 52 адам партиядан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Келік министрлігінен 309 адам жумыстан шығарылып, жоғарғы оқу орындарының 12 рекгоры қызметтен алынды. Бірнеше жастар қыршынынан қиылды. Олардың ішінде қазақ халқының батыр ұлы Қайрат Рысқұлбеков бар. Партия ұйымдарын тазалау жүзеге асырылып, тек 1937 ж. обылыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 23 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің ербір үшінші қызметкері жумыстан босатылды. Мундай тазарту жумыстары сондай-ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол ұйымдарында да кеңінен жүргізілді.


  1. Ұлттық мемлекет құру жолындағы азаттық қозғалыстар (XVIII-XIX ғғ.).

Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының ұлт – азаттық көтерілісі

18 ғасырдың ортасында Ресей үкіметінің қазақ жерін отарлау саясаты пәрменрді жүргізіле бастады.Кіші жүз қазақтары бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша Жайық бойында көшіп қонатын.Ал қыс айларындажайықтың он жақ жағалауында қыстайтын еді.Алайда патша үкіметінің Жайық бойына көшіп – қонуға тыйым салынуына байланысты ол мүмкін болмай қалды.Сол себепті Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының 1773-1775 жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына белсенді қатысуы кездейсоқ емес еді.Ол патшаүкіметінің жерге қатысты қысымының күшеюінен еді, Мысалы,Кіші жүз қазақтары Е.Пугачев көтерілісі кезінде Жайық бекінісін қоршауға,Кулагин бекінісін алуға қатысты.Екі мың қазақ сарбазы Орынборға шабуыл жасауға қатысты.Орта жүз қазақтары Пресно – горьковский бекінісіне шабуыл жасап,басқа да соғыс қимылдарына қатысып,қатар – қатар тұрған бекіністерге қауіп төндірді.

Е.Пугачевкөтерілісі басылғана кейін де Кіші жүздегі жер мәселесі күрделі күйінде қала берді.Аса күрделі мәселе қазақ руларының дәстүрлі көші – қон жүйесінің бұзылуы болатын.Оған қоса жайылым жерлер тарыла бастады.Қыс айларында қыстауға Жайықтың арғы бетіне көшу тек 1782 жылы ғана мүмкін болды.Оның өзінде де шекара басшылары ханға арнайы рұқсат беріп,ақы төленуі тиіс еді.

Бұндай аса күрделі жағдайда Кіші жүз ханы Нұралы Ресейәкімшілігінен қалыптасқан өзара сенімді қарым қатынасын пайдаланып, ең алдымен халық мүддесін ойлауы керек болатын.Алайда,ол бұл мәселені басқаша шешті; қазақтардан Жайықтың арғы бетіне өту мен қазақтардың қолына тұтқынға түскендерді босату үшін алым – салық жинады.Қомақты қаржының бір бөлігін өзіне қалдыруды да ұмытпады.

Ханның рұқсат беруі тек ханның ғана емес,сонымен қатар Жайық қазақтарының ағамандарының кірісті кәсіпшілігіне айналды.Нұралы ханның мұндай іс әрекеті қарапайы халықтың ғана емес,сондайақ сұлтандар мен ру басыларының,билердің заңды нараздылығын туғызды. Бұл Кіші жүздегі саяси ахуалды мүлде шиеленістіріп жіберді.Хан беделін күннен – күнге төмендете берді.

Ресейдің орталық саясаты мен ханның іс – әрекетіне қарсы Кіші жүзде наразылықтар күшейе бастады.Оған қоса 1782 – 1783 жылдың қысында «жұт»басталды.Сол уақыттағы «жұт»туралы деректер мына жағдайларды сереттейді; «Гурьевтің ар жағындағы даладан көптеген малдардың өліктерін көруге болады, олардың саны мындаған жылқы және ірі қараны құрады. Қойлар мен басқа да ұсақ малдар есепке алынбады.Қазақтар тыйым салуға қарамастан өз еріктерімен Жайықтың «ішкі жағына» өтуін тоқтатпады.Ал бұл жерлерде оларды қазақтар қарсы алып,тонап отырды.1783 жылы көктемде казак әскерлері қазақтардың төрт мың жылқысын айдап алып кетті».

Көтерілісті ұйымдастырушу белгілі батыр әрі шешен, Е.Пугачев көтерілісіне араласқан Байбақты руының ағаманы Сырым Датұлы болды.Көтеріліс 1783 жылы басталып,1797 жылға дейін созылды.Көтерілістің халықтық сипат алу себебі:патша үкіметінің отарлық саясаты,олардың қазақ жерлерін тартып алуы,бекіністердің салынуы,ғасырлар бойы қалыптасқан көші – қон жүйесінің бұзылуы,ресей әкімшілігі мен казак әскері тарапынан үздіксіз жасалып келген қысым мен күш көрсетуі,қазақ халқының қарапайым азаматтық құқықтарының шектклуі болатын.Оның үстіне Нұралы хан мен оның туыстары Айшуақ,Ералы,Досалы жыл сайын Орынбордан жалақы алып отыратын.Сондықтан да олар Ресейдің отарлық әкімшілігіне қызмет етті.Кіші жүздегі көші – қон мәселесі Нұралы хан ұйғарымымен шешіп отырды.Бұл жағдайдың бәрі халықты дала заңдылығында жоқ кіріптаралыққа ұсындырды.Сырым Датұлы көтерілістің алғашқы кезеңін Орал әскери желісі Бойындағы Ор бекінісіндегі казак әскерімен соғысудан бастады.Көтерішілердің ең негізі күші Сағыз өзені бойына шоғырланып ,ол көтерілістің негізгі ошағына айналды.Сырым Датұлы 2700 сарбаздан тұратын жасағы құрылды. Ал көтеріліске қатысқандардың жалпы саны шамамен 6-7 мың адамға жеткен.

Көтерілістің қозғаушы күші шаруалар болды.Сонымен бірге Нұралы Ханның патша әкімшілігін ашық қолдап отырғанына наразы болған ру басылары мен билер де көтеріліске белсене қатысқан еді.Мысалы, 1785 жылы Ресей патшайымы 2 Екатеринаға Кіші жүз ағамандарының жазған хатында: «Біз Кіші орданың қырғыз – қазақ жұрты,барлық халқы,ханның маңайындағылардан басқа,Нұралы ханға ашулымыз ..... Біз патшадан жаманшылық көргеннен емес,ханның зұлымдылығына байланысты сізбен ешқандайда ымыраға келе алмаймыз. Сондықтан ол орнынан алынбайынша біз сізбен келіссөз жүргізіп,бітімге келмейміз деп,бірауыздан шештік»,- деген талап қойған.

Кіші жүздегі ұлт- азаттық көтеріліс Ресей әкімшілігін қатты аландата бастады.Сол себепті 1785 жылы әскери коллегияның шешімімен қаңтар айында көтерілісті басу үшін генерал Смирнов бастаған тұрақты әскер жіберілді.

Қазақ халқының Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы,Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтерлісін белсенді қолдауы және Ресейдегі Отан соғысына өз еріктерімен қатысуы отаршылдық үстемдік пен басқыншылыққа қарсы халықтың санасы мен жауынгерлік рухы жаңа сапалық деңгейде қалыптаса бастағанын айқындап береді.

Бөкей ордасындағы көтеріліс

ХІХ ғасырдың басында патша өкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Бұрынғы рулық бөлініс, бағынушылықтың орнына аумақтық құрылымдар құрмақ болды. Сол себептен 1801 жылы Кіші жүзге қарайтын Еділ мен Жайық арасындағы жерлерді бөліп, Ішкі немесе Бөкей ордасын құрды.

Қарапайым халық жер мен жайылымдар әділетті, біркелкі бөлінеді ғй деп үміттенді. Бірақ мәселе олай болмай шықты. Бөкей ордасы казак станицаларының желісімен және Жайық өзенін бойлай салынған қамалдармен кіші жүз жерінен бөлініп тасталды. Соның салдарынан Еділ мен Жайықтың арасында көшіп жүрген қазақтар жан-жақтан орыс ауылдарымен, қамалдармен қоршалып қалды. Каспий жағалауындағы шұрайлы қоныстардан қазақтар ығыстырылып, орыс помещиктері граф безбордко мен князь Юсуповтар және Орал казак әскерлері иелік етті. Олар қазақтарды бұл жерлерге жолатпады. Қыс болса қазақтардан от ауызы, жаз шықса тұяқ аты деген сияқты неше түрлі салықтар алынды.

Орыстардан қалған тәуір жерлерге хан мен оның туыстары, сұлтандар иелік жасады. Мысалы, Жәңгір ханның меншігінде 400 мың десятина, оның туысы Нұралыхановтардың меншігінде 750 мың десятина, Жәңгірдің қайын атасы Қарауылқожа Бабажановтың қарамағында 700 сың десятина жерлері бар еді. Бұрын жерге меншікті білмейтін, кім бұрын келіп орналасса, сол жайлай беретін елде енді таршылық туды, көшпелі елдің шаруашылығы қатты күйзелді. Мәселен, Қарауылқожа қазақтарға жерді жалға беру дегенді шығарды. Жалға жер алғаны үшін қазақ малшылары өте ауыр салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Сонымен қоса қарауылқожаның отбасы үшін әрбір шаңырақ 2 сомнан төлеуге, ал ауыл старшыны бір бие беруге міндеттенді. Қыста Каспий теңізінің жағалауынан қазақтар Қарауылқожа Бабажановқа қамыс дайындауға тиіс болды. Қамысты қыста дайындаттырып, сол қамыстан үй немесе малға қора салдырған. Сонымен бірге патша үкіметі Ішкі Орда мен Кіші жүзді басқаруды өздерінің мүдделеріне сай бейімдегісі келді. Сондықтан бұл жерлерде дистанциялар (бекініс аралық басқару жүйесі) құрылды. Осындай экономикалық, әкімшілік қысымдармен қатар елдің ар-намысына тиерлік рухани қысымшылықтар да көбейді. Қит етсе айып алып, дүре ссоғу және т.б. жәйттер халықтың зығырданын қайнатты. Осындай патша үкіметі мен хан тарапынан жасалған шаруашылық, әкімшілік, рухани қысымшылық, жан түршігерлік әділетсіздік халық көтерілісіне алып келді. Көтеріліс Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басқарды.

Көтерілістің негізгі мақсаты – патша өкіметінің жерді тартып алып жатқан отарлық саясатын тоқтату, ханның өктемдігін, өзбырлығын шектеу, қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсарту болды.

Алғашында жәңгір хан исатай мен махамбетті өз жағына тартпақ болды. Бұдан ештеңе шықпаған соң ол оларды ашықтан-ашық қуғындауға шықты. Жәңгірдің сенімді деген билеріне жазған хатында былай делінген: «Исатай мен махамбет басқаларды маған бағынбауға шақырады. Олар старшина қарабөкен мен Жоланға шабуыл жасап, жарақаттады...барлығыңызға жоғарыда аталған бойұсынбаушыларды ұстап маған әкелуді бұйырамын».

1836 жылдың ақпанында Жәңгір хан Исатай мен Махамбетті алдап қолға түсіріп, айдатпақ болады. Сол оймен оларды өз ордасына шақыртады. Мұны іштен сезген Исатай мен Махамбет бармайды. Оларды оңайлықпен қолға түсіре алмайтындығын білген хан сол жылдың 17 наурызында қараылқожаны басқартып 522 адамнан тұратын жасақты жібереді. Мұны естіген Исатай мен Махамбет өз қаруластарымен Қарауылқожаға қарсы щығады. Олар 1936 жылы 4 сәуірде манаш қыстауында кездеседі. Исатай қантөгіс болмасын деген оймен бұрынғы қазақ салты бойынша Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырады. Істі сонымен шешпек болады. Бірақ Қарауылқожа да, оның қасындағылар да жекпе-жекке шығуға қорқады, соғыспен басып алуға да сескенеді. Сөйтіп кері қайтуға мәжбүр болады. Исатай да қантөгіске барғысы келмей, өз қосынына кетеді. Сөйтіп екі жағы да қан төкпестен тарасады. Күз айларында Исатай мен Махамбет ауыл-ауылды аралап, халықты Жайық жағасына келуге, Орал казак-орыс әскерлерінің алған жерлерін қайтаруға, байлардың жерлерін қайтадан бөлуге шықырып, үгіт жүргізеді.

1838 жылдың басында Исатай мен Махамбет даңқы қазақ даласына кең тарайды, оларға жан-жақтан шаруалар, кейбіпр ағамандар келіп қосыла бастайды. Сол жылдың жазы мен күзінде олар біраз ірі бай ауылдарына шабады. 16 қыркүйекте көтерілісшілер Қарауылқожаның ауылына қарулы шабуыл жасап, талқандады, 50 адамын, 41 түйесін, 441 жылқысын айдап әкетті, мұның алдында шаруалардан жиналып алынған 3000 сом ақшаны тартып алды. Қарауылқожа әрең дегенде қашып құтылды. К.Арсланов, С.Ақмурзин сияқты сұлтандарды, көптеген алыпсатарлар мен ру старшиналарын тұтқынға алды.

1837 жылы көтерілісшілер саны өткен дылмен салыстырғанда 3-5 есе көбейіп, барлық топтарды есептегенде 4-5 мың адамға жетті.

Исатай мен Махамбет жаңа шайқастарға дайындалды. Жайықтың бергі бетіндегі Адай, Әлім және т.б. елдерге кісі жіберіп, өздері барып қару-жарақ, әскер жинады. Олардың бұл қимылдарына Орынбор губернаторы мен Жәңгір хан қарсы шаралар ұйымдастырды. Ресей әскерінің полковнигі Геке басқарған үш полк әскер Баймағамбет сұлтанныңғ бастауымен Исатай, Махамбеттің жауынгерлерін жоймақ болып аттанды. Исатай мен махамбет жасақтарын кейін қалдырып, өздері шағын серіктерімен алдағы шепті барлап қайтуға шығады. Сөйтіп, олар 1838 жылдың 12 шілдесінде ойламаған жерде Ақбұлақ пен Қиыл өзендерінің аралығында Геке басқарған біріккен ірі жазалаушы отрядпен кездесіп қалады. Ұлын-асыр шайқас болады. Сан жағынан бірнеше есе басым Геке әскерлер бұларды қоршап алады. Сол күнгі кескілескен соғыста Исатай қаза табады. Махамбет бірнеше серіктерімен соғыс шебін бұзып шығады. Бірақ ол қалған жасақтарымен жақсы қаруланған Геке әскерлеріне қарсы бұл жолы табан тіреп соғыса алмады. Көмектесемін деп келген Қайыпғали ұрысқа кірмей кетіп қалды. Көтерілісшілер шегінуге мәжбүр болды.

Исатай қаза болғаннан кейін күрес жалыны кеміп, қол тарай бастайды. Махамбет Хиуа ханының беремін деген әскерін алып, еліне оралып, көтерілісті қайта бастамақ болады. Бірақ Хиуы ханы әскер бере алмайды. Олар қайтып еліне оралады. Жәңгір хан бұл жөнінде сетіп, отряд қүрып, Махамбетті ұстап әкелуге жібереді. Отряд оны Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде ұстап, Калмыков түрмесіне жеткізеді. Екі жұмадан кейін оны Орынборға жөнелтеді. Онда Махамбеттің ісі генерал-губернатордың бұйырығымен әскери сотқа беріледі. Сот істі қарап, егер келешекте Махамбет тағы да «бүлікшілікке» араласатын болса, қатаң жазалатынын ескеріп, босатады. Бірақ Жәңгір хан өлгеннен кейін аға сұлтан болған Баймағамбет айшуақов махамбеттің соңына қайта түседі. Оның басына 1000 сом бәйге тігіледі. Кейін хорунжий шенін алған Ықылас Төлеев деген сатқан Махамбетті қапылыста өлтіреді.

Көтеріліс басылды. Оған қатынасқандар қатаң жазаланды. Әскери соттың шешімі бойынша оларды екі топқа бөлді. Бірінші топқа Исатай мен Махамбеттің жақын көмекшілері, көтерілістің белсенді басшылары жатқызылды. Олардың тағдырын Орынбор генерал-губернаторы мен полковник Геке шешті. Мысалы, Исатайдың жақын серіктері Р.Жәнібекұлы мен Ұ.Төлегенұлына 1000 реттен тұзға салынған шыбықпен дүре соғып, сібірге жер аударылды. Қожахмет Өтемісұлы, Бекен Сарыұлы, таңрық Нұржанұлы, Балабек Нұржанұлы сияқты және т.б. көтерілістің белді басшылары 500 адамдық қатардан өткізіліп, шпицрутенмен дүре соғылып, Ригаға 8 жылға қара жұмысқа айәдалды. Егер кейін ауырып, денсаулығы көтермесе Иркутск губерниясына жер аударылатын болып шешілді. Смайыл Өтемісұлы, Смайыл Қалдыбайұлы сияқтылар дүре соғылып, солдатқа жіберілді. Ал көтерілісшілердің екінші тобына жатқызылғандарға 20-дан 50-ге дейін шпицрутеннен дүре соғылып, басқа да жазалар қолданылды. Көтерілісті басып-жаншуда ерен «ерлігімен» көзге түсіп, белсенділік танытқандар орыс болсын, қазақ болсын шен-шекпен, әскери атақ алды.

  1. ХХ ғ.б. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Столыпиннің аграрлық реформасы.

Әлеуметтік-жағдай

XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды:

Түркістан генерал-губернаторлығы 
(Орталығы – Ташкент
Сырдария облысы 
Жетісу облысы

Дала генерал-губернаторлығы 
(Орталығы - Омбы
Ақмола облысы 
Семей облысы 
Орал облысы 
Төрғай облысы

1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.

Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті.

Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті.

Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%).

XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.

Қала халқының көбеюі жолдары: 
1.Қоныстанушылардың көптеп келуі. 
2.Жатақтар санының артуы. 
3.Ішкі демографиялық өсім. 
4.Сауда қатынасының дамуы.

Құрамына қарай қала халқы қанаушы әкімдерге, дворяндар, офицерлер, саудагерлер және оларға сыбайлас қазақтардың дәулетті бөлігі және жәй еңбекшілерге (мещандар, шаруалар, жұмысшылар) бөлінді.

Қоныс аудару. Столыпиннің аграрлық реформасы.

1905-1907 жылдардағы революция патша үкіметі жалпы алғанда аграрлық мәселедегі және соның ішінде қоныс аудару мәселесіндегі тактикасын өзгертуге мәжбур етті. Патша үкіметі ауыл шаруашылығын елдің капиталистік жолмен дамуына бейімдеу бағытын ұстап, қала мен село буржуазиясынан тірек іздей бастады. Муның өзі 1906 жылғы 9 қарашадағы указбен және 1910 жылғы 14 маусымдағы заңмен бекітілген Столыпиннің аграрлық саясатынан айқын көрініс тапты. Шаруалардың селолық қауымнан шығуына, өзінің үлесті жерінің қожасы болуына және хутор немесе отруб құруына құқық берілді. Бұл заң әсіресе жағдайы нашар шаруалардан арзан бағамен жер сатып алушы ауқатты шаруалар, кулактар үшін өте пайдалы болды.

1907 жылғы 1 қантардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінінің күші жойылды, оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерде жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сөйтіп, Столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жерінде қайтып оралу мүмкіндігін шектеді.

Столыпиннің аграрлық саясатының нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4,074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж.) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1,5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.

Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.

Облыстардағы қазақстардың улесі: 
Ақмола облысы – 36,6% 
Семей облысы - 73% 
Жетісу облысы – 60,5% 
Сырдария облысы – 63,3% 
Төрғай облысы – 58,7% 
Орал облысы – 56,9%

Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.

Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол.

XX ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды. (Орал – Жем мұнай ауданы).

Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.

Темір жол.

1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.

1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.

Өндіріс орындары және жұмысшылар.

1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.

XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 30000-ға жуық адам еңбек етті.

Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.

Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.

XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.

Осының бәрі Қазақстанда да әлеуметтік қайшылықтарды шиеленістіріп, тап күресін өрістетуге әкілді.


  1. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жүргізген сыртқы саясаты. Қазақстан Республикасының қарулы күштерiнiң құрылуы.

Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты. Қазақстан теуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 ж. 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық еалюта қорының Халықаралық реконструкция және даму банкісінің Дүниежүзілік банктің Халықаралық даму ассоциациясының Инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра үйымдарға кірді. Осы уақыт ішінде Қазақстанды жүзден аса мемлекет танып, олардың көпшілігімен елшілік және екілеттілік дережеде дипломатиялық қатынас орнатылды. Республиканың сыртқы саяси бағыты шекаралас мемлекеттермен, ТМД-ның мүшелерімен езара тиімді достық қатынасты сақтау, сондай-ақ басқа да мемлекеттермен еділеттік және халықаралық серіктестік негізінде жан-жақты байланыстарды дамыту. Олардың ішінде Америка Кұрама Штаттарымен стратегиялық және демократиялық серіктестік, Жапониямен стратегиялық серіктестік туралы келісімдерге, 1,Шанхай бестігі" жобасы шеңберіндегі шекараның үзына бойына сенім шаралары туралы келісімгн Ресеймен, Өзбекстанмен, Кырғызстанмен, Украинамен достық туралы шарттарға қол қою айрықша орын алады. Қазақстан Республикасының ҚХР-мен шекарасын межелеу, Ресеймен, Өзбекстанмен және Кэірғызстанмен шекараны белгілеу туралы меселені шешу женінде жүмыс жүргізілуде. . Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде.

Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.

Қазақстан қоғамының тыныштығы, шекараның мызғымас беріктігі, еліміз аумағының тұтастығы, тәуелсіз және егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың негізгі міндеттері болып табылады. Алайда барлық осы міндеттердің шешілуі ең бірінші кезекте әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасымен байланысты.

Қазақстанның әскери қауіпсіздігі барлық одақтас республикалар сияқты 1990-жылдарға дейін Кеңес Одағының бірыңғай әскери-экономикалық және өнеркәсіптік потенциалымен қамтамасыз етілді, ол әскери потенциал дүние жүзіне өзінің күш қуатын азамат және Ұлы Отан соғыстары кезінде дәлелдеді. Соғыстан кейінгі кезеңде КСРО және қазіргі заманғы қарау-жарақпен және әскери техникамен жарақтандырылған Варшава келісім-шарты елдері құрамында НАТО блогына әскери бақталастықта алғашқы орында болды. Сондықтан Қазақстан соңғы уақытқа дейін КСРО құрамында бірыңғай Қарулы Күштер қатарынан орын алды. Бірақ КСРО-ның ыдырауымен бірыңғай Қарулы Күштер де ыдырады.

Конституция бойынша сол кезде Қазақстанда республиканың әскери қауіпсіздігінің мәселелері шешілуі мүмкін жеке меншік Қорғаныс Министрлігі де болмады. Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық аспектілері 1991 жылға дейін КСРО Қорғаныс Министрлігінде талқыланды, түзетілді және шешілді, ал бұл министрлік 1991 жылдан бастап — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Біріккен Қарулы Күштерінің командованиесі деп аталды [1].

Еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесі тұрғысынан Қазақстанның жоғары басшылығы соңғы сәтке дейін бірыңғай Қарулы Күштерге — ТМД мемлекет басшыларының 1991 жылғы кездесуіне дейін енді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі қазақ ұлтының өзін-өзі билеу құқығын мойындады, азаматтық және құқықтық мемлекет құру туралы шешімнен шыға отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Конституциялық заң жеке меншік Қарулы Күштер құруда республиканың құқығын анықтады [14].

Жоғарыда баяндалғандар негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: Қазақстан Қарулы Күштер құру мәселесіне қалыптасқан тарихи, геосаяси және әскери реалиялар тұрғысынан келді. Республика басшылығы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттер арасынан жеке меншік әскерді құру мәселесін шешті. Ұжымдық қауіпсіздік идеясын соңғы сәтке дейін қолдай отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Біріккен Қарулы Күштері құрылды.

1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құрылған күннен бастап тәуелсіз, егеменді Қазақстан әскерінің тарихы басталды.

Меншік қарулы Күштерді құру саяси, экономикалық және этникалық қиыншылықтармен ілесе жүрді.

Ел Президенті, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғары Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының жүйесі іске асырылды, соның негізінде ұжымдық қауіпсіздікті нығайту, басқа державалармен достық пен ынтымақтастықта әлемдік өзара пайдалы саясатын жүргізу арқылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өзіндік қорғаныс жүйесін жасау мен жетілдіруге үлкен көңіл бөлінді.

19. Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығының нығаюы. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы.

Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.

Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды.

Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...».

Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды.

Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттык қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды.

1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді).

2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді.

3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын

біріктіру.

Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан біріге отырып қорғануға мүмкіндік берді.

1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын киратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Өзбек ұлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет хан мен Махмұд хан, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай мырзалармен одақтаса отырып күрес жүргізді.

Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты. Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XY-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.

Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды.

Сыр бойы калалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мұхаммед Мәзит Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы — Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді.

Қазақ хандығы өзінің шаңырағы қөтерілген батыс Жетісудағы иеліктерін, Сырдария бойындағы отырықшы-егіншілік аудандар мен сауда, қолөнер және мәдениет орталығы болған Сығанақ, Созақ, Сауран қалаларын иемденіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты және билігін нығайтты. Қазақ хандарының билігінің нығаюы Шайбани ханды Дешті-Қыпшақ тайпаларының біраз бөлегімен Мауереннахрға ығысуға мәжбүр етті. Мұхаммед Шайбани 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін талқандап, Мауереннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады. Бұл кезеңде ішкі қырқыстардың күшейуі, толассыз соғыстардың халық шаруашылығына тигізген зардабы салдарынан ауыр дағдарысқа тап болып отырған Мауереннахр билеушілері (Әмір Темір әулеті) пәлендей қарулы қарсылық көрсете алмады. Мұхаммед Шайбани ханға ілесіп Мауереннахрға келген көшпелі тайпалар да бірте-бірте жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың тілі мен мәдениетін қабылдап, өздерінің бұрынғы (Дешті-Қыпшақтағы) өзгешеліктерінен бірте-бірте айырылды. Бұл көшпелі тайпалар Дешті Қыпшақтан ала келген «өзбек» деген атау бірте-бірте Мауереннахрдың байырғы тұрғындарына сіңісіп кетті. Бірақ олар «өзбек» деген атау ғана болмаса, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне ықпал жасай алмады.

Қазақ хандығы Қасым хан тұсында (1511-1521жж.) нығая түсті. Қасым 1445 жылдар шамасында туған. Қасымның 1513 жылы күзде Шу өзені жағасында Шағатай ұрпағы Саид ханмен жүздесуі болғанда, олардың замандасы Мырза Хайдар Дулатидың айтуы бойынша: «Қасым ханның жасы алпыстан асып, жетпіске жақындаған еді». Бұрындық ханның тұсында Қасым әскери қолбасшы болды. Хандықта беделі жоғары болса да, үлкенге бағыну дәстүрін ұстанып, Бұрындық ханның айтқанынан шықпады. Шайбани ханның 1504 жылы көктемдегі Әндижанға жорығы тұсында Қасым хан маңғыттардың көмегімен бүкіл Қыпшақ даласына үстемдікті қолына алды. Сөйтіп оның Ташкент пен Түркістанға шабуыл жасауға мүмкіндігі болды.

Қасым ханның билігінің соңғы кезеңінде Шайбанидтермен қарым-қатынасы өте күрделі болды. Деректер бойынша олардың арасындағы негізгі күрес Ташкент қаласы үшін болды. Қасым хан өзінің замандастары Рузбихан, Бабырдың еске түсірулері бойынша жылқы малының өте білгірі және әскери талантты қолбасшы ретінде суреттеледі. Хан билігі өте күшті болған және де халық саны осы кезде бір миллионға жеткен. Қасым дәстүрлі әдет-ғұрыптарды ұстанған хан болды. Осы дәстүрлі әдет-ғұрыптарды заңдар жинағы етіп, елді басқаруда кең қолданған. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді заң болды. Сондықтан да халық арасында бұл заңдар жинағы Қасым ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бұл заңға кірген ережелер мынадай:

1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері) ;

  1. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза);

  2. Әскери заң ( қосын құру, аламан міндеті, ердің құны, тұлпар ат);

  3. Елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік);

  4. Жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер);

Қасым хан кезінде Қазақ хандығы біраз күшейді. Алайда хандық бір орталыққа бағынған мемлекет деңгейіне көтеріле алмады. Қасым хан қайтыс болған соң Қазақ хандығындағы ішкі жағдай бірден айқындалды. Оның мұрагерлері арасында билікке таласқан дау басталды. Соның нәтижесінде ішкі тартыс, қайшылық пен қырқыстар күшейді. Қазақ хандығы осы ішкі феодалдық қырқыстар нәтижесінде ыдырап, бөлшектенді.

Қорыта айтқанда, Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында төтенше маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.


20. Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында. «Кіші қазан» идеясы. Тоталитарлық жүйенің орнауы.

Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). 1921 ж паурызда коммунистік партияныңХ сьезі азық-түлік салғыртынан азық-түлік салығына, əскери коммунизмнен эаңа экономикалық саясатқа көшу жөнінде қаулы шығарыды. 1921 жылы маусымда Қазақстаньда ЖЭС ке көшу туралы шешім қабылданды. ЖЭСке көшу барысында көптеген қиыншылықтар кездесті.Құрғақшылық салдарынвн елде аштық болды.Республика халөының 1/3 аштыққа ұшырады.Ашыққан адамдар Орынбор Орал бөкей қостанай ақтөбе губернияларында көп болды.ЖЭСтің өзіндік табыстары мен қиындықтары болды.Атап айсақ салық мөлшері төмендеді.1927-28ж өнімнің 1/3і салық ретінде алынды.Салық ауыртпалығы байлардың мойнына түсті.Салықтан жиналған қаражат ағарту мəдениет өнеркəсіп салаларвна жұмсалды.ЖЭС нəтижесінде республикада 650ауылшапуашылық артелі мен 103 коммуна жұмыс істеді.

«Кіші қазан» идеясы.1925-1933 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Голощекин келуімен социализмнің бұрмалануы күшейе түсті, Аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды, Қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет деген идеясын насихаттады, Бұл бағыт елде елеулі қарсылыққа ұшырады, Сол жағдайда Голощекин Сталинге хат жолдап, елдегі жағдайды жасап берді, Сталин жауап ретінде Голощекинге сіз жасаған жоспарыңыз бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын деген жауап алды, Бұл Голощекин үшін өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік туды, Кіші Қазан идеясының негізгі бағыты 2 топақ бөлінді, 1 Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және орташа деңгейге бағыттап, дамыту, 2 Елді шикізат аймағына айналдыру, Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуақасов Кіші Қазан бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды 1 Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату, 2 Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру, Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты, - Түйеден социализмге өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды, Қазақтар отар болып келді және солай болып қалады - деп күйінішпен жазады Садуақасов, Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді, Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес, Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру кезіндегі ұсыныстары ескерілмеді, Голощекин, Құрамысов бұларды - Сәдуақасов пен Мыңбаев және сыбайластары жергілікті ұлтшылдық көрініс деп бағалады, Кейбір экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақыруларын ұлы державалық шовинизм көрінісі деп есептеді

Тоталитарлық жүйенің орнауы. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін. 30-жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды. Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі: Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс-құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді. Бюрократиялық орталық нығайып, республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады. Республикалардың заң шығару бастамасы болмады. 1936 жыл – сталиндік КСРО Конституциясы жариялаған бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Елде «Социализм жолымен ілгерілеген сайын тап күресі шиеленісе түседі» деген сталиндік теория үстемдік етті. Нәтижесінде: Жазалау органдарының қызметі күшейтілді; Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді. Одақтық Ішкі істер халық комиссариаты құрамында ерекше кеңес құрылып, жазалау шаралары іс жүзіне асырылды. Жазалау шаралары: Ату жазасы, Жер аудару,Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, КСРО-дан тыс жерлерге қудалау. Жеке адам құқығы аяққа басылып, балама пікір айтқан адам «халық жауы» қатарына жатқызылып, жазаланды. Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы айқай-шуды ушықтыруға және жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі Н. И. Ежов зор «үлес» қосты. 1937–1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары «халық жаулары» деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ әдебиетінің негізін салушылар – С. Сейфуллин (1894–1938 жж.), Б. Майлин (1894–1938 жж.), І. Жансүгіров (1894–1938 жж.), М. Жұмабаев (1893–1938 жж.), М. Дулатов жазаға ұшырап өлтірілді. Жазалау шараларының құрбандары:Қазақ тілі ғылымының негізін салушы А. Байтұрсынов;Тілші ғалым, профессор – Қ. Жұбанов,Қазақтың тарих мектебінің негізін салушы – С. Асфендияров,КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі – М. Төлепов т. б.




21. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы тұңғыш Президент – Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі.

Республика тұрғындарының ішінде сайлау құқығы барлардың 88.23% - ы дауыс беруге қатысып олардың 98.78%-і Н.Назарбаевты жақтап шықты. Желтоқсанның 10-ы күні Н.Назарбаев Республика сарайында салтанатты түрде ант қабылдап, ҚР-ның халық сайлаған Президенті ретінде ресми іске кірісті. Өмір Президент Назарбаев алдына күрделі міндеттер қойды: Қазақстан экономикасының бір жақты шикізаттық өндірушілік бағыты. Соның әсерінен өзгелерге қатты тәуелділігі өнеркәсәптә қалалардағы экономиканың негізгі тұтқаларына негіз болып отырған топтардың қысымы, нарық қатынастары тудырып отырған қиындықтар, т.б.Президент болып сайлағаннан кейін олұлтаралық татулық үшін бар жігерін жұмсады. Көп ұлтты Қ. жағдайында бұл ең басты нысана еді. ҚР президентінің айтуы бойынша “мемлекеттің негізін салушы болып табылатын және мен үшін жеке басының өнегесі мен үлгіге айналған аса көрнекті 2 қайраткерді ерекше атап айтқым келеді. Ол әлде қашан өмірден өткен Франция президенті Шарль Де Голль, сондай-ақ қазірде күйлі қуатты өмір сүріп жатқан Сингапурдың негізін салушы Ли Куан Ю. ” Біз үшін экономикалық нарықтық моделін құру кезінде экономикалық шаралардың жан-жақты ойластырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяси ерік-жігер және дербестігімізді нығыйту арқылы соларды д»йекті түрде жүзеге асыру мәселесі тұрды. Жүргізіліп жатұан түбірлі өзгерістердің мәнін ой елегінен өткізіп, одан кейінгі даму тенденцияларын алдын-ала көре білу, ондаған миллион адамдардың мүддесіне сай келетін неғұрлым тиімді қайта құру стратегиясын таңдап алу қажет болды. Оның үстіне мұны қысқа мерзімге жасау керек еді, тарих қзақ сонар зерттеулер мен ой қорытуларға уақыт қалдырмады, әлем екпіндігін күшті қарқынмен өзгеріп жатты. Ал бізге тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпымемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап, тіпті әрбір Қ.дықтың ой өрісіне дейін осыған бейімдеу қажет болды. Және де осымен бірге,былайша айтқанда,біз барлық қалған әлемді “қуып жетушінің”жағдайында болдық. 2 топтағы біздің көптеген кадрларымыз бқл өзгерістердің болмай қалатынын түсінбеді, қаншама жылдар бойы барша әлемге жабық болып келген біз жаһанданудың төндіретін қаупін толық мәнде көз алдына келтіре алмадық. Сонымен бірге,оның мүмкіндіктерін де ескермедік. Бізде ашық әлемде “өмір сүру тәжірибесі деген болмады” . Сингапур премьер министрінің 1991 ж.лекциясы біз үшін ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияны жасау кезіндегі бағыт-бағдар берді. Өз даму жолымызды табу үшін неге қол жеткізсек дейміз,бізге соны айқындап алу қажет болды.



22. Қазақстан І дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтеріліс.

Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Соғысқа дейінгі тұста Ресейде жаңа өнеркәсіп салалары жедел қарқынмен дамыды. Өнеркәсіп орындары ел экономикасының дамуына үлес қосумен қатар, соғыс қажеттілігіне орай ірі мемлекеттік тапсырмаларды да атқарды. Өнеркәсіп өндірісінің ішінде металлургия өндірісі үлкен жетістіктерге жетті. Әйткенмен, Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери-өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазақстанда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасының құлдырауына әкеліп соқты. Ауыл шаруашылығы өлкедегі егіншілік облыстар бойынша  біркелкі дамымады. Ол құнарлы, егіншілік шаруашылығын жетік меңгерген аудандарда жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына да елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық  бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды. Мәселен, Қазақстан бойынша күзгі бидайдың егіс көлемі 1913 жылмен салыстырғанда 1917 жылы 63,5%-ға, жазғы бидай - 8,4%-ға, тары - 22,1%-ға, картоп - 46,3%-ға қысқарды. Ал бақша дақылдарының егіс көлемі 433,8 мың десятинадан 1115,0 мың десятинаға дейін, яғни екі еседен астам көбейді. Өлкенің солтүстік-батыс және батыс облыстары бойынша дәнді дақылдардың өнімділігі 1914 жылдан 1917 жылға дейін әр десятинадан алынатын 38,7 пұттан 29,8 пұтқа дейін төмендеді. Соғыс жылдарындағы өлке егіншілігі жағдайының сипатты ерекшелігі оның жүргізілуі деңгейінің төмендігі болды. Бұл енгізілген ауыспалы егіс жүйесінің болмауынан, жердің және тұқымдық материалдардың өңделу сапасының төмендігінен көрінді. Егіс көлемі мен өнім көлемінің қысқаруының негізгі себебі жұмыс күшінің жетіспеуі болатын. Мәселен, Ақмола облысының Көкшетау уезінен ғана 1915 жылы армияға ауыл шаруашылығымен айналысып келген орыс тілді халықтың 39%-ы шақырылды. Қазақстанның басқа да аймақтарында мұндай көріністер байқалып тұрды. Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеліп соқты. Оған сан және сапа жағынан үлкен зардап келтірді. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады. Байырғы халықтың басым көпшілігі тұратын жерлерде жылқы, түйе, ірі қара мал саны кеміді. Селолар, қалалар мен ауылдар еңбекшілері жағдайының нашарлауы 1914 жылдың өзінде-ақ Қарағанды, Екібастұз шахталарында, Орынбор, Ташкент жәнеТранссібір теміржолдары жұмысшылары арасында бас көтерулермен ереуілдерге алып келді. Тіпті, соғыс жылдарында Қазақстанда халық бой көтеруінің бірі “әйелдер бүлігі” дейтіндер болды, оларды өкімет орындары үкіметке қарсылық деп қарады. Шаруалар көтерілістері Қазақстанның солтүстік аудандарында қамтыды. Мәселен, 1916 жылы 21 наурызда Торғай облысы Ақтөбе уезінің Ақбұлақ селосында 30 адам болатын солдат әйелдерінің тобыры көпестер - Незвановтың, Пряткиннің дүкендерін қиратады. Халық бұқарасының мұндай бой көрсетулерінің толқыны Қазақстанның басқа да аймақтарында орын алды. 1916 жылдың орта шеніне қарай жұмысшылардың үкіметке ашынуы үдей түсті. Нәтижесінде бұл жағдайлар қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына зор ықпал жасады. 1916 жылы 25 маусымда патшаның Қазақстан, Орта Азия, Сібір тұрғындарынан 19 бен 43 жас аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмысына алу туралы жарлығы шығады. Бұл жарлық 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің басталуына себеп болдыКөтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Бұл көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси азаттық болды. Сол арқылы ол қазақ халқының бостандық пе нтәуелсіздік жолындағы бұрынғы бүкіл күресінің қорытындысын шығарды. Көтерілістің негізгі күші ұлттық шаруалардың қалың тобы, сондай-ақ сол кезде туып келе жатқан жергілікті жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілер болды.


23.Елдің соғыстан кейінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы (1946-1953 жж.).

Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру. II дуниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына жасаған жалпы зияны – 2 триллион 569 миллиард сом болды. 1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара талқандалды. 2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Станиград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .

Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды. 1945 жылдың шілде қыркүйегі бірінші кезекте халық шаруашылығына қажетті мамандар жіберілді.

1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжілдыққа (1946-1950 жж.) арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.

Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту, сондай-ақ женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі екінші кезектегі мәселе болып саналды. Төртінші бесжілдық жоспарда Қазақстанның халық шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға мән берілді. Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға, ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды.

Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды. Төртінші бесжылдық құрылыстары:1946- 1951 жылдары республикада болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды. Осы жылдары Теміртау заводында үй прокат станы, 2 мартен пеші, Актөбе ферроқорытпа заводының үшінші кезегі, Өскеменде қорғасын-мырш (1947 ж.) комбинаты салынды. Екібастұзда көмір кесіндісінің құрылысы аяқталды. Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды. 1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны – 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5 мұнай – 1,5 газ- 1,9 электр құатын өндіру 4,1 есе артты.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамыды. Семей Илеу-сығынды заводы өнім бере бастады, Қызылорда тігін фабрикасы жұмысын бастады. Жамбылда, Қызылордада, Павлодарда тері заводтары салынды.

Көлік жүйесі кеңейе түсті: 1950 жылы ұзындығы 483 км. Мойынты – Шу темір жолы салынып, Жамбыл – Шолақтау темір жолы іске қосылды.

Байланыс ісі жақсартылды. Барлық аудан орталықтары телефон байланысына қосылды. 1949 жылғы көктемде Алматында елдің 56 қаласымен байланыстыратын автоматтық станция салынды. Радио жүйесі, 40-жылдармен салыстырғанда 2 есе артты. Маманданған жұмысшылар қатары өсті. 1945 жылы 1,044 мың болса, 1950 жылы – 1403 мың адам болды. 1950 жылы елімізде халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 1 млн. 403000-ға жетті.

Соғыстан кейін 1946-1953 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. Соғыстан кейін елімізде қалыптасқан орасан зор қиыншылықтарға, әсіресе ауыл шаруашылығында болған орасан зор қиыншылықтарға қарамастан, кеңес халқының әл-ауқаты бірден-бірге жақсара берді. 1947 жылғы желтоқсанда елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды. 1947 жылғы ақша реформасының нәтижесінде сомның сатып алу қөбілеті едәуір жоғарылады. Нан және наннан жасалған өнімдердің, еттің, сүттің, өнеркәсіп өкімінің бағасы арзандады. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағазы да төмендеді. Төртінші бесжылдықта жалпы алғанда баға үш рет арзандатылды. Сомның сатып алу құнының көтерілуімен қатар еңбекшелердың жалақысы да өсті.

Кеңес өкіметінің еңбекшілердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту шаралары:

1. Соғыс мүгедектеріне, соғыста қаза тапқандардың отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.

2. Жасы ұлғайғандарға, асыраушысы қайтыс болғандарға және уақытша еңбекке жарамай қалғандарға зейнетақы тағайындалды.

3. Көп балалы және жалғыз басты аналарға жәрдемақы белгіленді.

4. Шипажайлар, демалыс үйлеріне, балалар лагерьлеріне жолдамалар берілді.

5. Кезектен тыс жұмыс істеуге тыйым салынып, ақылы демалыс алу қалпына келтірілді.

6. Тұрғын үй салу қарқыны арттырылды.

Бірақта соғыстан кейінгі бірінші бесжылдық жылдарында халықтың әлеуметтік жағдайы әлі ауыр болды. Тұрғын үйлер жетіспеді, халықтың өнеркәсіппен азық-түлік товарларын керек етушілігі толық қамтамасыз етілмеді. Республиканың сауда орындары жұмысты әлі нашар істеді. Медицина мекемелері санының өсуіне (39%) қарамастан, халыққа медициналық қызмет көрсетуде әлі елеулі кемшіліктер болды.


24. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы. ҚР-ның мемлекеттік құрылысы.

Қайта құру" концепциясы ұлт меселесін де одан ері ұшықтыра түсті. Ұлттық қатынастардағы ұзақ жылдар бойы жиналған шиеленіс 1936 ж. желтоқсанда жас демократияның өміршіл-екімшілдік жүйемен ашық қақтығысына алып келді. Қайта құру тусында орталық өміршіл-екімшіл жүйе 16-желтоқсанда Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің 1- ші хатшысы Д.А. Қонаевты, республикаға беймәлім бурынғы Ульянов обылыстық партия комитетінің хатшысы Г.В. Колбинмен алмастырды. Бұл шешімге наразы болған жастар келесі күні Орталық Комитет жанында жиналып ез наразылықтарын білдірді. Желтоқсанда Алматыда болған уақиғалардың негізінде ұзақ жылдар бойы жинақталған тұтас тарихи, әлеуметтік-экономикалық және саяси факгорлар жатты. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі патша өкіметі және кеңес екіметі тусында аяққа басылды, қазақ халқының экономикалық мүддесі ескерілмей ұлттық байлығы тоналды.

1991ж. 3 желтоқсанда Минск түбінде Ресей Президенті Б. Ельциң Украина Президенті Л.М. Кравчук және Белорусь Жоғарғы Кеңесінің терағасы С.С. Шушкевич: 1"жаңа Одақтық келісім-шарт түйыққа тірелді, республикалардың Одақтан шығуы және теуелсіз мемлекеттердің қүрылуы өмірдің шындығына айналды" - деп мойындап, Теуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) қүру женіндегі Беловежск келісіміне қол қойды. Беловежск келісімі Кеңестер Одағының тарағандығын өмір шындығына айналдырды. Осы түста 1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында түңғыш республика Президенті болып Н.Ә. Назарбаев ашық сайланды. Муныңөзі елде және халықаралық аяда оның беделін көтеруге үлкен әсерін тигізді. Н.Ә. Назарбаевтың президент сайлануы, сондай-ақ республиканың өз ішіндегі саяси-экономикалық меселелерді шешуге де ықпалын тигізді. Көп үзамай президент өзінің өкімімен вице-президент, премьер-министр мен оның орынбасарлары, мемлекеттік кеңесшілер мен Президент және Министрлер Кабинеті аппаратының басшылары арасындағы міндеттерін беліп бекітті. Бүл өзгеріс республика басшыларының алдына қойылған міндеттерді атқаруға жағдай жасады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары ғҚазақстан Республикасының мемлекеттік теуелсіздігі туралы" заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы теуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол езінің жеріне, үлттық табысына түгелдей иелік ету қүқығы бар, теуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық қүқықтың принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республикадағы барлық үлттардың екілдері жергілікті қазақтармен бірдей Қазақстанның тең қүқықты азаматы деп саналады. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің қайнар кезі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының қүқықтарына қол суғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс. Занда республика қарулы күштерін қүру жөніндегі қүқығы, республика азаматтарының әскери міндетін етеу, оның тертіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Оғаң сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тертіпті және мемлекеттік қауіпсіздікгі қамтамасыз ету меселелері кірген. Республиканың мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ал орыс тілі үлтаралық болып саналды.


25. 1917 жылғы ақпан революциясы тұсындағы Қазақстан. Қос үкіметтілік және оның негіздері.

Ақпан революциясы — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын әлсіретуге де мүмкіндік берді. Ақпан революциясы нәтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды жазалау экспедицияларының әрекеттері тоқтатылды. Ақпан революциясының жеңісінің ең маңызды нәтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл аймақта буржуазиялық мәндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.) жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан революциясы жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс және жер мәселелерін). Ақпан революциясы монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат және шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша үкімет және оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі қатар орын алды.Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтыңұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кәсіпкерлердің, банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, әсерлердің және соларға жақын саяси партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ және мұсылман катеттері болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын ұйымдастырған  Ә.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның жетекшілігімен құрылды.Ақпан революциясы жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін жолды ұстаған кеңестерге әуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі жағдайға душар болды. Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан революциясының ішкі қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті. Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып, барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде әлеуметтік және ұлттық езгінің ауыртпалығын көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан революциясынан басталған саяси тұрақсыздық Қазан революциясына ұласып, Уақытша үкімет биліктен тайдырылды.


26. «Кемелденген социализм» дағдарысы жылдарындағы Қазақстан (1965-1985 жж.).

1965-1985 жылдары республиканың өнеркәсібі біршама өсті. Өнеркәсіпті дамыту үшін 40 млрд. қаржы жұмсалды. Химия, мұнай саласы 3 есе, машина жасау 5 есе өсті. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар қосылды. Олардың ішінде Ақтаудағы пластмасс заводы, Қарағандыдағы резина бұйымдарын жасау заводы, Павлодар мен Шымкенттегі мұнай өңдеу заводы. Екібастұз және Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай ГРЭС-і. Жайрам кен байыту комбинаты, Ақтау қаласындағы атом реакторы болды. Өнеркәсіп саласынан Қазақстан Украина мен Ресейден кейінгі үшінші орынды алды, 70-80 жылдардағы Қазақстанның барлық өнеркәсіптері шикізат өндіруге бағытталған артта қалған өнеркәсіп орындары болды. Халық тұтынатын товарлардың 60%-ке жуығы Қазақстанға басқа республикалардан әкелінді. Бұл жылдары Қазақстан орталыққа қорғасын, мырыш, титан, магни мен қалайының 70%-ін фосфор мен хромның 90%-ін, күмістің 60%-ін, мыстың 30%-ін жыл сайын 142 миллион тонна көмір, 30 млн. тонна астық өндіріп беріп келді. Қазақстандағы өнеркәсіптердің 50%-ке жуығы орталықтағы министрліктерге бағынды. Орталық Қазақстаннан шығарылған өнімдерді шет елдерге шығарудан жылына 1 миллиард 700 млн. доллар пайда түсіріп отырды. Оның аз ғана бөлігі Қазақстанға берілді. Одақтық министрліктер Қазақстанның әлеуметтік дамуына, ұлттық кадрларды дайындауға көңіл бөлмеді. Қазақстан жеріндегі экологиялық апат аймақтары Арал мен Семей полигонның зардаптарын жоюға ешқандай көмек көрсетілмеді. 70 жылдардан бастап Кеңес еліндегі экономикада, мәдени-саяси өмірде тоқырау белең алды.

Республикадағы барлық мәселелер командалық-әкімшілік әдістермен шешілді. Жоғарыдан жоспар бекітіліп берілді. Бұл кәсіпорынды қандай шығынға да қарамай жоспарды орындауға мәжбүр етіп, тұтынушыларды өндіріске ықпал ету мүмкіндігінен айырды. Өндірістердегі еңбек коллективтерінің мүддесі ескрілмеді. Экономикадағы дағдарысты құбылыстардың салдарынан халық шаруашылығының өнімдері тоғызыншы бесжылдықта 12%, оныншы бесжылдықта 3,6%-ке орындалмады. Сол кездегі еліміздің басшылары ана съезбен мына съездің аралығында экономикадағы көрсеткіштер жылдан жылға өсіп келе жатыр деп жалған ақпараттар беріп отырды. 1970 жылы табысы аз шығыны көп совхоздар мен колхоздардың жалпы саны 15%-тей болса, олар 1985 жылы 51%-ке өсті. Өндірістің өсу қарқынының төмендеуі, өнім саласының нашарлауы, ғылыми-техникалық прогресс саласындағы артта қалушылықты күшейтті.

Кеңес елі кибернетика, компьютерлендіру, автоматтандыру сияқты салалар бойынша алдыңғы қатарлы капиталистік елдерден 50-60 жылғы артқа қалып қойды. Жоғарыдан қатаң әміршілдік басқару, еңбекке ақы төлеудегі теңгермешілдік, мемлекеттік меншіктің монополиясы, еңбекшіні меншіктен және еңбек нәтиежесінен алыстату, өндірісті басқарудағы демократиялық бастамалардың тежелуі салдарынан жұмысшы табының шығармашылық белсенділігі күрт төмендеді.

Осы жылдары Одақтас республикалардың құқықтары шектеліп, нақты егемендігі жоқ автономия ретінде дамыды. Қазақстан орталықтың бір шет аймағы болып қалды. Ұлттардың өзін-өзі билеуі іс жүзінде ұмыт болды. Орыс емес халықтардың тілі, әдет-ғұрып, қанатын жая бастады. Горбачев өкімет басына келгеннен кейін, бұрынғы экономикадағы және басқа да салалардағы артта қалушылықты жойып, Кеңес елінің экономикасын көтеру мақсатын қойды.

Одақты қайта құру идеясы п.б. және ол "төменнен" - автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қаз.тер-ғы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына республиканың меншіктік құқы дәлелденді, республиканың егемендігін саяси және эконом. салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі тур. батыл мәлімденді. Бірақ мұның бәріне мемлекеттік басқару құрылымының, Қазақстан Коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады. Қоғамды жаңарту туралы көп сөздер айтылғанымен, ол іс жүзіне аспады.

27. Қазақстанның Еуропаның Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі.

Мадридте өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Ұйымның 2010 жылғы төрағасы болып сайланды.

Ең баянды бақыт – еліңнің бақыты. Ең биік мәртебе де, ең мәнді, ең мәңгі мәртебе де – мемлекетіңнің мәртебесі. Американ демократиясының атасы Т.Джефферсон “Тәуелсіздік декларациясында” мемлекет бақытқа ұмтылуға тиіс екенін айтқан. Осы тұрғыдан қарағанда 2007 жылғы 30 қараша Қазақ елінің баянды бақытқа жету жолындағы басты белестердің бірі болып саналарына біз кәміл сенеміз. Мадридтегі кеңесте 2009, 2010, 2011 жылдардағы үш төраға ел белгіленді. 2009-да – Грекия, 2010-да – Қазақстан, 2011-де – Литва төрағалық етеді. Қатарынан үш жыл төрағалық ететін үштіктің құрамында тұру арқылы біз ЕҚЫҰ басшылығында да қатарынан үш жыл боламыз. “ЕҚЫҰ тәртібі бойынша ондағы төрағалық – үштіктің төрағалығы, іс басындағы, бұрынғы және болашақ төраға қатар басшылық жасайды. Шынтуайтында, мәселе Қазақстанның үш жыл бойы ЕҚЫҰ басшыларының бірі атқаратын міндеттерді толыққанды түрде жүзеге асыратындығы жайында болып отыр”, дейді осы шаруаны жеріне жеткізу жөнінде Елбасы тапсырмасын мүлтіксіз атқарып шыққан азаматымыз – сыртқы істер министрі Марат Тәжин.[30]

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге ұмтылысы еліміздің саяси және экономикалық тұрғыдан тәуелсіз дамуының 16 жылдық кезеңінің нәтижелі сатысы болып табылады. Бұл өтінім біздің қауіпсіз әлемге деген тұжырымдамалық көзқарасымыздың маңызды элементі болып табылады. Ол туралы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 1996 жылы ЕҚЫҰ-ның Лиссабон саммитінде сөйлеген сөзінде атап көрсетілген. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жүргізіліп жатқан реформалардың күшті қозғаушы күші болуға, одан әрі ырықтандыру мен ашықтық бағытындағы таңдап алынған жолдың дұрыстығын қосымша растауға бағытталған.

Сонымен қатар, осы шешім Қазақстан үшін ерекше сын болып табылады және заңдар мен құқық қолдану практикасын ЕҚЫҰ-ның стандарттарына сәйкес келтіру жөніндегі қажырлы жұмысты талап етеді. Мадрид саммитінің шешімі демократиялық реформалардың елеулі стимулы және қозғаушы күші болады деп ойлаймын.

Экономистердің айтуы бойынша осынау халықаралық беделді Ұйымға төраға болу Қазақстанның экономикасын дамыта түсуге қосымша серпін береді. Аймақтардың экономикасын арттыруға бағытталған түрлі үдерістің бағдарламаларымыздың іске асуына, тезірек алға жүруіне бұл мұрындық болатыны да анық. Сондай-ақ оның құрылымдық сапасын жақсартуға, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономикалық әлеуетімізді әртараптандыруға қосымша күш берері сөзсіз.

Ауыз су секілді әлеуметтік мәселелердің де өз шешімін табуына ықпал ететіні күмәнсіз. Өйткені, ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көбінің экономикалық даму дәрежесі жоғары, әлеуметтік тұрғыдан үлкен жетістіктерге жеткен.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі қазақстандық дипломатияның ірі жеңісі болды

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, оның ішінде ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Дегенмен, әлемдік қоғамдастық қуаты жағынан дүние жүзінде төртінші орын алатын ядролық қаруға ие Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында үйлесімділіктің болуына мүдделі еді. Осыны ескерген Қазақстан сыртқы саясатында стратегияның өзегі саналатын көпжақты әріптестікті таңдады.

ЕҚЫҰ өзінің бірегей географиялық үнқатысу алаңында осыған ерекше үміт артты. Сондықтан жетекші Батыс елдерінің Ұйымға кіруге шақыруын Қазақстан Еуропақауіпсіздігінің жаңа архитектурасын құруға бағытталған қадам ретінде қабыл алды. Әрі ол тең құқықтық жағдайында болды және онда бөле-жаратын желі жоқ еді. [22]

Қазақстанның төрағалығы біздің елімізге ғана емес, ЕҚЫҰ-ның өзіне тиімді. 2006 жылы 27 наурызда өзінің Астанаға сапарында ЕҚЫҰ-ның бұрынғы төрағасы, Бельгия сыртқы істер министрі Карел де Гюхт "Орталық Азия аймағында жетекші бір мемлекет болуы керек, ол мемлекет аймаққа өз ішінен экономикалық даму нәрін дарытып, бүкіл аймақтың тұрақтылығына ықпал етуі керек" деп мәлімдеді. Сонда ол "Қазақстан Орталық Азия аймағында ең маңызды ойыншының бірі болғандықтан, ол ЕҚЫҰ төрағалығына толықтай үміткер бола алады" деген еді. Гюхттың баса аударған мәселесінің бірі еліміздегі толеранттық жайы еді. Ол: "Бүкіл әлемде өркениеттер соғысы байқалып отырғанда Қазақстанда төзімділік ахуалы қалыптасқан", – деп атап көрсетті. Осы орайда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы осы заманғы ең басты қатерлер мен қауіптерге жедел және салмақты жауаптарға кепілдік беретінін айтып өткім келеді. [31]

ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету – жалпақ тілмен айтқанда, чемпиондар лигасында ойнау. Бұл – біздің еліміздің жеткен жетістіктерінің, бағындырған биіктерінің оң бағалануы. Яғни айналамыздағы көршілеріміз бізге қарап бой түзеп, үлгі-өрнектерімізді өнеге етіп алып, тиесілі жерінде кәдесіне жаратып жатса, одан артық не нәрсе бар?! Қазақстанның Орталық Азиядағы рөлінің қандай екенін біз емес, басқалар айтып отыр. Қандай да бір тың үрдістің көшбастаушысына жұрт ерекше сын көзімен қарайды. Өз пайымдауымызша, ЕҚЫҰ шеңберінде жүріп жатқан демократиялық үрдістерді біздің аймақта әрі қарай жалғастыратын болсақ, бұл – ұйымға ғана емес, өзге өңірдегі елдерге де пайдалы.

Төрағалық Қазақстанға да көп нәрсе береді.

Біріншіден, Қазақстан дамыған, өркениетті, демократиялық, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам болу үшін алдына жаңа мақсаттар қойып, өте жоғары міндеттеме қабылдайды, оны жүзеге асыру жолында тер төгеді.

Екіншіден, Қазақстан әлеуметтік, саяси дамудың жаңа сатысына көтеріледі.

Үшіншіден, Қазақстан Еуропа елдерімен тығыз қарым-қатынастың жаңа сапалық сатысына көшеді.

Төртіншіден, дүниежүзілік қоғамдастық Қазақстанды тануын тереңдетеді, елімізге сенім деңгейі артып, достарымыз көбейеді.

Бесіншіден, Қазақстанның халықаралық беделі арта түседі. Яғни беделі бар елге әрқашанда сыйласымдылық ілтипаты білдіріледі. Беделі бар елдің аты жүреді, сөзі өтеді.

Сол сияқты Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, Қазақстан да төрағалыққа “құр қол” келейін деп отырған жоқ. Қазақстанның гүлденуін қамтамасыз ететін халқының бірлігі, ынтымағы, ұлтаралық татулық, дінаралық, қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі де ЕҚЫҰ-ның күн тәртібіне енуге әбден лайық. 2010 жылға әзірлік барысында біздің мемлекеттік құрылымдарымыз халықаралық қатынастың жаңа мектебінен өтіп, мол тәжірибе жинақтайды, қызметкерлеріміз, мамандарымыз өседі. Бұқаралық ақпарат құралдарының тынысы кеңейеді, қанаты алысқа сермеледі. ЕҚЫҰ-ның жұмысын барлық елдердің қауіпсіздігін, ынтымақтастығын қамтамасыз ету мақсатына жұмылдырып, беделін көтеруге біздің ел өзінің үлесін қосуға мол әзірлікке кірісіп те кетті. [26]

ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету арқылы Қазақстан мемлекеттегі ел тұрмысына байланысты өсу, өркендеу өлшемдеріне жаңа талап, жаңа сапа беретіні де анық. Бұл оқиға қазіргі кездегі біздің дамыған 50 елдің қатарына қосыламыз деген нақты мақсатымызбен үндес. Яғни, алда тұрған міндеттер ұлан-асыр.

28. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы.

Қазақстан тәуелсіздігі – мемлекет пен ұлт, қазақ халқының даңқты жылнама тарихында ерекше бет.

Тәуелсіздік үшін күрес тарихы өткен өмірдің батырлық, сондай-ақ трагедиялық: жаппай саяси жазалауға, аштыққа және коллективтендіруге байланысты беттерін де өзіне қамтиды. Кеңес үкіметі қазақ зиялыларының бетке ұстарларын жазалауға ұйғарды: бұл Алаш орда қайраткерлерінің жарқын саңлақтарының тобы – Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Досмұхамедов; көрнекті мемлекеттік қайраткерлер — Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов, Жалау Мыңбаев, Тоқаш Бокин, Абдрахман Айтиев, Ораз Жандосов, Абдолла Розыбакиев және т.б. Түркістан ұлттық қозғалысының көшбасшысы Мұстафа Шоқай эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. Олардың бәрі түрлі әлеуметтік топтардан шыққан, революция дауылы дәуірінде қоғамдық-саяси таңдаудың түрлі нұсқаларының өкілдері болды, бірақ олардың бәрі туған елінің түбегейлі мүддесіне қызмет етуді өздерінің міндеті санады.

Тек тәуелсіздікке жеткеннен кейін ғана тарихтың «ақ таңбасын», алаш қозғалысы көшбасшыларының және ұлттық қайраткерлердің тағдырларын зерделеу мүмкін болды. Жақын арада Әлихан Бөкейхановтың, Тұрар Рысқұловтың, Назира Тореқұлованың, Сұлтанбек Қожановтың, Нығмет Нұрмақовтың зираттары табылды, оларға естелік қабір үсті плиталары орнатылды, Смағұл Садуақасовтың мәйіті  отанына қайтарылды.

Олардың бәрінің өмірі күрес, халыққа шынайы қызмет ету және өзін-өзі құрбан ету болды.

Кеңес үкіметінің жеңісі  қалыптасқан  жағдайларда оны қабылдауға мәжбүрлі және мемлекеттік аппаратта жұмыс істеу туралы ұсыныстарын қабылдаған «Алаш орданың» бұрынғы қайраткерлері кеңестік үкіметке ұлттық мағына беруге, түпкілікті халықтың мүддесіне жуықтатуға, халықты прогреске қатыстыруға ұмтылды. Ұлттық қайраткерлер социалистік түрлендірулердің ауқымдары мен қарқындарының арту шамасына қарай шыққан коллизиялар мен проблемаларды анағұрлым айқын және сезімталдықпен қабылдады.

Алаш қозғалысы — 20 ғ-дың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс.

Ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлік әскери-монархиялық басқару жүйесі, қазақ жерінің орыс мемл-нің меншігі етіп жариялануы, осыған орай ішкі Ресейден қоныс аударушылар легінің күрт өсуі, қазақ бұқарасының зорлықпен егіншілікке жарамды жерлерден ығыстырылуы, дәстүрлі қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көріністері еді. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды. Бірақ ендігі уақытта жеке батырлар бастаған қол түзіп, қару асынып көтеріліске шығу нәтиже бере қоймайтын еді. Қалыптасқан жаңа саяси ахуалға лайық жаңа күрес құралдары, әдіс-айла қажет болды, ең негізгісі халыққа оның алдында тұрған негізгі мақсат-мүдделерін түсіндіріп жеткізетін, сөйтіп оны заман талабына сай күрес құралдарымен қаруландырып, азаттық үшін қоғамдық қозғалысты бастап кете алатын мүлдем жаңа саяси-әлеум. күшке сұраныс үлкен еді. Ал ондай саяси күштің қалыптасып келе жатқанын 1905 — 07 жылдардағы оқиғалар көрсетіп берді. Ол күш — сан жағынан аз болғанымен, бірақ саяси күрес қазанында қайнап, тез ысыла бастаған ұлттық интеллигенция болатын.

Осы бірінші орыс революциясы жылдары ұлттық зиялылар кейін А.қ. атанған қоғамдық қозғалыстың негізін қалады. 1905 ж. Қоянды жәрмеңкесінде дүниеге келген Қарақаралы хұзырхаты (петициясы) оның бағдарламалық құжаты болатын.

Осы мезгілден бастап Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жетекшілік еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшін газет шығару, азаттыққа үндеген кітаптар бастырып тарату, Мемл. Дума жанындағы мұсылман фракциясы жұмысына, жалпыресейлік мұсылман, түркішілдік қозғалыстарға атсалысу сияқты қазақ қоғамына бейтаныс күрес әдістерін игере бастады. Ал 1911 жылдан шыға бастаған Айқап журналы, 1913 жылдан жарық көріп, жалпыхалықтық басылымға айналған “Қазақ”, оның артын ала өмірге келген “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ақжол” газеттері ұлт-азаттық күрес идеологиясының қалыптасуына қызмет етті. А. қ-ның басты мақсаты — қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемл. жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемл. құру, қазақ жерлеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, дәстүрлі мал ш-н өркендету, сонымен қатар егіншіліктің, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету, рыноктық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа демокр. принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Бірінші орыс рев-сы жылдарынан бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 1917 ж. ақпан және желтоқсан айлары аралығында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы жылдың жазы мен көктемінде Қазақ к-ттерінің пайда болуы, күзіне қарай Алаш партиясының, ал соңына қарай Түркістан автономиясы (Қоқан автономиясы) және Алашорда үкіметтерінің құрылуы бұл қозғалыстың нақты нәтижелері болатын. 1917 ж. пайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылғанымен, ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Мемл. тәуелсіздік, жер және кезінде алаш зиялылары күн тәртібіне қойған қоғамдық-саяси басқа да мәселелерді басты талабы етіп, ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Асфендияров, С.Қожанов, С.Садуақасов, Ж.Мыңбаев қызметінде одан әрі өрши түсті.

29. Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар», дағдарыстар, қайта құру әрекеттер. (1971-1985 жж.)

Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті.

Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері:

  • КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді. 

  • Мемлекетттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді.

  • Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді.

Өндіріс саласындағы кемшіліктер:

- Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды. 
- Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рәсуа етілген.
- Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды.
- Кәсіпорындар құқы шектелді.

- Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді.
- Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.
- Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.

Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды: 

1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер.
2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану.

3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру. Нәтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркәсібі жойылды. Теңіз түбінен тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, әсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр түрлі сырқаттарға шалдықты.

Экологиялық апат қазақ ұлтының генетиклық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді.

Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-жылдары өнеркәсіп жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цехтар бой көтерді: 

1. Лисаков кен-байыту комбинаты,

2. Шерубай – Нұра шахтасы,

3. Талдықорған аккумулятор заводы,

4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды. 1970-1985 жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом жұмсалды (32%). 1970-1985 жылдары өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина жасау, химия өнеркәсібі – 3 есе өсті.

Ауыл шаруашылығындағы тоқыраулық құбылыстар(1970-1985)

1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.

70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап бөлінді.

Ауыл шаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта - 13%, 2-бесжылдықта – 0,4%.

1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.

1986 жылы еліміздегі барлық ауылшарушылық кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады.

30. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық және білім беру жүйесіндегі реформалар.

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең —  1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.

Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Қазан төңкерісінен кейінгі индустрияландыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерге революциялық сипат беру. Ал біздің халық бұл үрдіске үйренбеген және ол халықтың психологиясына келе бермеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, өзін-өзі әрең асырап отырды. Нәтижесінде 1993—1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің құлдырауын тоқтату және өндірістің ұлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан еш нәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нұсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айту- ға болады, бірақ өндірістің құлдырауын тоқтату мүмкін болмады.

1991  жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке, 1993 жылы — 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы — 45%-ке жетті.

31. ХХ ғ.б. қазақ баспасөздері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газеті арасындағы тартыс.

Қазақ газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. №1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, Мұхаметжан Тынышбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш,Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов,С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.

XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

Айқап” журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтарында жарық көрді. Оның шығарушысы, демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин болды. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пайда серіктікке пай жинай жүріп шығарды. Біраз уақыттан соң журнал өз қаржысымен шыға бастады, оған жәрдемдесуші- лерде табылды. Дегенмен қаржының тапшылығынан ол алғашқы жылы айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді.

Жәрдемшілер көбейіп және қаржыға ие болғаннан кейін, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен, 12-24 бет көлемде шықты. Проыуссор Қ. Бекқожиннің дәлелдеу- інше “Айқаптың”тиражы 1000 дана болған. Жалпы, журналдың 5 жыл ішінде 89 саны жарық көрген.

“Айқаптың” алғашқы санындағы “Қызмет иесі санындағы мырзаларға” деген мақалада:  Журнал шығарудағы мақсат атақ шығару, білім сату емес, халыққа қызмет ету болды…  “Айқап” әр материялдың мазмұны мен тақырыбына жете көңіл бөліп отырды. Бірінші бетіне елдің ішкі өмірінде болған жаңалықтар, ресми хабарлар, екінші, үшінші беттерінде “Ашық хат” деген айдарымен оқырмандар хаттарын жариялаған. Проблемалық мақалалар (жер туралы, сьезд, сайлау т.б. тақырыптар) бойынша 4-6 беттеріне орналасқан. “Фельетон ”, “Хабарлар”  бойынша айдарымен материялдар журналдың орта тұсынан орын алған. Ал шетел жаңалықтарынан, көңіл айтулар мен басқармадан ускертулерді, жаңа кітап туралы рецензияларды журналдың соңғы беттерінен оқуға болатын.

“Айқаптың”, “Өлең-жыр”, “Фульетон”, “Фабаршыларымыздан”, “Ашық хат”, “Бас-қармадан жауап” деп алған тұрақты айдарлардың болуы оның жұмысындағы ұқыптылық- ты, жүйуліліктш танытады. Журналдың безендіру мәселесшне де жете көңіл бөлгенін жоғарыдағы айдарлар бойынша жарияланған материялдардан айқын аңғаруға болады.

“Айқап” өз кезі үшін үздік журнал болды. Оның әр санын жұрт асыға күтті. Оған Қазақстанның барлық облысынан және Астрахань губерниясына қосылған Бөкей орталық- тарымен мен Кавказ округіне қарайтын Маңғыстау, Атырау, Оралдан үзбей хат келіп тұрды. Әсіресе, Ақтөбеден, Қотанайдан, Қыдылжардан, Торғайдан, Көкшетаудан, Қарқа-ралыдан, Семейден, Аягөзден, Қапалдан, Шиелден, Қызылордадан, Жамбылдан, Шымкенттен, Зайсаннан мақала жиі жарияланды.

Журналдың бетіне кейде “Одан-бұдан”, “Уақиғалар”, “Мұсылмандар түсінуіне тиіс- ті мәселелер” деген айдарлар бойынша да материял жарық көрді. Кейін оларды алмастыр- ған  “Хабаршыларымыздан ”,  “Хабарлар ” айдарлары журналдың соңғы кезіне дейін тұрақты шығып тұрды.

“Айқаптың”, хатшысы болып 1911-1912 жылдары Әкірам Ғалимов, 1913-1914 жылдары Сұлтанмахмұт Торайғыров істеді. Қызметкер, тілші, автор болып Жиһанша Сейдалын, Спандияр Көбеев, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Малин, Сәбит Дөнентаев, Бақытжан Қаратаев, Молдағали Жолдыбаев, Бекмырза Бекжанов, Нұралдин Айтмұқанов, Есенғали Хасаболатов, т.б. қатысты.










32. Күштеп ұжымдастыру (1929-1932 жж.) оның салдарлары. Сталиндік-голощекиндік күштеп ұжымдастыру саясатына қарсы қазақ шаруаларының қарсылығы.

Қазақ ауылы ұжымдастыру қарсаңында.

Жаңа экономикалық саясаты республикада дәйекті түрде жүзеге асыру өзінің игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды. Өндірістік кооперацияның негізгі үш түрі болды: 1.Коммуна - өндірісті қоғамдастыру. 2.Артель – жердің, малдың бір бөлігін, ауылшаруашылық машиналарын, құрал – саймандарды біріктіру. 3.ТОЗ – жер бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік. Шаруалар ұжымдастыру түрлерін таңдағанда негізінен ТОЗ – ды қалады. 1927 жылғы қазанның 1 – іне қарай Қазақ КСР – інде кооперация шаруа қожалықтарының 23,1% - ін қамтыды. Сол уақытқа қарай 1074 тұтыну қоғамы жұмыс істеді, оның 312 – і ауылдарда болды, қазақ даласының жекелеген түпкірлерінде 140 факторий құрылды. Қазақ шаруалары 1072 ұжымдық шаруашылықта, соның ішінде 101 коммунада, 17 артельде, жерді бірлесіп өңдейтін 294 серіктестікте (ТОЗ–да) ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті.

Жаңа экономикалық саясат негізінде республикадағы мал саны артты: 1929 жылы 10,5 млн. – ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Патриархат көшпелі халықтың мәдениеті артты.

Алайда бұл ұзаққа созылған жоқ. Өлкелік партия ұйымының басшылығына келген Ф. И. Голощекин «ауылды кеңестендіру» ұранымен ауылда тап күресін шиеленістіру бағытын таңдап алды.

Шабындық және егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. 1926 жылғы көктемде кедейлер байлардың иелігіндегі 1,3 млн. га шабындық және 1,25 млн. га егістік жерді тартып алды.

Индустрияландыру бағыты азық – түлік қорлары проблемасын күн тәртібіне қойды. 1928 жылы қаржы мен жұмыс күшін ауыл шаруашылығын өнеркәсіпке ауыстыру жүйесін қалыптастыру процесі басталды. «Барлық формадағы кооперацияны барынша дамыту саясатын» ұжымдастыру бағытына көшіру көзделді.

1928 жылғы қаңтар – ақпан айларында И. Сталин Сібірге сапарға шықты. Осы жылы 3 ақпанда болған Омбы округтік комитетінің мәжілісінде астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етті. Ф. Голощекин ауыл мен қоныстарға 4800 уәкіл жіберіп, 31 мың шаруа жазаға тартылды. 1928 жылғы 1 қазан – 1929 жылғы 1 желтоқсан аралығы – 277 шаруа атылды.

1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдардыкәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауылшаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24. 491 жеке шаруашылыққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды: 1. Орташалар байлар қатарына жатқызылды. 2.Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі біріктірілді. 3.Қанаушы элементтермен қатар дәулетті және орташа шаруашылықтар да тәркіленді.

Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.

Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.

1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.

1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.

Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.

Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.

Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер: 1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.

Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында – 70 %; Жымпиты ауданында – 60 %; Жәнібек ауданында – 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 – інде 56,4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.

Азық– түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай – кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56,498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 – 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3–10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды.

1930 жылы 30 мамырда республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін Ақмола, Қарағанды округтерінен мерзімсіз, тегін пайдалануға 110000 га жер бөлді.

Жекедегі малды қоғамдастыру нәтижесінде, мал күтімінің кемдігінен, жем – шөптің жетіспеуінен мал қырылды. Осы жылдары өлкенің Одақ бойынша товарлы астық өндіруден үлес салмағы 9 % - тен 3 % - ке кеміді.

Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930 – 1932 жылдары аштық жайлады. 1932 жылғы ақпан – колхозшы қожалықтарының 87 % - і, жекешелердің 51,8 % - і малдан түгел айырылды. Ұжымдастыру қарсаңында – 40,5 млн. мал болса, 1933 жылы 1 қаңтарда 4,5 млн. мал қалды. Бұл жағдай Қазақстанда аштық қасіретін туғызды: 1. 1930 жылы – 313 мың адам; 2. 1931 жылы – 755 мың адам; 3. 1932 жылы – 769 мың адам қайтыс болды. 4. 1930 – 1932 жылдарда барлығы 1 млн. 750 мың қазақ немесе халықтың 40 % - і жаппай қырылды.

1932 жылы шілде айында аштық апаты мен себептері туралы Ф. Голощекинге «Бесеудің хаты» - Ғ. Мүсірепов, М. Ғатуллин, М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Қ. Қуанышев жазылды.



33. «Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы – «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын көтерген тамаша тарихи құжат, Елбасы мен ел тынысының қосылуын паш еткен саяси памфлет болды. Қайта құру жылдарының «жариялылық» кезеңінен бері зерттеле бастаған ұлттық тарихымыздың ақтаңдақ беттері арқылы ұрпаққа жарық сыйлаған ТАРИХИ САНАНЫҢ қалыптасуы жаңа кезеңге жол ашты. Қазақ азаттық қозғалысы мен «Тұтас Түркістан» идеясының тарихы арқылы тамырымызды таныдық. Бұл жолда, 1931 жылы Түрік тарих қоғамын құрып, «Түрік тарихының басты бағыттары» деген бағдарламалық мәні бар еңбек жазған Ататүрік сынды, қазақ тарихымен тікелей айналысуға мәжбүр болған Елбасының «Тарих толқынында» атты еңбегі де үлкен мәнге ие болды. Тарихымызбен табысу арқылы «Тұтас түрік елі» идеясынан «Біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың ЕЛ АЗАТТЫҒЫ жолындағы ұлы күресінің мазмұнын ұғындық.

Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.

Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұмыстары мен Н.Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс»,-деп атап өтілген мақалада. Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Мемлекет басшысының қызметін баяндау бойынша кешенді шараларды әзірленуде. «Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығы» және «Қарағанды облысында Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы туралы материалдар» атты екі кітап басылымға дайындалды, деп жазады Ж. Көлбаева. Бұл кітаптар Орталық Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени-экономикалық бейнесінің қайта құрылуы мен халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы бойынша Н. Назарбаевтың қызметімен байланысты оқиғаларды жария етуге негізделген. Сол жылдардағы құжаттар қарапайым еңбек адамының игілігі үшін бар күш-жігерін салған болашақ Ұлт көшбасшысының жеке үлесін айқындайтын көптеген фактілерді дәлелдейді.

34. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінен айырылуы. Ұлт-азаттық жолындағы көтерілістер. Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.



.1. ХҮІІІ ғасырдың соңы - XIX ғасырдың, Қазақ хандығы. Кіші және Орта жүздегі хандық би жойылуы

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын жете білуге тырысқан патша өкіметі хаңдық билікті сақгай отырып, қазақтардың ішкі істеріне араласа бастайды. 1781 ж. Орта жүзге Уели хан (1781-1819 жж.) болып бекітілді. Ресей әкімшілігі сұлтандар мен ру басшыларының өздерінің хандарына, оның іщщце Уөли ханға катысты да өтініштері мен арыз-шағымдарын қарастыруға тырысты. Сондай-ақ қазақтардың саяси, .сот және рухани өміріне байланысты шараларды даярлаумен де айналысты. Мысалы:

ханның жанынан ақсақалдар Кеңесін кұру;

билер соты;

қазақ балалары үшін мектеп ашу;

шекара жанындағы қазақтарды ұйымдастыру;

басқару қазақ жерлеріне әскери-ғылыми-барлау экспедицияларды жіберу т.б.

Ал, 1819 ж. Уәли хан қайтыс болғаннан кейін Орта жүз жаңадан хан сайланбады.

Ресей қазақ даласын отарлауды табанды түрде жүргізе отырып, саяси сахнадан Әбілқайыр ханның ұрпақтарын ығыстырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюға ере жасады. 1797 жылы Ресей үкіметінің қолдауымен сайланған Айшуақтың халық арасыңда беделі төмен болатын. Оның тұсында ел ішіндегі қарым-қатынас шиеленісін саяси билік қатты дағдарысқа ұшырайды. Ресей үкіметінің сенімін ақтамаған Айшуақтың орнына оның баласы ЖанТөре хані (1805-1809 жж.) сайланады. Осы кезде Орынбор губернаторы ЖанТөреге қатысты екіұшты саясат ұстанады. Ол бір жағынан халық өкілдері сайлаған ханмен санасуына тура келсе, екінші жағынан оның ел арасындағы беделінен сескеніп, оған қарсы кейбір сұлтандарды жасырын айдап салып отырды. 1809 жылдың соңына қарай ЖанТөре ханның жағдайы қиындай түсті. Кіші жүздің хандығы бұрынғы біртұтастығынан айрыла бастады. Біртіндеп билігі әлсірей бастаған ЖанТөре хан Ресей үкіметінен қолдау табу мақсатында Жайық шебіне жақындап барып қоныстанады. 1809 жылдың күзінде қарсыластарының бірі Қаратай сұлтан 200 жігітпен оның ауылына шабуыл жасап, ханның өзін әлтіріп кетеді. ЖанТөре әлген соң Ресей үкіметі орнына Әбілқайырдың тұқымы дарынсыз Шерғазыны хан тағайындайды. Бірақ, оны халық жиналысы мойындамайды да, орнына ел арасында ықпалы күшті, Арынғазы сұлтанды хан сайлайды. Арынғазы тез арада Кіші жүздегі билікті бір орталыққа бағындырады. Хаңдық билікті жоюға мүлделі патша үкіметі Арынғазының хандық билікті күшейту әрекетіне мүмкіңдігінше кедергі жасауға тырысты 1821 жылы Санк-Петербургке келген Арынғазы хаңды патша үкіметі қамауға алады да, Сібірге жер аударып жібереді. Бұдан кейін Кіші жүзде хан тағайындау ісі жүзеге асырылмады. «Игельстром реформасы» жүргізілуі барысында қазақтар Еділ мен Жайық өзендерінің арасындағы жерлерге көшіл-қонуға рұқсат алған соң, кейінірек, 1801 жылы қосөзен аралығында хандық - Бөкей Ордасы (Ішкі Орда) құрылған еді. Бұл жағдайдың барлығы Кіші жүздегі түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастардың шиеленісуіне әкелді.

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Орта және Кіші жүздің территориясы Ресей империясының ықпалында, Ұлы жүздің территориясы Қоқан хандығының қол астында болды.

Осылайша, XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басыңда Қазақ хандығы орталықтандырылмаған, керісінше Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз және Бөкей хандығы болып бөлініп және әр жүздің өз алдына басқарушысы бар бытыраңқылыққа ұшыраған мемлекет еді.

ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары орыс-алшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан әрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының және Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғаны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар әрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды.

1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта және Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібірдің әскери губернаторы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор әскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды.

«Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар «икі окруттерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары окруттерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (18.31 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.).

Әр округ болыстар мен ауылдарға бөліңді. Батыс генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округ басшылығында окруттік приқаздар тұрды және сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтан басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құра 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды старшындары басқарды, әр ауылда 50-ден 70-ке дейін болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір окруттен екінші округке әту жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды.

Патша әкімшілігі шенеуніктерінің жергілікті жағдайды дұрыс білмеуі, әкімшіліктің Орта жүздегі хандық билікті жою үрдісін тездетуге ұмтылуы, басқарудың жаңа құрылымын енгізуі қазақ қоғамының жекшілдікке ұшырауына және үкіметке қарсы көңіл-күйдің пайда болуына әкеліп соқты. Ол қазақ халқын өз мүлдесін қорғауға шығарып. Қазақстанның барлық аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.

1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта және Шығыс болып үшке бөлініп, Орынбор генерал-губернаторлығының бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. Бірінші аға сұлтандар: Қаратай Нұралыұлы, Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендейұлы болды. Аға сұлтандардың жанына Ресейдің «көзі мен құлағы» саналған 200 адамнан тұратын қазақ-орыс отрядтары берілді. Сұлтандарға жылына 1200 сом жалақы тәленді.

1824 ж. Жарғы бойынша құрамында тәраға, тәрт кеңесші және тәрт ауқатты қазақтан тұратын шеқаралық комиссия құрылды.

1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл старшынндарынан бастап аға сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шеқаралық комиссияның ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады.

1831 ж. дистанциялар мен старшындықтар ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте - 8, Ортада - 20, Шығыста - 28 Дистанция құрылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салығы енгізілді. Сұлтандар, старшындар және молдалар салықтан босатылды. 1844 ж. «Орынбор қазақтарды басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша әр шенеуніктерінен жергілікті әкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалар бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше әрекет ету мүмкін болмай қалды.

Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарын айналдыру үшін хаңдық билікті, яғни қазақ мемлекеттінің жойып және орнына орыстың әкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шеқаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шеқаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор және Сібір ведомстваларының территориясыңда тұратын Кіші және Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады.

Осы және одан кейін жалғасқан XIX ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан әрі отарлау үшін жағдай жасады. XIX ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды және жаңа заң қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындалды.




35. Қазақстан ХХ ғасырдың 80-90 жылдарының басында: КОКП-ның 1985 жылғы сәуір Пленумы. Қайта құрудың басталуы, мақсаты, кезеңдері.

20ғ. 80 жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі өзгеріс қажеттігі айқын сезіле бастады.1985ж. наурыз айында КОКП ОК-нің пленумында Бас хатшы болып М.С.Горбачев сайланды. Ол сәуір айында өзінің «қайта құру» бағытын айқындайды. Кеңестер одағының жаңа басшылыңының жариялаған әлеуметтік-экономикалық қайта құруға бағытталған талпынысы еді. Оның алғашқы төрт жылында(1985-1989)жеделдету тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нәтижесіз бастамалар басталды. Бірақ та, іс жүзінде, жеке меншіктің, нарықтық қатынастың толыққанды ендірілмеуі жеделдету тұжырымдамасынқиялға айналдырып жіберді. Жеделдету тұжырымдамасы өзінің жарамсыздығын ауылшаруа. да көрсетті. Бұл салада оның жүзеге асырылмауының басты себебі-меншікке байланысты болған. Өндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек нәтижесінен шеттетілген колхоздар мен совхоз еңбеккерлерінің еңбек өнімділігін арттыруға құлқы болмады.

Маскүнемдікпен және тәртіпсіздікпен күрес қайта құрудың алғашқы жылында еңбек өнімділігін шамалы ғана арттыруға қол жеткізді. Оның есесіне маскүнемдікпен күрес мемлекеттік бюджетті азайтып, тұтыну саласындағы жағдайды шиеленістіріп жіберді. «Қайта құру» тұжырымдамасы ұлт мәселесін де одан әрі шиеленістіре түсті. Қазақстанда одақтың барлық жерлеріндегі сияқты басқару ісінде жағымпаздық , парақорлық, рушылдық, жершілдік және т.б. көптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды.

36. Еліміздегі ұлтаралық келісімді нығайту саясаты. ҚР халқының демографиялық құрамы және оны қамсыздандыру ісі.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясының басым бағыттарының бірі ретінде ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті көрсеткен болатын.

Қазақстан Республикасының Конституциясында да осы ерекшелік анық көрсетілді: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз», – делінген, Ата Заңның алғашқы сөйлемінде.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан халқына 2050 Стратегиясын ұсына отырып: «Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты тарихи әділдікті қалпына келтірдік. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған ша-ңырағына айналды», – деуі осының нәтижесі болса керек.

Әлемдік жаһандану жағдайында әлем елдерінің басым бөлігі полиэтносты. Яғни бір ғана ұлттық алабөтен басымдығы байқалып тұрған елдер аз. Халықаралық стандарттар бойынша, ел халқының кем дегенде 1 пайызына тең болса, ол халықты этникалық топқа жатқызуға болады. Қазақстанда мұндай ірі 7 этникалық топ бар – қазақтар (63,1%), орыстар (23,7%), өзбектер (2,94%), украиндер (2,68%), ұйғырлар (1,53), татарлар (1,44%) және немістер (1,4%). Ең бастысы, бұл этникалық топтар Қазақстанның барлық аймағында қоныстанған. Оларға қоса, елімізде корейлер, түріктер, әзірбайжандар, күрдтер, поляктар, белорустар, дүнгендер т.б. ұлыстар бейбіт қатар өмір сүріп жатқанын ескерсек, Қазақстан үшін осы халықтардың өзара татулығы мен келісімі қаншалықты маңызды екенін аңғару қиын емес. Бүгінде Қазақстанда өзін «Қазақстан азаматымын» деп есептейтін кез келген адам діни, этникалық, саяси көзқарасына қарамастан, өзін еркін сезіне алады.

Түптеп келгенде, 1995 жылдың 1 наурызында Президент бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуы да осындай қажеттіліктен туындады. Бұл бастама мәдениетаралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып танылды. Бұл конституциялық органның үнін Парламент Мәжілісінде 9 депутат айқын танытып отыр. Олар Қазақстандағы этносаралық мәселелерді дер кезінде күн тәртібіне қойып, шешімі табылуына ықпал етеді. 2050 Стратегиясында бұл туралы Н.Назарбаев: «Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің бірегей еуразиялық үлгісі болды», – деп атап өтті.

Жыл сайын 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтеді. Жалпы әлемде, тіпті айналамызда болып жатқан этникалық тартыстар, алауыздық, біреуді қор, біреуді зор сезіндіруге тырысқан империялық пиғыл қайшыласқан заманда Қазақстан бейбітшілік пен келісімнің, татулықтың, толеранттылықтың ордасы болып көрінеді.

Қоғамда өмір сүре отырып, сол қоғамның заңдылықтарын мойындау да парасаттылықты көрсетсе керек. Ендеше, Қазақстанда өмір сүріп отырған әрбір ұлт өкілі бүгінгі Қазақстан қоғамының бұған дейінгі құндылықтардан айнымайтынын, ұлтаралық татулық пен келісімді дамыта беретінін терең сезінуі тиіс. Қазақстан халқының сөзі мен ісінде бірлік бар екенін Қазақстан Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзінде де атап көрсетті. «Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда бірде-бір этнос өз тілін жоғалтқан жоқ. Біз ассириялықтар, рутулдар, лактар және басқа да этностар сияқты кішкентай этникалық топтардың өзінің мәдениетін барынша сақтап, олардың дамуына барлық мүмкіндікті жасап отырмыз», — деді.

Ендеше, бірлікті ел болудың барлық алғышарты Қазақстанда бар. Ел халқын біріктіретін бағыт та бар, ол – жаңа қазақстандық патриотизм. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жалаң экономикалық жетістіктермен жету мүмкін емес. «Қазақстан-2050 Стратегиясы» біздің бүгінгі қоғамның басты құндылығы ұлтаралық татулық пен келісім екенін айқындап берді. Енді тек сол үдеден шығып, еңбек етуге тиіспіз.

37. Қазақстандағы индустрияландыру (1928-1940 жж.) және оның әлеуметтік-экономикалық зардабы.

Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері

Бірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.

1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.

Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы — Орынбор —Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық желілері» жедел салынды. Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды.

Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты.

Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды.

Сөйтіп, Қазақстандағы өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі еліміз индустрияландыруға көшіп жатқан кезде аяқталды. Сол кезге дейін өнеркәсіп пен транспорттағы мемлекеттік сектор едәуір нығайып, дами бастады. Мемлекет иелігіне алынған жеке меншік кәсіпорындар негізінде пайда болған бұл сектордың Қазақстандағы бүкіл өнеркәсіптегі үлес салмағы 64%-на, ал ірі өнеркәсіпте 97,2%-ға жетті. Барлық теміржол желілері, сондай-ақ кемешілік ісі, кеме айлақтарын т.с.с. қосқандағы ірі су жолдары мемлекет меншігінде болды. Жеке меншіктік секторды дамытуға және сауда еркіндігіне жол беретін жаңа экономикалық саясат жағдайында Қазақстанда басқадай экономикалық құрылым айтарлықтай дамымады.

Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі - оның аумағының геологиялық тұрғыдан аз зерттелуі еді. Төңкеріске дейінгі уақыттардың өзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың, басқа да пайдалы қазбалардың аса бай қоры бар кең орындары туралы мәліметтер көп болғанымен, Кеңес өкіметіне дейін жер аумағының 94%-ы мүлде зерттелмеген болатын. Алғашқы бесжылдық жоспар жасалған уақытта сол кен орындарының көпшілігі «ақтаңдақ» денгейінде қалды, жергілікті жоспарлау органдарының әлсіздігі де бұған себеп болды. Осы және басқа да кемшіліктер себебінен КСРО-ның алғашқы бесжылдық жоспарында Қазақстанның мұқтаждыкқары мен мүмкіндіктері тиісті деңгейде ескерілмеді. Сондықтан да КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесі мен Халық Комиссарлары Кеңесінің 1930 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысында «халық шаруашылығы құрылысының бесжылдық жоспарында Қазақ АКСР-нің мұқтаждықтары мен онын құрылысындағы мүмкіндіктер толық есепке алынбаған»,[1]. - деп атап өтуі кездейсок емес. Осыган байланысты КСРО-ның бесжылдық жоспарында көбінесе елдін негізгі табиғи қорларының толық зерттелмеуі, әсіресе өнеркәсіптік бағытта бағамдалмауы кең көлемді зерттеулерді, ізденістер мен барлауды Қазақстанның өнеркәсіптік жоспарының аса маңызды сипатына айналдырады, бұл жұмыстар келесі бесжылдықта салынатын құрылыс нысандарын даярлап қана қоймай, сонымен бірге осы бесжылдыққа белгіленген іс-жоспарларды жүзеге асыруды жалғастыруға, нақтылауға, түбегейлі есепке алуға тиіс»,[2]. - деп ерекше атап өтілді.


38 ХХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы экологиялық проблемалардың асқынуы. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақ алаңдары және ядролық сынақтардың экологиялық зардаптары. Семей, Капустин яр, Азғыр т.б.

2009 жылы 19 маусымда Қазақстан Республикасы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдығын және Семей ядролық полигонындағы сынақтар тоқтатылуының 20 жылдығын атап өтті. Халықпен бірге осы күнді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өтті. Полковничий аралында Семей полигонындағы «Өлімнен күшті» атты ядролық сынақ құрбандарына арналған мемориал бар, сол жерде полигонның жабылуының 18 жылдығына арналған және Қазақстан аумағындағы ядролық соғыстың аяқталуына арналған халықаралық митинг өтті.

«Жиырма жыл бұрын осында, Семей жерінде әлемдегі аса ірі полигондардың бірінде соңғы ядролық жарылыс болып өтті. Ядролық сынақтарды тоқтатуға «Невада-Семей» халықаралық қозғалысы белсенді жәрдемдесті. Шынайы бүкілхалықтық күш-жігердің нәтижесінде 1989 жылы Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-ін тоқтата алдық. Біздің жерімізде барлығы 456 ядролық сынақ өткізілсе, олардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе артық еді. Біздің халқымызға келтірілген орны толмас залалды әлі күнге дейін сезінудеміз. Барлық қиындықтарға қарамастан, мемлекет ешқашан өз азаматтарын олардың проблемаларымен бетпе-бет қалдырған емес. Осы мақсаттарға 34 миллиард теңгеге жуық қаржы көзделген. Бұл қаржы Шығыс Қазақстан облысында онкологиялық аурулар бойынша медициналық кластерді құруға жұмсалады.

Семей полигонының төңірегіндегі экологиялық апатқа ұшыраған аймақ қана 300 мыңнан астам шаршы шақырымды алып жатыр. Қазақстанның Германия аумағына барабар аумағының оннан бірі бөлігі уланған, құла дүзге айналып, жүздеген ядролық жарылыстар оған жазылмастай жарақат салды.

Семей ядролық сынақ полигонын құру туралы шешім 1947 жылы 21 тамызда қабылданған. Ядролық сынақ 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында өтті.Бұрынғы Семей облысы бойынша полигон алаңы 10 000 км жерді алып жатыр.

1949-1989 жылдар аралығында Семей полигонындағы ресми деректерге сәйкес 456 ядролық сынақ, соның ішінде 8-і – ауада, 30-ы – жердің үстінде және 340-ы – жер астында болды. Қоршаған ортаға атмосферада сыналған және 1949–1962 жылдар аралығында жүргізілген ядролық сынақтар орасан шығын әкелді.

Семей полигонынан басқа, Батыс Қазақстан және Атырау облысы шекарасында Нарын өңірінде 3 сынақ полигоны болды: Азғыр атом полигоны, Мемлекеттік Жазғы-сынақ орталығы және Мемлекеттік орталық полигоны (соңғы екеуі Ресей кешеніндегі Капустин Ярға тиесілі, қазіргі уақытта да қолданыста). Осы полигондар аумағында 29 ядролық жарылыс жүргізілді (18 жер асты, 11 атмосфералық). Зерттеулер мақсатында тағы да 10 ядролық жарылыс жүргізілді: 6 — Қарашығанақта, 3 – Маңғыстау облысында және 1- Ақтөбе облысында.

1966-1979 жж. аралығында Азғыр атом полигонында 10 алаңда 17 ядролық жарылыс жүргізілді. Жарылыстар нәтижесінде жалпы көлемі 1,2 млн.м болатын 9 жер асты жолағы және диаметрі 600 метр бір жасанды көл пайда болды. Бірінші жарылыс 300 тұрғыны бар Азғыр кентінен 1,5 км жерде 165 метр тереңдікте жүргізілді. Жарылыс ұңғымасынан 20 күн бойы қосынды радиоактивтілігі 190 мың Ku болатын газ шықты.

Келесі жарылыстар кезінде газ шығарындысы 11 айға дейін жалғасты.

Полигон 80-жылдардың өзінде де жабық болатын. Алайда Азғыр полигоны аймағындағы радиациялық ахуал тұрақты емес, ластануы жеткілікті биік.


Капустин Яр ракеталық-ғарыштық полигон Ресейде Астрахан облысында орналасқан және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына жазғы сынақ полигоны түрінде енеді, бұл 3 млн.га астам жерді алып жатыр. Атмосферада 11 ядролық жарылыс жүргізілді, 24000 зенитті-басқарылатын ракета іске қосылды және жарылды, 177 қару үлгісі сыналды. Әрқайсысының массасы 50 тонна болатын СС-20 типтес 619 ракета жер үсті жою барысында атмосфераға улылығы жоғары шамамен 30 мың тонна заттар шығарылған.

Радиациялық және улы ластануға мына аудан аумақтары ұшырады:

Қызылқоға, Қаратөбе, Тайпақ. Орда және Жаңақала аудандарының тұрғындары және табиғат кешені бірнеше жылдар бойы Азғыр және Тайсойған полигондарының қиылысқан әсерлеріне ұшырады (жер үсті ядролық жарылыстар әсері және алыстығы орташа лақтырылатын ракеталардың гептил шлейфтері). Сағыз өзенінде және Миялы кентіндегі құдық суларының ауыр металдармен ластануы ШРК асып кетеді: таллий бойынша – мың рет, кадмий – 20 есе, қорғасын – 10 есе, мыс – 10-15 есе артық, фтор – 1,5-4 есе артық.

Никель, қалайы, мырыш, кобальт, күміс, қорғасынның өсімдіктердегі құрамы сындарлы деңгейден асып кетеді.


39. «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы.

2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады. Біз өзіміздің жаңа арманымызға қарай жақындауды Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын жасаудан бастадық. Осы жаңғыртуларға шешуші рөл беріліп отыр. Олар Қазақстанды, оның экономикасын, мемлекет пен қоғамды өзгертетін тарихи міндеттер кешенін шешуге даңғыл жол салады. Олар планетадағы аса дамыған мемлекеттерді біріктіретін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес келетін елді дамыту, экономикалық өсім мен барлық қазақстандықтардың өмірін жақсарту үшін жаңа лайықты жағдайлар қалыптастырады. Біздің Қазақстанымыз серпіндірек, лайықтырақ, сенімдірек және дәулеттірек болады. 2015 жылдың бірнеше айының ішінде ғана Бес институттық реформаның басталуын заңнамалық және ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету бойынша орасан зор жұмыс атқарылды. Бұл жұмыс менің Жарлығым бойынша құрылған Жаңғыртулар жөніндегі ұлттық комиссияның басшылығымен жүргізілді. Мен бірқатар кеңес өткізіп, сарапшылармен, саясаткерлермен, бизнес және қаржы ұйымдарының басшыларымен әңгімелестім. Халықаралық сапарларым мен кездесулерім шеңберінде мен өзімнің әріптестеріммен – өзге елдердің мемлекет және үкімет басшыларымен талай рет кеңестім. Тұтастай алғанда, менің Қазақстанды тереңдете жаңғырту жөніндегі ой-ниетіме барлық тараптан жан-жақты қолдау көрсетілді. Әлеуметтік сауалдамалар да Ұлт жоспарының барлық бес реформасына тұрақты жоғары қолдау көрсетіліп келе жатқанын айғақтап беріп отыр. Қазақстандықтар реформалардың уақтылы және көкейкесті екенімен бірауыздан келіседі. Қазірдің өзінде барлық қажетті заңдар қабылданды және заңдық күшіне енді. Парламент пен Үкімет жұмысының үйлесімділігін ерекше атап өткім келеді. Өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған заңнамалық жұмыстардың осындай қарқыны мен сапасы бұған дейін Қазақстанда болып көрген емес. Бұл – біздің парламенттік моделіміздің және мемлекеттік биліктің өкілетті және атқарушы тармақтарының өзара іс-қимыл жүйесінің жоғары тиімділігінің айғағы


40. 1920-1940 жж. Қазақстандағы мәдени және ағартушылықтың қалыптасуы. Басты бағыттары мен қиыншылықтары.

Қазакстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатга 1924 жыддың кекегіңде "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы құрылды. Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. Алайда бұл уақытгың талабына және сол кездегі қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады. Сондықтан да 1931 жыдцың желтоқсанында республикада 15 пен 50 жас арасындағы еңбекші тұрғынға міндетті түрде сауатсыздықты жою мақсатында оқу жүктелінді. Жылдан жылға халыққа білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта тусті. 1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты 65 пайызға көтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті. Түгелдей сауатгандырылган аудандарға Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Тараз, Риддер, Лениногорск қалалары жатқызылды. Республиканың қүрылғанына 20 жыл толуына қарсы сауатсыздықты жою негізінен аяқталды. Сауатсыздықты жою мен қатар оқу-ағарту жұмыстары белсене түрде дамыды. 1926 жылдың мамыр айында республикалық СНК "КАССР-де бірдей еңбек мектебінің уставы" қабылданды. 1930-1931 жылдары көшпелі және отырықшы аудандарда жалпыға бірдей білім беру ендірідді. Орта мектептерде жоғарғы кластарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Колхоздар мен совхоздардың қаржысына интернаттар ашу жүйесі кеңейтіле түсті. 1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар бодды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда 40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарында 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды.

Республиканың ересек тұрғындарының арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш мектепті оқуды ендіру, халыққа білім беруді дамыту немесе жетілдіру, профессионалдық білім беру, мектепке Шығыс халықтарыньщ қыздарына жоғарғы білім беру осылардың барлығы ұлтгық интелегенцияның қалыптасуына қажетті жағдай туғызды.

Әлеуметтік саясатты іске асыруда бірқатар жетістіктерге қол жетті. 1940 жылы Қазақстанда 3100 -дей магазин, 600-дей асхана мен ресторандар, 200-дей жана емхана және 120-дай аурухана салынды. Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасты.

Сонымен сауатсыздықты жою жалпы білім беретін мектептерді көбейту жөнінде елеулі табыстарға қол жетті: жаңа советтік интеллигенцияны қалыптастыру процесі жүргізідці. Советгік Қазақстанның ғылымы өркендеді, әдебиет пен өнер дамыды. 1930 жылы жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру тәртібі енгізідді. 1932 жыддың аяғында Қазақстан тұрқындарының 42%-і сауаттанды. Бастауыш мектепте оқитындар саны 1928 жылғы 305 мыңнан 540 мыңға дейін орта мектепте оқитындар — 23 мыңнан 65 мыңға дейін көбейді. Жұмысшылар мен шаруалар қатарынан қазақ совет интеллигенциясын даярлау кең көлемде жүргі-зідді. Абай атындағы қазақтың педагогикалық институты, С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университеті, кен-металлургия, медицина, зоотехникалық- мал дөрігерлік, а.ш. т.б. институттары, ондаған арнаулы орта білім беретін оқу орывдары ашылды.

Қазақтардың ұлттық қауымдастығын нығайта түсетін аса маңызды факторлардың бірі казақ тілі болып табылды. Ол ұлт болып қалыптасуға дейін-ақ ортақ тіл болып саналған. Жергілікті алуан түрлі диалектілердің болуына қарамастан қазақ тіліндегі халық ауыз әдебиетінің "Алпамыс", "Қобылаңцы", "Ер Тарғын", "Қозы Керпеш-Баян сұлу", "Қыз Жібек" т.б. эпостық поэмалары Қазақстанның жер жеріне кең таралып, халық арасында зор сүйіспеншілікке ие болды. Көрнекті халық ақындары мен әншілері Бүқар жырау, Махамбет Өтемісүлы, Ақан сері, Біржан, Жаяу Мұса, Жамбыл т. б. өлеңцері мен өндері, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанмахмұт Торайғыров және басқа да жазба әдебиеті өкілдерінің шығармалары жайлы да осыны айтуға болады.

41. Ядролық сынақтардың экологиялық қоршаған орта мен ауыл шаруашылығына әсерi мен салдары.

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Қазақстандағы қарудың жиынтық ядролық қуаты бұрынғы Кеңес Одағының барлық ықтимал дұшпандарының аса маңызды стратегиялық объектілерінің барлығының тамтығын да қалдырмауға жетіп артылатын. Бұл қаруды қолдану миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы, ол былай тұрсын, тұтас бір мемлекеттерді, тіпті континенттерді жермен жексен етуге мүмкіндік беретін. 1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы әсіресе мол болғаны рас. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді.

Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын 1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Зерттеудің нәтижесінде радиацияның адамға тигізетін ықпалының ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі.

Содан бері 26 жылдай уақыт өтсе де, сынақ зардабын тартқандар улы қарудың уытын әлі күнге дейін сезінуде. Өйткені ажал атомының зардабы тіршілік иесінің ағзасында ұзақ уақыт бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін көрінеді.

Семей полигонының қазақ халқына үлкен қасірет әкелгені әлемге аян. Нақты дерек көздері бойынша, Семей қаласынан 130 шақырым қашықтықта орналасқан сынақ алаңында 1949 жылдан бастап 40 жыл бойы ядролық қару сыналған.

Нақты дерек көздеріне сүйенсек, полигонның 40 жылдық тарихында 459 жарылыс жасалыпты. Бұдан 1,5 миллион адам зардап шегіп, Семей аймағы аса үлкен экологиялық апатты өңірге айналды. Сынақтардың зардабы тиген аумақ көлемі 304 000 шаршы шақырымға жетті, соның нәтижесінде мыңдаған адам жазылмас дертке тап болып, ажал құшты, дүниеге ақыл-есі кем, мешел балалар көптеп келе бастады. Халықтың көз жасы көл болып ағып, олардың көбі туған жерлерінде тұрақтап қала алмай, үдере көшті. Қазақ еліне осындай ауыр қайғы-қасірет әкелген ажал сынағына 1991 жылдың 29 тамызында мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың №409 «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлығы нүкте қойды.

Статистикалық есепке жүгінсек, 1947-1990 жылдар аралығында біздің облыс бойынша Семейде барлығы 17 мың адам әскери қызметте болыпты. Бүгінде солардың тек 400-дейі ғана тірі жүр, 70 пайызы мүгедек боп қалды. Солардың қатарында мына мен де бармын. Радиация зардабы бірден білінбейді екен, ол адамның бойына ақырындап сіңіп, қанында, сүйегінде қалады дейді. Сынақ зардабын зерттеп жүрген дәрігер-ғалымдар оның зияны жетінші ұрпаққа дейін жетеді деп жүр ғой, оны енді бір Алла біледі. Радиация әсерін мен әскерден келген соң 15 жылдан кейін сезіне бастадым, денсаулығыма байланысты 1998 жылдан бастап ІІІ топтың мүгедегімін. Семейде әскерде болған бір жолдас жігіттің үш баласы бірінен соң бірі қайтыс болды, енді бірінің қызы қайта-қайта түсік тастап жүр, кейбіреуінің сәби сүю қабілеті кеміген, осылайша кете береді. Бүгінде өңірімізде Семей зардабын тартқан 12 000 адам тұрады, олардың барлығы да есепте, жыл сайын тұрақты түрде дәрігерлік бақылаудан өтіп тұрады. Олар қажет болған жағдайда дәрігерлердің нұсқамасымен Астана, Алматы қалаларында, облыстық және аудандық ауруханаларда, әскери госпитальдарда, “Ақжайық” шипажайында және Жаңақала ауданындағы оңалту орталығында тиісінше тегін ем-дом алады. Тіпті, алыс қалаларға емделуге баратындардың жолақысын да емімен қоса Үкімет төлейді, — деген бірлестік төрағасы бүгінгі таңда Семей зардабын тартқандардың ұрпақтарын да тегін емдеу жөнінде мәселе көтеріп жүргендерін жеткізді.


42. «Мәңгілік ел – ХХI ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы. Қазақстан – әлем мойындаған ел.

2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 14-желтоқсанда латын алфавитіне көшу мәселесіне қатысты өз пікірін білдіре келіп, өте мұқият дайындықтан соң латын алфавитіне көшетінімізді айтты. Бұл жерде Тоныкөк негізін салған «Мәңгілік ел» идеясын қалпына келтіруші, жандандырушы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың қазақ халқына славяндық кириллица емес, түркі тектес бауырларымыз қолданатын латын қарпіне көшудің қажеттілігін айтты.

Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.


43. 1917-1939 жылдардағы Қазақстан халқы.

Кеңес үкіметі орнаған кезде патшалық қоныстандыру саясатының салдары мен нәтижесі өз күшінде еді. Қазақстандағы қоныс аударатын бес аймақта ашылған қоныстандыру мекемелерінің көші-қон үдерісін реттеудегі отарлаумен ұштастырылған әдіс-амалдары мен қолданылатын терминдері кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ерекше өзгеріске ұшырамады. Көші-қонға қатысты қабылданған қарар-құжаттарда қоныстандыру-отарлау термині жапсарлас қолданылса, көші-қон үдерісіне қатысты мемлекеттік органдар да патшалық кезеңнен халық санасына сіңірілген қоныстандыру-отарлау деген атаулармен қызмет жасады. Яғни, көші-қон үдерісіне қатысты ұғымдар ХХ ғ. 20 жж. ортасына дейінгі барлық кеңес үкіметінің декреттерінде, қаулылары мен шешімдерінде отарлау деген сөзбен баламаланып, ашық қолданылып отырды. Тек, ұлттық езгіні жою мүддесіне қайшы келуіне орай, қоныстандыру ұғымын отарлау ұғымымен теңестіруге болмайтындығы туралы пікірлердің әсерінен соң, 1925 ж. көші-қон үдерісін бақылап-реттеуші орган – Орталық отарлау комитеті (Центрколком) Бүкілодақтық қоныстандыру комитеті болып, Мемлекеттік отарлау ісі ғылыми-зерттеу институты (Госколонит) – Жерге орналастыру және қоныстандыру институты болып атауларын өзгертті. Бірақ, ғасырлар бойы отарлаудың арқасында жүргізілген қоныс аударулар бірдей мағынада қолданыла берді. Мысалы, Қазақ Егіншілік халық комиссариаты жанындағы қоныс аудару ісімен айналысатын Жерге орналастыру бөлімінде Отарлау бюросы, Отарлау және қоныстандыру бюросы немесе Қоныстандыру бөлімшесі деп атауын бірнеше рет өзгерткен бөлімше қызмет жасады. Ал, жергілікті жерлерде отарлау мен қоныс аудару ісімен айналысатын облыстық және губерниялық жер басқармалары мен осы мақсат үшін арнайы құрылған отарлау экспедициялары, қоныс аудару пункттері, орталық өкілдік берген агенттер қызмет жасады [19, 19 б.]. Яғни, кеңес үкіметіне дейін империяға бағынышты халықтардың санасын деформациялаған отарлаушылардың үстем идеологиясы кеңес билігі орнағаннан кейін де қазақ жеріне қоныстандыру ісінде басымдық танытты. Қазақстанға сырттан келімсектердің келуі күшейген сайын, қазақ ұлтының дербестігіне нұқсан келетінін, езілген халын жақсарта алмайтынын түсінген ұлт зиялылары қазақ халқын рухани сақтау мен жаңғыртудың бір жолы ретінде қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуларын тоқтатуды ұсынып, көші-қоншыларды келтіруге әртүрлі деңгейде қарсылық жасап отырды. 1916 ж. ұлт азаттық көтеріліс, кеңес өкіметінің орнауы мен азамат соғысы жылдарында Қытайға кеткен босқындарды қайтару шаралары 1925 ж. аяқталды. 1924-1925 жж. Қазақ ОАК мен ХКК Қазақстанға сырттан көшіп келушілер мен өз ішіндегі көшіп-қонуды тоқтату туралы шешімдер қабылдайды [20]. Бірақ, өлкелік партия басшылығына Голощекин келгеннен кейінгі шешім-шаралар көші-қон үдерісінің жаңа кезеңін бастап береді.


1917-1918 жж. Түркістан Республикасын жайлаған аштық пен 1921-1922 жж. Қазақстан аумағын түгел қамтығын ашаршылықтан туындаған стихиялы көші-қонмен ұласты. Бұл кезеңде де Қазақстаннан сыртқа қашқандар – қысым көрген жергілікті ұлт өкілдері де, сырттан келгендер – патшалық билік кезеңінен отарлық қоныстандыру ұғымы бойына сіңген европалық көші-қоншылар.

1917-1918 жж. Түркістан жеріндегі ашаршылық пен оның халыққа әкелген демографиялық апатты салдары, халықтың табиғи және механикалық қозғалысының барысы, бағыттары, нәтижелері осы бөлімде талдауға түсті.

Сонымен бірге, жұмыста көші-қоншылардың сырттан ағылуын тоқтатуға қатысты мәселеде мүдделес болған М. Тынышбаев, Т. Рысқұлов, С. Қожанов, О. Жандосов, Ж. Мыңбаев, С. Садуақасов және т.б. ұлттық саяси элита өкілдерінің көші-қонға байланысты көзқарасы мен іс-шаралары ашылады.


Қазақстанға келген көші-қоншылардың негізгі дені өз еркімен келген жоқ. Мәжбүрлі көші-қонға 1929 ж. бастап келе бастаған саяси жазаланғандар, бұрынғы кулактар, арнайы қоныстанушылардың көші-қонын жатқызамыз. Өндірістендіру қарқыны, кең көлемдегі құрылыс, инфрақұрылымның жоқтығы арзан, ең дұрысы, тегін, тәртіпті және кез келген уақытта айдап алып кете беретін жұмыс күшін қажетсінді. Міне, осы кезде ірі құрылыстарға кең көлемде «халық жаулары» тартылды. ОГПУ-ІІХК-ның ГУЛАГ-тағы арнайы қоныстанушылар бөлімінің мәліметі бойынша республикаға 46091 отбасы немесе 180 мыңнан аса адам жер аударылған [28, с. 12]. 1936 ж. саяси «сенімсіз» поляктар, 1937 ж. 21 тамыздағы қылмысты бұйрықтың шешімі бойынша (№ 1428-326 ЕҚ) корейлер, 1938 ж. қараша-желтоқсан айларында Әзірбайжаннан 1621 ирандық отбасы көші-қоны жекелеген халықтардың қуғын-сүргін депортациясын бастады. Лагерлер контингенті шамадан тыс толып кетті. Мысалы, Қарлагта тұтқындар саны 1935-1936 жж. 12 мыңға (25127 адамнан 37958 адамға) өсті [30].

Осы кезеңдегі ашаршылықтың зардабының тағы бір қыры - республикаға келген көші-қоншылар легі халық санын 1,3%-ға ғана өсірді. Салыстырсақ, Украинада 6,6%-ға, РКФСР-да 16,0%-ға, Қырғызстанда 45,6%-ға, Тәжікстанда 43,8%-ға, Арменияда 45,5%-ға, ал, КСРО-да 16,0%-ға өскен [31, с. 21-22].

Сонымен, 1926-1939 жж. көші-қон үдерістері қазақ халқын демографиялық апатқа әкелген саяси оқиғалармен өзара байланыста өрбіді. Демографиялық катаклизмдер басым бөлігі қазақ ұлты болып табылатын азиялық ұлт өкілдерін Қазақстаннан сыртқа көшірсе, ірі өнеркәсіптік және аграрлық көші-қондар, репрессиялық сипаттағы кулактық жер аударулар европалық ұлт өкілдерінің Қазақстанға қарай бағытталған көші-қонын күшейтті. Бұл кезеңнің соңына қарай республикадағы қазақтар үлесі төмендеп, 38,0%-ға түсті.


44. 1953-1964 жылдардағы Қазақстан («Хрущев жылымығы», Тың игеру: жетістігі мен салдары).


50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Қеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды.

КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.

1957 жылғы реформаның кемшіліктері :


1957 жылдан бастап аумақтық принциптер негізінде экономикаға басшылық ету ісін қайта құру ойдағыдай нәтижелер бермеді. Керісінше, 1) экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, 2) жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын кәсіпорындар министрліктер тарарапынан бақылауда болса, енді оларды халық шаруашылық кеңестері жүргізетін болды, 5) экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді. Қазақстан коммунистік партиясының съездері мен пленумдарында кәсіпорын жетекшілері жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.

Сәтсіздіктер күйгеліктік туғызды, экономиканы басқаруда ғылымға негізделмеген ойластырмай жасалған субъективтік шешімдерге жол берілді. Мұндай шешімдер көп жағдайда Н.С.Хрущевтің жеке басымен байланысты болды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. Олар өнеркәсіптік және ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді.

Сөйтіп, жасалған реформалар басқару аппаратындағы абдыраушылықты, бесжылдық жоспардың орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.

1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың жерлер игерілетін аймақтар: Қазақстан, Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бөйы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар: Көкшетау, Акмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Төрғай, Павлодар облыстары.

1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20 млрд. сом жұмсалды. 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн.-ға жуық тың көтерушілер келді, оның ішінде механизаторлар мен партия, кеңес, ауыл шаруашылығы мамындарының саны 600 мыңнан асты.

1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер игерілді. 1956 жылға қарай КСРО-да егістік көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу көзделді. Тың жерлерді игеру ісі ерекше қарқыкмен, асығыс түрде жүргізілді. 1955 ж. 9,4 млн. гектар жер жыртылды. Ал жоспар бойынша 7,5 млн. гектар болатын.


Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді;

1) Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн.га).

2) Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты.

3) Астық өндіру көлемі жағынан Қазақстан одақта 2-орынға шықты. Соның арқасында Қазақстан Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.

4) Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды.

5) Экономиканың басқа салаларының дамуына әсер етті.

6) Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мәдени объектілер салынды. Он мыңдаған шақырым жолдар төселді.

7) Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді мекендер көбейді.

8) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.

Тың игерудің салдары: Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады.

Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.

1) Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды.

2) Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды.

3) 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті.

4) Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды.

5) Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 85%-н болса, 1962 жылы - 29%-ғана болды.

6) Ауылшаруашылық өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қырқыны және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.

7) Экологиялық жағдай күрт нашарлады. Аса көп территория жыртылып, нәтижесінде көп жерлер тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.

8) Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.

9) Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дәстүрлері, мәдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.

10) Қазақ мектептері, балабақшалар, қазақ тіліндегі газет-журналдар азайды. Қазақ тілінің қолдану аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына әкеп соғып, халықтың ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді.




45. Қазақстан-2050 стратегиясы: қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру мен жаңарту бағыттары (14 - желтоқсан 2012 жыл).

2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады.

«Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады.

2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды.


Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады.

Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады.


46. ХХ ғ. 20-50 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір. Ұлттық интелегенцияны жазалау (XX ғ. 30-50 жж.). Қазақстандағы «Үлкен террор».

Бұл жылдары Қазақстанның барлық аймағында Кеңес өкіметі кең қанат жайып, өзінің өктемдігін толық жүзеге асыра бастады. Қосшылар одағы, шаруалардың өзара көмек комиттері сияқты басқа да қоғамдық ұйымдар маңызды жұмыстар атқарды. Ауылдық-селолық жердегі 20-жылдары жүргізілген басқа да бұқаралық іс-шаралардың бәріне шаруалар ұйымдары қатысқан. Шаруалардың бұқаралық ұйымдарының жасампаздық қызметі 30-жылдардың басына қарай тоқтатылды. Сталиндік, голощекиндік ұжымдастыру басталып, демократияның шектелуіне байланысты жоғарыда аталған бұқаралық ұйымдар, алдымен, Қосшы одағын таратып, мүліктер мен оларға қарасты кәсіпорындарды ұжымшарлардың бөлінбес қорына берді. 20-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірді сөз еткенде төмендегі мәселеге ерекше назар аудару қажет. Осы кезден бастап сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихи зердесін жоюға кірісті. Бұл зерденің иелері ұлттық зиялы топтың көрнекті өкілдері болатын. Соларға қысым көрсетуге бағытталған кең көлемді шаралар жүргізіле бастады. Кеңестік Шығыс халықтары мен ішінара Еділ бойының халықтары жүздеген жылдар бойы араб әліпбиін пайдаланып келгені мәлім. Араб әліпбиі жоғарыдан берілген бұйрық бойынша 1929 жылы латын әліпбиіне, ал 1940 жылы кириллицаға көшірілді. Осының салдарынан қазақтар бір ұрпақтың өмірінде ғасырлар бойы ұлттық мәдениеттің інжу-маржандары саналып келген кітаптар, газет-журналдар, ғылыми еңбектер, бағалы тарихи материалдарынан айырылды.

«37» деген сан халық зердесіне қанды әріптермен жазылып, мәңгі өшпестей орын алды. Қаһарлы да қорқынышты кезеңнің символы сынды сол цифрлар содан кейінгі жарты ғасыр бойы ауыздан ауызға негізінен құпия ғана жеткізілді. Қысқа мерзімгі «жылымықта» да шын сырын ашпады. Шын сырын ашпаған күйі, үрейлі науқанның белгісі ретінде жүрек түкпіріне ұялаған қалпы, бертінге дейін санада өзгеріссіз сақталып келді. Тек тоталитаризмнің көбесін сөккен қайта құру жылдары мен тәуелсіздік дәуірі ғана қаралы кезең шындығын ашуға мүмкіндік берді.

Халық жанына жойқын жара салған осынау үрейлі Отыз жетіде тарихтағы ең қатыгез және жаппай сипат алған кісі өлтіру науқаны басталды. Шетелдік зерттеушілер «үлкен террор» деп атаған сонау 1937–1938 жылдары Кеңес Одағында, халықаралық «Мемориал» тарихи-ағарту қоғамының мәліметі бойынша, 1 миллион 710 мыңнан астам адам саяси айып тағылып тұтқынға алынған да, солардың кемі 725 мыңы атып тасталған. (Бұлардың ішінде атылған 25 мыңдай қазақстандық да бар). Совет мемлекеті осы Үлкен террор кезінде орта есеппен күн сайын өзінің бір мың азаматын атып өлтіріп отырды.

«Мемориалдың» тұжырымдауынша, Үлкен террор, сөз жоқ, – совет өкіметінің айрықша қанды із қалдырған террорлық науқаны, дегенмен бұл оның мейлінше салқынқандылықпен жүзеге асырған көп террорлық әрекеттерінің бірі ғана. Өйткені мұндай қылмысты оқиғалар кеңестік биліктің әйгілі Қазан төңкерісінен бергі бүткіл ғұмыры бойы орын алып келген.

47. Орыстандыру саясаты және КСРО халықтарының ассимиляциялануы.

Орыстандыру — патшалық Ресей империясы мен Кеңес Одағындағы халықтарды ана тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен, ұлттық болмысынан айырып, орыс ұлтына сіңіру, ассимиляциялау бағытында жүргізілген саясат. Ресей империясында орыстандыру шоқындыру ісімен тығыз байланыста жүргізілді. Отарланған аймақтардың халықтарын православиеге көшіруде патша өкіметі бастапқы кезде күш те қолданды. 16 ғасырда жауланған Қазан, Сібір және Астрахан хандықтарының халқын орыстандыру барысында билік орындары жергілікті мешіттер мен ислами білім беру орындарын өзіне қаратуға тырысты. Күш қолдану нәтижесінде Сібір мен Орал өңірі халықтарының көпшілігі христиандықты қабылдауга мәжбүр болды, шоқынган татарлар, марийлер, мордвалар қауымдары қалыптасты. Орыстандыруды күштеп жүргізу халық наразылығын өршіте түсетіндіктен патша өкіметі 19 ғасырдан жаңа әдіс қолдана бастады. Осы ретте 1865 жылы«Православие миссионерлік қоғамы» құрылып, оның басты мақсаты ретінде Ресей империясында өзге ұлттарды шоқындыру және олардың арасында христиандық өмір салтын нығайта түсу екендігі белгіленді. Бұл қоғам құрылғаннан кейінгі 15 жыл ішінде бүкіл империя көлемінде 86 мың, ал 1881-94 жылдары аралығында 129 мың адам православиеге өтті. Қазақ халқын орыстандыру үшін 1895 жылы«Қырғыз православиелік миссионерлік қоғамы» құрылып, 20 ғасырдың басында Семей облысында - 5, Ақмола облысында - 3 жергілікті бөлімшесі ашылды. Орыстандыру жер мәселесімен де тығыз байланыстырылды. Мәселен генерал- губернатор Е.Колпаковский ішкі Ресейден келген орыс шаруаларын қазақтармен аралас қоныстандыруға ерекше мән берді. Христиан дінін қабылдап, орыстанған қазақтарға орыс мұжықтарына берілетін жеңілдіктерді жасауға тырысты. Билік орындарыньщ шенеуніктері отар аймақтардың халықтарын орыстандыруды нәтижелі жүргізу үшін миссионер ғалымдардан «бұратаналардың» дінін, тілін, әдебиетін, әдет-ғұрпын, тарихын, этнографиясын, психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты терең танып меңгеруді басты шарт ретінде талап етті. Мәселен 1881 жылы Ташкентте ашылған Шығыстану қоғамы алдында Шығыс халықтарын орыстандыру міндеті тұрғанын Түркістан әскери округі басшысы генерал Мациевский баса ескерткен. «Бұратана» халықтарды орыстандыру жолындағы патша өкіметінің айла-әрекеттерінің бірі - мұсылман халықтарының ғасырлар бойы қолданып келе жатқан араб әліпбиі негізіндегі жазуын қолданыстан шығару болды. Араб әліпбиін мұсылман халықтарының қолдануынан қалайда ығыстырып, оньщ орнына кириллицаны енгізуді жүзеге асыруда Н.И.Ильминский белсенділік танытты. Оның ойынша мұсылман халықтарының жазуын кириллицаға көшіру арқылы «бір оқпен екі қоян өлтіруге болады». Біріншіден, оларды ислам дінінен айыруға, екіншіден, православиеге көшіруге жол ашылады. Ильминский «бұратана» халықтың ғылым-білімге ұмтылған Ы.Алтынсарин секілді талантты жастарын орыстандыру жолында пайдаланып қалуға тырысты. Миссионер ғалымдардың араласуымен патша өкіметі оқу-ағарту ісін орыстандыру арнасына бұра бастады. Халық агарту минстрлігінің 1870 жылғы 26 наурыздагы ережесіне сәйкес мұсылмандық мектептер мен медреселерде орыс тілін оқыту міндеттелді. Сонымен қатар осы ереже бойынша орыс - түземдік аралас мектептер ашылатын болды. Мұндай мектептерге орыстандыруды жүргізу міндеті бүркемелене жүктелді. Патша өкіметі сауаттылықтың өлшемі орыс тілінде оқу және жазу деген көзқарасты орыстандыру саясатының тірегіне айналдырды. Кеңестік дәуірде де орыстандыру саясаты өз жалғасын тапты. Бұған Кеңестер Одағындағы түркі-мұсылман халықтары қолданған араб әліпбиінің кириллицаға көшірілуі айқын дәлел. Ұлттық мектептер тек ауылды жерлерде сақталып, жоғары оқу орындарындағы оқу процесі орыс тілінде жүргізілуі патша өкіметі ұстанған ұлт саясатының заңды жалғасы іспеттес болды. Әкімшіл-әміршіл кеңестік жүйе жағдайында И.Сталиннің ұлттарды ұлттық тегі мен рухани қазыналарынан айырып, оларды «біртұтас кеңес халқына» айналдыру саясаты өмірге келді. Соның кесірінен Кеңес Одағында 98 тіл біржола жойылды, қазақ тілі де жойылудың аз-ақ алдында қалды. Тың игеру жылдары республикада қазақ мектептерінің саны күрт кеміді. Әсіресе Солтүстік облыстарында қазақтар балаларын ана тілінде оқыта алмай, амалсыздан орыс мектептеріне берді. Халық арасында қазақ тілінде оқыған бала болашақта күн көре алмайды деген теріс ұғым калыптаса бастады. 1989 жылы республикадағы мектептердің 33%-ы ғана қазақ мектептері болып қалды. Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін орыстандыру саясатының зардаптары біртіндеп жойыла бастады.


48. Қазақстан Республикасының Конституциясы (30 тамыз 1995 ж.) мемлекеттің сипаты, азаматтық құқықтар, бостандықтар мен міндеткерліктер туралы.

«Конституция» термині «constitutio» – «орнатамын, тағайындаймын» деген латын сөзінен туындаған. Олбіздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырда Ежелгі Рим заңнамасында, әдетте, мемлекет құрылымын бекітетін императордың әралуан актілерін белгілей отырып, кездеседі.

Мемлекеттер мен ынтымақтас ұлттардың әлемдік қауымдастығындағы егеменді мемлекеттік дамудың жаңа дәуірінҚазақстанның алдындабүкілхалықтық талқылаудан кейін ел парламенті қабылдаған ҚазақстанРеспубликасының 1993 жылғы Конституциясыжәнехалықаралықәріішкі саяси өмір шындығына сәйкес ҚазақстанРеспубликасының 1995 жылғы Жаңа Конституциясыашып берді.

Н.Ә.Назарбаев 1993 жылғыҚР Конституциясының белгілі бір оң рөлін атап көрсетті–яки, олҚазақстанныңегемен мемлекетжәнеәлемдік қауымдастықтың толық мәнді мүшесі ретінде қалыптасуының аяқталуын ресімдеді, қорытынды құжат, конституциялық заң шығарудың 1990-1992 жылдардағыбірінші толқынына өзінше бір белгі болдыжәне «…қазақстандық конституциялық құрылыс жолындағы елеулі кезең болды»

Сонымен бірге, өтпелі кезеңде, тәуелсіздік алу, мемлекеттікқұқықтықжүйенің ауысужәнеелді демократиялық даму жолында бекіту жағдайындажасалған 1993 жылғы ҚР Конституциясы қазіргі заманғы дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады.Бұл жаңа Конституцияны қабылдауды негіздеді, оның басымдықтарын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1995 жылғы наурыздаҚазақстан халқы Ассамблеясының отырысында мазмұндады. 1995 жылғы 30 тамызда өткізілген жалпыхалықтық референдум нәтижесінде, бұрынғымемлекеттік құрылымның кемшіліктерін жойдырған Қазақстан Республикасыныңжаңа Конституциясы қабылданған еді.


Конституциянымемлекеттіңбасты, негізгі заңы деп әділ атайды. Егерелімізде қолданыста жүрген көптеген құқықтық актілерді белгілі бірұйымдастырылғанжәнеөзара байланысқантұтас, әлдебіржүйе ретінде қабылдасақ, онда конституция – бүкіл құқықтың негізі, өзегіжәнебір мезгілде оның дамуының қайнар көзі. Конституция негізіндеөткенде қолданыста болған дәстүрлі, сондай-ақжаңа, экономикадағы, әлеуметтік дамудағы, саясаттағыжәнемәдениеттегі өзгерістерді есепке ала отырып жасалған құқықтың әралауан салаларының қалыптасуы жүреді.


1995 ж. ҚРКонституциясыоныңқұрылтайшысипатын білдіретін кіріспе сөзбасынан, және 9 бөлім бойынша топтастырылған 98 баптан тұрады:

1-бөлім. «Жалпы ережелер»мемлекеттік құрылыс негіздерін белгілейтін қағидаттарға арналған.

2-бөлім. «Адамжәнеазамат»жеке тұлғаның құқықтықмәртебесінің негіздеріне арналған, бұл бөлімдеадамменазаматтың құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ азаматтық институтының негіздеріреттемеленеді.

3-бөлім. «Президент» бөлімінде президенттік басқару нысаны бекітіледі, бапқа сәйкес, президент биліктің бірде бір тармағына жатпайды, мемлекет басшысы, халықпен Конституция бірлігінің нышаны және кепілі болып табыладыжәнемемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісіммен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

4-бөлім. «Парламент» заң шығару функцияларын жүзеге асыратын Парламенттіңжоғарыөкілетті орган ретіндегі құқықтықмәртебесін белгілейді, Парламент қызметініңұйымдастыру-құқықтық түрлерінжәне оның депутаттарының мәртебесін бекітеді.

5-бөлім. «Үкімет» Республикадағы атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет қызметінің негіздеріне арналған, Үкіметпен Премьер-министрдің құзыретін бекітеді.

6-бөлім. «КонституциялықКеңес» КонституциялықКеңестің құқықтық қағидасының негіздеріне арналған, оның негізгі функцияларының бірі Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру болып табылады.

7-бөлім. «Соттаржәнеәділсот»сот жүйесіне арналған, КонституциялықКеңеске нормативтік-құқықтық актіні конституциялық емес деп тану үшін жүгіну мүмкіндігін бекітеді. Бұл бөлімде Конституция анықтауменалдын алатергеуді сотпен прокуратурадан бөледі.

8-бөлім. «Жергіліктімемлекеттік басқару жәнеөзін-өзі басқару» 85-бапқа сәйкесжергіліктімемлекеттік басқарудыжергіліктіөкілеттіжәнеатқарушы органдар жүзеге асырады. 89-бапқа сәйкесҚазақстан Республикасындажергіліктіөзін-өзі басқару мойындалады, оның міндеті –жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу кезінде тұрғын халықтың дербестігін қамтамасыз ету.

9-бөлім. «Қорытынды және ауыспалы қағидалар» (90-98 баптар), жекелеген конституциялық дәлелдемелерді іске асыру рәсімін жүзеге асырады.


49. Қазақ мемлекеттілігінің даму эволюциясы тарихындағы монғолдар кезеңі. (Монғолдардың Қазақстан аумағын жаулап алуы, Ұлыстардың қалыптасуы).

Монғолдар екі мемлекеті де қиратты. Сөйтіп, халық болып қалыптасуы процесі 15 ғасырға дейін кешікті.

Монғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы байланыс бұзылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті. Дегенмен тіл бірлігі жойылмады. Қайта монғолдар түркіленіп кетті. Бірақ бұл кезде бұрынғы екі үлкен нәсілдің байырғы европеидтік және кейін қосылған монғолоидтік нәсілдердің күрделі араласуы нәтижесінде қазіргі қазақ халқы құрамының (антропологиялық, этникалық, лингвистикалық негізде) бірыңғай тұтас қосындысы келіп шығады.

Алайда, Қазақстан жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге ұшырап Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бұл ру-тайпалардың барлығы кейіннен қазақтардың құрамына кірді.

14-15 ғғ. феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында болып жатқан түрлі соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу пооцестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендерінің тарихи-географиялық, экономикалық және саяси оқшаулануының тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты этникалық жағынан біртұтастық пен бүтіндікке ұмтылды. Нәтижесінде үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Үш жүз осылай пайда болды. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Жетісу, оңтүстік қазақстанды, Орта жүз Орталық, солтүстік Қазақстан, Кіші жүз Батыс Қазақстан да болды.

Ұлы Жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлады. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, шанышқылы, ысты және т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан мен солтүстік-шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етті. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ т.б. Кіші жүздің мекені - Сырдың төменгі жағы , Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей жағы. Оның құрамындағы тайпалар одағы -Әлімұлы (Қарасақал, қаркесек, кете, төртқара, шөмекей, шекті. Беріш; Байұлы- адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш; Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы). Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны туралы түрлі пікірлер бар.

Осы арада қазақтың үш жүзіндегі тайпалардың бірыңғай болмағанын айту керек. Мәселен, арғын, қыпшақ, алшын сондай-ақ басқа руларға да жататындар үш жүздің қай-қайсысында да кездеседі.

Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қазақлық" "қашақ" деген атаудан шықты дейді. Немесе "қазақ" атауы Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кеткендерді "өзбек-қазақ" , кейін "қазақ" түрінде пайдаланылған деп санайды. "Қазақ" термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ" деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша "қазақ" терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.

Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар "хас" нағыз және "сақ" деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында "...қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды" деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын "қазақ" атауы, этникалық маңызға ие болды.

50. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945 жж.). Халықтың тылдағы ерлігі. Халықтарды Қазақстанға депортациялау.


Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл  шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес, сонымен бірге тірі мал, тіпті, ауыл шаруашылық техникасын жіберіп отырды. 1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін  ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды. Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып, күні-түні жұмыс істеп, колхоз жұмысын белсене атқарды. Мысалы, Алматы облысының 9 ауданының 277 колхозында соғысқа дейін 64369 адам еңбек етсе, соғыс жылдары олардың саны әйелдер, қариялар және балалар есебінен 68598 адамға дейін өскен. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Куйбышев атындағы колхозында 74 жастағы қарт ана – Анар Садықова – жұмыс істесе, Семей облысы, Абай ауданының “Шолақ еспе” артелінде 70 жасар қария – Кенебаев еңбектеніп, жоспарды асыра орындады. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев  1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш.Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. Ұлы Отан соғысы жылдарында халықтар өмірінің интернациолдану барысы мейлінше күшті жүргізілді. Тұрғындарды жаппай көшірудің салдарынан шығыста тұтас өнеркәсіп державасы пайда болды. Республика 532 мың көшірілген адамдарды қабылдады. Ембі, Кенді Алтай, Қоңырат, Текелі кеніштерінде жүздеген шешендермен ингуштер еңбек етті. Соғыс қарсаңында Қазақстанға 102 мың поляк айдап әкелінді. Еділ бойындағы Неміс автономиялық республикасы өмір сүруін тоқтатып, 360 мың неміс Қазақстанға әкімшілік жолмен көшірілді.Немістерді соғысушы армиядан шығару туралы бұйрық берілді. Соғыс жылдарында қалмақтар, қарашай, ингуш,шешен балкар, қарам татарлары, месхет түріктері көшіріліп әкелінді.


КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті III Басқармасының 1945 жылғы қазан айындағы мәліметтері зорлықпен жер аударылғандардың саны 2млн 464мыңға жуық адам болғанын айғақтайды. Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен бастап-ақ мыңдаған қазақстандықтар барлық майдандарда басқыншылықтарға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.


52. ХХ ғ.б. Қазақстандағы Ұлттық аумақты межелеу.

Ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР-інің бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының біраз бөлігі Қазақ АКСР-інің құрамына өтті. 1924 жылғы қарашадан бастап осы облыстарды басқаруды КАКСР-інің үкіметі құрған, жоғарыда аталған ревкомдар жүзеге асырды.

1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басы аралығында Қазақ АКСР-іне қосылған жекелеген уездер мен болыстардың шекараларын нақтылау одан әрі жүргізілді.

Қарақалпақ автономиялық облысы кеңестерінің 1925 жылғы ақпанда Төркүлде өткен бірінші Құрылтай съезінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылғаны және оның Қазақ АКСР-інің құрамына енгізілгені заңды түрде ресімделді.

Межелеу барысында Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері, Әулиеата уезінің үлкен бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездерінің бір бөлігі Қазақстанға өтті. Сонымен қатар КАКСР-іне Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал (Талдықорған) уездері, Пішпек (Бішкек) уезінің Георгиев, Шу, Қаранөкіс болыстары қосылды. Нәтижесінде Қазақ АКСР-інің аумағы 700 мың шаршы шақырымға, яғни үштен біріне ұлғайды, сөйтіп 2,7 млн шаршы шақырымды құрады, ал халқы 1468 мың адамға өсіп, республикадағы жалпы саны 5230 мың адамға жетті. Халықтың 1926 жылғы санағы бойынша қазақтар бүкіл республика халқының үштен екісіне жуығын (61,3%) құрады.


53. Кеңестік Қазақстандағы «тоқыраулар», дағдарыстар, қайта құру әрекеттері (1985-1990 жж.).


"Тоқырау жылдары" деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде социалистік бағдардағы мемлекеттер арасындағы жетекші рөл атқарып келген Кеңес Одағын ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. Жыл өткен сайын КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор кейпінде көріне бастады.

1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды.

«Қайта құру» деген термин 1986 жылы мамыр айындағы Горбачевтың Ленинград қаласына істі сапарында қалалық партия комитетінің активімен кездескенде бірінші рет айтылған. Осы термин ақпарат құралдарының тілшілерінің «арқасында» жаңа дәуірдің ұраны болып кетті.

Қайта құрудың бірінші кезені (наурыз 1985 – қаңтар 1987)


Қайта құрудың бастапқы кезені:

-Кеңес одағының саясатының және экномикасының «кейбір» кемістіктерін мойындағаннан басталды.

-Алкогольге қарсы компания

-Халық шаруашылығының «жылдамдату» (ускорение) саясаты

-Сыбайластық пен жемқорлықпен күресу

т.б. қадамдарымен белгіленді.

1985-1986 жылдары Брежневтің кезінен келе жатқан ескі кадрлердің үштен екісін ауыстырылды. Дәл сол кезде мемлекеттің басқаруына А.Н.Яковлев, Е.К. Лигачев, Н.И.Рыжков, Б.Н.Ельцин, А.И.Лукьянов сияқты келешекте орын алатын тарихи оқиғалардың белсенді қатысушылары тағайындалды.


Екінші кезен (қаңтар 1987 – маусым 1989)

1986 жылының соңында совет одағының экономикасына екі ауыр жағдай туындады: біріншіден бүкіләлемдегі мұнайдың бағасының төменге құрт түсуі, екінші фактор – Чернобыль апаты.

1987 жылы қаңтар айындағы ЦК КОКП пленумда «Жеке кәсіпкерлік туралы заң» (Закон «Об индивидуальной трудовой деятельности») кабылданды. Кооперативтар ашылып, шет елдермен бірлескен кәсіпорындар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар секілді көбейді.

Жалпы әлемнің Совет Одағына деген көзқарасы өзгеріп, щығыс елдермен арадағы қарым–қатынасы жақсарды.

Қоғамдық өмірде «жәриялық» (гласность) саясаты орын алды.

Сонымен бірге экономикалық жағдай төмендеп, халықтың тұрмысы нашарлап, ұлттық сепаратизм бас көтеріп, ұлтаралық нараздық пайда болып (1986 жылғы желтоқсан айындағы Алматыдағы студеттер көтерілісі, армян мен әзірбайжан арасындағы Карабах шиеленіс, Прибалтикадағы 1987 тамыз айындағы қақтығыстар, т.б.), елде жалпы тұрақсыздық өсе бастады.


Үшінші кезең (маусым 1989-1991).

Осы кезеңде елдегі саяси жағдайы қатты тұрақсызданып, елде көптеген саяси топтар пайда болды. КСРО астам держава атағынан айырылып, «тәуелсіздіктер парады» басталады. Бұл кезең «қайта құрудың» ең ауыр уақыттардың бірі болған. КСРО-да дағдарыстардың нәтижесінде үстіне киетін дұрыс киімі де болмай, аяғына киетін аяқ киімі де болмай, нан мен қара су ішіп, «кедейшілік сызығынан» төмен түсіп күн көре алмайжүген адамдар көп болды. Мемлекеттік азық-түлік дүкендерінде маргариннен басқа ештене жоқ, ал жеке коопеативтік дүкендерде – өте қымбат бағада тауар тұрды. Мемлекеттік мекемелер жабылып жұмыссыздық орын тапты.

Осы соғы кезенің нәтижесі - Коммунистік партия жойылып КСРО-ның ыдырауы басталды.



54. Мемлекеттегі этнодемографиялық үрдістер. Шетелдердегі қазақ ирриденталары мен диаспораларының пайда болуының тарихы.

Диаспоралогия – диаспора мәселелерін зерттейтін ғылым дейтін болсақ, ең алдымен «диаспора» деген ненің атауы, қарастыратын мәселесі не, терминологиялық жүйесі қандай деген сұрақтар туындары да анық. Осы ретте күнделікті лексиконымызда, БАҚ жүзінде диаспора сөзінің біршама көбірек қолданылатындығын да еске ұстағанымыз дұрыс болмақ. Әсіресе, шетелдерде тұратын қандастарға байланысты «диаспора» термині жиі қолданылғанымен, олардың басым бөлігіне тән «ирредент» термині көп қолданыла бермейді.

«Диаспора» деген сөздің өзі грек тілінде «шашырау», «шашырай орналасу» дегенді білдіреді [1], яғни ұлт шашырандысы деп қолдануға болады.

Әлемдегі күллі қазақтың саны шамамен 15 млн-дай болса, соңғы санақтың алдын-ала қорытындысы бойынша 10 млн.-нан астамы Қазақстанда, 5 млн.-дайы 40-қа жуық шетелдерде өмір сүріп жатыр және осы 5 млн.-ның 4 млн.нан астамы «ирредент», қалған бөлігі «диаспора» болып табылатыны анық.

Біздіңше қазақтардың біраз бөлігін, диаспора деп тануға болады. Қазақ диаспорасы кім, оларға кімдер жатады дегенге келетін болсақ, олар — атақонысынан түрлі саяси науқандар мен нәубеттердің, түрлі соғыстардың, бертінгі замандарда табыс пен білім көзін іздеушілерден пайда болған қазақ көшінің нәтижесінде алыс-жақын шетелдерге кеткен қазақтар. Қазақ диаспорасының қалыптасу тарихына үңілетін болсақ, көбінесе ұлтымызды өзіне еріксіз бағынышты еткен алып державалардың күштеп мәжбүрлеуінің басты фактор екеніне көз жеткіземіз.

Қазақ диаспорасын құраушы келесі бір топ – ІІ дүниежүзілік соғыста неміс тұтқынына түсіп, кейіннен Одақтастар азат еткен соң Сталиннің атақты бұйрығынан соң, елге келгенде алдан күтіп тұрған сенімсіздік, қуғын-сүргін мен жазалаудан қаймығып, Еуропада қалып қойған, одан әрі әлемге тараған қазақтар.

Келесі бір шоғыры – Шыңжаң қазақтарынан шыққан қазақ диаспорасы. Ежелгі Шығыс Түркістан, кейіннен қытайлар Жаңа өлке (Синь-Цзянь) атандырған шұрайлы мекенде өмір сүрген Үш аймақ қазақтарының гоминданшылар мен олардан соң билік басына келген маошыл коммунистік билікке қарсы көтерілген күресі жеңіліс тапқан соң, біраз бөлігі Гималай асып, Үндістан, Пәкістанды басып өтіп, оншақты жыл жүзінде әрең дегенде Түркияға ірге тепкен ұзақ та азапты көші – қазақ диаспорасының елеулі бөлігін құрады. Қазірде Түркия мен Еуропаның көптеген мемлекеттерінде тұрып жатқан қазақтардың көбісі осы қазақтардың ұрпағы болып табылады.

Шетелдегі қазақтардың ата-мекенге оралуы Қазақстан мемлекетінің даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып саналады. Ұлттық қауіпсіздігімізді нығайтуда және экономикамызды жаңа еңбек ресурстары мен қамтамасыз ету үшін, Елбасымыз 2015 жылға дейін республика халқы санын 20 миллионға жеткізуді міндет етіп отыр. Сондықтан халықтың санын көбейтіп, құрамын нығайтатын, тарихи- демографиялық ғылым айқындаған екі жолды, табиғи өсім мен сырттан келетін көші-қонды тиімді пайдалану керек [7]. Табиғи өсімді күшейту үшін жастарға әсіресе, жаңа отбасыларға, көп балалы аналарға, олардың жас ұрпақтарына Қазақстан үкіметі тарапынан жан-жақты, нақтылы түрде қамқорлық ұйымдастырылуы қажет. Ал, сырттан келетін оң көші-қонға келсек, шет елдердегі қазақтарды елге қайтару үшін квотаны шектемей, қазақтар тұрған мемлекеттермен дипломатиялық жолмен көші-қон үрдістерін жеңілдетіп, тездету, ал көшіп келгендер үшін барлық жан-жақты жағдай жасау қажет.

55.Қазақстан халқының құрамындағы өзгерістер (1940-1958 жж.)

Ұлы Отан соғысы республиканың демографиялық тарихында өшпес із қалдырды. 1941 жылы есептегі арнайы қоныстанушылар мен эвакуацияларды қосқанда 7,6 миллион (қоспағанда 6425 мың) болған республика халқының 1366 мыңы Отанды қорғауға аттанды. Оның 330 мыңдайы өліп, 271 мыңы хабарсыз кетті, барлығы 601 мың адам тікелей шығын болды Жанама шығынмен қосқанда барлығы 1202 мың адам шығын болды. Соғыстаң кейінгі отбасылардың бірігуі, бірінші және екінші кезектегі некеге тұру негізіндегі «некелесу науқаны» кезінде туу деңгейлері өсті, бірақ, өлім-жітім төмендемеді. Соғыстан кейін депортацияланғандар өз еліне қайтарыла бастады. 1946 жылдың 1 қаңтарында республикада 726 мың, 1947 жылдың 1 қаңтарыңда 426 мың арнайы жер аударылғандар есептелінді. Арнайы жер аударылғандардын санының кемуі тек өз отанына қайта бастағанына ғана емес, сонымен бірге олардың арасындағы өлім-жітімнің де өскеңдігіне байланысты.

 1940-1958 жылдардағы Қазақстандағы көші-қон-белсенділігін туғызған әлеуметтік, экономикалық және саяси дамудағы факторлар: тұтастай халықтарды күштеп жер аударулар, репрессиялар, Ұлы Отан соғысы мен соғыс кезіндегі мобилизация, эвакуация, соғыстан кейінгі демобилизация мен реэвакуация, шаруашылықты қалпына келтіру мен репатриация, тың және тыңайған жерлерді игеру мен елдің индустриалдық дамуын жеделдету және т.б. шаралары Қазақстан аумағын түгел қамтыды және халық құрамын терең өзгерістерге ұшыратты. Яғни, республиканың демографиялық дамуына әсер еткен сырткы факторлар барлық аймақтарға ортақ болып, халық саны динамикасына ерекше әсер етті.


56. Ғаламдық энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік және Қазақстан.

Экологиялық қауіпсіздік мәселесі — бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса ауқымды проблемаларының бірі болып отыр. Аталмыш проблеманың пайда болуының басты алғышарты — қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік және техногендік ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі — экономикалық реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына) түрткі болды. Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды. Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық қауіпсіздік мәселелері оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Себебі, өндірістік қоғамның табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық қауіпсіздіктің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, экологиялық тазалықты сақтай отырып, адамдардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады. Осындай экологиялық қауіпсіздік мәселелерінің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, құқықтық мәдениеті, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол – халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.

Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол – табиғи жүйенi тиімді қолдану және оның заңмен қорғалуы, сондай-ақ, адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз» — деген болтын. Осыдан келіп арада бір жыл уақыт өткеннен соң ҚР Экологиялық кодексі қабылданды. [2. 1-2].



57. Н.Ә.Назарбаевтың жұмысы «Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы».

1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт-бағдарын айқындады.

Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде макроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды, өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылды, жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.

Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. 2006 жылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы белгіленген.

Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті. Республикада ауылды дамытуға, кедейлікпен күресуге, тұрғын үй құрылысын дамытуға және т.с.с. бағытталған ірі-ірі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру басталды. Назарбаев индустриалды-инновациялық даму стратегиясын әзірледі, инвестициялықжәне инновациялық қорлар құрылды. Дүниежүзілік сарапшыларарасында «қазақстандық үлгі» термині пайда болды. Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық жаңғырық тапты әрі мойындалды. Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі дәйекті қызмет, т.б. Назарбаев ТМД, ОАО, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы. Ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында құруды ұсынған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) іс жүзінде жұмыс істей бастады. Назарбаев мәдениеттердің, діндердің, өркениеттердің жүйелі сұхбаттасуын жолға қоюға көп көңіл бөледі. 2003, 2006 жылдары Астанада әлемдік діндер көшбасшыларының съездері табысты өтті.

2011 ж желтоқсан айында Маңғыстау оқиғасы орын алды. ВВС-дің айтуы бойынша бұл Назарбаевтің билікте болған уақытындағы оппозицияның ең үлкен қозғалысы. 2011 жылдың 16 желтоқсан күні Жаңаөзен мұнай қаласында мемлекеттің Тәуелсіздік Күніне орайы демонстрацияғы шыққандар мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс туды. Қарулы күштер қару қолдану салдарынан 15 адам оққа ұшты, 100 астам адам жараланды.



58. Қазақ КСР-ның мемлекеттілік тәуелсіздік Декларациясы. 1991 жылғы тамыз бүлігі. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының орнауы (ТМД).

КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді:Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.

Қазақ КСР-ның жоғарғы Кеңесі 1991жылғы қазанның 16-сындағы қаулысында 1991жылғы желтоқсанның 1-інде сайлау өткізу жөнінде қаулы шығарды. «Президент сайлау жөніндегі Заң» Қабылданып, ол бойынша 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде бүкілхалықтық сайлау қортындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды, Е.М. Асанбаев-вице президент. Желтоқсанның 10-ы күні Президенттің таққа отыру рәсімі болып, ант берді.

Қазақстанның мемлекеттік тәулсіздігін жариялау.

Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді.

КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.

Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқылық мемлекет ретінде анықталды. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толығынан қолданады ішкі және сыртқы саясатты өз бетінше жүргізеді, республика барлық мемлекеттер мен халықаралық құқық принципі негізінде өз қарым-қатынасын орнықтырады. Қазақстан Республикасының шекаралары біртұтас бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінең басшысы Президент болып табылады.

1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады.

1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты.

1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды.



59.Коммунистік партияның қоғамдағы саяси дара билігінің күшеюі.

Коммунистік партияның қоғамдағы саяси дара билігінің күшеюі. Жаңа көпұлтты империя - КСРО-ның құрылуы. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны. Қазақ өлкелік партия комитетінің жер мәселесіне байланысты шешімінің отарлық мазмұны. Қазақ зиялыларын қуғындаудың басталуы.

Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар. Қазақ қайраткерлерінің индустрияландыруға байланысты пікірлері. Қазақстанды индустрияландыру идеясының отаршылдық мазмұны.

Қазақтың дәстүрлі шаруашылығын сталиндік реформалау негізінде қайта құрудағы асыра сілтеулер. Жайылымдық-шабындық жерлерді бөлу және оның нәтижелері. Қазақ ауылын кеңестендіру –дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруалары қожалықтарын күшпен отырықшылыққа көшіру. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны. Еріктілік пен заңдылық принциптерінің бұзылуы. Адам құқының тапталуы. Ауқатты шаруалар қожалығын тап ретінде жою. Қазақтардың дәстүрлі шаруашылық жүйесінің күйреуі. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер – ұлт-азаттық қозғалыстар жалғасы. Қазақтардың шетелге ауа көшулері. Қазақтардың аштан қырылуы. Қазақ босқындарының қайғылы тағдыры. «Бесеудің хаты». Т.Рысқұловтың И.Сталинге хаты –ащы шындықтың ақиқаты. Аштықтың демографиялық салдарлары. 30-шы жылдардың екінші жартысындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы ауыр ахуал.

Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары және оның ұлыдержавалық астарлары. Қазақ мүддесін қорғаушылар - С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың және Ж.Мыңбаевтың ұстанымындағы теориялық-саяси мәселелер. Ф.И.Голощекиннің Алаш зиялыларына ымырасыз шабуылы. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және мәңгүрттендірудің бастауы.

Қазақстанды әкімшілік-территориялық аудандастыру – тоталитарлық басқаруға барар қадам. КСРО мен ҚазКСР Конституциялары – сөз бен істің қайшылығы. Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары. Қиыр Шығыстағы корейлердің Қазақстанға еріксіз қоныс аударылуы - адам құқығының аяқасты етілуі. М.Шоқайдың эмиграциядағы саяси қызметі – түрік халықтарының рухани жаңаруына бағытталған елеулі қадам.

Мәдениетте солақай және біржақты большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуы – қазақтардың рухани қасіреті. Мәдениеттің ұлттық негіздеріне көпе-көрнеу шабуылдауды өршіту. Әдебиет пен өнердегі социалистік реализмнің біржақтылығы. Театр және музыка өнері. Қазақстан жазушылары мен композиторларының шығармашылық қызметі. Мәскеудегі Қазақстан әдебиеті мен өнерінің он күндігі – ұлт рухының өміршеңдігінің айқын көрінісі.

Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласындағы реформаларындағы қайшылықтар. Сауатсыздықпен күрес. Білім беру жүйесінің қалыптасуы. Ағарту саласындағы қайшылықтар мен келеңсіздіктер. Қазақ тілінің араб алфавитінен латын және кириллицаға көшірілуі. А.Байтұрсынов бастаған топтың әліпби ауыстыруға қарсы әрекеті. Ғылым мен ғылыми мекемелердің дамуы. КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасының КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы болып қайта құрылуы.


60.Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өтілуінің маңызы.

1465 – 1466 ж. Қазақ хандығы құрылды. 2015 ж. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту ұйғарылды. Атаулы күнді тойлау идеясын Қазақстан президенті Н.Назарбаев ұсынды. 2014ж. 31 желтоқсанда ҚР Үкіметінің №1448, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 ж. тойлау туралы атты бұйрығы шықты. Қазақ хандығының мерейтойына арналған негізгі шаралар Астана мен Тараз қалаларында өтті. Ал осыған дейін тарихшылар Қазақ хандығының Таразда емес, қазііргі Алматы облысының аумағында құрылғанын айтқан болатын. Болжам бойынша Керей мен Жәнібек мемлекеттің негізін дәл осы жерде қалаған. Осыған байланысты ғалымдар мерейтойды Алматыда өткізген жөн болатыны туралы пікір айтты. Мемлекет құрылуының мерейтойы ең алдымен азаматтардың патриоттық сезімдерін арттырумен Қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға бағытталды. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту басты 3 коцептуалды негізде жүзеге асырылды, олар:

1.патриоттық

2.ақпараттық

3.ғылыми

Қазақ ханыдығының құрылу тарихын зерттеу мәселелерін талқылау бойынша жобалар іске асты, соның ішінде қазақ мемлекеттілігі туралы ақпараттарды анықтау мақсатында Батыс Еуропа, Ресей, Түркия, Қытай, Иран сияқты елдердің мемлекеттік мұрағаттары мен ғылыми – зерттеу орталықтарынан іздестірілді.Сонымен қатар, мерейтойға байланысты 100 ге жуық ірі шаралар өткізілді.

61.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (нышандары).

Рәміздері. Н. Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды. Сол күні Президент резиденциясы мен Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Сонынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен айқындалды. Тудың авторы — суретші Ш. Ниязбеков, елтаңбаның авторлары — Ж Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Байрағы – бұл тік төртбұрышты көгілдір түсті, ортасында 32 сәулесі бар шашыраған күн, оның үстінен қалықтаған дала қыраны бейнеленген мата. Байрақтың тұтқасымен тұстас ұлттық өрнекті тік жолақ бар. Күн, сәуле, қыран және өрнек алтын түспен бейнеленген.

Қазакстан Республикасынын мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі - әнұран, мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады. Алғашқы мемлекеттік әнұранды жазу үшін шығармашылық байқау жарияланды. Оған Қазақстан ақын, композиторлары қатысты. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М. Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Ж. Дәрібаева шығарған өлен сөзі бекітілді. Әуені — кеңестік кезеңде М. Төлебаев. Е. Брусиловский, Л. Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді.

2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды. Заң жобасына талқылау барысында бірқатар депутаттар («Менін Қазақстаным») жаңа әнұранның авторлар құрамына Н.Ә.Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент депутаттары жаңа әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н.Ә.Назарбаевты бір ауыздан қолдады. Ал әні бұрынғы қалпында сақталды.

2006 жылдың 10 қаңтар күні Қазақстанның тарихына еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде кірді. Алғаш рет жаңа әнұран ресми түрде 11 қаңтарда, Ақордада Президент Н.Ә. Назарбаевтың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.



62.Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары.

Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады.

Батыстың кеңес кезеңін зерттеушілеріне назар аудара отырып, олардың ізденістері бір жағдайларда ақиқатқа ұмтылысты бейнелесе, екінші бір жағдайларда онда объективтіліктің қарасы да көрінбейді, өйткені барлық назар негізінен «тағы бір ілгешекті айтып қалу» ниетінен туатын қасаң пікірлерге аударылады. Бірақ қалай болғанда да отандық тарихымыздың проблемасын біздің өзімізден артық ешкім шеше алмайды. Сондықтан осы бағыттағы зерделік ізденістерді жеделдететін уақыт келді. Және бұл ретте тарихи демография, оның тиімді танымдық құралдарымен және зерттеудің әмбебаптық әдістерімен қоса, елеулі рөл атқаруы тиіс.

Кейінгі кезге дейін проблеманы талдау үшін бірінші және екінші Бүкілодақтық халық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939 жылғы 15 қаңтарда жүргізілді) деректері бірден-бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінін шыны 1932—1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ сондай алдынғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыны екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.

1926 жылғы бірінші санақ қорытындысына сәйкес, Қазақ АКСР-і аумағында 3 млн 628 мың тұрғылықты халық мекендеді.[1]. Бірақ 12 жыл өткеннен кейінгі 1939 жылғы санақта халық санының 1 млн 321 мың адамға, яғни жинақтап айтқанда 36,7%-ға азайғаны тіркелген.[2]. Тарихшы-демографтардың айтуы бойынша тіпті осы цифрдың өзі азайтылып көрсетілген, демек ол факторлық талдау аясында елеулі түрде түзетуді қажет етеді деген сөз.[3]. 1930 жылдың ортасына, халықтың сандық құрамы шартты түрде тұрақты болған кезде республика аумағындағы тұрғылықты халықтың саны 4 млн 120 мың адамды құрады.[4].

Осы деректер тұрғысынан есептесек, сол зұлмат жылдарда Қазақстан өзінің тұрғылықты халқының орны толмас көп бөлігінен, атап айтқанда 2 миллионға жуық адамынан айырылған.[5].

Қазақстанда осы кезде басқа халықтар мен этностардың саны: украиндар - 859,4 мыңнан 658,1 мыңға, өзбектер - 228,2 мыңнан 103,6 мыңға, ұйғырлар — 62,3 мыңнан 36,6 мыңға азайғанын да айтқан жөн. Ауыр тағдырға тап болған осы халықтардың өкілдері үйреніскен жерін тастап, азық-түлікке қатысты қолайлылау аудандарға - Сібірге, Өзбекстанға кетуге мәжбүр болды.

Келтірілген деректерден байқағанымыздай, шаруашылықты өктемдікпен талқандаудың салдарынан туындаған ашаршылық ауқымы жағынан жан шошытарлықтай болды. Малдан жұрдай болған қыр халқы өздеріне тән дәстүрлі тағамдары еттен айырылды. Балықшылық, аңшылық және басқа жиын-терім жағдайды түзей алмады. Егін шықпағандықтан ауылда астық болмады (ал болса, астық дайындау науқаны кезінде сыпырып алды).



63.«Интеллектуальды ұлт - 2020» Президенттік бағдарлама және оның мәні. «Назарбаев - университет» жоғарғы оқу орны базасында инновациялық жобаларды қалыптастыру.

2010 жылы 1 ақпанда Қазақстанда "Интеллектуалды ұлт - 2020" мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты туралы мемлекет басшысы 2008 жылы 30-қаңтарда "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарына арналған форумда мәлім еткен еді. Оның негізгі мақсаты - қазақстандықтарды жаңа формацияға тәрбиелеу, Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті адам капиталына бай елге айналдыру.

Бұл мемлекеттік бағдарлама үш басым бағыт негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші басым бағыты – білім беру жүйесінің инновациялық дамуы.

Қазіргі таңда жастар тек білім алып қана қоймай, олардың өздігімен ізденуіне бағыттау қажет. Бүгінгі білім алудағы басты құндылықтар шығармашылық ой, алған білімді қорыта білу, тыңнан шешім қабылдау, технологиялар мен инновациялар болып табылады. Ол үшін жаңа әдістер, оқытудың ұтымды түрлері, ізденімпаз мамандар керек.

Бұл жобаны жүзеге асырудың екінші басым бағыты – ақпараттық революция болуы тиіс. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар паркі базасында жетекші жоғары оқу орындары мен шет елдік беделді мамандарды қатыстыра отырып аймақтық университет ашу.

Жобаның үшінші басым бағыты жастарды рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу ісіне ерекше мән беру. Бұл жерде жаһандану үдерістерін назарға ала отырып, оған қарсы тұрудың бірден бір жолы ретінде жас буынның рухани тәрбиесіне, ұлттық-мәдени құндылықтарымызды нығайтуға көңіл бөлу керек.

«Интеллектуалды ұлт» және «бәсекеге қабілетті ұлт» ұғымдары Қазақстандағы ұлттық модернизацияның басты категорияларына жатады. Ұлттық модернизация – өркениетті әлемдік қауымдастықтың озық талаптарына жауап беретін дамудың сапалық тұрғыдағы жаңа деңгейі.

Ұлттық модернизацияны уақыт талабына сай дамудың үлгісі ретінде қарастыруға болады. Бұл өте нәзік процесс. Өйткені, ол кез келген ұлттың алдына мынандай таңдау қояды - өзіндік ұлттық реңкті жоғалту арқылы немесе өзіндік ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, заман талабына сай даму жолына түсу.

Ұлттық модернизация, яғни бәсекеге қабілетті ұлт пен интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың негіздері Қазақстан егемендігін жариялаған кезеңнен бастау алады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен қазақстандық жастардың шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарында жоғары білім алып, алған білімі мен тәжірибесін еліміздің игілігіне пайдалану үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындағаны белгілі. Бұл стипендия бойынша студенттер әлемнің 32 еліндегі 630 жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алды.

Осы кезеңге дейін “Болашақ” стипендиясы арқылы 20 мыңнан астам жас мамандар даярланды. Бүгінгі күні “Болашақ” стипендиясы арқылы білім алған жастар экономиканың, мемлекеттік басқарудың және басқа да салалардың жауапты бөліктерінде еңбек етіп жүр/2/.


64.Партиялық-мемлекеттік басқару жүйесінің Қазақстандағы қайшылықты салдары.







65.Кеңес Одағының ыдырауының саяси, әлеуметтік-экономикалық алғышарттары. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.

КСРО сияқты жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жатқан империяның күйреп, тарих сахнасынан кетуі — ХХ ғасыр соңындағы әлем халықтары тарихының басты оқиғасы болды. КСРО-ның күйреуі, тек сол мемлекетті мекендеген халықтар тағдырына ғана емес, жалпы әлемдік даму үрдісіне де елеулі ықпал етті. Әлем “социалистік” және “капиталистік” деп аталған жүйелер арасындағы бәсекелестік пен текетірестен құтылып, халықтар мен мемлекеттер қатынасының жаңа кезеңіне аяқ басты. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болып, қалыптасуы да сол империяның күйреуімен тікелей байланысты.  КСРО-ның күйреуінің ең басты себептерінің бірі – елде сөз бен істің бірлігінің болмауы еді. Бар билікті өз қолына жинап алған коммунистік партияның саясатына сай “дұрыс” сөйлеу, бірақ басқаша ойлап, іс жүзінде керісінше істеудің, яғни екіжүзділікке барудың елде кең етек алғанды бүгінгі аға ұрпақтың есінде. Мұндай ел тағдыры үшін аса қауіпті үрдістің пайда болып, қалыптасуына және дамуына кінәлі басқа емес, басынан шіріген балық сияқты, сол ел басқарып отырған партияның ең жоғарғы басшыларының өздері еді.  1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.  1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық принциптері негізінде---өзара—байланыс-жасайды-деп-көрсетілді. Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті.  Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды

66.Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық даму жолы» атты еңбегіне талдау жаса.

1998 жылы Н. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” деген атпен Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Өзінің ұзақ жылдарға арналған стратегиялық ұсыныспен Қазақстан халқының алдына шығу себебін Н. Назарбаев: “Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті”-деп түсіндірді. Ал, оның қалай пайда болғандығы туралы: “Осы жолдау менің Қазақстан халқына ішкі және сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнап сөз сөйлеу жөніндегі Конституциялық міндеттерімнің шеңберінде әзірленген болтын”-деп жазды . Демек, біріншіден, еңбек Елбысының ел болашағының қандай болатындығы туралы өз ойын, уақыт талабынан шыға отырып, халықпен бөлісу арқылы айқындап алу қажеттігінен туындаса, екіншіден, Президенттің атқаруға тиісті Коститутциялық міндетін орындау барысында пайда болған. Сондықтан еңбек біржағынан, ел басқарып отырған тұлғаның ел болашағының алыс перспективсы туралы ой-толғаныстарының жемісі болса, екінші жағынан Президенттің өз құқықтарына сай ұсынған мемлекеттің дамуының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының бағытын айқындаған бағдарлама, яғни ресми құжат болып табылады. Біздің ойымызша еңбектің басты ерекшеліктерінің бірі де осында.

Сонымен қатар 1998 жылы Н. Назарбаевтың “Қалың елім, қазағым” және “Қазақстан-Ресей қатнастары” деп аталатын екі еңбегі жарық көрді. Екі еңбекке де тән ортақ ерекшелік, екеуінің де жинақ түрінде дайындалып, жарық көруі. Бірінші кітапқа Н. Назарбаевтың Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының Төрағасы ретінде қазақ халқының өткен тарихы, бүгіні мен болашағы және шет елдердегі қазақ диаспорасы жайлы әңгіме-сұхбаты, баяндамалары мен сөйлеген сөздері енсе, екінші кітапқа Қазақстан Республикасының ең ірі көршісі және стратегиялық серіктесі Ресей Федерациясы арасындағы қатнастар туралы айтылған баяндамалар, сөйлеген сөздер, мақалалар, сұхбаттар енген. Екі туындының дайындалу және жарық көру формалары ұқсас болғанымен, екеуі тарихымыздың екі түрлі саласынан мәлімет беретін екі бөлек дерек көздері болып табылады.


67.Қазақстандағы саяси-қоғамдық белсенділіктің басталуы, алғашқы саяси, қоғамдық ұйымдар.

1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.

1994 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”, 1995 жылғы қаңтарда "Қазақстанның өрлеу партиясы”, 1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық партиясы”, 1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы” құрылды.

1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-2030” стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау.

1999 жылғы қаңтарда "Отан” партиясы құрылды. Төарғасы – Т. Терещенко. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды.

1999 жылғы 14 қаңтарда "Қазақстанның отаншылар” партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны –15.

"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы – саяси партия.

Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.


68.Тәуелсіз мемлекеттегі этнодемографиялық үрдістер және ұлтаралық келісімді нығайту саясаты. Республика халқының демографиялық құрамы.

Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам тіркелді. 1999 жылғы санаққа дейінгі аралықта Қазақстан халқы 1246,1 мың адамға кеміген. Мұның басты себебі бұрын қуғын-сүргінге ұшырап, Қазақстан жеріне көшіріліп, қоныстандырылған өзге ұлт өкілдерінің, әсіресе, орыстардың, украиндардың, немістердің, кавказ халықтарының, т.б. өз ата мекендеріне көшіп кетуі болды. Өсу тек Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында, Алматы, Астана қ-ларында байқалды. Ерлердің саны 7201,8 мың болса, әйелдер 7751,8 мыңды құрады. Қазақстан жер аумағы үлкен (2724,9 мың км²) болғанымен халық сирек қоныстанған елге жатады. Оның аумағының сәйкес түрде 1 км²-не 5,4 адамнан келеді. Тұрғындар үшін табиғат жағдайы неғұрлым қолайлы өңірлер – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстары (Алматы қаласын қоса алғанда). Мұнда республика тұрғындарының 37,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығызд. 1 км²-ге 16,9; 6,9 және 7 адамнан келеді. Салыстырмалы түрде тұрғындары көп келесі аймақтар – Солт. Қазақстан аймағы: Қостанай, Солт. Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағы. Мұнда ел тұрғындарының 24,8%-ы орналасқан, тұрғындар тығыздығы 1 км²-ге 5,2; 7,4; 5,7 және 6,5 адамнан келеді. Шығыс Қазақстанда республика тұрғындарының 10,2%-ы тұрады, тұрғындар тығыздығы 1 км²-ге 5,4 адамнан. Орт. Қазақстанда (Қарағанды облысы) республика тұрғындарының 9,4%-ы орналасқан. 1 км²-ге 3,3 адамнан келеді. Халық ең аз қоныстанған аудандар батыс аймақтар – Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Оңтүстік Қазақстан аймағындағы Қызылорда облысы Мұнда бүкіл тұрғындардың 17,7%-ы орналасқан, 1 км²-ге келетін орташа тығыздығы, тиісінше, 1,9; 3,7; 4,1; 2,3 және 2,6 адамнан. 1999 жылғы санақ жүргізілген кездегі ҚР-ның әкімш.-аумағы бірлігінде 84 қала, 200 кент, 2036 ауылдық округ, 7684 ауылдық елді мекен болады. Ресми статист. мәлімет бойынша, Қазақстан тұрғындарының 56%-ы қалалық елді мекендерде, 44%-ы ауылдық елді мекендерде тұрады.




69. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан–2030».

1997 жылғы қазанда Прзеидент Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030” жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:

1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.

2. Реформаларды аяқтау.

3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.

4. "Қазақстан барысын” қалыптастыру.

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:

1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау.

2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту.

3. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.

4. Қазақстан азаматтарының денсаулығының білімі мен әл-ауқатын көтеру.

5. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.

6. Инфрақұрым, көлік, байланысты дамыту.

7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Мемлекет ең алдымен орта топтың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр. Село таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беретін және әлеуметтік пробемаларды шешуге ерекше көңіл беретін, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады.

Қазақстан - өзінің белгілі тархы мен өзіндік болашағы бар евразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әр түрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.

Қазақстанның басты мұраты – ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттікке негізделген, әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқан тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сомдау.

Жолдаудағы өзекті сөздер – халықтың тұрмысын жақсарту, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

33 жыл өткеннен кейінгі қазақстандықтар бейнесі:

1. Жаупты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты азаматтар;

2. Бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары;

3. Жоғары ақы төленетін, оқытып үйретілген, Қазақстан халқының мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен биік ұстайтынына сенімді азаматтар;

4. Мемлекттің өздерінің құқықтарын қорғайтына және мүдделерін биік ұстайтынына сенімді, салауатты өмір сүретін азаматтар.

2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын ролін атқаратын болады.



70.Қазақстандағы саяси-қоғамдық белсенділіктің басталуы, алғашқы саяси, қоғамдық ұйымдар.

1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, "Қазақстанның халық Конгресі” және Коммунистік партия. Қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар тіркеуге алынды. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.1994 жылғы желтоқсанда "Қазақстанның халықтық-кооперативтік париясы”, 1995 жылғы қаңтарда "Қазақстанның өрлеу партиясы”, 1995 жылдың басында "Қазақстанның аграрлық партиясы”, 1995 жылғы жазда "Қазақстанның демократиялық партиясы” құрылды.1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-2030” стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау.1999 жылғы қаңтарда "Отан” партиясы құрылды. Төарғасы – Т. Терещенко. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды. 1999 жылғы 14 қаңтарда "Қазақстанның отаншылар” партиясы құрылды. Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны –15. "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық Партиясы – саяси партия. Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.


71.ҚР ұлттық тарихын зерделеу: «Мәдени мұра» бағдарламасы.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді. Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің дәлелі.

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері (2004-2006 жж.)

Мақсаты Рухани және бiлiм беру саласын дамыту, eлдің мәдени мұрасының сақталуы мен тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету

Бағдарламаның мiндеттерi

a. елдiң маңызды тарихи-мәдени және сәулет ескерткiштерiн қайта жаңғырту;

b. мәдени мұраны, соның iшiнде қазiргi заманғы ұлттық мәдениеттi, ауыз әдебиетiн, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудiң тұтастай жүйесiн құру;

c. көркем және ғылыми толық дестелерiн шығару арқылы ұлттық әдебиет пен жазудың сан ғасырлық тәжiрибесiн қорыту;

d. әлемдiк ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттiң таңдаулы жетiстiктерiнің негiзiнде гуманитарлық білім берудiң мемлекеттiк тiлдегi толыққанды қорын құру;


72. Қазіргі Қазақстан тарихындағы әлеуметтік-экономикалық модернизациялық кезеңі (нарықтық экономикаға көшу, жекешелендіру, шетелдік инвестицияны тарту, Қазақстан экономикасын реформалау).

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.

Республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991—1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен-дірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындагы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл “ҚазМұнайГаз”, энергетикада — “КЕГОК”, телекоммуникацияда— “Қазақтелеком”, темір жолда — “Қазақстан темір жолы”. Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991—92 жж. жэне 1993—95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды.



73. 1929-1932 жылдардағы ұжымдастыру және оның зардабы. Сталиндік-голощекиннің ұжымдастыру саясатына қарсы қазақ шаруаларының көтерілісі.



1928 жылғы 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәнпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды.Ұжымдастыру бай – кулактарды тәркілеуден басталды.

1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.

1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер құрылып жатты.

Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.

Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте – бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.

Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер
1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді. 
2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді. 
3. Әкімшілік – күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. 
4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.




74.Тәуелсіз Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші. ЭКСПО-2017.

Экспо 2017 — Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек дейін аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады .Экспо 2017 иесі 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті дауыс берген, ал бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.

Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау науқанына кірісті. Жыл соңына дейін Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда Министрлігі өтініш құжаттамасын (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындап оны Халықаралық көрмелер бюросына тапсырады деп күтілуде. ХҚБ талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласының әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрмеге айналуы мүмкін. EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу - Қазақстанның негізгі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы Мемлекет басшысы бастама көтерді.

EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Астана осы саладағы ең үздік әлемдік әзірлемелер мен трендтер көрсету үшін тиімді алаңға айналуы мүмкін. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді.Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу шағын және орта бизнестің дамуына елеулі серпін береді. Көрме елорданың көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына едәуір жеке меншік инвестицияны тартуға мүмкіндік туғызады.ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.

EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.


75. Тәуелсіз Қазақстандағы халық санағы. «Нұрлы көш» бағдарламасы және отандастардың елге оралуы.Қазақтардың дүниежүзілік Құрылтайы.

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан мемлекетіндегі ең басты әлеуметтік құндылықтардың бірі – тарихи тағдыр бастарын біріктірген түрлі ұлт өкілдерінің татулығы мен ымыраластығы өзінің құнын жоя қойған жоқ. Дегенмен 1999 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстан мемлекетінің тұрғындары саны 14 млн. 953 мың 100 адамға азайды. Бұл кезеңдегі басты ерекшелік жергілікті ұлт өкілі қазақтың саны осы он жыл аралығында 122,9%-ға артқан. Жекелеген ұлттарға талдау жасасақ мынадай мәліметтерді келтіре аламыз. Атап айтқанда, осы он жылдықта орыс ұлтының саны 37,4%-дан 30%-ға, украин ұлты 5,4%-дан 3,7%-ға, немістер 5,8%-дан 2,4%-ға, татарлар 2%-дан 1,7%-ға азайған. «Нұрлы көш» - Қазақстан мемлекеттік бағдарлама.

Басты мақсаты – ресми, қасаң тілмен айтқанда этникалық көшіп келушілерді, жылы шырай беріп айтсақ шеттегі қандастарымызды, сондай-ақ еліміз аумағында еңбек қызыметін жүзеге асыру үшін келген Қазақстанның бұрынғы азаматтарын; қолайсыз аудандарда тұратын тұрғындарды ұтымды қоныстандыру және олардың жайғасуына жәрдемдесу. «Нұрлы көш» бағдарламасы арадағы үзіліп қалған тінді жалғап, тиылып қала жаздаған көштің тиегін қайта ағытса игі.

Бағдарламаны іске асыруға 2009-2011 жылдарға 197 795,6 млн. теңге, оның ішінде қосымша 118 073,7 млн. теңге қарастырылып отыр. Бірақ жүзеге асыру 2010 жылдан басталмақшы.

«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша барлық көшіп келушілерді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі делініп отыр. Тұрғын жайлар жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі тұрғын үй есебінен үлестіріледі. Кейбір аймақтарда оралмандарды шоғырландырып қоныстандыратын қалашықтар салынбақшы. Олардың қарызын қайтару үшін оралмандарға «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 4 пайыздық мөлшерде кредит беріледі. Оны қайтару үшін жұмыспен қамтылады, кәсіппен шұғылдануға қаржы бөлінеді.

Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы — Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының ең жоғарғы органы.

1992 жылы Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы Алматыда өткізілді.

Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысты.

Құрылтай күн тәртібіндегі (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерді) талқылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды.


76. рухани жаңғыру

Тәуелсіздік алғалы 25 жылдан асты. Егемен ел болған Қазақстанның алғашқы ұрпағы ат жалын тартқан азамат, елдің тізгінін ұстайтын халге жетті. Сондықтан болар аталған мақаланың негізгі көзі жастарға ескерту, олардың көзін ашу, алға жетелеу. Мақалада кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сынды сөздердің жастар үшін маңызы зор. Себебі білімдінің мыңды жығар заманы келе жатыр. Сандық Қазақстанның болашағы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Себебі ХХІ ғасырдың ұрпағы сандық әлемге етене енбесе, Кеңестік кезеңнің дәмін татқан буынның икемі бірден келе бермейді. Басты талап меңгеру. Қай жағынан келсе де кез келген саланы жіті меңгере отырып, жұмыс жасау. Мақалада көрсетілген орындалу керек міндеттердің бәрі дерлік жастар алдында тұрған міндеттер. Тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу. Елбасының бұған дейін де «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзі де әлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Тіпті бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық. Жастардың билікке келуі, олардың сауаттылығы мен ел басқарудағы әрбір міндеттері маңызды рөл атқарады. Шалалыққа бармас үшін әрбір қазақстандық жас осы мақаладағы көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар негізінде жұмыс жасауы керек.



77.Қазақстан Републикасының Қарулы Күштерін құру турлы заңы. Азаматтардың қауіпсіздігі және тәуелсіздікті қамтамасыз ету.

Соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. ҚК мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, агрессияға қарсы тұруға міндетті. Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992жылдың 7мамырында ҚР ҚК құрылды..

ҚРП Н. Ә. Назарбаевтың «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, ҚК-ді тиімді басқаруды шешу үшін Республиканың Қорғаныс министрлігі құрылды. ҚК-ді басқару органдары қалыптастырылды, армияның құрылымы мен саны анықталды, ҚК—дің қызметі мен құрылуы туралы негізгі құқықтық құжаттар даярланды. Оның юрисдикциясына Қазақстан аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Олар құрлық әскерлері, әскери-әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ ұрыстық, арнайы, тылмен қамтамасыз ету және АҚ-тың әскери құрамалары.

Мемлекет саясатының бір бөлігі болып табылатын әскери саясат ҚК-дің құрылуы мен міндеттері, мемлекетті қорғау мүддесінде оның әскери қуатын пайдалануға байланыста мәселелер кешенін қарастырады. Оның мәні – армияның әскери қуатын нығайту үшін оны барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етуге, әскери істің барлық саласын үйлесімді дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың өзара байланысты шаралар жүйесі. Ол кең ауқымды мәселелер шешуге бағытталған: әскери құрылыстың теориялық негіздерін даярлау; ҚК техникамен жабдықтау; әскери кадрларды даярлау, орналастыру; әскери бөлімдерде тәрбие жұмыстарын өткізу; әскери өнер және әскери ғылым дамуына басшылық жасау; әскерлерді жауынгерлік және оперативтік дайындау қағидалары; мемлекеттің жұмылдыру мүмкіндіктерін ұлғайту; әскери–үйретілген резервтерді дайындау және т,б.

Дербес қорғаныс құрылысын жүзеге асыра отырып, ҚР өз қауіпсіздігін, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шартқа қол қойған ТМД мемлекеттерінің мүддесін де басшылыққа алады.

Аймақта және Достастық мемлекеттерде қалыптасқан жағдай Қазақстанның дербес ҚК құру туралы шешімді дер кезінде қабылдағанын көрсетіп отыр. Бірақ оның қалыптасуы күрделі экономикалық және әлеуметтік саяси жағдайда өтіп жатыр. Сондықтан ұрысқа дайындық, ұрыстық әзірлік деңгейін төмендетпей, ұйымшылдықты, әскери тәртіптілікті барынша нығайту керек. Республика ҚК шынайы халықтық сипатын сақтап, ТМД ҚК-мен тығыз байланысты агрессорды тежеудің, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың сенімді факторы болуы тиіс.


78.«Қазақстанның әлем елдерінің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан дамудың жаңа баспалдағы» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы (2006 ж.).


Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауын арнай отырып, Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұсынды.. Елбасы сайлауы экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түскен елімізде орныққан ұлтаралық татулық пен тұрақтылыққа негізделген саясатты барша қазақстандықтардың жаппай қолдайтындығын айқын дәлелдеді. Қазірдің өзінде көп нәрсеге қол жеткізіп, тағы бір стратегиялық міндетті - таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығару міндетін қойды.Бұл стратегияның негізіне ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған.Ұсынылып отырған бағыт Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту қағидаттарына негізделеді, оларды бүгінгі күннің нақтылығын ескере отырып тереңдетеді. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.Бұл бағыттардың бәрі де - біздің ортақ міндеттеріміздің негізі ғана. Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасы бізге әлемнің бәсекеге қабілетті елдері қоғамдастығына қарай бірізділікпен әрі сарабдалдықпен, асығып-аптықпай, әбігерленбей қадам басуға мүмкіндік беруге тиіс.Бұл мақсат бүкіл ұлттың, елдің барлық атқару органдарының басты идеясына айналуға тиіс.



79. ҚР қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту.

ҚР – ң егемендігінің жариялануы және мемлекеттік тәуелсіздік алуы, бірпартиялық өкемдіктің және социолистік саяси жүйенің ыдырауы демократиялық принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Жаңа құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық саяси өмірді демократияландыру, саяси әралуандылық халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен құқтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 ж. 1 наурызда республикада 100 – ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрды. 1991 ж. қыркүйекте өткен төтенше съезде өзін Компартия деп санайтын Қазақстан социолистік партиясы құрылды. 1991 ж қазақстанда жетекшілері Сүлейменов пен Шаханов болған Қазақстан халық конгресі партиясы құрылды. Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдында тек демокоратиялық жолмек Конституция талабына сай қызмет ету қойылды.

80.Білікті мамандарды дайындаудағы «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы.

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті болмақ. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» әлеуметтік жобасын ұсынған болатын. Бұл жоба «Серпін-2050» деп аталады.

Жоба елдің түрлі аумақтарындағы жұмыс күшінің тең бөлінісін қамтамасыз етуді, еңбек күші мол өңірлерден кадр тапшылығы сезілетін, түрлі өндіріс орындары мол аймақтарға жас мамандарды тартуды көздейді. Бірақ, аталған мамандарды жұмыс күші тапшы өңірлерде даярлау, сол жерлерге әлеуметтік тұрғыда бейімдеуге басымдық берілген. «Серпін-2050» жобасы жастардың тәлім-тәрибесіне, өздерінің қабілет-қарымдарын мейілінше толық пайдалана білуіне, көшбасшылық қасиеттерін, отансүйгіштіктерін арттыруға ерекше көңіл бөлінетіндігінмен ерекшеленеді. Жобаға қатысушылардың әлеуеметтік мәселелері толық шешімін тауып, сапалы білім алуларына мүмкіндік берілумен қатар, белсенді қоғамдық жұымстармен де айналысуларына жағдай жасау қарастырылған. «Серпін-2050» жобасы жастарды бәсекеге қабілетті болуға баулиды. Жастардың өзара қарым-қатынастарын күшейтуді, шығармашылық мүмкіндіктерін аша түсуді қарастырады.

Жобаға туу көрсеткіші жоғары өңірлердің жастары қатса алады. Ал, қабылдаушы жақ ретінде 7 өңір таңдалған. Жобаға 2015-2016 оқу жылында 18 ЖОО, 25 арнаулы орта білім беру мекемелері тартылған. Кәсіптік-техникалық мамандықтармен қатар, педагогикалық мамандықтарға да басымдық берілді. ЖОО-лар базасында 69 мамандықта, арнаулы орта оқу орындарында 60 тан астам мамандықта жастарды оқыту қарастырылған.



81. Қазіргі ҚР Конституциясының қабылдануы. Бүкілхалықтық референдум. ҚР-ның мемлекеттік құрылысы.


Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады.

Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:

халықтық егемендік

мемлекет тәуелсіздігі

билікті бөлісу принципі

қазақ тілін мемлекеттік деп тану

Президентті мемлекет басшысы деп тану

сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды.

1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.[1]

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

Референдум(лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Мұндай демокр. институт алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.

Референдумның негізгі екі түрі бар:

Резолютивті Референдумда қабылданған шешімнің ешбір қосымша бекітусіз бірден мемлекет аумағында міндетті күші болады және жаңа Референдумда ғана күші жойылады;

Консультативті Референдум белгілі бір мәселе жайындағы халықтың пікірін білу үшін өткізіледі.

Мұндай Референдумның қорытындысы өкімет үшін міндетті болмайды. Халықар. құқықтық мәселе бойынша Референдум (көбіне плебисцит делінеді) өткізу 20 ғасырдың соңғы жиырма жылы ішінде өріс алды. Мыс., Еуропа Кеңесіне мүше болу-болмау мәселесі бойынша Франция, Дания, Норвегия, Швеция, Ирландия елдерінде Референдум өткізілді. Қазақстанда Референдум өткізу туралы шешімді ҚР Президенті қабылдайды. Оған 18 жасқа толған Қазақстан азаматы қатыса алады. Сот төрелігі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, салық саясаты, бюджет, билік орындарының құзыреті, басқару нысаны, адам бостандығы мен құқығы, әкімш.-аум. құрылыс пен шекара мәселесі Референдумға негіз бола алмайды. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы Референдум 1995 жылы өткізіліп, халық бірауыздан Ата Заңды қабылдады.


82.ҚР-ның әлемдік қауымдастықтағы орны, сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуы.

Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мәселе— ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мәселелерге, әдетте ұлттық еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде сақгалуы, сыртқы соғыс қаупінен сақталу, ұлттық тұрмыс-жағдайын жақсарту, халықаралық аренада мемле-кеттің экономикалық және саяси позицияларын қорғау, дүниежүзілік саясатта мемлекеттің ықпалын сақтау және оның аясын кеңейту. Ұлттық мүдделер мемлекеттің сыртқы саяси бардарламаларында, сыртқы саясатында көрініс тауып отырады және ол басқа мемлекетпен қарым-қатынас жасаудың мақсатын, оны шешу жолдарын анықтап отырады.

Мемлекеттің сыртқы саяси бағдарының қалыптасуына әртүрлі кӛптеген жағдайлар ықпал етуі мүмкін. Мемлекеттің халықаралық аренадары стратегиялық жардайын анық-тауға себеп болатын себептердің бірі, ең алдымен географиялық себептер. Мемлекеттің геожағдайын анықтайтын себептердің негізгілеріне елдегі өзен-су ко ммуникацияларын, теңізге жақын немесе алыстары, одан шығу немесе шыға алмау жағдайы, көрші елдермен жол қатынасы қандай, ол күрделі немесе жеңіл ме, басқа мемлекеттермен шекаралық шектеу жағдайы, халықтың саны, оның орналасу тығыздығы т.б. жатқызута болады. Сондай-ақ, ауа-райының жағдайы, топырақтың құрамы, жерасты байлық-тары, өндіргіш күштердің даму қарқыны, мәдениеттің даму тенденциясы, әлеуметтік құрылымды ұйымдастыру түрі және саяси құрылым ерекшеліктері де ескеріліп отырады. Сыртқы саясаттағы маңызды құралдардың бірі— дипломатия болып табылады. Дипломатия— сыртқы қатынасты қамтамасыз ететін және шетелде мемлекеттің құқы мен мүддесін қорғау жөніндегі мемлекет, өкімет басшыларының және сыртқы қатынасқа түсетін мекемелердің ресми әрекеті. Шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынас жасау сыртқы саясатты жүзеге асырудың дәстүрлі түрі болып табылады. Сондай-ақ дүниежүзілік және аймақтық халықаралық ұйымдарда өкілеттілік ашу немесе олардың құрамына ену, шетелдік саяси партиялармен достық қарым-қатынаста болу, дипломатиялық қатынастарға түспеген елдермен де эпизоттық байланыстар жасау арқылы да сыртқы саясат жүргізіліп отырады.

Сыртқы саяси байланыстар - экономикалық сауда, ғылыми-техникалық, финанс-несие және мәдени қарым-қатынастар жасау арқылы да іске асырылады.


83. «Қазақстан-2050 бағдарламасын іске асыруда «Нұр Отан. Болашақ жолында» ХДП Стратегиясы.

Құжат «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру да билік партиясының XXI ғасырдағы рөлін, көзқарасы мен орнын қамтамасыз ететін жүйеленген іргелі бағдарлама. Осы мақсатта партия өз қызметін басты жеті бағытқа шоғырландырып үлгерді. Доктринаны дайындау бойынша мәжілістерге партия Саяси кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары мен көрнекті қоғам қайраткерлері қатысты. «Партия конституциясы» деп айдар таққан көптеген сарапшылар ойларына сай, аталған құжаттың келешегі осы азаматтар қолында болды. Еліміздің жарқын болашағы бейнеленетін бағдарламада қазақстандық қоғамның төмендегі негізгі бағыттарына басымдық берілді: еңбек ету құқығы, ынтымақтастық, отбасы құндылықтары және т.б. Доктрина Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттарды жүзеге асыруда қазақстандықтарды жұмылдыратындығына күмән жоқ. Сондықтан жаңа тұжырымдаманың негізгі қағидалары философиялық-дүниетанымдық саяси құжат екендігін танытып отыр. Жаңа құжатта жаңа қазақстандық патриотизм бағыттарына басым назар аударылған. Бұл – аса маңызды мәселе. Өйткені, жаһандану дәуірінде ұлттық-мәдени құндылықтардың әлсіреу қаупі бар кезде және жаһандық құндылықтар салмағы артып тұрған тұста патриотизм белгілерін пысықтау қажет екені анық. Қазіргі қоғамда орын алып жатқан трансформациялық үдерістер патриотизм мен оның мазмұнына өзгерістер енгізгендігін баршамыз білеміз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизм – көпұлтты және көпконфессиялы қоғам табысының негізі екендігін атап көрсеткен болатын. Бұл бағыттағы басты мақсат қоғамдық келісімді сақтау және нығайту болып табылғандықтан, мемлекет, қоғам, ұлт ретіндегі өмір сүрудің айнымас шарттарын үнемі дамытып отыруға тиіспіз. Жалпы, патриотты тәрбиелеу – отбасы, ұжым, мектеп, қоғамдық ұйымдар секілді әлеуметтік ортаның нысандарының объективті факторларының ықпалы мен индивидтің рухани-тәжірибелік қызметінің субъективті шарттарында орын алатын әлеуметтік үдеріс. Патриотизмге тәрбиелеу жұмысы – мемлекеттілікті бекітудің және еліміздің қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі. Сондықтан Елбасы Жолдауындағы басымдықтар еліміз үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен өсіп-өркендеудің «алтын ғасыры» кезеңінде көздеген мақсаттарға міндетті түрде жеткізетіндігіне және жаңа Доктрина стратегиямен қатар 2050 жылға дейінгі даму идеологиясы болатынына Қазақстан халқы үлкен сенім артады.



84. Тәуелсіздік жылдары қарсаңындағы Бұқаралық ақпарат құралдары. Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдары төртінші билік болып табылады.Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігі адам бостандығының маңызды алғы шарты болып табылады,яғни қоғам мен мемлекеттегі жоғарғы құндылық.Себебі,бұқаралық ақпарат еркіндігінсіз,яғни сөз еркіндігісіз азаматтық қоғамды елестету мүмкін емес.Демек,тәуелсіз қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі мен оның демократия үшін маңыздылығын зерделеуге тиіспіз.Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты –елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және кедергісіз ақпарат беру.Сөзсіз,қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының болуы және оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі. Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының халық пен үкіметтің арасындағы байланысты ұйымдастырушы.Екіншіден,баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып отыруы.Осы арқылы заң шығарушы,атқарушы және сот биліктеріндегі өзара құбылмалық жөнінде халықты хабар етеді.Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің негізінде болып өткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі тәжірибелі түсінік алынады. Және де бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі,төртінші билік-бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті,оны ешкім ештеңемен ауыстыра алмайды,-деуімізге болады және де арнаулы мемлекеттік мәртебе рөлі болмаса да, баспасөз қоғамдық пікір туғызып,қалыптастыратын ықпалы бар,халық пен билік арасындағы ерекше байланысқа ие бірден-бір әлеуметтік институтқа тән зор күші бар құрал болып табылады.Мемлекет өзінің ұлттық қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен ақпараттық са­ланың іргесін мығымдап алғаны дұрыс. ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары. БАҚ-тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет дамуындағы орыны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, жекелеген ғылыми-сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті. Солардың бәрінде ең әуелі белгілі ақпарат көзі арқылы жалпыға таратылатын ойдың еркіндігі жайлы қазып айтылады.



85. Қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңы. Саяси партиялардың дамуы және қазіргі кездегі партиялық жүйесі.

ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін елде көппартиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал – демократиялық партиясы (1990 ж. 26 мамыр) , Қаз-ң социалистік парт-ы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қаз – н Халық конгресі парт-ы (1991 ж. 5 қазан), «Азат» партиясы (1991ж 4 қыркүйек) бұл партия 1999 ж 29 мамырда «Алаш» болып өзгертілді, Қаз-н Коммунистік парт – (1991 ж қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы(1993 ж 6 ақпан). 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған «саяси партиялар туралы» жаңа заңда саяси партиялардың құқтық негіздері, олардың құқықтары мен міндеттері қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемлекеттік органдарымен және басқа ұйымдармен қатынастары реттелді. 2002 ж елімізде 16 партия тіркелді.

«Саяси партиялар туралы» заңға 2002 жылы өзгертулер енгізілуіне байланысты, 2003 ж қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Республикалық «Отан» саяси партиясы, Қазақстан социал – демократиялық «ауыл» партиясы қайта тіркеуден өтті.

Қазақстандағы саяси партиялармен қоғамдық бірлестіктер әлеуметтік әділдік, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық және азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Саяси партиялардың көпшілігі Республика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналды.


86. «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы» туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы: құрылымы, міндеттері және ұйымдастыру жұмыстары.


Ассамблеяның негізгі міндеттері


- этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

- қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

- азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;

Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Ассамблея құрылымы

Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.

Ассамблея Сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның еткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады жене оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі.

Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.

Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.

Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.



87. Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем. XХI ғасыр» атты манифесінің негізгі бағыттары. Соғысқа және ядролық қару мен терроризмге қарсы шаралары.

Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.

ХХІ ғасырға аяқ басқан адам баласы қиялдың өзін таңқалдыратын ғылыми жаңалықтар ашып, жаңа буын технологияларын жасап жатыр. Адамзат өз дамуының сапалы жаңа сатысына өтуде. Әлем Төртінші өнеркәсіп төңкерісінің табалдырығында тұр. Көптеген қорқынышты аурулардың тамырына балта шабылуда. Бірақ соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр.

Халықаралық терроризм қаһарлы сипатқа ие болды. Ол жекелеген елдердегі бірлі-жарым актілерден Еуропа, Азия және Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы – осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда. Экономикалық санкциялар мен сауда-саттық майданы да қалыпты құбылыс болып отыр.

Менің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесім ХХІ ғасырда өмір сүретін және жұмыс істейтін өскелең ұрпақтың тағдырына шынайы алаңдаушылықтан туындап отыр. Біздер, мемлекет басшылары мен саясаткерлер, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілік арқалап отырмыз. Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясаткер ретінде, Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайрылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ.



88. ҚР-ның әлемдік қауымдастықтағы орны, сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуы.

Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді.Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына – Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Нәтижесінде Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Мысалы, 1992-1995 жж. халықаралық қаржы институтының Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды. Қазақстанға тікелей инвестиция берушілердің тізімінің басында АҚШ орналасқан, одан кейін Ұлыбритания, Италия, Канада, Нидерланды, Германия, ал Азия аймағынан Қытай, Жапония, Индонезия және Оңтүстік Корея бар. Қазақстан АҚШ-пен экономикалық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Американдық “Шеврон” компаниясымен Теңіз мұнай көздерін игеру жөніндегі ірі шартқа қол қойылды. Қазіргі кезде АҚШ Қазақстанның ең маңызды экономикалық әріптестерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде 350-ден астам Қазақстан-Американ бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді, сондай-ақ 100-ден астам американ компанияларының өкілдіктері тіркелген. Қазақстан экономикасының дамуында сыртқы сауданың маңызы зор. Егемендік алған жылдардан бері Қазақстан дүние жүзінің 180-нен астам елімен сауда қатынасын орнатты. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.



89. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы 2004 жылғы заңы. «НұрОтан» Жастар қанатының қызметі.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты

саласындағы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, міндеттері және қағидаттары

1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім алып, кәсіптік және тәни дамуы, сәтті әлеуметтенуі үшін жағдайлар жасау және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау болып табылады.


2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясатының мiндеттерi:


1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету;


2) саламатты өмір салтын қалыптастыру;


3) жастардың құқықтық мәдениетін жоғарылату;


4) жастарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлар жасау;


5) жастарға және жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;


6) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;


7) жастардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін ашу;


8) мемлекеттік жастар саясатын ғылыми-зерттеу тұрғысынан қамтамасыз ету және оның нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;


9) халықаралық байланыстарды және жастар кәсіпкерлігін дамыту болып табылады.

90. Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде Қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуы туралы көзқарастарының қалыптасуы.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!