Информатика кеше, бүгін, ертең
Сабақтың тақырыбы: Информатика, кеше, бүгін, ертең
Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
қазақ тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату;
Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, компьютер,
Қатысушылар: 8,9,10 сынып оқушылары.
Әділқазылар мүшелерін сайлап алайық.
Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ – қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика кеше, бүгін, ертең» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа әр топтан 6 оқушы қатысады.
Жоспар:
I. Таныстыру
II. Кім жылдам
III. Адасқан әріптер
IV. Ең көп кім жазады
V. Кім жүйрік
VI. Жұмбақ шешу
VI I. Оратор
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Информатика кеше, бүгін, ертең» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Информатика кеше, бүгін, ертең» атты сайысымызға қатысушыларды қошеметтейік. 1-кезең: Әр топ өздерін таныстырып өтеді.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Кім жылдам» деп аталатын
2 кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, болу керек. Әр топқа 8сұрақтан береді, жауап бермесе келесі топқа жауап беруге рұқсат. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
I топ.
1. Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы (Пернетақта)
2. Өшірілген құжаттар қайда сақталады (Қоқыс жәшігі)
3. Бас әріпті жазу үшін қандай пернені басу керек (Shift)
4. Компьютердің алдына қандай өсімдікті қою қажет (Кактус)
5. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?(жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан)
6. Шығару құрылғыларын атаңыз?(принтер - басып шығарғыш)
7. Тышқанның түрлері қандай?(екі батырмалы, үш батырмалы)
8. Компьютердің миы деп нені айтады?(жүйелік блок)
II топ.
1. Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады? (2)
2. Интернетке қосылуға арналған құрылғы (Модем )
3. Word Pad бағдарламасында келесі жолға өту үшін қай пернені басу керек? ( Ентер)
4. Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады? (Колонка)
5. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)
6. Дыбыс шығару құрылғысы? (колонка)
7. Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз? (пуск - все программы - стандартные - paint)
8. ДК неше бөліктен тұрады? (7 бөліктен
Мұғалім:
Ең қиынын жарыстың
Жеңіп алда жарыссың - деп 3 – кезең. «Адасқан әріптер»
Монитор --------- Торнимо
Компьютер -------- Пьютерком
Тышқан ------------ Қантыш
Колонка ---------- Каколон
Интернет --------- Тенинтер
Сурет --------- Терус
Бояу -------- Уяоб
Наушник --------- Никнауш
Мұғалім:
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға - деп 4 - кезең. «Ең көп кім жазады»
Әр топ ұзын сөзден информатикаға байланысты терминдерді жазып шығады, әріптер қайталануы мүмкін. Уақыты 1 минут. «Фывапролджэюбьтимсчяйцукенгшщзхъ»
Жүргізуші:
Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік, - дей келе
“ Кім жүйрік” атты 5 кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде екі топқа алгоритмдер беріледі дұрыс жауапқа 1 ұпай.
1-топқа:
А «электричество»-13
«трек»- А(5;2)+А(3;2)
«электрик»-А(1;7)+А(4;1)
«лектор»-А(2;4)+А(13;1)+А(6:1)
«творчество»- А(11;3)+А(6;1)+А(8;6)
2-топқа:
А «канатоходец»-11
«находка»-А(3;2)+А(7;3)+А(1;2)
«деканат»-А(9;2)+А(1;5)
«охота»-А(6;3)+А(5;1)+А(2;1)
«конец»-А(1:1)+А(6;1)+А(3;2)+А(10;2)
Мұғалім:
Көңілді ойын жасайық
Жұмбақ шеруін шашайық
Мұнда қызық табылар
Қиын жұмбақ бәрі бар
Бүгінгі кеште біз бастайық,
Сайыста көңілмен қол соғайық – деп 6 - кезең. «Жұмбақ шешу»
Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.
1 - топ
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)
2. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі - пробел - blank)
3. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)
2 - топ
4. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)
5. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)
6. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)
Келесі кезең топ басшылар арасында ораторлық қабілеттерін білетін боламыз. Оратор сайысы әр топ басшысына тақырып беремін олар оны 1 минутта қорғап шығу керек. «Компьютердің пайдасы мен зияны»
Көрермендермен ойын:
Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын... (тышқан)
Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)
Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған....(монитор)
Егер білсең, айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді....(сканер)
Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның балалары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ.
Ұзын саны жүз жеті...(пернетақта)
Бұтақ орнында мың бір инесі
Компьютер жаны мекені...(кактус)
Қорытынды: Әділқаазыларға сөз беріледі.
Мұғалім:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет!
Шын сезінген көрермендерге,
Мың рахмет, мың рахмет!