Информатика мейрамханасы
Сабақтың тақырыбы: Информатика мейрамханасы
Мақсаты: Пәнге деген оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру, шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, құрметтеуге тәрбиелеу.
Даяшылар:
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Информатика мейрамханасы » атты кешімізге қош келдіңіздер! Бүгін біздің мейрамханамызға 3ауылдың қонақтары келіп отыр. Біздің мейрамханамыздың бір ерекшелігі бар. Біздің есігіміз қалталы бай азаматтарға емес, білімді, парасатты азаматтарға айқара ашық, бізде «ақша» ұғымы «білім » ұғымымен алмастырылған. Яғни кім білімді сол ғана тәтті дәмділерден, түрлі тағамдардан дәм тата алады.
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
Таныстыру. Үш топ өздерін таныстырады. 3 мин. 10 балл.
1 топ аты – «Принтер »
2 топ аты – «Компьютер»
3 топ аты – «Монитор»
(топтың эмблемасын, атауының мағынасын таныстырады)
Даяшылар барлық топқа бауырсақ апарады.
Сұрақ – жауап.
Құштарлықтың толғағы мен көктемі – деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін информатика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларымызға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсыңдар демекпін. Ал, жас қырандар енді ІІ-турымызды бастаймыз.
Әр топқа он сұрақтан беріледі.1- сұраққа 1 бал. Жауап берілмеген сұраққа басқа топтың жауап беру мүмкіндігі бар. Ең көп бал жинаған топқа тәтті әрі дәмді тамақ апарылады.
Принтер тобының сұрақтары
| № | Сұрақтар | Жауаптар |
| 1 | Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақ | тапсырмалар тақтасы |
| 2 | Windows сөзінің қазақша аудармасы | терезе |
| 3 | Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ | терезе |
| 4 | ДК деген не | Дербес компьютер |
| 5 | Жою пернесі | Delete |
| 6 | Компьютерден өшірілген құжаттар сақталады | корзина |
| 7 | Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне | Delete |
| 8 | Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі | Бит |
| 9 | Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? | есептеу |
| 10 | Сурет салуға арналған бағдарлама | Paint |
Компьютер тобының сұрақтары.
| № | Сұрақтар | жауапттары |
| 1 | 1 байт неше биттен тұрады? | 8 |
| 2 | Ақпараттық процестер? | сақтау, алмасу, өңдеу |
| 3 | Ақпаратты графикалық түрде ДК енгізетін құрылғы | Сканер |
| 4 | Компьютердің ең негізгі құрылғылары? | жүйелік блок, пернетақта, монитор |
| 5 | Байттардың әлдебір атты бар тізбегі | Файл |
| 6 | Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі | CapsLock |
| 7 | Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы | принтер |
| 8 | Буманың неше түрі бр | 2 түрі бар |
| 9 | Компьютер мен карзина буманың қай түріне жатады | жүйелік бумаға |
| 10 | Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым | информатика |
Монитор тобының сұрақтары
| № | Сұрақтар | Жауаптар |
| 1 | Монитор, жүйелік блок, пернетақта компьютердің қандай құрылғылары? | негізгі |
| 2 | Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы | монитор |
| 3 | Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым | информатика |
| 4 | Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы | компьютер |
| 5 | Екілік жүйенің сандары | 0,1 |
| 6 | Дүние жүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасы | интернет |
| 7 | Компьютердің ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғысы | оперативті жады |
| 8 | Компьютердің жұмысын басқаратын ең басты программасы | Опенрациялық жүйе |
| 9 | Алғашқы автоматты есептеуіш техниканың авторы | Чарлз Бэббидж |
| 10 | Компьютердің “миы” | процессор |
3.Үй тапсырмасы. Ақындыққа әркімнің бар таласы… ( Информатика ғылымы жайында өлең шығару)
Ең жақсы ұйқасты, мағынасы ашылған өлең шығарған топқа салат апарылады.
«Кім жылдам?» Әр топтан 4 оқушы қораптарымен шықсын. Сіздерге берілетін тапсырма қойылған сұраққа жауапты өз қораптарыңыздағы әріптерден көрсетесіздер. Бұл сайыста сіздер өздеріңіздің білімдеріңізбен бірге ұжымшылдықтарыңызды көрсетесіздер.Ал, іске сәт! Ал ең үздік болған топқа дәмді жеміс –жидек апарылады.
Принтер тобына тапсырма
А, К, И, Д, Е, М, Т, С, О, М, Н, Р.
1. интернетке қосылу үшін қажет құрылғы (модем)
2 .электронды тасымалдаушы (диск)
3 .енгізу құрылғысы (сканер)
4 .қырғыз ақшасы (сом)
5 .физика заңдарының бірі (ом)
6 .өтірік сөзінің антонимі (рас)
7 .бейнесіз хабар таратушы (радио)
8 .жеті қазынаның бірі (ит)
9.белгілі бір ғылым саласында қолданылатын сөздер (термин)
10. адамның арқауы не (ас)
Компьютер тобының тапсырмасы
Л, С, Р, К, О, П, У, Д, Е, Е, Б, А
1 .белгілі бір ақпарат (дерек)
2. жүйелік блоктың сыртқы қорабы ( корпус)
3 .жеке адамның компьютері қандай компьютер (дербес)
4. біз бағдарламаны неден бастаймыз (пуск)
5. электронды тасымалдаушы дисктің түрі (сд)
6. тіршіліктің көзі не (су)
7. жоқтың антонимі (бар)
8. оқытушылардың тақтаға жазатын қаламы (бор )
9. араның тамағы (бал)
10. заң жинағы неден тұрады (бап)
Монитор тобының тапсырмасы
З, Н, А, Т, Ы, Ш, Қ , О, Ж, Д, Б, А
1. басқару тетігі (тышқан)
2. ежелгі римде ойлап табылған алғашқы есептеу құрылғысы (абак)
3. жүйелік блоктың ішінде орналасқан аналық, желілік, дыбыстық, бейнелік не (тақша)
4. есте сақтау құрылғысы (жад)
5 .17 ғасырда ойлап табылған алғашқы есептеу құрылғысы (шот)
6 .бардың антонимі жоқ
7. біздің қажеттіліктеріміздің бірі (ақша)
8 .үлкендерден алатын ақ тілек (бата)
9. до ре ми фа сол ля си до (нота)
10. Ең аяулы жан (ана)
Осымен біздің сайысымыз да өз мәресіне жетті. Топтардың бағасын беретін әділ – қазыларымызға сөз береміз. Дастарханында тамағы мол, тәттісі көп топ «Білімді қонақтар» номинациясымен марапатталады. Сау болыңыздар, информатиканың келесі кешінде кездескенше!