СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 18.07.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Информатика пәнінен ашық сабақ тақырыбы: Үздік информатиктер! интеллектуалды сайыс

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка  открытого урока по предмету информатика  для учащихся 5-го класса.

Просмотр содержимого документа
«Информатика пәнінен ашық сабақ тақырыбы: Үздік информатиктер! интеллектуалды сайыс»




Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Шұбар орта мектебі








интеллектуалды сайысы








Информатика пәнінің мұғалімі: А.Мусаева

Сынып: 5«а»














2015-2016 оқу жылы





Пәні: Информатика Сыныбы: 5 «А Күні: 08.02.2016


Сабақтың тақырыбы: «ҮЗДІК ИНФОРМАТИКТЕР – 2016!» интеллектуалды сайысы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушыларға XXI - ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету. Информатика пәніне деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

2.Дамытушылық:Оқушылардың білімін жетілдіре отырып, логикалық ойлау қабілеттерін, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту.

3.Тәрбиелік: Әрбір оқушыны тиянақтылыққа, өзіне-өзі талап қоя білуге баулу.Сабақта қауіпсіздік техникасын орындату.

Сабақтың түрі: Сабақтан тыс сайыс сабағы

Сабақтың түрі: сұрақ-жауап,практикум,өз бетінше жұмыс,топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд, таратпа материал, компьютер.

Өтілу барысы:

I.Ұйымдастырушылық кезең

  • Сәлемдесу

  • Түгендеу

  • Оқушыларды сайысқа шақыру

II. Сайысты өткізу бағдарламасымен таныстыру

  • Әділқазылар алқасымен таныстыру

  • Сайысты өткізу

  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы

  • Марапаттау

Жоспары :

І кезең: «Таныстыру» сайысы (Топтың таныстыруы)

ІІ кезең: «Құпия жәшік» сайысы (топтық сұрақ – жауап)

ІІІ кезең: «Венгр» сөзжұмбағы

ІV кезең: «Қызықты лото» ойыны

V кезең: «Кім жылдам» сайысы

VІ кезең: «Үздік оператор» топбасшылар сайысы

VІІ кезең: «Сәйкесін тап!» сайысы

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Сіздермен бірлесе отырып 5 – сыныптар аралығында өткізгелі отырған «Үздік информатик - 2016» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Осындай екпінді ду қол шапалақпен сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысымызға әділ төрелігін береді деген үмітпен шақырылған  әділ-қазыларды таныстырайын.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Маржан Абуғалиқызы

Әдістемелік бірлестік жетекшісі : Қарлығаш Жандарбекқызы

География пәнінің мұғалімі: Бақытгүл Илеубайқызы

Тойлатып, додаласып, өлеңдесіп,

Достарым отырсың ба елеңдесіп.

Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,

Алайық біз әуелі сәлемдесіп-дей отырып сайысымыздың 1-ші кезеңі «Таныстыру» сайысын бастаймыз.Сайыскерлер өздерін таныстырады. (2-3 минут уақыт беріледі).

1-ші топ Алғырлар тобы 2-ші топ Тапқырлар тобы

Ендеше сайысқа қатысушы топтар өздерін таныстырып өтсе:

1. Топтарды таныстыру:

1- топ : «Алғырлар» Ұрандары: Алғырлар алға. Қарсыластан қалма
Батылдыққа баста.Жарыстардан қашпа!

2- топ: « Тапқырлар» Ұрандары: Біз тапқырлар тобымыз.Ойланамыз, табамыз
Жеңіске біз талпынамыз.

ІІ кезең: «Құпия жәшік» сайысы. Бұл бөлімде сайыскерлерге жәшіктерде жасырылған сұрақ қойылады.Әрбір дұрыс жауапқа таңдаған ұяшық ұпай беріледі.

  • ...- бұл ақпаратты алу,жинақтау, сақтау,түрлендіру,жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым (Информатика)

  • 1 байт нешеге тең? (1байт=8 бит)

  • Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)



  • Көзден экранға дейінгі арақашықтық неше сантиметрден кем болмауы керек? (55-65 см)

  • Компьютердің неше түрі бар? Атап шық. (4 түрі бар: суперкомпьютерлер,үлкен компьютерлер,сервелер,дербес компьютерлер.)

  • Дербес компьютердің түрлерін атаңдар? (үстел үсті компьютері, алып жүретін компьютер, алақан компьютері)

  • Дербес компьютер неше бөліктен тұрады және анықтамасын беріңдер? (3 бөліктен тұрады: монитор-ақпаратты шығару құрылғысы, пернетақта-ақпаратты енгізу құрылғысы, жүйелік блок-ақпаратты өндеу және сақтау құрылғысы.)

  • F1-F12 пернелердің пернетақта бөлігін атаңдар. (функционалдық пернелер)

  • Ақпарат тасығыштарды атаңдар. (қатты диск-винчестер, жұмсақ диск-дискета, лазерлік дискілер-CD,DVD, флеш-жады)

ІІІ кезең: «Венгр» сөзжұмбағы деп аталады. Ұсынылып отырған сөзжұмбақтан информатикаға байланысты сөздерді табу керек.

Ф

А

Ю

П

Р

И

Н

Т

Е

Р

Н

Ө

Л

Ъ

С

К

А

Н

Е

Р

Ғ

А

Ы

К

Е

Х

Ц

О

М

О

Н

И

Т

О

Р

Г

Ш

Ы

П

Е

Р

Н

Е

Т

А

Қ

Т

А

К

С

Е

Р

Ы

Э

Т

Ы

Ш

Қ

А

Н

А

Я

Д

И

С

К

Е

У

І

Ұ

Ң

Ө

ІV кезең: «Қызықты лото» ойыны деп аталады. Ұсынылып отырған ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беру .

Білімнің ұшқырлығы ғылым деген ,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен

Уакыт деген зымырап, зулап жатыр

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

V кезең: «Кім жылдам?» сайысын бастайық. Бұл бөлімде барлық командаға жұмбақ жасырылады. Әрбір дұрыс жауап берілген жұмбаққа 5 ұпайдан.

1. Графикалық ақпаратты енгізу құрылғысын көрсет-сканер

2. Дыбыстық ақпаратты енгізу құрылғысын көрсет-микрофон

3. Ақпаратты сақтау құрылғысын көрсет-лазерлі диск

4. Дыбыстық ақпаратты шығару құрылғысын көрсет-дыбыстық колонкалар

5. Сыртқы жад құрылғысын көрсет-флешка

6. Ақпаратты шығару құрылғысын көрсет-принтер

Сергіту сәті

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жасаңыз. Соншалықты айналым солға қарай жасаңыз.



Үлестірме қима қағазбен жұмыс


VІ кезең: «Үздік оператор» топ басшылар сайысы. Бұл кезеңде әр топтың топ басшыларына тапсырма беріледі. Ең жоғарғы ұпай -10.

«Алғылар» тобының топ басшысына арналған тапсырма


МӘТІННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Мәтіндік редакторлар жұмыс жасайтын деректер-мәтіндік ақпарат, оның кішкентай бірлігі символ болып табылады. Сөз – бір-бірінен тыныс белгілерімен немесе бос орындармен ажыратылып жазылған символдар тізбегі.

Тапсырма:

  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Мәтіннің атын 14 өлшемімен ортаға жуан көк түсті әріппен және курсивпен ерекшелеңдер.

  3. Мәтіннің негізгі бөлігінде әріптің мөлшері-12.

  4. Мәтінді Мәтіннің құрылымы деп сақтаңдар.



«Тапқырлар » тобының топ басшысына арналған тапсырма


МӘТІНДІК РЕДАКТОР

Мәтіндік редактор – мәтіндік құжаттарды құруға, оларды өзгертуге, мәтінді пішімдеуге, құжаттарды басып шығаруға мүмкіндік беретін қолданбалы программа. Компьютер үшін мәтін – ол символдардың кез келген жиыны деп айтуға болады.

Тапсырма:

  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Мәтіннің атын 14 өлшемімен ортаға жуан қызыл түсті әріппен және курсивпен ерекшелеңдер.

  3. Мәтіннің негізгі бөлігінде әріптің мөлшері-12.

  4. Мәтінді Мәтіндік редактор деп сақтаңдар.




Жұмбақтар шешу



Ұзынтұра жалқаубек, тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан, ешбір белгі қалмайды. /бос орын немесе пробел/



Пернелік деген атаның,

Немерелері алғашқы.

12 ағайынды, есімдері Ғ /эф/ әрпімен басталады.

Бұл қандай пернелер? / функционалдық пернелер/



Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені. /кактус/



Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады? /принтер/









VІІ кезең: «Сәйкесін тап» сайысы.Бұл кезеңде топтар сәйкестендіру кестесін толтыру.

Бағалау.

Екі топтың топ басшылары оқушыларды бағалайды

Рефлексия.

Бүгінгі сабақ туралы оқушылар ойларын стикерге түсіреді: Не білдім? Нені үйрендім? Тағы не білгім келеді?

Үйге тапсырма: қайталау

Марапаттау :

Әділқазылар қорытынды шығарады.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Білім мен тапқырлықты көрсеткен

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты –деп әділқазыларға алқасына береміз. Жеңімпаздарды құттықтау, марапаттау.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!