Просмотр содержимого документа
«Инфоурок о доу ясли сад»
«Көліктің арнаулы түрлерімен танысу»
Өткізген: Жусамбаева Қ.М.
Өткізі мерзімі: 03.11.2017ж.
Мақсаты: Балалардың көлік туралы түсініктерін қалыптастыру: автобус, маршруттық такси,жүк машина мен жеңіл автомобиль. Көлік ішіндегі мінез-құлық ережелері туралы білім беру. Міндеттері:
БМ: Балалардың көлік туралы түсініктерін қалыптастыру: автобус, маршруттық такси,жүк машина мен жеңіл автомобиль. Көлік ішіндегі мінез-құлық ережелері туралы білім беру;
ДМ: Зейіндерін, тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту;
ТМ: Жауапкершілікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Көліктердің суреттері.
Сөздік жұмыс: Көлік, ереже, жүк.
Қостілділік компонент: Жүк-груз.
Сабақтын барысы:
Ұйымдастыу кезеңі.
Жұмбақты шешу..
Екі көзі бар,
Төрт дөңгелегі.
Алысқа асықсан,
Тез жеткізіп салады.
Бұл не? (Машина)
-Машина –ол көлік.
Сабақтың негізгі бөлігі. Тақтадағы суреттерге назар аудартады.
-Мұнда қандай көліктер бейнеленген? (суреттегі көліктерді айтады).
Дұрыс. Машиналар жеңіл және жүк машина деп бөлінеді. Жеңіл машиналар адамды тасиды, ал жүк машина әр түрлі жүктерді: құмды, кірпіштерді, көмірді тасиды.
-Балалр, автобус не үшін керек? (балалрдың жауаптары).
-Автобус адамдарды алыс жерге, қалалның шетіне, жұмысқа апару үшін керек.автобустардан баска адамдар тағы қандай көлікпен жүреді? (балалрдың жауаптары).
-Адамдар маршруттық таксимен жүреді (суретін көрсету).
-Автобус пен маршруттық таксиды салыстырсақ, қайсысына көп адам сияды? Неге? (Өйткені автобус үлкен,такси кішкентай).
Сергіту сәті:
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым,
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп.
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
-Балалар, автобустың ішіне отырғанда өзімізді қалай ұстауымыз керек? (балалардың жауаптары).
-Көліктің ішінде айғайлауға, жүгіруге, секіруге болмайды. Өйткені,сенен басқа көліктің ішінде тағы адамдар бар. Сен оларға бөгет жасайсын,және
терезеден басыңды, қолдарынды шығаруға болмайды.
Рефлексия.
-Балалар, бүгін біз не туралы әңгімеледік?
-Суретте қандай көліктер бейнеленген?
-Автобус пен маршруттық такси не үшін керек?
-Көліктің ішінде өіңді қалай ұстау керек?
(Балалардың жауаптары)