СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстанның білім беру жүйесіне ендігі ретте тек дені сау балаларға ғана емес, сонымен қатар әр түрлі әлеуметтік факторларды, әлеуметтену ерекшеліктерімен есепке ала отырып, дамуында түрлі ауытқулары бар балаларға да білім беріп, тәрбиелейтін жоғары білікті мектеп мұғалімдері ауадай қажет. Бұл мәселенің маңыздылығы сонша, бұл туралы халықаралық және отандық құқықтық құжаттарда ашық та айқын анықталған. «Дүниежүзілік мүгедектік туралы баяндамада» инклюзивті білім беруді дамытуда жалпы білім беретін педагогтің арнайы даярлығы шешуші мәнге ие екендігі айтылған [2]. Аталған құжатта: «Мемлекеттік жалпы мектеп мұғалімдерінің арнайы оқытылуы олардың сенімділігін нығайтып, мүгедек балаларды оқыту дағдыларын жақсартуы мүмкін. Инклюзия қағидалары мұғалімдерді дайындау бағдарламаларына ендірілуі және мұғалімдерге инклюзивті білім беру саласында кәсіби білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін басқа да бастамалармен қосылуы керек»,-деп көрсетілген.

Просмотр содержимого документа
«Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлау»

«SCIENCE FOUNDATIONS OF MODERN SCIENCE AND PRACTICE»


Педагогические науки


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУҒА ДАЯРЛАУ


п.ғ.к., профессор Асенова Назымгул Сабыровна

Павлодар Педагогикалық Университеті

[email protected]


Каршиева Гулдона Кахрамонкизи

Павлодар Педагогикалық Университетінің магистранты

dana_24_08@mail.ru


Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық-коммуникацилық технологияларды қолдануға даярлау мәселесінің қазіргі жәйі еліміздегі білім беруді реформалау жағдайында туындап жатқан әлеуметтік-педагогикалық үдерістерді түсінетін жаңа тұжырымдамалық ойлау жүйесі бар педагогтерді дайындау қажеттілігін жоғары оқу орындары да дер кезінде түсініп, туындаған мәселені шешуге жан-жақты кірісіп жатқаны белгілі.

Инклюзивті білім беру саласындағы тәжірибе мен зерттеулерді жинақтап талдау,қоғамның мүгедек балаларды қалыпты дамып жатқан қатарластарымен бірге оқытуға деген оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.Оқу орындарының өздеріне де маңызды табыс өлшемдерінің бірі болып табылады.[1].

Қазақстанның білім беру жүйесіне ендігі ретте тек дені сау балаларға ғана емес, сонымен қатар әр түрлі әлеуметтік факторларды, әлеуметтену ерекшеліктерімен есепке ала отырып, дамуында түрлі ауытқулары бар балаларға да білім беріп, тәрбиелейтін жоғары білікті мектеп мұғалімдері ауадай қажет. Бұл мәселенің маңыздылығы сонша, бұл туралы халықаралық және отандық құқықтық құжаттарда ашық та айқын анықталған. «Дүниежүзілік мүгедектік туралы баяндамада» инклюзивті білім беруді дамытуда жалпы білім беретін педагогтің арнайы даярлығы шешуші мәнге ие екендігі айтылған [2]. Аталған құжатта: «Мемлекеттік жалпы мектеп мұғалімдерінің арнайы оқытылуы олардың сенімділігін нығайтып, мүгедек балаларды оқыту дағдыларын жақсартуы мүмкін. Инклюзия қағидалары мұғалімдерді дайындау бағдарламаларына ендірілуі және мұғалімдерге инклюзивті білім беру саласында кәсіби білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін басқа да бастамалармен қосылуы керек»,-деп көрсетілген.

Біздің еліміздегі білім беру саясатының өзекті мәселелеріне: кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту мен жетілдіру, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның маңыздылығын арттыру және қазіргі заман текникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу тағы басқа мәселелер енеді. [3]

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «…ерекше білім беру қажеттіліктері (мұқтаждықтар) – дене бітімінде және ақыл-есінде кемсітігі бар балаларды қоса алғанда, білім алуда қандай да бір себептермен тұрақты немесе уақытша қиындықтарға тап болатын балалардың қажеттіліктері», -делінсе, «инклюзивті білім беру – білім беру бағдарламаларына сәйкес басқа да санаттардағы білім алушылырдың тең қолжетімділігін көздейтін даму мүмкіндіктері шектеулі адамдарды бірге оқыту мен тәрбиелеу, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдау»,-деп көрсетілген болатын.

Дамуында ерекшелігі бар балалардың білім алу бағдарламасының тиімділігі адамның жасы мен денсаулығындағы қиындықтардың бастапқы нүктесін анықтаудан басталады.

Қазақстан Республикасының 2016-2021жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың мемлекттік бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда.[4].

Бүгінге дейін орта білім беру ұйымдарындағы балалардың 32 пайызы инклюзивті оқытумен қамтылған. Бұл мекемелерде арнайы жағдайлар жасалып, мүмкіндігі шектулі 25 985 бала (28 пайызы) дені сау қатарластарымен тең дәрежеде білім алуда. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетуге арналған нормативтік-құқықтық құжаттарды талдау барысында олардың инклюзивті білім беруді дамытудың негізін қалаған құқықтық реформалар болып табылатыны анықталды. Дүние жүзіне белгілі арнайы мекемелерде әлемге танымал инклюзивті білім беру формалары қолданылып келеді. Ондай білім беру формалары әрбір жекелеген баланың өзінің тұрғылықты мекен-жайында білім алуына мүмкіндік туғызады.

Инклюзивті оқыту мәселесімен бірге дербес оқу мүмкіндіктері бар балалар туралы мәселеде бір қатарда қарастырылады. Дербес оқу мүмкіндіктері бар балалар жөнінде оқушының дербес мүмкіндіктері дегеніміз- бұл нақты бір адамды басқалардан құрылымдық ерекшеліктері, миының функционалдық ассиметриясының ерекшеліктері және тағы басқа белгілері бойынша ажырататын психофизиологиялық сипаттама екені көрсетілген. Оқушының психофизиологиялық сипаттамасының өзгешелігі – оның дербес мүмкіндіктері деп танылған.

Қорыта келгенде, инклюзивті білім берудің негізгі басты мәселелерін анықтадық олар мынадай:

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлаудың теориялық негіздері айқындалып, жүргізілген тәжірибелік-эксперименттің нәтижелері төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. «Инклюзия» ұғымының, инклюзивті білім беру жүйесінің, инклюзивті білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолданудың аса маңыздылығы қазақстандық білім беру саласында әлі де кең аяда және жан-жақты зерттелуі керектігі анықталды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуындағы әлеуметтік орта мен оның функциялары анықталды.

Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану даярлығының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері анықталып, ғалымдардың еңбектерін, педагогтердің озық тәжірибелерін талдау барысында дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу мен оларға білім беру ісін әлеуметтік мәселе тұрғысынан қарастырылу керектігі анықталды.

Осындай талдау негізінде инклюзивті білім беру саласында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану құзыреттілігі, оның деңгейі, сипаттамасы анықталды.





Әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.Ә. Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру // Егеменді

Қазақстан газеті –Алматы, 2017. - №10(78). - Б. 1-2.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.ҚР білім беруді

дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы: 2010

жылғы 7 желтоқсан№1118// www.nkaoko.kz/documents/ law_of_education/

3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың

2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы//http://edu.gov.kz

4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан

халқына Жолдауы. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ ,

17 қаңтар 2014ж.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!