СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Инновациялы? технологиялар ар?ылы білім сапасын дамыту жолдары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л баяндамада инновациялы? технологиялар ар?ылы білім сапасын ?аншалы?ты арттыру туралы айтылады. ?сіресе, жа?ашыл технологияларды? ішінен сын т?р?ысынан ойлау технологиясына, оны о?ыту ?дістеріне ерекше то?талып кеттім.

Просмотр содержимого документа
«Инновациялы? технологиялар ар?ылы білім сапасын дамыту жолдары»

Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп

















Баяндама

Тақырыбы: Инновациялық технологиялар арқылы білім сапсын дамыту жолдары






















Павлодар, 2016ж.

МАЗМҰНЫ



Кіріспе ____________________________________________________ 3

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы туралы мәлімет____________ 5

СТО стратегиялары__________________________________________ 8

Қорытынды________________________________________________ 12

Қолданылған әдебиеттер_____________________________________ 13





































Кіріспе

Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Хүтвс педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа — жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы сала-ларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болған-дықтан мүғалімнен арнайы психологиялық - педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.
Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.
Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мүғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғалім мен тәрбиеші қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рөлі мен беделі арта түсіп отыр.




















Қазіргі мектептің оқыту үрдісінде білім берудің тенденциялары мен даму бағыттарын қамтамасыз ететін 50 - ден аса педагогикалық технологиялар қолданыс табуда.
Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше. Бұл технологияны жарыққа шығарған американдық педагогтар
Дж. Стил, К. Мередит, Ч. Темпл, С. Уолтер. Олардың пікірінше оқу міндетті түрде белсенді болуы керек. Оқушының әр нәрседен бір мән табуға мүдделі және білуге құмарлығы болса ғана белсенділік пайда болады
Өткен ғасырдың 90 жылдарында бүкіл әлемдегі философтар, психологтар және педагогтар озық тәжірибелерге сүйене отырып оқыту технологиясын жасады. Біздің еліміз үшін бұл технология жаңа технология деп есептелінеді. Дегенмен, кейбір ұстаздардың іс - тәжірибелерінде осы технология қолданылуда. Осыған орай біз сын тұрғысынан ойлау технологиясын егжей - тегжейлі қарастырып, оны бастаушы сынып пәндерін оқытудағы мүмкіндіктерді көрсетуді мақсат еттім.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез - келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.
Зерттеудегі мақсаты – бастауыш сынып оқушыларын кез - келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды сабақта және сабақтан тыс уақытта үйрету.
Зерттеу нысаны: сабақ өту барысында сыныппен жеке, жұптық, топтық, ұжымдық.
жұмыс жасай отырып жеке тұлғаның әлеуметтендіру және даму бағытын зерттеу.
Зерттеу барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын меңгерту бағытында оқушыларға үйрете жүріп, педагогикалық әдіс – тәсілдерді, және жеке тұлға бойында болатын мынадай қасиеттерді зерттеу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді қолдану қажеттігін түсіндім.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт:
- жоспарлауға дайын болуы;
- бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
- қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
- жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
- ымыралы келісімді іздеуі;
- коммуникативтілігі.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
- сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
- оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
- әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
- оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
- әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
- оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны ашу;
- ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
- оқушының белсенділігін ояту;
Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. Өзге мақсатын тұжырымдайды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша - әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б.
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
- жаңа ақпаратпен танысу;
- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.
Жеке тұлғаның іс - әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
- мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
- қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
- инсерт;
- екі жақты күнделік;
- қосымша журнал;
- сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе - эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
- оқылған материалды талдау және қорытындылау.
- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
- Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
- Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. - кластер құру
- әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.
- түйін сөздерге қайта оралу.
- дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.
- рефлексивті сұрақтар
- пікір алмасу.
- шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б.
Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.





























Технологияны оқыту стратегиялары (тәсілдері)
Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн.
Кластер (топтастыру). Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Мысалы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кезеңдерін кластер түрінде былай келтіруге болады.
Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдерінде қолдануға болады.
Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:
«V» - білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» - түсінбедім, тереңірек білгім келеді
Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі. Мұнда оқушыларға аз таныс, қызықтыратын, энциклопедиялық сипаттағы, яғни құбылыстар туралы мәліметтер жинауға болады. Бұл тәсіл дәстүрлі оқытудағы «оқулықтан пәлен парагрофты оқыңдар» деген тапсырмаға қарағанда тиімді.
Венн диаграммасы – екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру.
«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде).
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде).
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, көсемше).
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі.
5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады.
Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады. Сонымен қатар
Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.
Ол үшін төмендегі кестені толтыру керек.
Білемін Үйрендім Білгім келеді
Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады.
Концептуалдық дөңгелек стратегиясы кластерге ұқсас, бірақ мұнда бір шоқтан таралуы керек. Мысалы 2 сыныпта дүниетану пәні бойынша жүргізген « Бұлар қайдан шығады?» тақырыбында өткізген сабағымда «мал шаруашылығы» ұғымына осы стратегияны қолдандым:
Бұл тәсіл оқушылардың назарын оқылатын тақырыпқа аударуға, сабақ жоспарын жасауға мүмкіндік береді.
«Ирек» стратегиясы. Оқушылардың танып білу қызметін арттыру үшін қолданылады. Мұғалім алдын ала мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліп тастайды. Бүкіл сыныптағы оқушыларды топқа бөліп, әр топқа мәтін үзінділерін береді. Әр топ сынып оқушыларға, өздеріне берілген мәтіндерін түсіндіріп шығады. Мұндағы басты мақсат - әр оқушы осы тақырыпты түгелдей қамтуында. Осы орайда «Бұлар қайдан шығады?» тақырыбын топ бойынша бөліктерге бөліп тастап және интереактивті тақтадан жайлаудың суретін көрсету арқылы мәтін құрастыруына жол сілтедім.
«Болжам» стратегиясы. Оқиға мазмұны арқылы баланы қиялдату, ойын, сыни көзқарасын дамыту, проблемалық мәселе туғызу.
Осы орайда әр топқа тапсырмалар бере отырып қиялдауына еркіндік бердім. Оқушылар арасынан қиялы жүйрік бала дараланып шығатыны сөзсіз. Тапсырмалар мына тұрғыда жүргізілді.
«Ботакөз» тобы – Бір сабақ жіпті тастай салмай қалай пайдаға асыруға болады.?
«Жұлдыз» тобы – Киімді жіпсіз инесіз қалай пайдалануға болады?
« Мерген» тобы – Кілтті құлыптан ашудан басқа не нәрсеге пайдалануға болады?
«Пікір алысу» стратегиясы. Оқушылар бір қорытындыға келетін мәселеге байланысты пікір таластырады, пайдалы, пайдасыз жақтарын шешеді. Белгілі тақырыпты алып, әлеуметтік өмірмен байланыстыру, өз көзқарасын дамыту, өзгені құрметтеуге үйретеді.
«Әңгіме» стратегиясы. Өзіне - өзі есеп беру, көзқарасты дамыту, білімін анықтау, бағалау.
Технологияны оқытуда басқа да стратегиялар белгілі: «Жұқа» және «қалың» сұрақтар стратегиясы, Кроссворд стратегиясы.
Сонымен, сын тұрғысынан ойлаудың әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғандағы маңыздылығы мынада:
- мотивацияның артуы;
- дербес іс - әрекеттің артуы;
- ойлаудың белсенді болуы;
- оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан - жақты дамуы;
- логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру.

Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:

I.-қызығушылығын ояту ( «көпір жасау», ой қозғау)

II.- мағынаны таныту ( мағынаны ажырату)

III.- ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)

Құрылым былай болуы да мүмкін: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше, дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;

оқушы мұғалім білім

сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.

мұғалім оқушы білім

СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:

СТО сабақтарда

Дәстүрлі сабақтарда

Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.

Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.

Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым.

Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.

Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр

оқушының жауапкершілігі басым.

Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. 2- сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:

РАФТ Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.







































Қорытынды: Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану нәтижесінде жеке тұлғаның қабілеттері жандана түседі және мынадай білім прагдимасы қалыптасады.






































Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Инновациялық менеджмент — 2011 жылы Алматы қаласы «Дәуір» баспасындабасылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — С. Т. Купешова. Беттер саны — 256.[2]

  2. Жаңашыл педагогтар іс-тәжірибелері. – Алматы,1991.

  3. Педагогикалық ізденіс. – Алматы, 1990.