СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Интерьерге арналған сәнді бұйым жасау 8 сынып 3 кезең

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Интерьерге арналған сәнді бұйым жасау 8 сынып 3 кезең»



Бөлім:

Үй мәдениеті

Педагогтің аты-жөні:



Күні:


Сабақ 31

Сыныбы:8

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Интерьерге арналған 2D/3D сәнді бұйымдарды жасау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.6.4-Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әр түрлі технологиялар, өнер материалдарын анықтау, таңдау және біріктіру

8.2.5.3- Өз бетінше материалдар мен техниканы анықтап, таңдай отырып, эстетикалық және техникалық талаптарға сай келетін интерьерге арналған сәндік бұйымдар дайындау

8.3.4.1-Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау.

8.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану.

Сабақтың мақсаты:

  • Әр түрлі технолоияларды пайдаланып, өнер материалдарын өз бетінше анықтайды, таңдайды және біріктіреді.

  • Интерьерге арналған сәндік бұйымды соңғы өңдеу және безендіруді орындау.

  • Бұйымды жасау үшін қолданылған идеялар мен тәсілдерді бағалау

  • Жаңа дизайн талаптарына сай әсемдей білу

Құндылықтарды дарыту

  • Ұлттық мәдениетті дәріптеу;

  • Сөзіне берік, ісіне адал болу;

  • Білуге, жаңаны тануға құштар болу;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1 кезең

Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту.


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, назар аударту, оқушыларды түгелдеу.

ЖҰМБАҚ ОЮ” тәсілімен топқа бөлу

Әр топқа топ атауы жазылған оқушы санына сәйкес 4-5 бұрышты пирамидалар қоямын. Бұл жердегі “композиция” топтың атауы, 1 саны – сол топтың бағалау пирамидасындағы оқушының өз оюларын жапсыратын меншікті қабырғасы. Сол нөмір арқылы сабақ соңында меншікті қабырғасынан ою түстері арқылы әр оқушының жетістігін көре аламыз.

«Пирамида» бағалау әдісі

Сабақ кезеңдеріндегі бағалау критерийімен таныстыру

Дискрипторлар:

1. Бұйымдар дайындау эскизімен танысады олар туралы мағлұмат алады.

2. Сәндік бұйымдарды өз талғамымен орындайды.

3. Өзіндік пікір қалыптастыра алады.

Ою түстеріне қарай оқушы белсенділігін көріп отырамыз.

Тапсырманы толық орындамадым.

Тапсырманы белгілі бір деңгейде орындадым.

Тапсырманы өте жақсы орындадым.

Оқушы таңдап алынған оюдың сыртында “Композиция” -1, “Интерьер” -3, “Декор” -4 деп жазылып тұрады.

Оқушылар бағалау әдісімен танысады.






Оқушылар оюда жазылған атаулар бойынша топтарға отырып, пирамидадағы сандар бойынша өз бөліктерін меншіктейді, сосын сол бөліктеріне сабақ барысында бағалау процестерін жүргізеді.



«Пирамида» бағалау әдісі

3-2 қызыл ою жинаса -9-10, 1 қызыл, 2 қанық көк– 8, 3 қанық көк ою жинаса -7, 1 ашық көк, 2 қанық көк ою жинаса – 6 ұпай алады.

Топты бағалау Оқушылар оюлардың түстерінің қанықтылығына байланысты сабақтың 3 кезеңінде 3 оюдан жинап, оларды әр кезең соңында топ пирамидасындағы өз бөлігіне жапсырып отырады.

Пирамидаға жасырылған қызыл оюдың санының көптігіне байланысты жеңімпаз топты да анықтап алады.

Жеке оқушыны бағалауПирамида қыры топтағы бала санына сәйкес болады, сабақ кезеңдері бойынша оқушы жинаған оюлар түсіне орай оқушы өзін өзі бағалайды



Оқулық, жұмыс дәптерлері,

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


5 минут

Тірек білімдерін белсенділендіру

Оқушыларға сұрақтарға жауап беруді ұсынамыз:

  • Сәндік бұйым жасаудың соңғы кезеңінде қандай операцияларды орындау қажет?

-Бұйымның дайын түріне не әсер етуі мүмкін?

-Безендірудің қандай тәсілдерін ұсына аласыз?

Интерьерге арналған сәндік бұйымды соңғы өңдеу және безендіру тәсілдерін көрсету.

Оқушыларға өңдеудің – қоршаған ортаның сыртқы ықпалынан қорғау және оның сыртқы түрін жақсарту мақсатында құрастырылатын бұйымды соңғы өңдеу екенін түсіндіріңіз.

Сәндік әрлеу бетті жабу, бояу немесе лактау, яғни бетіне лак жағу болып табылады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар өз бұйымын безендірудің әртүрлі нұқсаларын талқылайды Оқушылар қауіпсіз жұмыс жасау үшін, қауіпсіздік техникасы ережелерінің қандай аспектілеріне назар аударады.

Бұйымды дұрыс безендіру түс үйлесімділігі, фактурасы және соңғы әрлеу барысындағы стиль бағыты шығармашылық жұмыстың ерекшелігін көрсетеді.

Әрлеу беттерді эстетикалық және қорғау қасиеттерін жақсарту үшін өңделеді. Бояу үшін әртүрлі көркем материалдар, аэрозольді бояулар қолданады.

Оқушылар презентация суреттерді көрсетеді.

Бояуға арналған құралдар – аэрозольды бояу, оны жағу процесі туралы әңгімелейді.

Сабақ мақсаты

Интерьерге арналған сәндік бұйымды соңғы өңдеу және безендіруді орындау. Бұйымды жасау үшін қолданылған идеялар мен тәсілдерді бағалау

Критерийі: соңғы өңдеу және безендіру тәсілдерін таңдайды; бұйымды безендіру және соңғы өңдеуді орындайды; өңдеу және безендіру үшін материалдар мен құралдарды қолданады;

О қушылар сұрақтарға жауап беру арқылы ою таңдап алады.

Интерьерге арналған сәндік бұйым жасауға арналған материалдар мен құралдар.


Сарамандық жұмыс

15 минут

Тәжірибелік жұмыс.

Сәндік бұйымды соңғы өңдеу және безендіру

Мұғалім жұмыс орнының ұйымдастырылуын, қауіпсіздік техникасының сақталуын, орындау тәсілі мен өңдеу сапасын тексере отырып, мақсатты аралау, оқушылармен жеке нұсқаулық жүргізеді.


Оқушылар жұмыс орнын дайындайды, әрлеуге арналған материалдар таңдайды. Оқушылар қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, жоспарланған кезеңдерге сәйкес сәндік бұйымды өңдеудің соңғы операциясын орындайды.

Тәжірибелік жұмыс соңында оқушылар жұмыс орнын жинайды.

Тапсырма дескрипторы:

Қауіпсіздік техникасын сақтайды;

сыныптастарының шығармашылық жұмыстарын бағалайды.



Топтық жұмыс

1 0 минут

«Менің сәнді интерьерім» ойыны (топтық жұмыс)

Слайдтағы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы интерьердегі табақшаларды ашады. Топта талдап, талқылайды. Өз ойларымен топтар арасында пікір алмасады.

Топтағы оқушылардың орындаған сәнді бұйымдарын интерьерде топтастырып, үйлесімді орналастыру дизайнын.ойлап табу (көрме, жұмысты қорғау)

Жұмыстарға пікір айту

Тапсырма дескрипторы:

бұйым жасауда соңғы операциялар орындалған;

бұйым интерьерге орналастыру үшін безендірілген;

өңделуінде кемшіліктер жоқ;

- қауіпсіздік техникасы ережелері сақталған.

Тапсырманы толық орындамадым.

Тапсырманы белгілі бір деңгейде орындадым.

Тапсырманы өте жақсы орындады

Жеке оқушыны бағалау

Оқушылар өз реттілік нөміріндегі оюлардың түстері бойынша ұпайларын есептейді.

3-2 қызыл ою жинаса -9-10, 1 қызыл, 2 қанық көк– 8, 3 қанық көк ою жинаса -7, 1 ашық көк, 2 қанық көк ою жинаса – 6 ұпай алады.



Сәндік бұйымды безендіру және соңғы өңдеу тәсілдерінің суреттері/

таныстырылымы









Жұмыс дәптерлері.

Құрал-саймандар

Көрме

10 минут

Жұмысты бағалау.

Оқушылармен дайын жұмысты бағалау критерийлерін талқылаңыз.

Жұмыстарды қарастыру, оларды талқылау және критерий бойынша бағалауды тапсырыңыз.

Шығармашылық жұмыс көрмесін ұйымдастыру және өткізу әр түрлі әдіс-тәсілдермен жүзеге асырады.



Сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылардың жұмысының таныстырылым жүргізуіне жалпы баға береді.

Оқушылар топтар бойынша тәжірибелік жұмысты орындау кезеңдерінің суреттері мен сипаттамасы берілген бірнеше ақпараттық слайдтарымен таныстырылым жасайды және сәндік табақшаны қандай техникада жасағанын, оны жасау үшін қандай материал қолданғанын түсіндіреді.

Алдын ала құрылған бағалау критерийлеріне сәйкес өз жұмысы мен сыныптастарының жұмысында қолданылған шығармашылық идея, әдіс-тәсілдер және жобалық жұмысқа түсініктеме береді.

Оқушылар өз реттілік нөміріндегі оюлардың түстері бойынша ұпайларын есептейді.

3-2 қызыл ою жинаса -9-10, 1 қызыл, 2 қанық көк– 8, 3 қанық көк ою жинаса -7, 1 ашық көк, 2 қанық көк ою жинаса – 6 ұпай алады.

.


Топты бағалау

3дискриптор бойынша қызыл ою көп жинаған топ жеңімпаз болады

Оқушылардың электронды презентация жасауы үшін – компьютерлер, ноутбук, планшет, смартфондар


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.


«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Рефлексиялық сұрақтарға жауап береді:

- Сіз жұмысының қорытындысына қанағаттанасыз ба?

  • Бүгінгі сабақтың басында жоспарланға іс-әрекетімді іске асыра алдым ба? Болмаса, неге?

  • Сіздің шығармашылық жұмысыңыздың оң аспектілері;

  • Жеке жұмысыңызда нені жақсартуға болады?

  • Болашақта немен жұмыс жасау қажет?

Мұғалім оқушыларды «Пирамида» әдісі арқылы бағалайды.


Ою түстері бойынша оқушылар өз бағаларының қорытындысын шығарады.