Интернеттің пайдасы мен зияны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Білімгерлердің алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;
Тәрбиелік: Білімгерлер өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Білімгерлерге интернет туралы толық ой қалыптастыру,білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Сабақтың түрі: дебат /пікір-талас/
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, ойын, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Интернет туралы қысқаша шолу
“Пікірталас шарттары” ІІІ кезеңнен тұрады:
І. Командалардың атын таныстыру
ІІ. "Компьютердің пайдасы мен зияны" (пікір - талас) ойыны
ІІІ. Сұрақ жауап кезеңі. Екі топ өзара сұрақ алмасады.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» -деп атап көрсеткен болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін?!
Бүгінгі “Интернеттің пайдасы мен зияны” атты /пікір талас–дебат/ ойын сабағына К-13 және 411 топ студентерінің білімгерлерінен құралған жақтаушы “Амиго ” тобы және даттаушы “Ғаламшар ” топтары қатысып отыр.
І. Интернет туралы қысқаша шолу (видео)
Психологиялық тренинг.
Шарты: Сайысқа қатысып отырған Ұстаздар мен білімгерлер өздеріне қалаған түстерін таңдайды. Сіздің таңдаған түстеріңіз сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады.
І. Командалардың аты мен эмблемасы
«Амиго»
Топ басшысы: Ержанова Перизат
«Ғаламшар»
Топ жетекшісі: Сайлау Асанәлі
ІІ. "Компьютердің пайдасы мен зияны" (пікір - талас) ойыны
Жақтаушы жақ спикерлері:
Ержанова Перизат
Жақсыбаева Айдана
Құрақбаев Ержан
Зейнуллиев Ержан
Даттаушы жақ спикерлері:
Сайлау Асанәлі
Ғанибаев Бауыржан
Сельбаев Елдос
Бермагамбетов Марат
ІІІ. Сұрақ жауап кезеңі. Екі топ өзара сұрақ алмасады .
І «Амиго» тобының сұрақтары
1. Интернет дегеніміз не?
Жауабы: Интернет – компьютерлік желілерді біріктіретін ауқымды желі.
2. Алғаш рет Интернет пайда болған жыл?
Жауабы: 1958 жыл АҚШ-та
3. Байланыс арналарын ата.
Жауабы: кабельдік, талшықты-оптикалық, спутниктік радиобайланыс
4. Провайдер дегеніміз не?
Жауабы: Провайдер – қарапайым қолданушылардың Интернетке шығуын қамтамасыз ететін фирма
5. Хаб дегеніміз не?
Жауабы: Хаб – бірнеше Интернет желісінің басын біріктіруші құрылғы.
ІІ «Ғаламтор» тобының сұрақтары
1. Слиптер дегеніміз не?
Жауабы: Жиіліктерді бөлуші (сплиттер)
2. Модем айырмашылықтарын ата.
Жауабы: Модем - ADSL модем жылдамдығымен ерекшеленеді, dial-up телефон байланысмен
3. WWW және TCP/IP – бұл жазба нені білдіреді?
Жауабы: WWW (World Wide Web) – гипермәтіндік құжаттар. TCP/IP протоколы (1974)
4. Электронды пошта дегеніміз не?
Жауабы: Электронды пошта - абоненттер мәлімет алмасуға арналған байланыс құралы.
5. Сайт дегеніміз не?
Жауабы: Сайт - компьютерлік желіде құжаттарды біріктірген адрес.
ІІ. Қорытынды сөз
Қорыта келе, Интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.
ІІІ. Марапаттау рәсімі
Жүсіп Баласағұнның сөзімен аяқтағым келеді:
«Түйсік болып, қансаң білім нәріне
Жетер қолың ой-тілектің бәріне» дей отырып марапаттау рәсімі.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мыңда бір рахмет!