СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 11.07.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Интеллектуалдық ойын информатика

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Информатика пәнінен арналған интеллектуалдық ойын. Білімді достар.

Просмотр содержимого документа
«Интеллектуалдық ойын информатика»

Информатика пәніне арналған интеллектуалды ойын

БІЛІМДІ ДОСТАР


"Халық пен халықты, адам мен адамды

теңестіретін нәрсе - білім"

М.Әуезов

Ойын мақсаты:

  • Оқушыларды ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

  • Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа оқушының жұмысын бағалауға үйрету;

  • Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

  • Ұйымшыл болуға, жаңа терминдерді өз аттарымен атауға тәрбиелеу.

Мұғалім:

Армысыңдар, бүгінгі «Білімді достар» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер! Информатика бұл ХХІ ғасырдың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін сабақ. Бүгін интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз информатика сабағын өте қызық екендігін түсінейік.


І-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ қазылар мен келген қонақтар. Біздің информатика сабағында «Білімді достар» ойынын тамашалаңыздар!

ІІ-жүргізуші: Ойын кезеңнен тұрады:

Жоспары:

  1. Таныстыру (5 ұпай)

  2. Топ көшбасшыларын анықтау/мини-тест (дұрыс жауапқа - l ұпай)

  3. Ойлан тап (әр сөзге – 1ұпай)

  4. Кім тапқыр

  5. Ой толғаныс (топ басшылар сайысы), 5 ұпай

  6. Сәйкесін тап (5 ұпай)

  7. Қорытынды


І-жүргізуші:

Құтқарып ауыр бейнеттен

Техниканы үйреткен

Роботтай – адамды

Тіл бітіріп сөйлеткен

Компьютер емей немене

Білмегенді білдірген

Өлшеп киім кигізген

Барлық істі атқарып

Пайдасын елге тигізген

Компьютер емей немене

Бәріңіз маған қараңыз!

Ойынымызды бастайық

Алуан түрлі ойларды

Ортамызға тастайық.

Информатика пәнінен

Көрсетіп біздер батырлық

Ой толғалық жүйелі

Таңдайымызға татырлық


ІІ-жүргізуші: «Батылдық-балалық шақта шыңдалады» десек баланы бар тәрбие құралының бірі – ойын екендігі белгілі. Алдымен ойынға шығатын оқушыларды шақырайық. Бұл ойынға 2 топ катысады.

І-жүргізуші: Қазақ деген халықтың баласымыз,

Алда талай алынар бар асуымыз.

Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,

Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз

дей отырып әр топ өздерін таныстыруларымен ойынның І-ші кезеңінің есігін ашсын.

1. Таныстыру

I - топ – «ИНТЕРНЕТ»

II - топ – «МОНИТОР»


Бұл кезеңде әр топ өздерін таныстыра отырып, өздерінің эмблемаларын және дайындаған файлдарын әділ қазы алқасына ұсынады.

2. Топ көшбасшыларын анықтау

ІІ-жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,

Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

дегендей 2-ші кезең тестке берейік. Мұнда әр топқа 7 сұрақтан әр сұраққа ойлануға 30 секунд беріледі. Әр топ бірінің тестін бірі тексереді, жоғары ұпай алған 3 оқушы ойынды жалғастырады.

Тест сұрақтары:

  1. Аз батырмалы құрылғы (тышқан)

  2. Гректер есептеу құралын не деп атады. (абак)

  3. Компьютер жиыны (желі)

  4. Калькуляторды ең алғаш кімдер жасады? (Чебышев, Однер)

  5. Экран нүктелерін аралағыш (курсор)

  6. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (Internet)

  7. Компьютердің негізгі электронды құрылғысы (процессор)

І-жүргізуші: Енді сайсымыздың «Ойлан тап» кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде берілген сөзден бірнеше мағыналы сөздер құрастыру керек. Әділ қазылар алқасы бір сөзге 1 ұпайдан есептеулеріңізді сұраймыз.

ІІ-жүргізуші

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын

деп біз енді сайысымыздың «Кім тапқыр» кезеңіне келдік.

І-жүргізуші: Мұнда экранда ұпай сандарымен бекітілген ұяшықтар пайда болады, ұяшықтар ішіндегі сұраққа дұрыс жауап берген сайыскер тиісті ұпайын алады.

ІІ-жүргізуші

Күш пен қуат ақылың мен білекте,

Ұмтылыстан шыңдалады жігерің.

Сенім, үміт нұр құяды жүрекке,

Мекендейсің сонда рахат түбегін!




дей отырып «Ой толғаныс» кезеңіне де жеттік.

І-жүргізуші: Мұнда топ басшыларына әр түрлі тақырыпта тапсырма беріледі, тақырпты ашып, әңгімелеу, дәлелдеу тапсырылады. Сайыс соңында білімімен, ұтымды жауабымен, шапшаңдығымен жауап берген сайыскер жоғары ұпайға ие болады. Ойлануға бір минут уақыт беріледі.

ІІ – жүргізуші:

Кездестік міне тағы да,

Саласында білімнің.

Сараптауға асықпай,

Компьютердің қызығын-

дей отырып «Сәйкесін тап» кезеңіне де келдік.

І – жүргізуші:. Тақтада бірнеше термин сөздер берілген, сөздерді екі топқа бөліп, тақырыбын анықтау немесе қандай құрылғы екенін анықтау.

ІІ – жүргізуші: Өмірге өзек болған нақты ғылым,

Халқымның жүрегіне шашты нұрын.

Келеді тәрбиелеп еркін елдің

Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын.

деп әділ қазылар алқасы ұпай санын есептеп, жеңімпаз топты анықтағанша ендігі кезең. Көрермендер ойыны.

І-жүргізуші: Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік

ІІ-жүргізуші: Жеңімпаз топқа «Мадақтама грамотасымен», қатысқан оқушыларға «Ынталандыру грамоталарын» беріп марапаттаймыз.

Теректей тамырыңды жайып терең,

Жете бер жақсы күнге халықпенен.

Тулаған толқындардан тайсалмасын,

Ақпарат мұхитында алып кемең,

- дей отырып бүгінгі сайыс сабағымызды аяқтаймыз.

Ойынымызға келіп , қатысып, ортақтасып бірге көңіл көтергендеріңізге мың - мың рахмет!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!