Қант диабеті (ҚД) – ұйқы безінің β-жасушаларының қызметінің бұзылуына байланысты, гипергликемия және глюкозуриямен сипатталатын, организмде инсулиннің абсолютті және салыстырмалы жетіспеушілігімен көрінетін, зат алмасуының бұзылуына, әртүрлі ағзалар мен қантамырлар және нерв талшықтарының зақымдануына әкелетін ауру.
Просмотр содержимого документа
«Ішкі секреция безінің ауруы»
ДИАБЕТТІК КОМА
Қант диабеті (ҚД) – ұйқы безінің β-жасушаларының қызметінің бұзылуына байланысты, гипергликемия және глюкозуриямен сипатталатын, организмде инсулиннің абсолютті және салыстырмалы жетіспеушілігімен көрінетін, зат алмасуының бұзылуына, әртүрлі ағзалар мен қантамырлар және нерв талшықтарының зақымдануына әкелетін ауру.
Қант диабетінің 2 түрі болады:
- Инсулинге тәуелді қант диабеті – І тип;
- Инсулинге тәуелсіз қант диабеті – ІІ тип.
Қант диабетінің жедел асқынуы
ДИАБЕТТІК КОМА
Гипергликемиялық кома
Гипогликемиялық кома
Қанда қант мөлшері көтерілгенде көрінетін сиомтомдар:
Жиі зәр шығару
Терінің қышуы
Аштық
Қатты шөлдеу
Көрудің бұзылуы
Ұйқышылдық
Жүрек айнуы
Гипергликемиялық кома
(Диабеттік кома; Кетоацидоз)
Қанда инсулин мөлшерінің азаюы
Аузынан ацетон иісі шығады, терісі құрғайды, көз алмасының бұлшық еттері босаңсиды, рефлекстері төмендейді. Дем алуы қатты, шулы, сирек (Куссмауль демі). Жүректің жұмысы нашарлайды, қанның қысымы төмендейді, тамыр соғуы жиілейді, әлсізденеді. Қанда қанттың және кетон заттардың мөлшері көбейеді, науқастың қаны қоюланады. Зәрдің мөлшері азаяды, тіпті анурия да байқалуы мүмкін.
Қарағанда: науқастың өте жүдеулігі, тері құрғақтығы. Науқас жатырған бөлмеден және науқастан ацетон иісі сезіледі. ҚД-нің бұл асқынуы біртіндеп басталады. Көбінесе, емделмеген адамдарда, емін үзген науқастарда инсулиннің дозасы жеткіліксіз болғанда, диета сақтамағанда дамиды.
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
- 12-20 ЕД инсулинді к/т құю және б/е енгізу;
- К/т-ға 0,9% NaCl 500 мл + 5% унитол 10-15 мл + кокарбоксилаза 100-150 мл + 10-16 ЕД инсулин;
- Әрбір сағат сайын қандағы глюкоза мөлшерін және несепте ацетонды анықтау;
- Қандағы глюкоза мөлшері қалыпқа келгенше инсулин беруді жалғастырады.
Симптомдары
Қалтырау
Терлеу
Үрей
Бас айналу
Ашқарақтық
Жүрек қағуы
Көрудің бұзылуы
Әлсіздік, шаршағыштық
Бас ауруы
Мазасыз
Гипогликемиялық кома
Қанда инсулин мөлшерінің көбеюі
Тез, қысқа уақытта дамиды. Бұл кома қандағы глюкоза мөлшерінің кенеттен төмендеуінен пайда болады. Бұл кома науқастардың уақытында тамақтанбауынан, ішетін дәрілердің / инсулин дозасының артық болуына байланысты / тамақты қабылдап, дәріні ішпегеннен болады.
Белгілері: тамаққа тәбеті ашылады, денесі дірілдейді, үдемелі әлсіздік, б/е-дің тонусы жоғарылайды.
Лабораториялық зерттеуде: қанда гипогликемия (глюкозаның төмендеуі).
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
- Науқастың есі бар болса тәтті шәй, қант, конфет, тамақ ішкізу керек;
- Егер есін жоғалтқан болса, к/т 40% глюкоза 40-80 мл жіберу.
- Егер к/т-ды табу және оған дәрілік ерітінділерді құю қиын болса, 0,5-1 мл адреналин ерітінділерін т/а жіберу. 40% глюкоза болмаса, басқа пайызды глюкозаларды жіберуге болады.
Алдын алу
- Вирустық инфекция ошақтарын жою;
- Жедел панкреатит ауруын деп кезінде емдеу;
- Диета сақтау, көмірсуларды ретімен қолдану;
- Семіздіктен, артық салмақтан құтылу;
- Физикалық, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану;
- Салауатты өмір салтын ұстану.