СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Исследовательская работа "Параллели между Абаем и Н.Назарбаевым"

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

В данной работе я попыталась провести параллели между философическими высказываниями Абая и Н.Назарбаева.

Просмотр содержимого документа
«Исследовательская работа "Параллели между Абаем и Н.Назарбаевым"»

«Тағылымы терең толғамдар...»

(Абай мен Н.Назарбаев толғамдарындағы сабақтастық)

«Садағаң кетейін, айналайын халқым...»


«Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла,»- Абайдың осы сөздері Абайдың жан дүниесін біз үшін қанша ашса, менің ойымша, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жан дүниесін болашақ ұрпаққа түсіндіру үшін ең бір дәл айтылған сөз болар еді.

Елбасын Абайға теңеймін. Ол да болашақты болжай білетін көреген. Бірақ, көбіне ол белгілі бір істі бастағанда, халқы бірден оның ой тереңдігін ұғына алмай қалады. Бұған мысал ретінде елорданы Ақмолаға көшіру туралы мәселені келтіруге болады. Алғаш Н.Назарбаев осы мәселені көтергенде өзге емес. өз ішімізден-ақ «Ол болмайтын іс. Қысы суық, жазы тымырсық Сарыарқаға астананы ауыстырып не керемет көреміз,»- дегендер көп болды-ғой. Бірақ заман ағымы мен уақыт Елбасының шешімі қаншалық өз уақытында және дұрыс қабылданғанын дәлелдеп берді.

Екі асқардың да бейнелері жарқын, ойлары толқын, пайымдары терең, еліне, өз атажұртына деген махаббаттары көл-көсір. Оларды теңестіріп тұрған да осы Отансүйгіштік, ұлтжандылық. Осы тұста Мағжанның «Сүйемін» өлеңі» есіме оралады:

«Ұйқы басқан қабағын,

Бастыра киген тымағын, ...

Алдындағы малымен

Бірге жусап, бірге өрген

Алаш деген елім бар,

Неге екенін білмеймін -

Сол елімді сүйемін!»

Неткен сезім, неткен күш! Шынында да, айтыңдаршы не үшін Отанымызды сүйеміз?! «Жүрекке әмір жүрмейді» дейді дана халқымыз. Біз Отанымызды, ата-анамызды, халқымызды, туған-туыстарымызды сүйеміз. Бірақ бұл махаббат – тылсым күш.

Екі алыпты теңестіріп тұрған осы еліне деген махаббат! Себебін түсіндіруге болмайтын, сөзбен талдауға келмейтін, түсініксіз, бірақ асқақ махаббат!

Абай IX ғасырда өмір сүрген, Нұрсұлтан XX1 ғасырда өмір сүруде. Екі ғасыр – екі бөлек дүние, екі саяси жүйе, екі түрлі тағдыр. Қазіргі қазақтың Абайдың тұсындағы қазақтан айырмашылығы көп, тәртібі мен тәрбиесі, түсінігі мен түйсігі бөлек қазақ. Заман бөлек, адам бөлек. Бірақ Отанға, туған елге, туған жерге, туған халыққа деген махаббат сол қалпы өзгеріссіз.

Абай 2-қара сөзінде:

«... біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді: «енеңді ұрайын,... Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан. ... Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді:» ... солдат ноғай, қашқын ноғай, «бақалшік» ноғай деп. Орысты көрсе күлуші еді : «... сасыр орыс» деп.

... Енді қарап тұрсам сарттың екпеген егіні жоқ... саудагердің жүрмеген жері жоқ. Ноғайға қарасам... молда, медресе салып, дін күтуге де шыдайды. ... Орысқа айтар сөз жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз,»- деп күйіп піседі, халқының қамын жеп.

Нұрсұлтанның да осыған сарындас пікірі бар. Ол «Неге қазақтар шаштараз, наубайлықты үйренбейді? Бұл да бір өнер ғой,»- дейді. XXI ғасырдағы дамыған елдер қатарынан көргісі келеді өз елін. Бұған қол жеткізу жолы – білім мен ғылым, өнер мен мәдениетті дамыту екенін айтады.

Елбасы халыққа Батыс технологияларын меңгермей тұрып, қоғамдық өмірдің алуан саласындағы оның институттық тәжірибесін игермей тұрып озық елдер қатарына қосылу мүмкін емес екендігін әрқашан түсіндірумен келеді.

Иә, ақыл –азбайды, өнер – тозбайды.

Абай 41-сөзінде «Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек. Әуелі – бек зор үкімет, жарлық қолында бар кісі керек,»- дейді.

Елбасыда қазақ халқын түзеу үшін осылардың барлығы да бар.

Ал қазақ халқына келсек (Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік белестері» Алматы, «Атамұра» 2003) Елбасы пікірімен толық келісемін: «Тағдыр мен Тәңірдің құзырында болған қазақтар алуан түрлі ықпалға құшағын аша отырып, өзінің ұлттық қасиетін сақтай» алады деп әрқашан сенемін өзім. Қазақ халқының психологиялық ұмтылыстарының бағыт-бағдары біртекті - өздерін тарихтың дербес және азат субъектісі ретінде сезінеді.,

«Біздің бүкіл тарихымыздан ... екі олжаны бөліп атау» керек. Ол «... ата-бабаларымыздың қанын төгіп, жанын беріп жүріп ... қорғап қалған қазақтың қасиетті жері.» Екіншісі – «Сол ата-бабаларымыздың арқасында ... аман-есен жеткен тұп-тұнық қазақ тілі» (Н.Назарбаев «Алаштың ардағы» кітабынан Астана «Руханият» 2010)

Қазақ халқының рухы, тілі, діні, мәдениеті – тұтас, бөлінбейтін бір түсінік.