Мұғалім тəжірибесінің өзгеруі-заман талабы
Жаркеева Сауле Жадигеровна
Замдиректора по методической работе
СОШ № 19, г. Уральск, ЗКО
Ұстаз-ұлағатты есім. Шəкірттерін заман талабына сай білім нəрімен
сусындатып, тəлім-тəрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып дұрыс
бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі орасан зор. Сондықтан да ол əрқашан
қасиетті тұлға ретінде, өздігінен ізденетін, көшбасшылыққа ұмтылатын тұлға
ретінде ерекшеленеді.
Қазіргі заман талабына сай мұғалім тəжірибесіне көптеген өзгерістер еніп
жатыр. Соның ішінде мұғалімдер үшін «XXI ғасырда нені оқыту керек?» жəне
«Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?» деген үлкен
міндет жүктеліп отыр. Осыған орай мұғалім тəжірибесіне көптеген өзгерістер
енгізуге тура келіп тұр... Біз заман ағымына сай тұлға тəрбиелеу үшін
барымызды саламыз, өз білгенімізді бала ойына сіңіріп, сапалы білім беріп,
белсенді оқушы тəрбиелеп шығаруымыз керек. Заман талабына сай қазіргі жан-
жақтан берілетін ақпарат құралдары көп болғандықтан оқушылар оны тез
қабылдайды. Соның салдарынан олардың тіл байлықтары дұрыс жетілмейді.
Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін оқушымен жан-жақты жұмыс түрлерін
жүргізуіміз керек.
Ұстаз алдындағы басты міндет-өзіндік дəлел-уəждерін нанымды жеткізе
білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық
технологияларда құзырлық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып
табылады.Мұғалім үнемі өз білімін жетілдіріп отырғанда ғана еңбегі жанады.
Дəл осы мақсатта, Талдықорған қаласындағы педагогикалық шеберлік
орталығында «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру курсына келдім.Курстың əр мұғалімнің тұжырымдамалық
түсінігі мен тəжірибелік дағдыларын қалыптастырары сөзсіз.
Бұл курсты оқу барысында оқушыны жаңа əдіс- тəсілдермен оқыту негізгі
жеті модульге сараланған. Жеті модульді сабақтарда пайдалану барысында
ұстаз дəстүрлі сабақтарымызда қалыптасқан біршама заңдылықтарды өзгерте
алады, атап айтар болсақ, мұғалім сабақтарда дайын түрде білім беру емес,
керісінше оқушының өз бетімен білім алуына жағдай жасайды. Оқыту мен
оқудағы жаңа əдіс -тəсілдерді қолдану барысында , оқушы сыни тұрғыдан
ойлауға, өз білімін бағалауға заманға сай ойы мен пікірі қалыптасқан құзіретті
тұлға болуға, ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдаланудағы,
сандық сауаттылығын арттыруға, өзін- өзі саналы түрде басқаруға бағыт ала
отырып, бойындағы дарындылығы мен таланттылығын көрсетіп , алған білімін
келешекте қолдана алады. Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі
мазмұны болып табылатын жеті модульді пайдалана отырып, мұғалім оқушы
білімімен қоса өзінің біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасайды.
Осы мəселенің бəрін жинақтай келе жаңа заман мұғалімі — рефлекцияға
қабілетті, өзін- өзі жүзеге асыруға талпынған əдіс- тəсілге бай , зерттеушілік
қабілеті жоғары, дидактикалық -əдістемелік, ақпараттық жəне басқа да
құзіреттіліктің жоғары деңгейімен сипатталған рухани адамгершілікті ,
азаматтық жауапты , белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға болуы тиіс.
Келешекте ұстаздық жолындағы əр мұғалімнің мақсаты — жаңа заман
талабына сай тұлға қалыптастыруда жеті модульді жүйелі түрде қолдана
отырып, өз тəжірибесін одан ары қарай толықтырып, жетілдіру болмақ.