Құлжаев Бәкен Тресұлы
Ө.Қанахин атындағы орта мектебінің
Тарих пәні мұғалімі
Ақтөбе облысы
Ырғыз ауданы
Жайсаңбай ауылы
Сабақтың тақырыбы:Қалалық сәулет өнері
Сабақтың мақсаты:
Қазақстанның XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің ескерткіштері туралы, оларды салуға қолданған материалдар туралы түсінік беру;
Қазақстан аумағындағы сәулет өнерінің ескерткіштерін салыстыра отырып, оқушылардың танымдылық қабілетін дамыту;
Оқушылардың өз елінің тарихын ескерткіштер мен ұлттық құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі:интерактивті,сұрақ-жауап
Қолданылатын технологиясы:СТО
Көрнекілігі:карта,суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
«Шаттық шеңбері» бойынша оқушылармен тренинг,топқа бөлу
Оқушыларды топқа бөлеміз.
1-топ:тарихшылар
2-топ:географтар
3-топ:сәулетшілер
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Оқушыларға жедел сұрақтар қойылады.Жұлдызшамен бағаланады.
«Кім білімді»? (Сұрақ-жауап)
1.Рухани мәдениет дегеніміз не?(белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың жан дүниесінің көрінісі)
2.Қазақ халқының отқа табынудағы қасиеті неде?(рухқа сену)
3.Фольклор дегеніміз не?(әдеби туындылардың ауызша таралуы)
4.Фольклорға нелер жатады?(ертегілер,мақал-мәтелдер,аңыздар,жұмбақтар,батырлық жырлар)
5.Ауыз әдебиеті қай кезден басталған?(түрік дәуірінен)
6.Күн мен Айдың және жұлдыздардың пайда болғаны туралы қандай мифологиялық аңыздар бар?(Күннің баяны,Темірқазық пен Жетіқарақшы)
7.Ауыз әдебиетіндегі кең тараған ертегілерді ата?(Құламерген,Жоямерген,Жерден шыққан Желім батыр)
8.ХІҮ-ХҮ ғасырларда кең тараған эпостық жырларды ата?(Ер Тарғын,Орақ-Мамай,Ер Қосай)
9.ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы ауызша поэзияның өкілдері?(Кетбұға,Қотан,Сыпыра жырау,Асан Қайғы)
10.Жазбаша әдебиет қай ғасырлардан бастап дами бастады?(ХІҮ-ХҮ ғғ)
11. «Кодекс куманикус», «Оғызнама» қай тілде жазылған?(қыпшақ тілінде)
12.Өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасы?(Мухаббатнама)
13.Қыпшақ Кутбтың әдеби шығармасы?(Хұсрау мен Шырын)
14.Абдрахман Жәми жырлаған әдеби шығарма?(Жүсіп-Зылиха)
15.Аспапта орындалатын ертедегі күйлер?(Ескендір,Қамбар батыр,Шора батыр)
16.Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар?(Жошы ханның жортуы,Ақсақ құлан,Ел айырылған,Сағыныш)
17. «Ислам діні»кімнің мақаласы?(Шоқан Уәлиханов)
18.ХІҮ ғасырда Ислам дінінің таралуына көңіл бөлген хандар?(Тоғылық-Темір мен Өзбек хан)
19.Қазақстанның байырғы тұрғындары аспан әлемін қалай атаған?(Көк тәңірі)
20.Тасаттық деген не?(қуаңшылық кезде жасалатын ырым)
21.Бойтұмар дегеніміз не?(тіл-көзден сақтау үшін мойынға тағылатын зат)
22.Малға байланысты қандай ырым-тиымдар бар?(мал қораларды отпен аластау,мал ұрмау)
ІІ.Симантикалық карта
Мазмұны | Мифологиялық ертегілер | Ауыз әдебиетінде тараған ертегілер | Эпостық жырлар | Жазбаша тараған әдеби шығарма лар | Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздар |
Күннің баяны, Темірқазық пен Жетіқарақшы | + | | | | |
Құламерген,Жоямер ген,Жерден шыққан Желім батыр) | | + | | | |
Ер Тарғын,Орақ-Мамай,Ер Қосай) | | | + | | |
Мухаббатнама,Хұсрау мен Шырын,Жүсіп-Зылиха | | | | + | |
Жошы ханның жортуы,Ақсақ құлан, Ел айырылған, Сағыныш) | | | | | + |
ІІІ. Жаңа сабақ
Сәулет өнері
Айша бибі,Бабаджа қатын кесенесі
Жошы хан кесенесі
Арыстан баб кесенесі
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
Көккесене
Алаша хан кесенесі
Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі
Тектұрмас кесенесі
Қолданбалы өнер
Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін сұрақ қойылады.
Құрылысымен танылған,
Әсемде,биік ғимарат
Айтыңдаршы,кәнекей?
Бұл өнер түрі қалай аталады. (Қалалық сәулет өнері)
1-топ:тарихшылар - Бүгінгі тақырыпқа байланысты сәулет ескерткіштерінің тарихы мен қай ғасырларда кім салғызғанын айтады.
Х-ХІІ ғасырлардағы салынған кесенелер:Арыстан- баб,Айша- бибі,Бабаджа- қатын, Қарахан,Жошы хан кесенесі т.б
Арыстан- баб ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда өмір сүрген.Арыстан баб кесенесі- ІХ-Х ғасырларға жатады.Кесене екі бөлмеден тұрады.Әмір Темір құлап қалған күмбезді ХІҮ ғасырда қайта салығызған.
Айша-бибі кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда салынған.Қараханның қалыңдығы болған.Жылан шағып өлтіргеннен кейін басына кесене тұрғызған.
Бабаджа-қатын кесенесі –Х-ХІ ғасырларда салынған.
Жошы хан кесенесі-Шыңғысханның үлкен ұлы.1227 жылы қайтыс болғаннан кейін тұрғызылған.
Көккесене-оғыз-қыпшақ заманында биік мұнаралы етіп тұрғызылған сәулетті кесене.
Қарахан кесенесі-ХІ-ХІІ ғасырларда салынған.
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі-1397 жылы Әмір Темірдің бұйрығымен салынған.Қожа Ахмет Йассауи –ислам дінінің көрнекті өкілі,уағыздаушы,әрі ақын.
Алаша хан кесенесі-ХІҮ-ХҮ ғасырларда салынған.
Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі-ХҮ ғасырдың екінші жартысында салынған.Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екендігі,1485 жылы қайтыс болғандығы құлпытаста жазылған.Құлпытасы Ахмет Йассауи кесенесінің ішінен табылған.
2-топ:географтар –сәулет ескерткіштерінің қай жерде салынғанын айтады
Айша-бибі,Бабаджа қатын кесенесі-Тараз қаласынан 18 км жерде орналасқан.Екі кесене қатар орналасқан.
Көккесене-Қызылорда облысы,Төменарық станциясынан солтүстік-батысында 8 км жерде,Сырдария жағасында орналасқан.
Жошы хан кесенесі-Жезқазған қаласынан 45 км жерде,Кеңгір өзенінің сол жақ жағасында орналасқан.
Алаша хан кесенесі-Қарағанды облысы,Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан.
Арыстан- баб кесенесі Отырар қаласына 3 км жерде.
Ахмет Йассаи кесенесі-Түркістанда орналасқан.35 бөлмеден тұрады.Кесененің аумағы-46,5х65,5 м.Биіктігі-37,5 м.
Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі-Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің шығыс жағында 6 м жерде.Бес бөлмеден тұрады.
Тектұрмас кесенесі-Тараз қаласының маңында орналасқан.
3-топ:сәулетшілер-сәулет ескерткіштерінің безендірілуі,сәулеттілігі туралы айтады
Сәулет ескерткіштері салуда алдымен:
1.Құрылыстың аумағы,жер жағдайы таңдалып алынады.
2.Кірпіш басылып,күйдіріліп немесе түрлі-түсті әйнек сырмен безендірген.
3.Кесененің сырты ою-өрнектермен безендірілген.
4.Күмбезі жаңа қаптама материалдармен қапталған.
5.Алаша хан,Қожа Ахмет Йассауи кесенелерінде ою-өрнек түрлерін көруге болады.
Бабаджа қатын кесенесі (Х-ХІ ғғ)
Айша-Бибі кесенесі (ХІ-ХІІғғ)
Арыстан
Баб (ІХ-Х ғғ)
Қарахан кесенесі (ХІ-ХІІғғ)
Көккесене
(ХІ ғ)
Жошы хан кесенесі (Х-ХІІғғ)
ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы сәулет
өнері туындылары
Алаша хан кесенесі
Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі
Тектұрмас кесенесі
Қожа Ахмет Йассауи кесенесі
1.Қазақстан жеріндегі кесенелер туралы слайд көрсету.
2.Тектұрмас және Қожа Ахмет Йассауи кесенесі туралы видеоролик көрсету.
ІҮ.Бекіту сұрақтары:
Оқушыларға үлестірме қағаздар беріледі:
1.Сәулет өнері деген не?
2.Айша-бибі мен Бабаджа-қатын кесенесі қай жерде орналасқан?
3.Арыстан-баб қай ғасырда өмір сүрген?
4.Қожа Ахмет Йассауи кесенесі орналасқан жер?
5.Тектұрмас кесенесі орналасқан жер?
6.Көккесене қай ғасырларға жатады?
7.Жошы хан мен Алаша хан кесенесі Қазақстанның қай аймағында?
8.Қолданбалы өнер дегеніміз не?
9.Ертедегі архитектуралық құрылыстардың салыну ерекшелігі қандай?
10.Өз жерімізде салынған қандай кесене бар?
Ү.Рефлекция .Оқушылар бүгінгі өтілген тақырыпқа сай ой түйіндейді.
Қорытынды: Қожа Ахмет Йассауидің «Хикмет» үзінді оқу
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма:Қалалық сәулет өнері.
Туған өлке сәулет ескерткіштері туралы материалдар жинау.