Сабақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталады. А) Жаңа тақырыпты меңгерту, әңгіме әдісі арқылы. 1) Оқушыларға ұлттық өнерімізде қалыптасқан Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан орындаушылық мектептері туралы айтылады. Атақты әнші-күйшілер, сал-серілер өздерінің шәкірттерін тәрбиелек арқылы өнерімізді жалғастырып отырған. Дина Құрманғазының шәкірті екенін өткен сыныптардан білеміз. - Ал, басқа күйшілердің шәкірттері туралы не білеміз? Батыс Қазақстан күйшілік өнерін бүгінгі күнге жеткізген Қали Жантілеуов. Ол ұлы Мәмен күйшінің шәкірті. Мәмен құрманғазының шәкірті. (Құрманғазының дәстүрлі мектебінің жалғасуы жайлы шежіре дерек сызба арқылы көрсетіледі). Құрманғазы   Мәмен Дина   Қали Оқап Музыка тыңдайық: Қали Жантілеуовтың орындауында «Балбырауын» күйі. «Балбырауын» күйі - не туралы? Күйдің шығу тарихымен танысады. Бұл күй «төкпе» күй. -Төкпе күй дегеніміз не? Тыңдауға жеңіл болғанмен, орындауға өте күрделі. Ән орындайық: «Мектеп-ана» әні. Музыкасы:И.Нүсіпбаев,Сөзі:М.Хакімжанова Әнді орындамас бұрын ,әннің авторлары жайында қысқаша айтып,таныстырып өтемін.Әннің мәтінін мәнерлеп оқып және әнің әуенін өзім орындап таныстырып өтемін.Ән орындағанда, оқушылар -дың зейінін әннің сөзіне аударған жөн. Әсіресе ауыспалы кварта ноталарын таза орындалуын қадағалау. |