СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қарама-қарсы түстерді араластыру.

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

Түстер туралы мағлұматтармен оқушылар тұ\үсінігін кеңейту

Просмотр содержимого документа
«Қарама-қарсы түстерді араластыру.»

3 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы түстерді араластыру.

Қарама-қарсы түстер гаммасы мерекелік, жайдары, көтеріңкі көңіл күй туғызғандай әсер береді. Егер сен осындай көңіл күйдегі туынды жазғың келсе, қарама- қарсы түстер гаммасын таңдап алғаның дұрыс.

Қарама-қарсы түстер гаммасы бір уақытта жылы да, суық та бола алады. Олар бір-бірінің түстік әсерлілігін күшейтеді.

Кейде балалар айшықты түстерді көре салып, оларды араластыруға кіріседі. Оларға алынатын жаңа реңк немесе түс керемет болып көрінетін тәрізді. Бірақ екі ашық түсті араластырғанда қоңыр түс шығады. Қатар түрған қарама-қарсы түстер бір-бірін әсерлей түседі. Осы түстерді бір-біріне қосып, бояутақтада араластыратын болсақ, олар бір-бірінің ашық түсін жояды. Қарама-қарсы түстерді араластырғанда алынған түстерге назар аудар. Өзің де байқаған боларсың, айшықты түстердің ізі де қалмады. Алайда бұл түстерді араластыруға болмайды деген қорытынды жасауға асықпа. Керісінше суретшілер осы тәсілді көбірек қолданады. Міне, қарама-қарсы түстер жұптарын араластыру арқылы қоңыр түстің қандай әдемі реңктерін алуға болады. Мысалы, күздің суретін салу үшін қарама-қарсы түстерді араластыру
арқылы күз түстерінің өте бай гаммасын алуға болады. Бояутақтада өз
бетіңмен қоңыр түстің неғүрлым көп реңктерін шығарып көр. Бұл саған күзгі гүл шоғын салған кезде қажет болады.



  • Кемпірқосақта жеті түрлі түс бар: қызыл, сары, сарғыл, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Олардың үшеуі негізгі түс (қызыл,сары,көк), ал қалған төртеуі

қосымша түстер.

 Негізгі түстерді қосқаннан кейін пайда болған түстер «қосымша түстер» деп аталады.

Осылай әр түрлі бояқтарды бір-бірімен араластыра отырып, көптеген түстерді табуға болады.



Негізгі түстерді араластырғанда қандай түстер шығады?



қызыл + сары =  сарғыш

сары + көк = жасыл

қызыл + көк = күлгін.

Түстердің түс шеңберінде орналысуы.

 Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді. Оларды жылы және суық түстер деп атайды.

Түстерді қарама-қарсы түстер дейді.

Олар қызыл- жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр,т.б.



 Түстерді бір — бірімен қосып езген кезде  түс шеңберінде тұрған реттерін ескере отырып қосса, келесі бір түстің таза түрі шығады.



Егер екі түстен алынған таза бір түсті қарама-қарсы тұрған бір түске қосса, кір түс шығады.

Тапсырма .

  1. Күзгі гүл шоғын салу

  2. Кемпірқосақ түстерін бейнелеу.