17-сабақ | Менің отбасым мүшелерінің және достарымның есімдері (аттары) 10-ға дейін санаймын. Санау. 1-10 сандары |
Күні: | Педагогтің аты-жөні: Баймырзаева Тұрсынай Көктаубайқызы |
Даярлық сынып | Қатысқандардың саны: | Қатыспағандардың саны: |
Сабақтың оқытылу мақсаттары | 0.2.1.1. 10 көлеміндегі санды тура және кері санау. 0.2.1.2. Заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау |
Күтілетін нәтижелер | Барлық тәрбиеленушілер: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері сану |
| Көптеген тәрбиеленушілер: заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атайды. |
| Кейбір тәрбиеленушілер: 1-ден 10-ға дейінгі сандарды өсу/кему ретімен орналастырады. |
Тілдік мақсаттар | Тәрбиеленушілер: 10 көлеміндегі сан есімдерді тура және кері атай алады. Пәндік лексика және терминология: 10- ға дейін санау; 1-10 цифры мен саны ; Көптілділік: 6-10 сандары (алты, жеті, сегіз, тоғыз, он)-числа 6-10 (шесть, семь, восемь, девять, десять) Диалог/ жазуда қажетті сөздер топтамасы Сандарды тура және кері ретімен ата. Кейінгі санды қалай анықтаймыз? Кейінгі және алдындағы сандарды қалай атауға атауға болатынын білесің бе? |
Алдыңғы білім | 1-5 сандары, артық, кем, тең ұғымдары, санау, сан |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс әрекет | Ресурстар |
0-3 минут | Мотивациялық Педагог балаларды санау әрекетіне тартады. -Біз беске дейін санадық. Ал Сырымның достары көп пе? -Сендер санап үйренгілерің келе ме? | |
4-6 | Өзектендіру Жиынтық тақтада 1-ден 5-ке дейінгі заттар тобы шығарылып, керекті цифрды қоюды сұрайды. Әрі қарай 6-дан 10-ға дейінгі заттар тобы құралады. | Әліппе-дәптер. Жиынтық тақта |
7-11 ортасы | Мақсат қою (проблемдік жағдаят) Әрі қарай 6-дан 10-ға дейінгі заттар тобы қойылады. Мына заттар тобын кім санап шыға алады? Бізге қандай цифрлар қажет? | Әліппе-дәптер. Жиынтық тақта |
11-20 | Жаңаны ашу 1-тапсырмада балалар текшелерді санайды. Оларға көмектесейік. Текшелер тобын сәйкес цифрлармен қосып, біріктірейік. Содан кейін балалар дәптердегі текшелер бағанасын көрсетіп, оларды тура және кері санап шығады. Педагог балалардан әрбір келесі текше бағанасы қаншалықты жоғары екенін сұрайды? 1 текшеге, ал алдыңғысы төмен. Кейінгі сан, алдыңғы сан сөздерін айтуды сұрайды. 6-дан 9-ға дейінгі цифрларды есте сақтау үшін оларды қағаздың үстіне дөңгелектердің көмегімен қойып шығуды ұсынады. Сергіту сәті Жолдарыңа үңіліп, Екі бақа жүгіріп, Секіреді бақ-бақ, Ағаштарды аттап. Олар ерте тұрады, Беті қолын жуады. Оңға-солға шайқалып, Бақылдайды ән салып, Судан шіркей табады, Өсіп үлкен болады. Бақ-бақ,нақ-нақ, Біздер айттық тақпақ. | Әліппе-дәптер. Жиынтық тақта немесе үлестірмелі материал |
21-28 | Жаңаны қолдану Педагог жиынтық тақтасында 1-10 ға дейінгі сандар карточкасын және ретімен орналасқан 1-10 дейінгі заттар тобын қояды. Содан соң заттар тобын сәйкес цифрмен біріктіруді сұрайды. Балалар сандарды өсу ретімен орналастырып болған соң, оларды тура және кері хормен санап шығады. Осыдан кейін педагог осы әрекеттерді енді көзді жауып санауды сұрайды. Әрі қарай 2-тапсырма орындалады. Тапсырманы түсіндіріп отырып орындауға болады. Талқылауды топ ішінде жүргізуге болады. Әтбір топ өздерінің отбасы мүшелері мен достарының атын келтіруі мүмкін. Балаларға арналған «санамақтар» ойыны. Бір дегенің –бесігіңді түзедің, Екі дегенің –Егеменді ел дедің. Үш дегенің –ана тілім асылым, Басқа тілден мәртебесін асырдың. 3- тапсырма әр бала жеке бояп шығуға арналады. | Әліппе-дәптер. |
29-30 | Рефлексия Педагог балалардан қандай жаңа сандармен танысқанын сұрайды? Нені үйрендік? Балалардың жұмысын сәттілік баспалдағымен бағалауға болады. Егер сендер қалай 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды түсінбеген болсаңдар, адам суретін баспалдақтың төменгі сатысына салыңдар. Егер сендер барлығын да түсініп, және жаңа білім туралы барлығын айта алсаңдар, адам суретін баспалдақтың жоғары сатысына салыңдар. Ал егер өз білімдерінңе толық сенбесеңдер, баспалдақтың 2 немесе 3 баспалдаққа салыңдар. Адам суретін баспалдақтың төменгі сатысынасалғандар қолдарын көтерсін. Неліктен? Адам суретін 2не 3 сатыға салғандар қолдарын көтерсін. Неліктен? Педагог мүмкіндігінше әртүрлі жауап тыңдайды. | Сәттілік баспалдағы |