«Қарты бар ел-қазыналы ел»
Мақсаты: 1.Даналық ұғымдар,мақал-мәтелдер,нақыл сөз,салт-дәстүрлерді дәріптеуге,тәрбиеленушілердің өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру,патриоттық тәлім-тәрбие беру.
Міндеті: Атаның қасиетті сөздерінен бастау алып, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, тарихын біліп, бүгінгіміз бен келешегіміздің мән- мағынасын тәрбиеленушілерге ұғындыру.
Көрнекіліктері: Тақырып жазылған сөз, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, буфер.
Қазақстан Республикасының - әнұраны орындалады.
Тәрбиеші сөзі:
Құрметті қонақтар, көрермендер, ақ жаулықты аналар мен ақылгөй дана қариялар!
Бүгінгі балауса шағын балалар орталығының «Қарты бар ел- қазыналы ел» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
«Ауылыңның маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең. Ауылыңда ақылгөй қария болса , жазып қойған хатпен тең» деген екен біздің бабаларымыз. Иә, өткенімізді осы үлкендерсіз елестету мүмкін емес.Біздің бүгінгі нұрлы өміріміздің, алаңсыз күлкі, тәтті ұйқымыздың да бейбіт сақшысы бола білген, самайларын қырау шалып, жүздерін уақыт әжімі торлаған данагөй қарияларымыз бен ақ жаулықты әдемі әжелеріміз емес пе?
Тақпақ;
Бекзат;
1. Әжем менің әлі де,
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді,
Қажет болса бәріне.
2.Іңкәр;
Әжем менің ақ әжем,
Көп жасаған, жан әжем,
Ауырғанда мен үшін,
Бір сүйгені дәрі әжем.
3.Айсұлтан;
Аппақ күміс сақалды,
Жақсы көрем атамды.
4.Жасмин;
Менің әжем бал әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем.
Ән. «Қошақаным».
1.Жазда апамның ауылына,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан,
Шыға келді жүгіріп.
Қайырмасы;
Ақ маңдайы Ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен.
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен.
2.Анаң кетті жайлауға,
Оны іздеп қайғырма.
Анаң бізге келеді,
Ақ сүтінен береді.
Қайырмасы;
Ақ маңдайы Ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен.
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен.
«Ата көрген оқ жонар».
IV. Сайыскер қарттар немерелерімен бірге келіп мұндағы мақал- мәтелдің бірінші жолы айтылады, оны сайыскер қарт пен немересі жалғастыруы керек.
1.Атадан жақсы ұл туса,
Есіктегі басын төрге сүйрер.
Атадан жаман ұл туса,
Төрдегі басын көрге сүйрер.
2.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3.Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
4.Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
5.Заманың түлкі боп қашса,
Сен тазы боп шал.
V.Би. «Чунга- чанга».
VI.Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт- дәстүрі, тілі, ұлттық мәдениеті болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен және атаның қасиетті, баталы сөздерінен бастау алады. Халқымыздың әдет- ғұрпын, дәстүрін, тарихын біліп, оны қастерлеп, бүгініміз бен келешегіміздің нәрлі қайнарына айналдыру – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Шарты «Білім мен парасат».
Сұрақтарға жауап алынады, тапсырма үш тапсырмадан тұрады. Құрметті ұстаздар, көрермен, ақ жаулықты әжелер, менің қолымдағы табақшадан сұрақтарды алуларыңызды өтінемін.Салт- дәстүрлер сөздеріне байланысты сұрақтарға жауап беру;
1. Ерулік дегеніміз не? Оның мақсаты қандай?
Жауап;
Ауыл арасына жаңа үй көшіп келсе, сол ауылда бұрыннан тұратын адамдар жаңа үй иелерін ерулікке шақырады, яғни ас пісіріп табақ тартады. Бұл жаңадан көшіп келушілерді бөтенсіретпей өз ортасына тартудың, сыйласудың үлкен белгісі.
«Сауын айту» туралы не білесіз?
2.Жауап;
Бір елде ас, үлкен той болатын болса, ол күні бұрын жан- жаққа хабарланып сауын айтылады. Бұл жай шақыру емес, әр ел салт- дәстүрмен, яғни батыр, палуанымен, жүйрік атымен, ақын- жыршысымен келсін дегенді білдіреді.Асқа, тойға келгендер бір- бірінен асып түсуге тырысатын болған.
3.Бие сүтінен ашытылатын, қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы сусыны қалай аталады? Соның ішінде сірге жияр туралы айтып берсеңіз?
Жауап;
Қымыз- жаңа сауылған бие сүтін, саумалды сүзгіштен өткізіп, жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы қымыздың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут пісіп, аузын байлап немесе тығындар ұстаған. Алғаш рет қымызды ашытарда бие сүті сабаға, арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылады. Қор дегеніміз- былтырғыдан қалған жақсы ашыған қымыз.
«Ауруға ем, сауға қуат, дәрі-қымыз» деп Жамбыл атамыз айтқандай қымыз адамның денсаулығына өте пайдалы сусын.
Қымыздың түрлері бар; уыз қымыз, сары қымыз, құнан қымыз, бал қымыз, сірге жияр қымызы т.б.
«Сірге жияр қымызы».
Күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн жиналады. Салт бойынша көрші- маңай, туған-туыс шақырылып, ет асылып сірге жияр қымызы ішіледі.
4. Қолкесер деген қандай дәстүр?
Жауап. Біреудің соғымын сойысқан соғымшыға үй йесі «қолкесерің» деп сыбағалы етін береді.Қолкесер білетіндердің айтуынша соғым союшының байқаусызда қолын кесіп алса соның төлеуі ретінде шыққан көрінеді.
5.Салбурын дегеніміз не?
Жауап. Бұл - аңшылық термин. Аңшы , саятшы жігіттердің топ болып, бірнеше күн бойы аңға шығуын «салбурын» деп атайды. Мұңы аңшылық мерекесі десе де болады. Мұнда алған аң бәріне бірдей тең бөлінеді. Салбурын аңшылардың ерлігін, ептілігін, азаматтығын сынайтын жол.
6.Көгентүп туралы не білесіз?
Жауап. Бір- біріне жақын туыс, жұрағат адамдардың баласына ескерткіш, сый ретінде берілетін мал. Бұл бала үшін сый, қуаныш болса, оның ата- аналары үшін құрметтеудің белгісі десе де болады.
«Ұлағатты ұлттық ұғымдар».
Мына сандардың біреуін таңдап, артындағы тапсырмаға жауап беру керек.
1. 3 арсыз; ұйқы, күлкі, тамақ.
2. 3 би; Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
3. 3 бәйтерек;Сәкен, Ілияс, Бейімбет.
4. 7 ата; Әке, бала, немере, шөбере, немене, шөпшек, туажат.
5. 7 күн; Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
6. 3 қуат;Ақыл, жүрек, тіл.
Жауап бергендеріңізге көп рахмет.
(Марапатталады).
VII.Би.”Қамажай”.
Құттықттау сөз кезегін Мектеп директоры Сыздықов Берік Өндірісұлына беріледі.Келесі сөз кезегі бүгінгі мерекеміздің иелері аталар мен әжелерге беріледі. Келесі сөз кезегі Бидал Анар Исаханқызына беріледі.Тәрбие ісі меңгерушісі Утепова Динара Юрисқызына беріледі. Осымен «Қарты бар ел- қазыналы ел» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Келгендеріңізге көп рахмет!
1-оқушы:
Қариялар көк бойлаған емендер,
Тамырларын ізде ағайын тереңнен
Желкілдеген жапырағы жас орман,
Келесің сен- келешегім деуменен.
2- оқушы:
Алатаудай кейпі биік қашанда,
Таң сызылып, күлер нұр шашарда
Бата бер деп бар адамдар жаяр қол,
Бір биіктен бір биікке асарда.
3- оқушы:
Қайран қазақ қарттары қадірменді
Сіздерге Алла биіктік бәрін берді,
Мына әлемге таба алмас адамзат
Өздеріңдей білікті тәлімгерді.
4-оқушы:
Сіздерсіздер бүгінгі ұлықпандар,
Мың жасаған ұрпақпен ұлық жандар
Қарттар тарих, қазына, ел қазығы
Ей, адамзат, осыны ұмытпаңдар.
5-оқушы:
Жылдар өтіп,бейнелер мұнарланып,
Жатқан менен жаңғырар жыр арналып,
Әруағыңның өзі де дүбірлетіп
Есімдерің аталар ұрандалып
6-оқушы:
Алдында ақыл берер қария ғой
Жақсылар жақсылыққа жария ғой
Жастарға ол парасатты кеңес берер
Сөзге бай ағып тұрған дария ғой.
7-оқушы:
Қарттар күні ұмытылмас ешқашан,
Қадірлі де құрметті ғой әрқашан
Жүрсін адам қарт кісіні аялап,
Жүрсін адам қарт кісіні мадақтап.
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар!
Бәріңе Қарттар күні құтты болсын,
Қариялар,денсаулығың мықты болсын.
Отбасың,бала – шағаң аман болып,
Жастарға мызғымыстай бақыт қонсын!
Сіздерді 1 Қазан Қарттар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға береке, бірлік, қуаныш тілейміз, балаларыңызды жақыннан көріп,немерелеріңіздің маңдайынан сипап жүре беріңіздер!
Бүгінгі «Қарттар-тарих,қазына,ел қазығы» тақырыбында өткізгелі отырған мерекелік кешке қош келдіңіздер!
Домбырашылар ансамблінің орындауында СЕКЕН ТҰРЫСБЕКОВТІҢ күйі «Көңіл толқыны». Жетекшісі ИБАДУЛЛАЕВА ФАТИМА.
Осы орындауда ӘБДІМОМЫН ЖЕЛДІБАЕВТІҢ күйі «Ерке сылқым».
Жүргізуші:
«Есік алды төбе болса,
Ерттеп қойған атпен тең.
Ауылда қартың болса,
Жазып қойған хатпен тең»,-дей отырып әні Полатова Жұпаркүл, сөзі: Гүлхадиша Нысанбаеванікі Хор: «Ұстазым»
Жеткешісі: Мұсабаева Әнипа
Осы орындауда әні: Нариман Мизамбаевтікі,сөзі: Райхан Қилыбаеванікі
Хор: «Қазақстан- құт мекенім»
Жүргізуші:
Халқымыз ерте кезден –ақ адам өмірін жеті шаққа бөлген екен.
Сәбилік шақ – адам дүниеге келген күннен бастап 7 жасқа дейін.
Балалық шақ- 7 жастан 15 жасқа дейін.
Жастық шақ – 15 жастан 25 жасқа дейін.
Есею шақ – 25 жастан 33 жасқа дейін.
Кемелдену шақ – 33 жастан 74 жасқа дейін.
Кәрілік шақ – 74 жастан бастап.
Сіздерге тілеріміз өмір жастарыңыз ұзақ болсын деген тілекпен ортада аудан,облыс ән байқауларының жүлдегері Азизов Төреханды қарсы алыңыздар.
Азизов Төрезан , «Нартайдың нақыл термесі»
Осы орындауда « »
Жүргізуші:
5 Б сыныбының оқушыларының орындауында СПОРТТЫҚ БИ. Қол соғып қарсы алыңыздар.
Жүргізуші:
«Ақылды қария –ағып жатқан дария» деп тегін айтпаса керек. Асыл қарттарымыз –ұлы бәйтерек болса,біз соның бүршігіміз.Қыңырды жөнге,қисықты түзге салған осы қариялар арқылы өмірдің түзу жолын,, өнердің білім жолын тауып,біз де бір кірпіш дүниенің тетігі болып қаланатынымыз хақ.
Қарсы алыңыздар мектебіміздің жас жұлдызы Жағыпбар Айбар. «Санта лучиа» әнімен.
Жүргізуші:
Ауыл шежіресі –өткен тарихымыздың сан алуан қырынан елес беріп,кейінгі ұрпақққа үлгі өнеге боларлық.Ауылымыздағы мақтан тұтар аталар мен әжелеріміз мақтанышымыз –сіздерсіздер!Ендігі әнді осы мектептің көркеюіне,талай жылдар бойы өздерінің еңбегі мен оқушыларға өнеге білімдерін арнаған ардагер ұстардарымызға арналады.
Қарғабай Олжастың орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
.
Жүргізуші:
Шырқа әнге шалықта
Би дегенде ,жалықпа.
Өнеріңді аямай
Мың бұралып билеші.
Би: БЕЛЕС БИІ 7 «а» сынып қыздарының орындауында
Жүргізуші:
Өмір оты ерте өшірілмесе ,адам баласының қартаюы табиғи заңдылық.Қарттардың тілегі – ел амандығы ,жұрт тыныштығы.Уайымы сырлас,сыйлас қатарының сирегі.Олар бүгінгісін ғана ойламайды,өткен өмір жолын зерделеп ,алдын болжауға тырысады.Қарттар –тіршіліктің төресі.
Махамбет Қазбектің орындауында «Сұлу қыз»әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Би: Өзбек биі. 5 «б» сынып оқушыларының орындауында
Жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Әнді сүйсең менше сүй – деп, Абай атамыз айтқандай бітіруші түлектеріміздің сіздерге арнаған ән шашуын қабыл етіңіздер.
Мұхтархан Фархат пен Жүсіпбек Райымбектің орындауларында ПАПУРИ.
Жүргізуші: Ән Жаса Қазақстан Жағыпбаров Айбардың орындауында
Жүргізуші:
«Бала өсіргің келсе,ізетті»- деп Әбу Насыр Әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға халықтың асыл қазынасы саналатын,қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп,айтып отырайық, -деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Құрметті қонақтар,сіздердің уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет,оқушылар Отанымыздың білікті де білімді саналы азаматты болыңыздар демекпіз.
Аудандық ақындар мүшайрасының жеңімпазы,аудандық, облыстық ән байқауларының жеңімпазы Жағыпбаров Абайдың орындауында «Көк тудың желбірегені» әнін қабыл алыңыздар.
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!