СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету

Просмотр содержимого документа
«Қауіпсіздік ережесі. Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету»

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

Күні:

Сынып: 5 Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы: Топтық эстафеталық жұмыс

Сабақ 13-14-15

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.5.1 - басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды білу және орындау

Сабақ мақсаттары

Оқушыларды салауатты  өмір салтына беімдеу және  дене шынықтыру сабағына  қызығушылығын арттырады.

Нақты дене жаттығуларын орындаудың сапасын көтеру үшін ережелер мен құрылымдық тәсілдерді түсіну және қолдану.

Жетістік критерийлері

Тапсырма барысында денсаулық пен қауіпсіздік ережелерін сақтай алады.

Байланыс, реттілік, топ қалыптастыру

Өз шығармашылық ойларын анықтап, түсінеді


Тілдік мақсаттар


Қимыл-қозғалыс ойындар кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды неліктен сақтауымыз керек?

Шығармашылық ойды қалай түсінесің?

Сендер сәтті өзара әрекеттесе алдыңдар ма?

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жаттығуды орындағаннан кейін Сіз өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір- біріне деген сенімділігін арттыру және әділ ойын ойнауға бейімдеу.

Пәнаралық байланыстар

Анатомия , математика пәнімен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Қимыл-қозғалыс ойындарды интернет арқылы көрсету.

Бастапқы білім

Қимыл-қозғалыс ойын жаттығулардың секіру, жүгіру, лақтыру т.б жаттығуларды қайталау.


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен сәлемдесу,бүгінгі сабақтың тақырыбымен және бағалау критериімен таныстыру.Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда, активити «Санамақ» ойынын ойнату.

 Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабақтың тақырыбын айтып, мақсатын түсіндіріп алдағы жүктемеге дайындау.

«Сынып түзел», «тік тұр», «оңға», «солға», «оңға» оң иықтан бұрылып мектеп спорт залын алға адымдап бас!» Қол созулы аяқтың ұшымен, қол желкеде өкшемен, қол жанға созулы аяқтың  сырт жақ қырымен жүру. «Жеңіл жүгіріп бас»  Қозғалыстағы жаттығулар жасалады. Қол белде әрбір адымға секіре жүгіреміз,оң және сол жақ жанмен тіркеме адымдай жүгіреміз, қолымыз алдыға созулы тізені көтере жүгіреміз, қол артқа толық жіберулі аяғымызды алақанға тигізе сілтей жүгіреміз, қолымыз жанға жіберулі аяғымызды алақанға тигізе жанға сілтей жүгіреміз. Қол желкеде алға еңкейе аяқты артқа сілтеп жүгіреміз, қол белде артқа шалқая аяғымызды алға сілтеп жүгіреміз. Ирелеңдей жүгіру. Тыныс алу жаттығулары. Мойынға, иыққа дамыту жаттығулары. Қолды созып жартылай, толық отырып жүру. 1,1,1,2,3;1,1,1,2,3.. сынып тоқта!1,2.

Сыныпты 2 топқа бөлу. Әр топты секіргіштің, орындықтың, швед қабырғасының, обручтың қасына тұрғызып белгі бойынша жаттығу жасатамын. Топтық кезекті әдіспен жаттығуды жалғастырамын.

2 I 


3 I

2 I 


4 I

8-10 рет 


Спорттық киімдеріне көңіл бөлу.

Саусақтар жинаулы.

Жаттығудың бір уақытта орындалуын қадағалау.

Арақашықтықтарын назарда ұстау.

Тыныс алуларын қадағалау. 

II 


Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық, секундометр

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

v  Қызықты эстафета

Әр командадан бір-бір оқушы ортаға шығады. Олар сол аяғын артына бүгіп, аяғының мойынынан ұстап алады да, межелі жерге дейін сығар аяқтап  секіріп барып, қайта келгенде жүгіріп жарысып келеді де, саптың соңына тұрады, келесі бала ойынды жалғастырады.

 v Доппен жарыс

Бірінші бала екі баскетбол добын қолтығына қысып алып, межеге жүгіріп барады да, бір допты қалдырып, екінші допты келесі ойыншыға әкеліп беред. Келесі ойыншы бір доппен барып, екінші допты ала келеді. Ойын осылай жалғаса береді.

 v Сыңар аяқ ойыны

Екі команда  ойыншылары бір-бірден шығып, сыңар аяқпен шеңберден бірін-бірі итеріп шығару.

 v Таяқща және секіртпемен секіру ойыны

Бірінші ойыншы  қолына таяқша алып, залдың ортасында жатқан секіртпеге дейін жүгіріп барып, таяқшаны қойп, серітпемен секіріп межені айналып сол жерге дейін келіп, секіртпені тастап, таяқшаны алып келесі балаға береді. Ойын осылай  жалғаса береді.

 v Бір-бірінің үстінен секіру ойыны

Сапта тұрған  балалардың барлығы еңкеійп отырады да, соңғы бала  олардың  үстінен  аттап-секіріп, алдына келіп отыра қалады. Қалған ойыншылар да  осылай жалғастырады. Қай команда межеге бірінші жетеді, сол команда жеңеді.

 

v Негізгі эстафеталық ойын

Бұл ойынға  әр коандададн үш ойыншыдан шығады. Залдың екі жағында  тұрып, бір-бірден  залды айналып  жүгіріп, келесі ойыншыға  таяқшаны береді. Қай команда этафетаны бұрын аяқтайды, сол команда жеңске жетеді

«Капитанға бағытталған доп»
Дайындық кезеңі. Ойыншылар тең екі командаға бөлінеді; әрбір команда капитанды және аулаушыны таңдайды. Орталық шеңберге капитандар орналасады.
Ойынның мазмұны. Топ басшылары ысқырық белгісі берілген кезде допты жерге тастайды. Допты игерген команданың әрбір ойыншысы оны ұшқан күйінде қағып алатындай етіп өз аулаушысына лақтырып беруге ұмтылады. Осы кезде ұшып бара жатқан допты басқа команданың аулаушысы қағып алса, сол үшін ұпай иеленеді. Жеңімпаз ең көп ұпай алған команда болып табылады.
Ойын ережесі. 1. Доппен жүгіруге рұқсат етілмейді, ойыншы екі қадам жасауға болады, үшіншісінде допты басқа ойыншыға беру керек. 2. Егер аулаушы допты ауада немесе қарсыластың серпілісі кезінде қағып алса, доп ұсталынған болып есептеледі. 3. Бір уақытта екі ойыншы допты қағып алса, онда дауды шешуші доп беріледі.






.


Кең, таза кеңістіктер әрбір әрекет үшін. Ысқырық, секундомер мұғалім үшін. Футбол, баскетбол, волейбол доптары, шар, қапшық, арқан.

http://teacher-of-russia.ru

Ойын 5-сыныптар үшін қозғалыс ойындарының ресурсына сілтеме:

http://www.fizkult-ura.ru

Сабақтың соңы

Спорт жабдықтарын орнына қою, тыныс алу жаттығулары және хронометраж.

Көңіл аудару жаттығулары, үй тапсырмасы.

Рефлексия

Стикер, пламастер, ватман, қарандаш т.б

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Дарынды оқушыларға, қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың тапсырманы орындау деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Стратегиялық тапсырмалардың нәтижесі, тапсырмасы мен жабдығы бойынша айырмашылық.

  • Спорттық термин сөз қорын тереңдету үшін, оқушыларға қиындау сұрақтар қойыңыз.

  • Әлсіз оқушыларға көмектесу үшін арнайы тапсырмаларды беру және де, топ мүшелері санын азайту немесе жеңілдету.

  • Көру, тыңдау, сұрақ қою.

  • Оқушылар қозғалғанда қажет болғанда тоқтап, қауіпсіздік туралы біліп, тапсырмаға қатысы бар ма?

  • Оқушылар алаң мен динамикадағы өзгерістер қалай көрінеді және қалай сезілетінін біле ме?

Топтық ойындардың сапасы талқылау.

  • Ғылыммен байланыс – денсаулық пен дене, қауіпсіздік, салмақ/ағын динамикасы






Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы қойылған мақсатқа қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






2


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:


Сыныбы: 5-сынып

Сабақ 16-17-18

Қатысқан оқушы саны :

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Ойынның қабылдау техникасын үйрету

Меңгеру мақсаттары:

5.1.1.1 - аздаған ауқымдағы арнайы спорттық спецификалық қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын білу және түсіну

5.1.3.1 - қарапайым арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті білу және анықтау

5.2.4.1 - дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді білу және түсіну

Сабақ мақсаты:

Баскетбол ойынында допты алып жүру,себетке доп салу және допты тартып алуды дамыту

Топта жұмыс істей білу

Көшбасшылықты дамыту

Жетістік критерийлері:

  • Баскетбол ойынында техникалық әдісті меңгерген

  • Топта жұмыс істей біледі

  • Баскетбол ойынында негізгі ережелерді сақтайды

Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика және терминдер:

  • Шабуылдау ойыны, бейімделген ойындар

  • баскетбол добы,пластиктен жасалған доп, әр түрлі лента, ысқырық

Талдау үшін сұрақ:

  • Сіз ойын тактикасын топта қалай қолданар едіңіз?

Құндылықтарды дарыту:


Жеке жауапкершілік, оң болу. Көшбасшылықты дамыту және өзара көмек.

Пән аралық байланыс:

Өзін-өзі тану пәнімен байланыс,биология пәнімен байланыс және геометрия пәнімен байланыс. Допты себетке лақтыру кезінде түсіндіру

Акт қолдану:

Таныстырылым көрсету үшін интерактивті тақта қолдану

Бастапқы білім:

Оқушылар баскетбол жөнінде өткен сыныпта, үйде, сыныптан тыс орында алған білімдерін қолданады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

5-10 мин


Сапқа тұру,жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру;

Қауіпсіздік ережесімен танысу.

Саптық жаттығулар-бір орындағы бұрылыстар

Жәй жүгіріс(диагонал бойынша,ортадан,қарсы бағытқа,жылан тәрізді)

-тізені жоғары көтеріп жүгіру;

-аяқты артқа сермеп жүгіру;

-жылдамдыққа жүгіру;

-180º-қа айналу

Жанымызбен жылжу

-кеудеден доп лақтыру қалпын салып оң және сол жақ жанымызбен жылжу.

Жәй жүріс:

-қол жоғары, аяқтың ұшымен жүру;

-қол желкеде немесе жанымызда,өкшемен жүру;

-аяқтың сыртымен жүру;

-аяқтың ішімен жүру.

ЖДЖ

Әр бір белсенді қозғалыс үшін үлкен бос кеңістік.


Сабақтың ортасы:

25мин.

Ойынның техникалық тәсілдерін үйрету

«Баскетболда лақтыруды оқыту» таныстырылымын көрсету

(Б, Т, Тәж, ф)

Допты алып жүрумен себетке доп лақтыру эстафетасы. Алаңның шетіне екі топ лекпен сапқа тұрып орналасады.Дыбыс берілген жағдайда лектін алдында тұрған ойыншы допты себетке дейін алып жүреді де себетке допты тастайды,егерде доп себетке түспесе қайтадан допты себетке түскенше лақтырады.Әрі қарай допты алып жүріп лекпен кері қайтады.Допты келесі ойыншы бередіде өзі саптың соңына барады

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

-Ережені бұзбай допты алып жүру

-Себетке лақтыру, ережені бұзбай екі адым жасау арқылы орындалады

Мұғалім баскетболда әр түрлі тартып алу әдістерін көрсетеді.

Допты өзіңдікіне. 6-7 ойыншыдан екі топ құрылады. Ойыншылардың біреуі шеңбердің (диаметрі 2 м) ортасына тұрып-қағып алушы рөлін атқарады. Келесі ойыншы қарсыластарының шеңберінің маңына орналасады (қорғаушы).Қалған ойыншылар өз бетінше орналасады. Допты залдың ортасынан ойынға қосқан соң, ойыншылар бір-біріне допты беріп келіп, залдың ортасындағы ойыншыға допты жалғауға тырысады.Белгілі бір уақыт ішінде (5 - 10 минут) қағып алушы көп доп ұстаған болса сол топ жеңіске жеткен болып саналады.

Баскетбол ережесімен ойын.

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

- Допты алып жүру,ереже сақтаумен өтеді

-Допты тартып алу сәтінде қауіпсіздік ережесін сақтау және ереже бұзбау.

ҚБ:

«Смайликтер»


Жалғастыруға дайынмын! Толықтау түсінбедім! Ештеңе түсінбедім қайталау қажет!

Оқушылар өткен сабақ бойынша сәйкес келетін смайликтердің суретін салады.

Үлкен ойын кеңістігі,жарыс өткізуге қажетті құрал жабдықтар. Баскетбол доптары, конустар, ысқырық, секундомер.

Сабақтың соңы:

5 мин

Сабақты қорытындылау.

Техникалық іс-қимылды дұрыс орындаған оқушыларды бағалау.

Оқушыларға қаншалықты сабақ түсінікті болғанын сұрақ қою арқылы ауызша рефлексия жүргіземіз.

Үлкен бос кеңістік.

Саралау:

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Физикалық дене қабілеті жоғары топ оқушыларына қиындатылған ойын түрін ұсыну.

Сабақ барысын бағалау, мұғалімнің мынадай бақылауынан тұрады:

1 оқушыларды бақылаумен

2 оқушыларға ауызша сұрақ қою

3 оқушымен жекелей әңгіме жүргізу

- белсенді оқушыларға

- жетістік критерий

-теориялық біліміне

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын назарда ұстау

Сабақ бойынша рефлекия:


1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?



2.Оқушылар нені үйренді?



3.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?



4. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?



5. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?




Жалпы оқушыларды бағалау:


Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау












































2-бөлім

Өзгертілген командалық ойын

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 5-сынып

Сабақ 21-22

Қатысқан оқушы саны :

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Негізгі қабылдау тактикасын үйрету

Меңгеру мақсаттары:

5.1.2.1 - қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау

5.1.5.1 - аздаған ауқымдағы дене жаттығуларының тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттау

Сабақ мақсаты:

Топта жұмыс істеу

Көшбасшылық сапасын дамыту

Жетістік критерийлері:

Баскетбол ойынында техникалық әдіспен допты дұрыс алып жүре алады

Топта жұмыс істей алады

Баскетбол ойынының негізгі ережелерін және қауіпсіздік ережелерін біледі

Жеке жумыс істей алады

Тілдік мақсаттар:

Пәндік лексика және терминдер:

  • Шабуылдау ойыны, бейімделген ойындар

  • баскетбол добы, пластиктен доп, әр түрлі түсті лента, ысқырық, сет, тайм, аут, фол, дриблинг.

Талдау үшін сұрақ:

  • Дриблингті жақсарту үшін не істеу қажет?

  • Мергендік қасиетті дамыту үшін не істеу керек?

Құндылықтарды дарыту:


Жеке жауапкершілік, оң болу. Көшбасшылықты дамыту және өзара көмек.Жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарыту. Патриоттық тәрбие.

Пән аралық байланыс:

Өзін-өзі тану пәнімен және математикамен байланысады

Акт қолдану:

Бейнетаспа көрсету, ғаламтор пайдалану.

Бастапқы білім:

Оқушылар баскетбол жөнінде өткен сыныпта, үйде, сыныптан тыс орында алған білімдерін қолданады.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

5-10 мин


Сапқа тұру,баяндама,сәлемдесу,жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру;

Қауіпсіздік ережесін еске салу.

Жәй жүгіріс.

ЖДЖ жасау.

Әр түрлі белсенділік үшін үлкен,бос кеңістік.


Сабақтың ортасы:

25мин.

Ойынның техникалық тәсілдерін үйрету

Допты алып жүру

Допты қалай дұрыс алып жүруіне бейнетаспа көрсету: «баскетбол сабақтары-дриблинг, допты бақылау».

Допты алып жүру кезінде, қауіпсіздік ережесін еске салады.

(Б, Т, Тәж, ф)

“Мотоциклисттер”-ойыны:

Тапсырма: Допты бір орында және қозғалыста алып жүруді дамыту,оқушыларды алаңды көруге үйрету.

Алаңда ені 2-3м жол жолағы орналасқан.Барлық оқушылар мотоциклисттер,олар допты еркін алып жүре алады.Мұғалім-бағыттаушы, қызыл және жасыл жалаушаларымен. Егерде бағыттаушы қызыл жалаушаны көрсетсе, мотоциклист тоқтайды, бірақ моторды сөндірмейді – яғни допты бір орында жүргізеді. Ал жасыл жалаушаны көрсетсе,мотоциклисттер көшеден тоқтаусыз өтеді – допты қозғалыста жүргізеді. (Қозғалыс көшеде бір бағытта жүреді)

Допты алып жүру кезінде 3 қателік жіберсе (екірет алып жүру, доптан айырылып қалу және т.б.) ойыннан шығарылады.

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

-Оқушылар дұрыс тұрыста допты алып жүреді.

- Допты итеру кезінде,қолымыз допты шығарып салады.

Допты ұтып алу

Баскетбол добы саған қарай ұшып келе жатса, ертерек қолымызбен қарсы аламыз.Ол үшін екі қолдарыңыздың саусақтарын үлкен воронка тәрізді жасаймыз. Ұшып келе жатқан допқа мұқият қарау.Ол саусағын тигізген бойда, допты қыс, ал қолымызды шынтақтан бүгіп,допты кеудеге тартамыз.Бірақ негізгі тұрысты ұмытпа! Ойынды жалғастыруға дайын бол.

«Баскетбол ойынында допты жалғау және ұтып алу» таныстырылымын көрсету.

Есімімен шақыр”-ойыны:

Тапсырма: Оқушыларға допты ұтып алуға үйрету.

Оқушылар топқа бөлінеді және шеңбер құрайды. Бір оқушы доппен шеңбердің ортасында болады. Ысқырық берілгеннен кейін,ол допты аспанға лақтырып бір баланың атын атайды.Аталған оқушы допты түсірмей ұтып алуы қажет.Осылайша допты ұтып алған оқушы лақтырып ойын жалғаса береді.Ең аз допты түсіріп алған топ жеңімпаз болып саналады.

Бұл тапсырмаға бағалау дескрипторы:

-Допты ұтып алу кезінде қолымызды алға созып саусақтарымызды воронка тәрізді жасаймыз.

-Допты ұтып алғаннан кейін кеудемізге жақындатамыз.

ҚБ:

Еденге бормен 3шеңбер саламыз.

Оқушыларды шеңберге тұруға шақырамыз:

1 шеңбер-кімде барлығы жақсы болды

2 шеңбер-кімде кейбір сәттері орындалмады

3 шеңбер-кімде ештеңе орындалмады.

Үлкен ойын алаңы,құрал-саймандар.

Баскетбол доптары, қызыл және жасыл жалаушалар.

Сабақтың соңы:

5 мин

Сабақты қорытындылау.

Техникалық іс-қимылды дұрыс орындаған оқушыларды атап өту (дұрыс тұрысын,допты алып жүру және допты ұтып алуда қолдың қозғалысы және т.б.)

Жие қателік жібергендерді атап өту (дұрыс емес тұрыс, допты алып жүру және допты ұтып алуда қолдың дұрыс емес қозғалысы және т.б.)

Рефлексия «екі жұлдыз бір тілек»-оқушылар стикерге сабақтың екі ұнаған сәтін және сабаққа өзгеріс енгізу үшін бір тілек жазып кетеді.

Үлкен,бос кеңістік

Стикер,маркер.

Саралау:

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

-барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындайды;

-допты ұстап алуды кейбір оқушылар орындайды;

-жаттығуды орындау кезінде қиындық көретін оқушылар мұғалімнің көмегімен орындайды.

Әр білім алушы өзінің іс-әрекеті туралы сыныптастарымен талқылай алады;

Оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін дайындалып қойылған белгілі бір критерийлермен немесе кері байланыс беру арқылы жүзеге асыруға болады;

Нақты бағалау үшін жоғарыда көрсетілген алдын-ала дайындалған критериилерді пайдаланамыз.

Жұпта жұмыс жасаған оқушылар бір-бірін бағалайды.


Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын назарда ұстау

Сабақ бойынша рефлекия:


1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?



2.Оқушылар нені үйренді?



3.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?



4. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?



5. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?




Жалпы оқушыларды бағалау:


Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!