СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?ауырсын жабынды жануарлар

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

о?ушылар?а ??стар  туралы жалпы т?сінік беру..О?ушыларды?  экология ?ылымын ?мірмен байланыстыра отырып,білім де?гейін тере?дету ?абілетін дамыту ма?сатында о?ы саба?ты ?ткіздім.

Просмотр содержимого документа
«?ауырсын жабынды жануарлар»

Сыныбы: 7 айы,күні: пәні:

Сабақтың тақырыбы: Құстар класына жалпы сипаттамасы. Құстардың тіршілік ортасы.

№9 зертханалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты: Омыртқалы жануарлардың құстар класына шолу

Білімдік: Құстар класы, құстар класына жалпы сипаттама, құс

Дамытушылық: Қазақстанда кездесетін құстардың жинағымен танысу

Тәрбиелік: Елімізде кездесетін құстарды аялау, қызыл кітапқа енген құстарды аялау

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап,

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, құс жұмыртқасы, Қазақстанда кездесетін құстар жинағы, құстардың экспонаттары

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Оқытылған тақырып бойынша білімді өзектеу

1. Дұрыс жауаптардың астын сызып көрсет

А) Қазақстанда кездесетін жорғалаушылардың түрлері: гаттерия, дала тасбақасы, батпақ тасбақасы, теңіз тасбақасы.

Ә) Жорғалаушылар қалай ұрықтанады – іштей, сырттай, аралас, ұрықтанбайды.

Б) Қазақстанда кездесетін аяқсыз кесірткенің түрі – келес, сары жылан, батбат, құбылғы.

В) Жүрегі төрт қуысты жорғалаушы жануар – тасбақа, кесіртке, тәмсақ, гаттерия.

Жорғалаушылар миының құрылыс нұсқасын сызып, оның жеке бөлімдерінің аттарын тұсына жаз

. Мына белгілердің қайсылары қосмекенділерге және қайсылары жорғалаушыларға тән екенін тауып көр

А) Терісі жалаңаш

Ә) Терісі мүйізді қабыршақпен қапталған

Б) Қаңқасында кеуде торы бар

В) Іштей ұрықтанады

Г) Сырттай ұрықтанады

Д) Тек өкпесі арқылы тыныс алады

Е) Әрі өкпесі әрі терісі арқылы тыныс алады

Ж) Жүрек қарыншасының арасы жартылай пердемен бөлінген


Қауырсын жабынды құстар


Жануартану ғылымының құстарды зерттейтін саласы –орнитология деп аталады.Грекше орнитес – “Құс”деген мағынаны білдіреді.

Құстардың шығу тегі:Ғалымдар құстардың жорғалаушыларға арғы тегінен ұқсастығын қазба қалдықтар бойынша дәлелдеді.Алғаш рет 1861жылы бұдан 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен қанатты жануарлардың қалдығы табылды.Бұл сол кездегі көне құс болып есептеледі.

Ал елімізде 489 жуық түрі бар

Қазіргі кезде құстардың жер бетінде 9000(мың) жуық түрлері бар деп есептеледі.

Денесі үш бөліктен тұрады

Бас

Мойын

Тұлға

Терісі Жұқа Құрғақ Бездері аз Қауырсындарын майлайтын-құйымшақ бездері болады.

Терінің қосалқы бөлімдеріне жатадыҚауырсын Тұмсықтары-ның мүйізді бөлігі Жіліншік Саусақтағы мүйізді қабыршақ

Қауырсынның құрылысы

Қауырсындардың қызметі – құстың ұшуына, денесіндегі жылуды реттейді. Қаңқасы жеңіл әрі берік.

Қаңқасының құрылысы

Асқорыту жолы Тұмсық ---- өңеш ----- кеңейген бөлігі жемсау------ қарын---- безді қарын (асқорыту сөлі) ------ етті қарын (тіс қызметін атқарады) ------ ащы ішек (баурдан өт өзегі, ұйқы безінің өзегі) ----- тоқ ішек --------- тік ішек --------- клоака

Құстардың тыныс алуы Ауа қапшықтары Өкпе

Жүрегі төрт бөлікті

Екі құлақша Екі қарынша

Қан айналымы қосмекенділер мен жорғалаушылардан әлдеқайда күрделі

Қан айналым шеңбері

Үлкен Кіші

ІV. Тест жұмысы

1. Құстар қандай жануарлар?

А) салқынқанды Ә) жылықанды

Б) төмен температуралы В) жоғары температуралы

2. Құстардың терісінде қандай без бар?

А) тер безі Ә) сілекей безі

Б) иіс безі В) құйымшақ безі

3. Құс терісінің қосалқы бөлімдері

А) тері және терә қатары Ә) қабық және қабыршақтар

Б) қауырсын, тұмсық мүйізді қабыршақтар В) тегіс тері қабаты

4. Құстың безді қарны қандай қызмет атқарады?

А) тағамды ұсақтау Ә) тағамды қорыту

Б) тағамды майдалау В) қоректі жұту

5. Құстардың қосарлы тыныс алуы дегеніміз не?

А) қанның оттегіне екі рет қанығуы

Ә) қандағы оттегінің азаюы

Б) қандағы көмірқышқыл газының көбеюі

В) оттегі мен көмірқышқыл газының теңесуі

6. Құстардың дыбыс шығаруы

А) жұтқыншақ Ә) өңеш

Б) көмекей В) қарын

7. Құстардың зәр шығару мүшелерінің қандай ерекшеліктері бар?

А) бүйрегі жетілмеген Ә) қуық болмайды

Б) несепағары қысқа В) клоакасы бар

8. Құс жұмыртқасында нәруыз қабаты қандай қызмет атқарады?

А) сыртқы зақымданудан қорғайды Ә) бұзылып кетуден сақтайды

Б) газ алмасу жүреді В) микробтарды жұмыртқа ішіне өткізбейді

9. Құс мекиенінің жыныс жүйесінде қандай ерекшелік бар?

А) аналық безі екеу Ә) жұмыртқа жолы екеу

Б) аналық безі, жұмыртқа жолы біреу

В) аналық безі, жұмыртқа жолы дамымаған

10. Ширақ балапанды құс

А) кептер Ә) торғай

В) тоқылдақ В) тауық тәріздестер

VІ. Қорытынды

Топтастыру

V. №9 зертханалық жұмыс . құстардың ішкі және сыртқы құрылысын зерттеу


V. Бағалау

VI. Үйге тапсырма оқу, мақал мәтелдер жазу.