СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ әдебиеті пәні бойынша "Бала Тұрар" тақырыбына ашық сабақ жоспары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала Тұрар шығармасын толық әрі тиімді ашу үшін жаңашыл әдіс-тәсілдер ұсынылған ашық сабақ жоспары...

Просмотр содержимого документа
«Қазақ әдебиеті пәні бойынша "Бала Тұрар" тақырыбына ашық сабақ жоспары»

Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Бала Тұрар»

Сабақтың мақсаты: Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" романындағы "Тұтқын бала" тарауы бойынша Тұрар іс-әрекетімен таныстыру.
Білімділік: Жасөспірім Тұрардың тауқыметке толы тағдыр белестерін тереңірек меңгерту;шығармадағы бала Тұрардың бейнесіне талдау жасай отырып, автор мұратын ұғындыру;
Дамытушылық: Мәтіннен Тұрардың іс-әрекетіне баға беру арқылы өзіндік көзқарасын жетілдіру, проблемалық сұрақтар арқылы жинақтау дағдысын дамыту;
Тәрбиелік: Шығарма арқылы оқушыларды ата-анасын қадірлеуге , елін-жерін сүюге, намысшылдыққа , білімнің шыңының зор екендігін түсінуге тәрбиелеу;шығарма арқауы тарихи шындық екенін түсіндіре отырып, Тұрар бойындағы қасиеттер арқылы бауырмалдыққа, шындыққа, қайсарлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: «Блиц-турнир» сұрақ-жауап, көркем мәтінмен жұмыс, талдау,ойлау,дәлелдеу,топтастыру.

Пәнаралық байланыс:қазақстан тарихы,география

Көрнекілігі: Ш.Мұртаза мен Т.Рысқұловтың портреттері, электронды слаидтар, бейне фильмнен үзінді ,интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

оқушылармен сәлемдесу,сабаққа даярлығын қадағалау,құрал-жабдықтарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын сұрау «Блиц-турнир» әдісі бойынша сұралады.

Үйге берілген тапсырма: «Тұтқын бала» шығармасын оқып,Тұрар іс-әрекеттерін талдау және Тұрар Рысқұлов жөнінде мәлімет жазып келу.

Актуальдау.

Біздің бүгінгі сабағымыз-өткен сабақтарымыздың жалғасы.Бекіту сабағы.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын «Бала Тұрар» деп алып отырмыз.

Бүгінгі сабағымызды біз оқытудың топтық формасы негізінде жұмыс жүргіземіз.

Сұрақтар:

  1. Ш.Мұртаза қай жылы,қай жерде дүниеге келді?

  2. «Тұтқын бала» әңгімесі автордың қай романынан үзінді?

  3. Шығармадағы түтқын бала кім?

  4. Шығармадағы басты кейіпкерлер?

  5. Рысқұл не себепті түрмеде жатыр?

  6. Тұрар кімді үлгі тұтты? Оның бойындағы қайтпас қайсарлық , алғырлық мінездің көзі неде деп ойлайсын?

  7. Тұрардың әкесі Рысқұл абақтыға не үшін түсті?

  8. Рысқұл залым Приходько мырзаға неге разы?

  9. Тұрар Приходка мырзаның балаларының жанында не істеп жүр?

  10. Тұрардың орыс шіркеуінің қасынан өткендегі ойы?

  11. Тұрар Рысқұлов туралы не білеміз?

ІІІ. «Ой шақыру»



Бала бақыты









ІV. «Мағынаны тану»

Ал балалар ендеше бүгінгі сабағымыздың негізгі бөліміне көшелік.Олай болса мыныа сөзжұмбаққа назар аударыңыздар.

  1. Сөзжұмбақ шешу

  2. Топтық жұмыс.

Т


1.

Л

А

Б

Н

Ы

Қ

Т

Ұ


2.


3.


4.


5.

6.


7.


8.

9.

А

10.

1. Патшалық Ресейде арнаулы бір облыстың бастығы қалай аталған?

2. Тұрардың әкесінің есімі?

3. Айбар мырзаның баласының есімі?

4. Тұрардың бүркеншік фамилиясы?

5. Тұрардың нағашы жұртының ауылы қалай аталады?

6. Меркедегі орыс-мұсылман мектебінің меңгерушісінің есімі?

7. Меркедегі мұсылман пәннің мұғалімі?

8. Ревалюцияға дейінгі Ресейдегі орта дәреже оқу орны?

9. Ш.Мұртазаның Т.Рысқұлов өмірімен байланысты драмасы?

10. Кеңес жұмыстарын жүргізуші?

11. «Қызыл жебе» романынан алынған үзінді қалай аталады?

Жақсы балалар ендеше келесі тапсырма орындауға көшелік. 1-ші және 2-ші топ өздеріңе берілген тапсырма арқылы мәтінді ашамыз, талдаймыз. (Оқушылар топ болып жұмыс жасайды)

І топ «Бала тұрар» тақырыбы аясында плакат, тірек сызбалар арқылы мәтіннің мазмұнын ашу, Бала Тұрарды тану.

ІІ топ «Ұлты үшін күрескен Күрескер Тұрар» тақырыбы аясында плакат, тірек сызба арқылы мәтіннің мазмұнын ашу, Тұрар Рысқұловтың ерлік істерінен, саяси, отбасылық өмірінен мағұлмат беру.

V. Сабақты бекіту:

1. Шығарманы құрылысына қарай талдау

2. Венн диограмма

1. Шығарманың композициялық құрылысына сюжеттік талдау-сатылай комплексті талдау.

Басталуы


Дамуы



Байланысы





Шиеленісі



Шарықтау шегі





Шешімі





2. Венн диограмма

Тұрар Рысқұлов

Бала Тұрар


Ортақ














VІ. «Ой толғау»

«Сауаттылық хат жазу»

VІ І. Үйге тапсырма беру.

«Әке көрген оқ жонар», «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» деген тақырыптардың бірін Тұрар Рысқұловтың өмірімен байланыстырып шығарма жазу.

VІ І. Оқушыларды бағалау:

Сабаққа жақсы белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.

VІ І І. Қорыту. Шерхан Мұртаза Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнған қазақ халқының тарихындағы ең ауыр кезеңін баян етті және оны шынайы суреттей білді. Олай болса, Тұрар Рысқұлов туралы әлі де айтар сөз көп.
"Атадан асыл ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді" – демекші, Тұрар Рысқұловтай азаматтың ұлы, халықтың қамын ойлайтын қайраткер бола біліңіздер!
Шығарманың соңғы кітабында Тұрар елесі болып сөйлейтін авторда мынадай жолдар бар: "Рысқұлов жолы тым ауыр. Ол туралы жазудан гөрі кетпен алып тау қопарған оңай" – деп сабағымызды аяқтаймыз.


Сабақ аяқталды!

Сау болыңыздар!

Тексердім:






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!