СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"қазақ елінің ұлт-азаттық қозғалыстары тарихнамасы "

Нажмите, чтобы узнать подробности

ІІІ.Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:

- Ұлт-азаттық қозғалыстар жетекшілері мен батырларының ерліктері туралы терең түсінік қалыптасады;

- Тарихи деректермен жұмыс жүргізуге дағдыланады;

- Тарихи тұлғалар мен саяси оқиғалар мәнін салыстырып,баға бере алады;

- Өз білімдерін пікірталас,дискуссия,диспут кездерінде қолдана алады;

- Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мамандықтарын таңдаған оқушылар қосымша білім,бағыт алады;

Просмотр содержимого документа
«"қазақ елінің ұлт-азаттық қозғалыстары тарихнамасы "»

"ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ ТАРИХНАМАСЫ "

10-11 сыныптарға арналған факультатив курсы

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы

"Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" кмм

Тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы

І.Түсінік хат

Жалпы білім беретін орта мектептің оқу жоспарында белгіленген гуманитарлық пән «Қазақстан тарихы» пәнінің оқу бағдарламалары мен оқулықтар мазмұнын талдау барысында жүйелі отансүйгіштік тәрбие беруде қазақ хандары,билері мен батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиетін қалыптастырудың қажеттілігін байқатады.

«Қазақстан тарихы» пәнінің оқу бағдарламаларының кейбір жекелеген бөлімдеріндегі тақырыптарға жүйелі сұрыпталып ендірілген ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілері мен батырларының қаһармандық бейнесі оқушылардың бағдарламалық білім мазмұнын тереңдетіп, теориялық білімдерін молайтып, отансүйгіштік қасиет,түсінігін қалыптастырып,танымдық және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін жетілдіреді. Мектеп оқушыларына жан-жақты отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру мен олардың Отан,туған жер туралы таным-түсінігін тереңдетіп,жетілдіру мақсатында құрылған «Қазақ елінің ұлт-азаттық қозғалыстары тарихнамасы» факультатив курсы бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне ендірілуі оқушылардың бауырларын, отбасын, елін,туған жерінің табиғатын,Отанын қорғау,сүю,ерлік, қаһармандық, батырлық туралы мақтаныш сезіміне тәрбиелеуде қазақ батырының қаһармандық бейнесін тәрбие құралы ретінде қолданудың мүмкіндігін байқатты.

Жалпы білім беретін орта мектептегі оқушыларға оқу үрдісінде алған тарихи тұлғалар туралы теориялық білімдерін практикада пайдалануға,оларды теориялық тұрғыдан ой елегінен өткізуге,өз түсінігі мен қабілетіне сенімін арттыруға, шығармашылық ізденіс іскерлігін жетілдіруге көмектеседі.Яғни ұлт - азаттық қозғалыс батырлары туралы тарихи мағлұматтарды жинақтау аймақтық өлкетану жұмыстары негізіндегі оқушылардың тарихи, географиялық, отансүйгіштік сана-сезімін оятуға жағдай туғызатын өлкеміз өңіріндегі тарихи жәдігерлер мен тарихи тұлғалар туралы өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізіп,әдебиеттерді талдап,оқуға дағдыландырады.

Орта мектептің жаратылыстану, гуманитарлық пәндерінің оқу бағдарламасына енгізілген ұлт - азаттық күрес батырларының қаһармандық бейнесі негізіндегі отансүйгіштік тәрбиеге лайықталған тақырыптар оқушылардың бағдарламалық білім мазмұнын тереңдетіп, теориялық білімдерін кеңейтіп, қазақстандық патриотизм туралы түсінігін қалыптастырып, танымдық және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін жетілдіреді.

Мектептегі тәрбие жұмысына тиімді ендірілген қазақ батырларының қаһармандық бейнесі негізіндегі тәрбие жұмысының түрлері мен формалары (сынып сағаттары,топсеруендер, кездесулер,пікірсайыстар,т.б.) оқушылардың оқу үрдісіндегі теориялық білімдерін практика жүзінде іске асыруға,шығармашылық ізденіс іскерлігін жетілдіруге көмектеседі.

Бүгінгі күні мектеп оқушыларында ұлт-азаттық күрес батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру мәселесінің шешімін табуда мынадай проблемаларға тоқталған жөн:

- Жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушыларға отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруда «қазақстандық патриотизм» принциптерін ескеру қажет;

- Оқу-тәрбие үрдісінде отансүйгіштік тәрбие беру мәселесін үздіксіз жүргізу;

- Жалпы білім беретін орта мектептің оқушыларына қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштік тәрбие беру материалдарын жүйелі,кешенді енгізген жөн.

Мектеп бағдарламасына «Қазақ елінің тарихи тұлғалары» деген пән енгізу керек. Сонда кешегі буын мен бүгінгі буынның арасында сабақтастық болады,бірін-бірі дамытады. Өткенді саралай отырып, жастар қабылдайтынын қабылдайды, үйренетінін үйренеді.Тұлғаны тану деген – шын мәнісінде,ұлтты тану деген сөз.

ІІ.Курстың мақсаты:

Білімділік:Қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарының тарихы мен зерттелуі,Қазақстан тарихында алатын орны туралы,ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері мен батырларының ерлігі туралы қосымша әдебиеттер негізінде тиянақты білім беру.

Дамытушылық:Оқушылар бойында ұлт-азаттық қозғалыстар жетекшілері мен батырларының өмірі мен ерліктерін танып білу,қосымша деректермен толықтыру,оларға баға беру арқылы Отан тарихына деген қызығушылықтарны арттыру.

Тәрбиелік:Оқушыларды патриотизмге,ұлтжандылыққа,адалдыққа,ізгілікке,адамгершіліке тәрбиелеу.Тарихи тұлғаларға құрмет сезімін ояту.Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

ІІІ.Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:

- Ұлт-азаттық қозғалыстар жетекшілері мен батырларының ерліктері туралы терең түсінік қалыптасады;

- Тарихи деректермен жұмыс жүргізуге дағдыланады;

- Тарихи тұлғалар мен саяси оқиғалар мәнін салыстырып,баға бере алады;

- Өз білімдерін пікірталас,дискуссия,диспут кездерінде қолдана алады;

- Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар мамандықтарын таңдаған оқушылар қосымша білім,бағыт алады;

ІУ.Оқушылардың білім мен біліктіліктігі және дағдыларына қойылатын талаптар:

- Тарихи оқиғалардың мен-жайы,мерзімі,оның кейіпкерлерінің аты-жөнін білуі;

- Карта және хронологиялық кестеден қажетті мағлұматтарды ала білуі;

- Тарихи тұлғалардың тарихи жағдайлардағы іс-әрекетіне баға бере білуі;

- Саяси,әскери,мәдени,территориялық,әлеуметтік,экономикалық құбылыстардың себептері мен салдарына зерттеу жүргізе білуі;

- Ұлт-азаттық қозғалыс туралы деректерді көркем,саяси әдебиеттер мен бұқаралық ақпарат құралдарынан таба білуі;

- Тапсырмалар бойынша баяндама,реферат және хабарламалар дайындай білуі қажет.

У. Курстың мазмұны.

УІ. "ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ ТАРИХНАМАСЫ"

10-11 сыныптарға арналған факультатив курсының тақырыптық жоспары.

Тақырыптар мазмұны

Сағат

Мерзімі

І

Ежелгі Қазақстан кезеңі. Б.з.б. УІІ - б.з.У ғасырлар



1

Сақтардың тәуелсіздік үшін соғыстары (Томирис,Зарина,Спаргаписес,Спитамен,Скунха,Шырақ)

1


2

Ғұндардың саяси тарихы.Мөде.Еділ (Аттила)

1


ІІ

Түрік қағанаттары кезеңі.УІ-ХІІ ғасырлар.



3

(Бумын,Мұқан,Естеми,Елтеріс,Білге Тоныкөк, Күлтегін, Тардуш,Білге қаған, Жеғұй, Тон, Үшелік, Сақал, Сұлушор (Сүзеген),)

1


ІІІ

Монғол шапқыншылығына қарсы күрес.ХІІІ-ХІУ ғасырлар.

1


4

Отырар опаты.Отырар-қаһарман қала. (Қайыр хан)

1


ІУ

Қазақ хандығының құрылу кезеңі.ХУ-ХУІ ғасырлар.



5

Қазақ хандығының басқару жүйесі.Әлеуметтік құрылымы.

1


6

Керей,Жәнібек,Бұрындық,Қасым,Хақназар,Шығай,Тәкекел,Есім хандар

1


У

Жоңғар шапқынылығы кезеңі.ХУІІ-ХУІІІ ғасырлар

1


7

Қарақұм және Ордабасы құрылтайлары.

1


8

Қазақ хандары (Салқам Жәңгір,Әз Тәуке,Абылай,Әбілқайыр)

1


9

Қазақ билері

1


10

Қазақ батырлары

1


УІ

Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күрес.ХУІІІ ғасыр соңы -ХІХ ғасырдың ІІ жартысы



11

1783-1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған қозғалыс

1


12

1820-1830 жылдардағы Саржан Қасымұлы,Жоламан Тіленшіұлы және Арынғазы Әбілғазұлы бастаған қозғалыстар

1


13

1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс

1


14

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

1


15

1856-1860 жылдардағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

1


16

1847-1858 жылдардағы Есет батыр бастаған көтеріліс

1


17

1868-1870 жылдардағыОрал,Торғай және Маңғыстаудағы қазақ халқының азаттық күресінің батырлары

1


18

1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс және оның жетекшілері

1


УІІ

ХХғ.басындағы қазақ зиялыларының ұлттық- демократиялық қозғалысы.



19

Алаш қайраткерлері.Мемлекеттік Думадағы қазақтар.

1


20

Түркістан Автономиясы.М.Шоқай және М.Тынышбаев.

1


УІІІ

Кеңес үкіметі билігіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар



21

1929-1931 жылдардағы ұжымдастыруға қарсы шаруалар көтерілістері.

1


22

Қарақұм көтерілісі

1


23

Сарбаздар көтерілісі

1


24

Жетісу көтерілісі

1


25

Маңғыстаудағы халық қозғалысы

1


26

Қордай көтерілісі

1


27

Созақ көтерілісі

1


28

Шұбартау көтерілісі

1


29

Батпаққара көтерілісі

1


30

1958 жыл Теміртау оқиғасы

1


31

1979 жыл "Неміс автономиясын " құру саясатына қарсы қозғалыс

1


32

1986 жыл Желтоқсан оқиғасы

1


33

1989 жыл Жаңаөзен оқиғасы

1


34

1989 жыл Қарағанды оқиғасы

1




Пайдаланылған әдебиеттер:

1.М.Қойгелдиев,Ә.Төлеубаев..."Қазақстан тарихы" қоғамдық-гуманиталық бағытындағы 11 сынып оқулығы,Алматы "Мектеп" 2007 ж.

2."Қазақстан тарихы" көне заманнан бүгінге дейін,бес томдық жинағы Алматы, "Атамұра"

3.Кеңес Нұрпейіс."Тарихи тұлғалар" Алматы, "Қазақ энциклопедиясы" 2007 ж.

4.М.Жолдасбекұлы,Қ.Салғараұлы,Ақселеу Сейдімбек."Елтұтқа" Астана, "КYL TEGIN" 2001 ж.

5.Б.Тоғысбаев... "Тарихи тұлғалар" Алматы,"Алматы кітап" 2006 ж.

6.А.Нұсқабай."Қазақ хандарының ғұмырнасаы" Алматы "Білім" 2001 ж.

7.М.Шоқай.Таңдамалы шығармаларының үш томдық жинағы,Алматы "Қайнар" 2007 ж.

8.Ә.Кекілбаев."Үркер" романы.Алматы " Жазушы" 1981 ж.

9.Т.Жұртбай."Дулыға" екі томдық шығармалар жинағы.Алматы "Жалын" 1994 ж.

10.М.Рүстемов."Созақ қасіреті" Шымкент-1993 ж.

11.Б.Қорқытов,А.Нұрғалиев... "Сырымның шешендік сөздері" Алматы "Ана тілі" 1994 ж.

12.Е.Бекмаханов."Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында" Алматы "Санат" 1994 ж.

13.Ж.Қасымбаев."Кенесары хан".Алматы "Қазақстан" 1993 ж.

14.Е.Дүйсенбаев."Қапаста жазылған хаттар".Алматы "Жалын" 1992 ж.

15.М.Қойгелдиев."Ә.Бөкейханов шығармалары".Алматы "Қазақстан" 1994 ж.

16.Қ.Тауасарұлы."Түп-тұқианнан өзіме дейін".Алматы "Жалын" 1994 ж. 17."Бала би" журналы. 18.Интернет материалдары































"Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі"кмм

тарих пәні ммұғалімі

Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы















10-11 сыныптарға арналған факультатив курсы



"ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ ТАРИХНАМАСЫ "