Тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
Бiлiмдiлiк: Оқулықтан тыс қосымша тарихи шығармалар, тарихи құжаттар мен деректерден қазақ хандығының құрылуының тарихи алғы шарттарын, бiрiншi қазақ хандары мен алғашкы казак атауының қалыптасуын туciндiру
Дамытушылық: 1465-1466 жылдары құрылған қазақ хандығын қортындылай келiп, сұраққа жауап беру барысында оқушыларды әлеуметтiк- экономикалық және саяси дамудың тарихи құбылыстардың күрделi кешендерiн талдай бiлуге баулу.
Тәрбиелiк: Халқының бостандығы мен тәуелсiздiгi үшiн күрескен Керей мен Жәнiбек хандардың ерлiгiн дәрiптей отырып, ұлттық сана- сезiмiн жерiне, елiне деген сүйiспеншiлiгiн арттыру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрi: жаңа сабақ
Сабақтың көрнекiлiгi: интерактивтi тақта, тесттер
Сабақтың әдiсi: тусiндiру, ассоциация, тесттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңi
а) Оқушылармен сәлемдесу
б) Оқушыларды түгелдеу
в) Оқушылардың зейiнiн сабаққа аудару
II. Жаңа сабақ
Қазақ хандығының құрылу себептерi
Бiрiншiден: Керей мен Жәнiбек сұлтандардың Қазақ хандығын құруға ұмтылуы.
Екiншiден: Халық бұқарасының Әбiлхайыр ханға наразылығының күшеюi
Ушiншiден: Алым- салықтың көбеюi.
Төртiншiден: Әбiлхайыр ханның ойраттардан жеңiлiп қалуы
Қазақ хандығының құрылуы жайында тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарихи-и- Рашиди” атты еңбегiнде былай дейдi, “Ол кезде Дештi Қыпшақты Әбiлхайыр хан биледi, Ол Жошы әулетiнен шыққан сұлтандарға күн көрсетпедi, Нәтижесiнде Жәнiбек хан мен Керей Моғолстанға көшiп барды, Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моголстанның батыс шегiндегi Шу мен Қозыбас аймақтарын бердi, Олар барып орналаскан соң, Әбiлхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, Iрi-iрi шиеленiстер басталды, Онын үлкен болiгi Керей хан, Жәнiбек ханға көшiп
кеттi, Сөйтiп, олардын манына жиналғандардын саны 200 мынға жеттi, Оларды өзбектер- “қазақтар” деп атады, Қазақ сұлтандары 870 жылдары /1465-1466/ билей бастады…. ”
Тарихи диктант
1. Керей хан мен Жәнібек сұлтан бастаған жұрттың ………..хан билеген
…….. ұлысынан бөлек көшіп, ………. бойына келдi.
2. Шамамен Хиджраның ………. жылы, яғни …………. жыл қазақ мемлекеттігінiң құрылған мезгілі ретінде қабылданды.
3. Керей хан мен Жәнібек сұлтан Моғолстанға қараған ……….. бойындағы ………… атты мекенге келіп дербес хандықтың шаңырағын көтердi.
4. Бұл тарихи оқиғаны …………….. озiнiн ,, ……….. ,, атты енбегiнде баяндайды.
5. ………. ұрпағы Керей хан мен Жәнібек сұлтанды құшақ жая қарсы алган моғолстан ханы ………… негiзгi мақсаты ………… қарсы пайдаланбақ болды
Ассоциация







Керей мен
Жәнiбек
Әбiлхайыр
хандығы
Моғолстан
Озбек-қазақ
200 мын адам
Жетiсу
Шу мен Талас
Дештi Кыпшақ
Тарих-и-Рашиди

1. Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма:
2. XV ғасырда Әбілхайыр хандығы орналасқан аймақ:
3. Қазақ хандығының алғашқы территориясы:
4. Қазақ хандығының құрылған уақыты:
5. Қазақ хандығының құрылуы жайында айтқан тарихшы:
6. Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған:
7. Керей мен Жәнібек хандардың маңына көшіп келген халықтың саны:
8. Керей мен Жәнібек сұлтандар осы мемлекеттен жекеленді:
9. Керей мен Жәнібектің Жетісуға келуі кезіндегі Моғолстан ханы:
Қортынды: Қазақ хандығының құрылуына 1457- жылдан кейiн Керей мен Жәнiбек сұлтандардың Әбiлхайыр хан үстемдiгiне қарсы курескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дештi- Қыпшақтан батыс Жетiсу жерiндегi Шу мен Талас өңiрiне қоныс аударуы мұрындық болды. Мiне биыл 2015 жылы сол Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды.