Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.
Балалардың тіл байлығын ,сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін,жерін сүюге тәрбиелеу.
Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер.
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
-Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
Біз бақытты баламыз,-дей отырып, « Менің Отаным –Қазақстан » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.Біздің республикамыз Қазақстан деп аталады. Біздің еліміз - тәуелсіз мемлекет. Яғни, біздің еліміз егеменді болғандықтан, өз мемлекеттік әнұраны, елтаңбасы және өзінің мемлкеттік туы бар.Біздің ұлттық ана тіліміз – қазақ тілі.
- Балалар, республикамыздың президенті кім?(Н. Ә. Назарбаев)
- Біздің астанамыз қалай аталады?
- Біздің елордамыз – Астана.
Қазақстан Респубикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін-қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Біздің планетамызда 6 миллиардтан астам адам тұрады. Олар әр түрлі мемлекеттің және ұлттың азаматтары. Мемлекет- адамдарды біріктіретін үлкн отбасы. Дүниеге келген бірінші күннен бастап- сен мемлекеттің қамқорлығындасың.
«Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау)
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек.
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң,
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың.
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң,
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың.
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
Сен, ҚР-ның жас азаматысың!Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. Балалар,Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта ,бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп- гимназия
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Тасымал. Қазақстан картасы.»
Сынып жетекшісі:Агибетова Айгерим
Сыныбы: 1Д
Алматы 2016 ж