СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақстан - киелі достықтың мекені

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбие сағатының мақсаты көп ұлтты Қазақстан туралы. Бұл тәрбие сағаты баршаға ұнайды деп сенемін

 

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан - киелі достықтың мекені»

Келісемін Бекітемін

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мектеп директоры

............................А.Бейсембиев ...................................Б.Мырзабеков

19 қараша 2016 жыл

«Қазақстан –киелі достықтың мекені»

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік тәрбие сағатының сценарийі

Күй орындалып тұрады.

ҚР мемлекетіік Әнұраны

Мақсаты: Оқушылардың бойында патриоттық рух қалыптастырып, тәуелсіздік жолындағы ерлік істерін паш ету.

Мұғалім сөзі: Қуан, жұртым Елдігіңді шет елдер мойындады,
Сан армандар іске асты ойыңдағы.
Терезесі тең елдер қатарында
Салтанатпен өтуде тойың - дағы.

Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік,
Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп,
Азаматтар ақтады сеніміңді
Талай істе танытты кемеңгерлік.

Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Қазақстан –киелі достықтың мекені»

Нұрила: Тәуелсіздік түсен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.



Нұртас: Жылдар бойы бостандыққа шөлдеген

Халқым менің не қасірет көрмеген.

Жоңғар жаулап бейбіт жатқан елімді,

«Ақтабанда» көздің жасы көлдеген.

Ақбота Е: Елім менің сонда қорқып ықпаған,

Намыс туын құлатпаған, жықпаған.

Үш биі мен батырлары қазақтың

Еліміздің іргетасын нықтаған.



Иманғали: Әйтеке би, Төле, Қазыбек бастаған

Қабанбай мен Бөгенбайлар қостаған.

Ордабасы тауында үлкен жиын боп,

Жоңғарларға қарсы ұрыс тастаған.



Жанерке : Жоңғар жаулап, қырып-жойып қорлаған

Қазағымды қайғы бұлты торлаған.

Райымбектей батырлары ерлікпен,

Елін, жерін жауға бермей қорғаған.



Көбей: Жоғарлардан босаған соң жеріміз

Есін жиып, бас көтерді еліміз.

Азаттыққа жеттік пе деп қуанып,

Жиылғандай болды етек-жеңіміз.



Жансая: Орыс алды шұрайлы енді жерлерді

Қазақ халқы қоныс таппай сенделді.

Махамбет пен Исатайлар сол кезде

Қазақ елін хан ұлына теңгерді.



Естай: Бастарына «Темір қазық» жастанған

Қалың жаудан қорқып әсте саспаған.

Сырым менен Амангелді, Жанқожа,

Кенесары көтеріліс бастаған.



Гүлдана: Алашқа арнап мақсаты мен арманын

Қазақ үшін қиды қыршын жандарын.

Өтті өмірден Ахмет, Сәкен, Әлихан

Теңдік үшін қиып қасық қандарын.



Ерасыл: Жүсіпбек пен Мағжан сынды жалынды

Ақындарға жалған жала тағылды,

Ең ақыры арыстардың аттарын

Атауға да қатаң тиым салынды.



Аяулым: Қаһарманын ұмытпайды халықтар

Өткен күнді тарихымыз анықтар.

Ерлігіңе тағзым етем қашанда,

Тәуелсіздік алып берген Алыптар!



Нұрболат:

Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың, айбынды аталарымыздың, қайсар ағалармыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық.

(1 минут үнсіздік)



Назым: Білесің бе, бауырым, білесің бе,

Санаңменен бұл уақыт күресуде.

Туған жердің сен басқан топырағы,

Құндақ болған қаншама ұлы есімге.



Хор-«Елім менің»



Асылжан:

1986 жыл 16 жетоқсан – бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жарқын, әрі қаралы күн еді. Бұл қасіретті күн Қайрат, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сынды жүздеген, мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні, өктемдік үні еді.



Ақбота Қ: Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың ұмытылмас ерлігі.



Ербол: Қайрат сынды қазағымның ұлдары,-

Ләззәт сынды нәзік жанды қыздары.

Қарсы шықты жауыздарға тайсалмай

Басын қорғап бұқпантайлап тұрмады.



Балауса : Көтерілді жастарымыз алаңға,

Көтерілді студент қыз, балаң да.

Қан төгілді намысы үшін қазақтың,

Ерліктері жайылды кең ғаламға.



Ақбота Е:

Қымбат Әбділдина «Желтоқсан оқиға емес»



Қазақ қызын сүйреткен бұрымынан,

Тепкілеген белінен, жұлынынан.

Тұяқ серпкен түрі еді бодандықтың,

Құлап бара жатқанда тұғырынан.



Шаршатып қамыт киген жылдарымыз,

Намысқа басқан нағыз ұлдарымыз.

Бәйгеге басын тігіп ұлты үшін,

Деді олар: «Тәуелсіздік құрбанымыз!».



Жігіттер сұр қасқырдай сұсы басым,

Ыза-кек билеп алып түсі-басын,

Көздері от, сөздері сот үкім етті:

«Жат саясат, иегің қышымасын!»



Өр қыздар қанаттасып өңшең елік,

Отқа май құйып жүрді өршеленіп.

Біз сонда қазақтағы қайсарлықты,

Көзін ашып бар дүние көрсе дедік.





Иманғали:

Қанымыз басымызға көтеріліп,

Құдайдан тілемедік бөтен үміт.

Қазақтың тілін, ділін, дінін бұзар

Болмасын деп күрестік бөтен үгіт.



Желтоқсан – оқиға емес бола салған,

Жастар ер тағдырымен таласа алған.

Желтоқсан – рухымыздың биіктігі,

Қазаққа жараспайды аласарған.



Желтоқсан – ұлт мерейін тасытқан күн,

Желтоқсан – жат пиғылын жасытқан күн.

Желтоқсан – жас жүрекке қайрат беріп,

Желтоқсан – ел болуға асыққан күн.



Хор-«Атамекен»



Нұрхат: Қазақтың арайланып азат таңы,

Тағдырдың артта қалды азаптары.

Үмітін үкілеумен өткен жылдар,

Жасампаз жазып жатыр парақтарды.



Жеңіс:

1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.

Зухра:

1991 жылдың 1 желтоқсанында Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақтан Республикасының Президенті етіп сайлады.

Ернар:

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.

Қарақат:

1992 жылы наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болды.

Қыдырәлі:

1992 жылы 8 мамырда елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.

Фатима:

1992 жылы 4-ші маусымда ел президенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы заңға қол қойды.

Қарақат Серік:

1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.

Сандуғаш:

1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.

Мадина:

1995 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

Зейнеп:

1997 жылы Дүние жүзі картасында жаңа «Астана» қаласы пайда болды.

Аяулым:

1997 жылы 1-ші шілдеде «Тіл туралы заң» қабылданып, оның 4-ші бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» екені жазылды.

Досымжан:

1998 жылы 10 маусымда Астана қаласының ресми түрде ашылу салтанаты болып өтті.

Балауса:1999 жылы Астана қаласы ЮНЕСКО-ның шешімімен «Бейбітшілік қаласы» атты наградаға ие болды.

Рамазан:

2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілді.

Нұрболат:

2001 жылы еліміздің Тәуелсіздігіне 10 жыл толды.

Жансая:

2002 жылы Қазақстан Республикасында «Денсаулық жылы», Тараз қаласының 2000 жылдығын атап өтті, Түркістан қаласында Дүниежүзі қазақтарының 2-құрылтайы болып өтті.

Зейнеп:

2003 жылы «Ауылды қолдау» жылы болып жарияланды

.........................:2004 жылы - «Ресейдегі Қазақстан жылы»

.................... 2005 жыл-«Ауылды қолдау жылы»

......................2006 жыл- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл, «Желтоқсан оқиғасына» 20 жыл

...................2007 жыл – «Қазақ тілін қолдау» жылы

..................2008 жыл- Украинадағы Қазақстан жылы

..................2009 жыл Қазақстан Республикасында ұлттық халық санағы өтті.

..................2010 жылы- Қазақстанның бас қалалары –Астана мен Алматыда 7 қысқы азия ойындары – Азиада болып өтті.

...................2011 жылы Қазақстан Ислам конференциясы Ұйымына төрағалық етті.

....................2013 жылы-Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы болып жарияланды.

....................2015 жылы – Қазақстан халқы ассамблеясы жылы деп аталды. Ұлы жеңіске 70 жыл. Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толды.

Мадина:2016 жылы - Тәуелсіз еліміздің 25 жылдық мерейтойы аталып отыр.

Гүлдана:

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс өкілдері татулықта өмір сүруде.

Нұрила: Қазақстан – зайырлы мемлекет. Мемлекеттің саяси тұрақтылығы мен гүлденуі 9 бөлімнен, 98 баптан тұратын Ата заңның орындалуына байланысты. Ата Заңымыз – Қазақстан азаматарының құқықтарын, бостандықтарын, олардың әлеуметтік дамуы мен гүленуін қорғайды.

Ербол:

Қазақстан – унитарлы мемлекет. Ол 14 әкімшілік территориялық облысқа бөлінген. Елімізің қойнауы күміс пен алтынға, жайлауы төрт түлік малға, қамбасы астыққа, дастарханы нанға толы.



Иманғали: Алматы – жері жайсаң облыс,

Назерке: Ақтөбенің ақ тарысы мол ырыс.

Нұртас: Атырау – мол Қазақстанның мұнайы,

Қарақат: Жамбыл – жайлау, қазыналы, шұрайлы.

Асылжан: Жезқазған –кен бұзылмаған қаймағы,

Ақерке:Көкшетаудың көп-көгілдір аймағы.

Естай: Қарағанды – қара алтынның қоймасы,

Ақбота Қ:Қостанай- құт, қызыл бидай қоймасы.

Талғат: Қызылорда – күрішті, сыр сағасы,

Фатима: Орал – көне Ақжайықтың жағасы.

Ерасыл: Өскемен- өр шығыста Алтай аясы,

Жансая:Павлодар – қара Ертістің саясы.

Көбей: Қызылжарым – солтүстігім орманды,

Аяулым: Семей – аңыз, Шыңғыстаудай қорғанды.

Ернар:: Талдықорған – жер жаннаты, көп бағы,

Жанерке: Астана – Арқада астық алқабы.

Жеңіс:Шымкент – ыстық оңтүстігім мақталы.



Хор – «Көк тудың желбірегені»

Ерасыл: Тарихы бар дастанымдай ерліктің,

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің

Қазақстан - алтын бесік Отаным,

Ұлы Ордасы татулық пен теңдіктің.



Ақбота: Қазақ елі желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтаның биіктерге самғады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.



Балауса: Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,

Артта қалды бодан болған азап күн.

Елім, жерім, қазағым деп тебіренем,

Өйткені мен - тәуелсізбін азатпын!



Асылжан: Енді міне қазағымның таңы атты,

Нұрға бөлеп, жырға бөлеп алапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.



Нұрила: Бақтың құсы әр адамға қонып бір, -

О, тәңірім, бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне Тәуелсіздік, ағайын!

Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр!

Ән: «Жаным қазақ» Орындайтын Өтенбай Иманғали

Би «Аққу» Қыздар тобы

Ән «Қазақ жастары» Орындайтын Жеңісбекқызы Жанерке

Би «Махамбет жыры»

Ән «Әлия» Орындайтын Мәді Нұрила

Би «Алға Қазақстан»

Ән «Мерекем» Орындайтын Жеңісбекқызы Жанерке

Мұғалім: Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
 Асқақ та, абыройлы мерекелеріңіз құтты болсын! Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!





















































С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі











Тақырыбы: «Қазақстан – киелі достықтың мекені»







Сынып жетекшілер: Ш.Әбілда

Л.Оңалбекқызы





















2016 жыл