Просмотр содержимого документа
«?аза?стан Республикасыны? р?міздері»
3- сабақты болжау
«Қазақстан Республикасының рәміздері » атты тақырып бойынша болжау.
Мен зерттеу кезеңіндегі үшінші сабағымды жоспарлау барысында былай жоспарладым. Бірінші әнұраннан бастаймыз.Сосын оқушылармен амандасамын да, психологиялық ахуалды реттеу үшін, тренинг өткіземін.Одан әрі сабақ барысына назар аудара отырып,сабаққа деген қызығушылықтарын оятуды ойластырамын. Одан әрі мен оқушыларды президент, хатшы, бақылаушы етіп топтастыруға кіресемін. Өткен тақырыппен байланыстыра отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашатын сұрақтар қоямын. Осы сабақта президенттер өз топтарын бағалайды. Үш топқа үш түрлі таапсырмалар беремін. Ітоп – «Ту» тақырыбына класстер құру. ІІ топ- «Әнұран» сөзіне класстер құру.ІІІ топ – «Елтаңба» тақырыбына класстер құру. Белгілі уақыт бере отырып, тапсырмалардың қалай орындалып жатқанның бақылып отырамын. Оқушыларға уақыт өткеннің ескерте отырып, тақырыпты талқылауға және талдауға кіресемін. Енді оқушылардың іс әрекеттің және жауаптарын көре аламын. Дарындылықты анықтау үшін мен топтарға мәтін таратамын. Жигсо –І стратегияны қолданамын. Олар топта сол мәтін бойынша жұмыс жасайды.Содан кейін презедент өз тобында қалады да,хатшы мен бақылаушы,басқа топтарға барады.Презеденттер топтарына келген хатшы мен бақылаушыларға өз тобының презентациясымен таныстырады.Содан кейін хатшы мен бақылаушылар өз топтарына барады да, презенденттке басқа топтардың презентациясымен таныстырады. Ой толғау кезеңінде «Сиқырлы сандар сөйлейді» деген ойынмен таныстырамын. Мұнда тарихта қалған даталар туралы айтылады.16,1993,1997,1998,2006,2011деген сандардың құпиясын ашу керек . Одан тақырыпты қорытынды шығарып, презеденттер өз бағаларын қояды.
| Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні | Жанадилова Айнуль Айтпайқызы | 4 «Б» сынып | Ақмола обл Астрахан ауданы Жалтыр №2 орта мектебі |
| 2 Апта | | |
| Сабақтың атауы | Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері |
| Сілтеме | Қазақ тілі Авторлары: Ермекова Т.Н. Сатбекова А.А,слайдтар, сабақ жоспары |
| Жалпы мақсаты | Оқушының өз ойын теориялық біліммен ұштастырып, өз бетімен білім алу дағдысын қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін шыңдау, оқу әрекетін ұйымдастыра білуге үйрету |
| Міндеттер | Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты таныстыру; Оқушыларға мемлекеттік рәміздерің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру,ой өрісін кеңейту; Отанды сүюге,рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу. |
| Мұғалім үшін оқу нәтижелері | - Оқушының өзінің білгенін жаңа сабақта қолдана алуы; - Қазақ тілінің фонетикалық ерекшелігін таныту |
| Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері | СТО технологиясы, ой қозғау, әңгімелесу, сұрақ- жауап, қорытынды жасау |
| Сабақтың көрнекілігі | Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар, видио, фотоапарат |
| Күтілетін нәтиже | |
| Ұйымдастыру кезеңі | Әнұран атылады.тренинг өткізіледі 3 топқа оқушылар топтасады. 5 мин |
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
| Сабақтың барысы |
| 2. Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті 32 мин |
| 1. Оқушылардың өз білгені бойынша айтқандарын қорытындылайды. 2. Жигсо – І стратегиясы арқылы мәтін бойынша талдау ұйымдастырады. 3.Сұрақ құрастыруға бағыттайды
| 1. Әр оқушы мәтінді өз бетінше оқиды; 2. Топта талқылайды; 3. Топ бойынша тапсырмалар орындайды. |
| Бекіту 6 мин |
| 3. Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Интерактивті тақтада жазылған сандарды сөйлету ұсынылады. Мақсаты : қазақстан тарихына шолу жасау. |
Оқушылар сандарды ашады,жауап береді. |
| Қорыту Күтілетін нәтиже 3 мин |
| 4 .Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Бес жолды өлең құрастырту арқылы бүгінгі мәтін бойынша танысқан жаңа сөздерді қолдана білуін қадағалау. |
Ойларын дәлелдейді, қорытады. |
| Бағалау 2 мин |
| 5. Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| | Презеденттер өз топтағы балаларды бағалайды. |
| Үйге тапсырма 1 мин |
| 6. Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
|
| Күнделікке жазады. |
3- сабаққа рефлексивті есеп
Үшінші сабағымның тақырыбы ҚР рәміздері болғасын, сабағымды әнұраннан бастадым.Сабаққа деген қызығушылықтарды оятуды ойластырып, психологиялық ахуалды реттеу үшін тренинг өткіздім.

Оқушыларды топқа бөлу үшін, Аружанды, Милананы, Индираны басшы ретінде тағайындадым да, олар өздеріне бір бақылаушы,бір тыңдаушыны таңдап алды да, үш топқа бөлдім. Жаңа сабақты бастамас бұрын, өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойдым. Осы сұрақтарды қою арқылы мен диалогты көрсеттім. Бағалау парағымен таныстырдым, яғни басшылар өз топтарын бағалайтыны туралы айттым.

Мәтінді тарата отырып, топтық жұмыстарды кірісіп кеткенін байқадым. І – «Ту», ІІ – «Елтаңба» ІІІ – топ «Әнұран» тақыраптарына кластер құрды. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын пайдалана отырып, Жигсо І стратегияны қолдандым. Басшылар өз топтарында қалды, ал тыңдаушы мен бақылаушы басқа топтарды аралады. Бақылаушылар басқа топтан келген бақылаушы мен тыңдаушыларға өз тақырыбының презентациясын түсіндірді. Белгілі уақыт бере отырып, тапсырмалардың қалай орындалып жатқанның бақылып отырдым. Оқушыларға уақыт өткеннің ескерткеннен кейін, тақырыпты талқылауға және талдауға кірісті. Енді оқушылардың іс әрекеттің және жауаптарын бақыладым. Аружан мен Индираның түсіндірген тақырыптары бізге түсінікті болды,- деп оқушылар айтты. Осы тапсырма бойынша дарындылықты анықтадым. Содан кейін деңгейлік тапсырмаларды топтарға таратып жібердім.І топ мәтін ішінен ашық буыны бар сөздердің астын сызу,ІІ топқа тұйық буыны бар сөздердің астын сызу, ІІІ топқа бітеу буыны бар сөздердің астын сызды.Осы тапсырма бойынша Индира, Виктория, Люба, Милана , Аружан тез орындап шықты. Басшылар өз топтарын бағалады, ІІІ – топтың басшысы Аружан өз тобының оқушыларын әділ бағалады. Ал, Милана және Индира бағаларды сәл көтеріп жіберді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1 Мұғалімге арналған нұсқаулық үшінші деңгей
2 Интернет желісі.