Тақырыбы: «Қазақстан тәуелсіздік жолында»
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігіне қалай қол жеткізгеніміз туралы, тәуелсіздіктің тарихи және халықаралық маңызын ашу.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен қадірлі қонақтар бүгін 6 «ә» сыныбы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай дайындалған театрланған көрініске қош келдіңіздер!
Алтынай: «Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгерді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты, толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті елі. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін» Ә.Н.Назарбаев
Сетер: Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым ертеден басталған.
Бостандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған.
Интерактивті тақтадан видео көрініс басталады.
Кішігірім көрініс: Райымбек домбырамен күй тартады, Диана: « - Байрақты атырап, Ертіс пен Әділдің , Арқа мен Алатаудың арасы, Қазақтың алытн бесіқ, ата жұрты. Әгәрекей, кімде кім осынау қасиетті жерімізге көз алартып шырқымызды бұзар болса, өз қанына өзін тұңшықтырарымызды біліп қойғаны абзал! Төсекте басымыз қосылмасада, төскейде малымыз қосылған. Қай көршімізге де айтарымыз осы. Дос болғанға құшақ ашық туыспыз. Қас қылғанға қиып түсер қылышпыз»
Жүргізуші: 1710 жылы болған Қарақұмдағы құрылтайдан үзінді.
Би: Тығырықтан шығатын жол қайсы? Ел ағалары.. Әлде сол құлдық қамыты осы кигеніміз киген бе?
Хормен: Жоқ, жоқ, жоқ, Құдай сақтасың!
Жонтай: Босқа қырылғанша, Қалден мен бітімге келу керек.
Хормен. Ей қайдағыны айтады ғой мынау, Недейді мынау
Жонтай: Қылжа ... қылжа мойным талжа деп, иілген басты қылыш кесе қоймас. Жұртымыз аз болғанмен жеріміз көп. Ығысып ойратқа да орын берейік.
Хормен: Жерді бергенше өлгеніміз артық.
Би: Ежелгі дұшпан, ел болмас
Бүгін ----- туған топырағынды, ертең қойнындағы қатын-балашағанды сауғыға саласыңба?
Хормен: Дұрыс, жөн сөз
Жонтай: Басын бәйгіге тігіп суырылып шығар, кімін бар?
Кім? Оныда ойландар! Ертең осы күнімізге зар болып қалмайық.
Екінші би: Қазақтың туын жыққан жоңғар емес, мына сендерсіндер!
Хормен: Иә, дұрыс айтады
Әбілхайыр: Уа жамағат!
Би: Тәтуаға келейік
Әбілхайыр: Ту көтерерің жоқ деп түңілме.
Тек ұлы мұрат жолында бір жұдырық боп жұмылсақ. Тек сонда ғана азаттықтың ақ таңы жамырап алдынан атар.
Хормен: Әбілхайыр жөн сөйлейді, Жөн сөз, Жөн сөз
Хан: Арысым-ай, сене күткенім осы еді. Бүгіннен бастап қазақ қолының бас сардары Әбілхайыр Мұхаммед Қазы Баһадүр болсың!
Хормен: Әп, бәрекелді, Әбілхайырды қолдаймыз
Хан: Оң қолы Қанжығалы Бөгенбай болсың. Ал би бата берініз.
Би: Алашқа Алла жар болсың, ауыз біршілігіміз жарассың!
Видео арқылы біз Ұлы отан соғысын көреміз. Оның қиын сәттерін, ауыртпашылығын, зардаптарын бақылаймыз.
Жүргізуші: 1986 жылы қазақ даласына бұрын сонды елде болмаған адамды басшылыққа сайламақшы болды. 1986 жылы желтоқсан айында қазақ жастары бейбіт щеруге шықты. Содан үзінді.
Оқушылар сол кездегі жастардың қақаған қысқа киінген киімдерін киіп шығады.
Ерқанат: Қазақстанның басшылығына бұрын сонды қазақ жеріне аяқ басып көрмеген, жергілікті ұлттың тыныс тіршілігінен мүлдем бейхабар өзге ұлт өкілін сайлағаны қалай?
Жасмин: Өз елін басқаруға жергілікті ұлт баласынан бірде-бір лайықты адам табылмағаныма? Не үшін?
Хормен: Колбин қайтсың! Бізге ондай басшы керек емес!
Видео арқылы 1986 жылғы оқиғаның үзінділері көрсетіледі.
«Желтоқсан желі» әні қойылып, одан бір үзінді көрсетіледі.
Қыз бен жігіт қуғыншылардан қашып келе жатады:
Жігіт: Қорықпа, қорықпа бізді тауып алады!
Бұлар әлі жазасын алады. Азаттық таңы атады. Біз үшін кек алады әлі. Сәл шыда аз қалды.
Қыз: Қашан, қашан құтыламыз мына азаптаң!
Видео арқылы Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздік алғаны, оның осы күнге дейінгі жеткен жетістіктері туралы көрсетіледі.
Оқушылар қолдарына жалау, шар ұстап, ал қалғаны шаңырақ ұстап, әр түрлі ұлт өкілдерінің киімдерін киіп түгел ортаға шығады.
Диана: Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!
Уа, Еркіндік, қош келдің!
Ерқанат: Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты, Ең шырайлы, Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
Гүлназ: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
Ернұр: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Жүргізуші: Төртеуі түгел болса, төбедегі келеді дегендей...
Хормен: Бірлігіміз жарасқан, тәуелсіз – Мәңгілік Еліміз жасасың!