Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?станда?ы темір кені ?орлары. Темір ж?не оны?
биологиялы?, экологиялы? ма?ызы.
Саба?ты? ма?саттары:
а) О?ушылар?а темірді? ?аза?станда?ы ?орлары , темір ж?не оны? ?осылыстарыны? ма?ызы туралы білім беру;
?) Ту?ан елімізді? таби?ат байлы?тарын, пайдалы ?азбаларын тиімді пайдалану, ысырапшылды??а жол бермеуге, экологияны ?ор?ау?а ?йрету;
б) География,биология, химия п?ндерін медицинамен байланыстыра
отырып, о?ушыларды? есте са?тау, ойлау, салыстыру ?абілеттерін шы?дау;
Саба?ты? т?рі: кіріктірілген саба?
П?наралы? байланыс: география,биология, медицина
К?рнекіліктері: проектор ар?ылы слайдтар, карта
Саба?ты? барысы:
.1. ?ткен материалды пысы?тау
Проектор ар?ылы темір ж?не оны? ?осылыстары туралы ?ткен саба?та ал?ан білімдері тексеріледі.
2. Жа?а материалды игеру.
а) ?аза?станда?ы темір кен орындары туралы география п?ніні? м??алімі Кенжин А.Д. тар?атады.
?аза?стан темір кені ?оры ж?нінен ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін ?шінші орын алады (16,6 млрд т). Темір кен орындары к?бінесе Солт?стік ?аза?станда, м?нда барлы? темір кені ?орыны? 85%-ы шо?ырлан?ан. ?сіресе, ?ашар, Соколов-Сарыбай кен орындарыны? ма?ызы зор. Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы ?ш?ыш М.Сургутанов ашты. ?ша? кен ?стінен ?ш?анда, темір аномалиясыны? ?серінен т?сба?ар тіліні? кенет ауыт?ы?аны ?ш?ышты? к??ілін аударды. К?п ?замай, ?те сирек кездесетін темір кені ашылды. М?нда?ы кен жо?ар?ы сапалы ж?не оны? ??рамында?ы темірді? м?лшері 50-60%-ды ??райды. Ш?гінді жыныстардан пайда бол?ан рудалар ?останай облысында?ы ?йет ж?не Лисаков кен орындарында кездеседі. Руда 30 м тере?діктен ашы? ?діспен ондіріледі. Кенні? ??рамында таза темір 37-42%. Темір кеніні? ша?ын кен орны ?ара?анды (Кент?бе, ?аратас), Солт?стік ?аза?стан (Атансор) облыстарында бар.
Просмотр содержимого документа
«"?аза?станда?ы темір кені ?орлары. Темір ж?не оны? биологиялы?, экологиялы? ма?ызы" ашы? саба?»
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы темір кені қорлары. Темір және оның
биологиялық, экологиялық маңызы.
Сабақтың мақсаттары:
а) Оқушыларға темірдің Қазақстандағы қорлары , темір және оның қосылыстарының маңызы туралы білім беру;
ә) Туған еліміздің табиғат байлықтарын, пайдалы қазбаларын тиімді пайдалану, ысырапшылдыққа жол бермеуге, экологияны қорғауға үйрету;
б) География,биология, химия пәндерін медицинамен байланыстыра
отырып, оқушылардың есте сақтау, ойлау, салыстыру қабілеттерін шыңдау;
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Пәнаралық байланыс: география,биология, медицина
Көрнекіліктері: проектор арқылы слайдтар, карта
Сабақтың барысы:
.1. Өткен материалды пысықтау
Проектор арқылы темір және оның қосылыстары туралы өткен сабақта алған білімдері тексеріледі.
2. Жаңа материалды игеру.
а) Қазақстандағы темір кен орындары туралы география пәнінің мұғалімі Кенжин А.Д. тарқатады.
Қазақстан темір кені қоры жөнінен ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады (16,6 млрд т). Темір кен орындары көбінесе Солтүстік Қазақстанда, мұнда барлық темір кені қорының 85%-ы шоғырланған. Әсіресе, Қашар, Соколов-Сарыбай кен орындарының маңызы зор. Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы үшқыш М.Сургутанов ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темір аномалиясының әсерінен тұсбағар тілінің кенет ауытқығаны ұшқыштың көңілін аударды. Көп ұзамай, өте сирек кездесетін темір кені ашылды. Мұндағы кен жоғарғы сапалы және оның құрамындағы темірдің мөлшері 50-60%-ды құрайды. Шөгінді жыныстардан пайда болған рудалар Қостанай облысындағы Әйет және Лисаков кен орындарында кездеседі. Руда 30 м тереңдіктен ашық әдіспен ондіріледі. Кеннің құрамында таза темір 37-42%. Темір кенінің шағын кен орны Қарағанды (Кентөбе, Қаратас), Солтүстік Қазақстан (Атансор) облыстарында бар.

ә) Темір және оның қосылыстарының биологиялық маңызы мен қолданылуы туралы химия және биология пәндерінің мұғалімі
Жанасбекова К.Т баяндайды. (проектор арқылы слайдтар көрсетіледі.)

Адам денесінде темір құрамы 3 - 7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11 - 30 мг құрайды.
Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі.
Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады. Өсімдіктер ағзасында темір 0,02 пайыз мөлшерінде болады. Темір жетіспеген жағдайда өсімдікте фотосинтез процесі дұрыс жүрмейді, хлорофилл түзілмейді, өсімдік жасыл түсінен айырылып, жапырақтары сарғайып хлороз деп аталатын ауруға шалдығады.

Жануарлар денесінде темір 0,01 пайыз шамасында болады. Жасушааралық зат алмасу үрдістеріне қатысады және темірдің орнын бұл үрдісте ешбір элемент алмастыра алмайды.
Темір тірі организмдерде де болады. Ересек адамның денесінде 4-5 грамм темір бар. Оның 65%-і қандағы гемоглобиннің құрамына кіреді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді және тыныс алу процесінде оттекті әр түрлі ұлпаларға тасымалдайды. Қанның құрамында темірдің жетіспеуі қан азаюына әкеліп, адам денсаулығын әлсіретеді.
Байланысқан күйдегі темір көптеген тағамдық өнімдерде: қара нан, картоп, алма, өрік, қарақұмық жармасында кездеседі. Бұл өнімдерді әркім өзінің тамақтану рационына кіргізіп, қан азаюының алдын алуға тиісті.

б) Темірдің адам ағзасындағы ролі, ағзадағы мөлшері, қаназдық ауруы, оның алдын алу, дұрыс тамақтану, гигиена сақтау жөнінде ауылдық амбулатория дәрігері Теміржанова К.У кеңес береді.
Қаназдықтың (анемияның) алдын алу
 Қаназдық – бұл қандағы қанның қызыл торшалары мен гемоглобин санының азаюы. Анемияның барлық белгілері эритроциттердің өзгерісімен және азаюымен сабақтас. Қанда эритроциттер, сондай-ақ эритроциттердегі гемоглобин жетіспегенде организмде оттегінің тасымалдануы қиындайды. Қаназдық негізінен темір, В12 витамині және фолий қышқылы тапшылығында орын алады. Адам өміріне көбірек әсер ететін үш нәрсе: ауа, су және тағам. Сондықтан қаназдықтың алдын алу үшін осы үш құрамдас бөлікті реттеген жөн. Дұрыс теңестірілген тағам организмге қажетті пайдалы заттардың негізгі көзі. Сол себепті тағамды таңдау маңызды. 1 келі етте 6 мг темір болады, оны жармалармен және көкөністермен бірге қолдану темірдің сіңуіне көмектеседі. Ас ішкенен кейін бірден шәй және кофе ішуге болмайды. Өйткені олардағы танин темірдің қанға сіңуіне бөгет әрекет етеді. Бал, жаңғақ, жемістер мен көкөністер, темірге бай минералды сулар аса пайдалы. Шамаға сай дене жаттығулары, таза ауада серуендеу қаназдықтың алдын алудағы қолдан келетін тірліктер. Демек, үш қарапайым ережені – тамақтануды, тыныс алуды және қозғалысты ұдайы есте ұстау қаназдықтың алдын алуға елеулі ықпал етеді.  3. Жаңа материалды бекіту таратпа материалдар мен проектор арқылы орындалады. №1 « Кім жылдам ?” (берілген формулалардың индекстерін қойып шығу қажет) ҒеО ҒеО Ғе(ОН) Ғе(ОН) Ғе(СІ) Ғе(СІ)
 |
№3 тапсырма. Ғе (ІІ) және Ғе (ІІІ) оксидтерінің қайсысында темірдің мөлшері көп?
№4 тапсырма. Пирит (FeS2) және сидерит (FeCO3) қосылыстарының қайсысының құрамында темір көп?
4. Қорытындылау
5. Сабақ қорытындыланады, үйге тапсырма беріледі, оқушы білімі бағаланады