Целиноград ауданы
Фарфоровый ауылы
№10 орта мектебінің
география пәнінің мұғалімі
Кешубай Самен
Қазақстанның физикалық географиясынан сайыс сабағы.
Сайыстың мақсаты
8-сынып оқушылары арасынан география ғылымына қызығушы талапты , алғыр оқушыларды анықтау, оларды ізденуге, тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу, экологиялық тәрбие беру, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Дамытушылық- Топпен жұмыс жасауға белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік – Қоршаған ортаны қорғауға үйрету, экологиялық мәдениетін қалыптастыру.
Түрі: сыныптан тыс іс –шара
Әдіс – тәсілі: жарыс, ойын, логикалық сұрақтар, шығармашылық тапсырмалар
Оқушыларды жарысқа дайындау
Әділ – қазылар алқасын сайлау
Сыныпты топқа бөлу
топтар: «Жалын», «Тұлпар»
Сайыстың жоспары
І-кезең Бәйге ойыны
ІІ-кезең «Кім жылдам?»
ІІІ-кезең Ойлан тап!
IY-кезең Кім тапқыр?
Y-кезең Жүзден жүйрік (Cәйкестендіру тест)
YI-кезең Ойлы болсаң озып көр
„Ою-өрнек“ тест тапсырмалар
«Бәйге ойыны» Әр топ басшысына қойылады сұрақ қойылады.
«Жалын» тобы
Қазақстан неше елмен шектеседі? (5елмен)
Қазақстан Туының авторы? (Ш.Ниязбеков)
Қырғыздың «Манас» эпосын алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым? (Ш.Уәлиханов)
Қазақтың ұсақ шоқысын басқаша қалай атауға болады? (Сарыарқа)
Қ.Р. орналасқан климаттық белдеу? (қоңыржай)
Астана қаласы қай өзен бойында жатыр? (Есіл)
Ең арзан көмір өндіретін кеніш (Екібастұз)
Орал тауының Қазақстандағы жалғасы? (Мұғалжар)
«Тұлпар» тобы
1.Қандай топырақты еліміздің ең басты байлықтарының бірі санайды?(қара топырақ)
2.Қ.Р. Елтаңбасы авторлары? (Ш.Уәлихан,Ж.Мәлібек)
3.Ертіс өзені құятын ағынды көл? (Зайсан)
4.Алаты қаласы қай таудың етегінде орналасқан? (Іле Алатауы)
5.Қашқарияға саяхат жасаған ғалым? (Ш.Уәлиханов)
6.Дүние жүзінде неше сағаттық белдеу бар? (24)
7.Каспий алабының ең ірі өзені? (Жайық)
8.Темір рудасына бай облыс? (Қостанай)
«Кім жылдам?» сайысы

Климат 20
Қазақстан климатына қандай ауа массалары әсер етеді?
Арктикалық, Қоңыржай, Тропиктік
Климат 30
Қазақстанда жауын –шашын ең аз түсетін жері
Арал теңізінің солтүстік-шығысы мен Балқаш көлінің батысы(100 мм)
Климат 40
Қазақстанның оңтүстігінде қар жамылғысының қалыңдығы қанша?
10-15 см
Климат 50
Қазақстан аумағында жауын-шашын мөлшері 1600мм жауатын жер?
Кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысы
Климат 20
Ебі желі дегеніміз не?
Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік –шығысындағы Қытайдың Ебі-Нұр көлі қазаншұңқырынан Алакөл көліне қарай соғады. (60-80 м / сек.)
Климат 30
Жамбыл облысының оңтүстік шығысында Қордай асуынан соғатын жел.
Қордай желі
Климат 40
Ебі желіне кері бағытта Орталық Азияға қарай қыркүйек- сәуір айларында соғатын жел (50-60 м / сек.)
Сайқан желі
Климат 50
Арыстанды жел
Қарабас желі- Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің аңғарымен соғады ( 35 м / сек.)
Күн радиациясы 20
Күн радиациясы деген не?
Күн сәулесінен таралатын жарық пен жылу.
Күн радиациясы 30
Тура радиациясы деген не?
Жерге бұлтсыз ашық жағдайда тіке түсетін күн сәулесі.
Күн радиациясы 40
Шашыранды және жиынтық радиация дегеніміз не?
Шашыранды радиация-күн сәулесінің ауа қабатынан өткенде ауаны құрайтын зат түйіршіктеріне шағылысып шашырауынан түзілген радиация жиынтығы.
Жиындық радиация- жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысы.
Күн радиациясы 50
Жұтылған радиация дегеніміз не?
жиынтық радиацияның жер бетіне жұтылған бөлігі.
Ауа температура 20
Қаңтар айының орташа температурасы:
Солтүстікте -
Оңтүстікте –
Солтүстікте - -19° (Петропавл)
Оңтүстікте -0,5° (Дарбаза)
Ауа температура 30
Шілде айының орташа температурасы:
Солтүстікте -
Оңтүстікте -
Солтүстікте - +19° (Петропавл)
Оңтүстікте - +28-30° (Дарбаза)
Ауа температура 40
Веойков белдеуі
Қазқастан аумағының жазық бөлігімен қыста 50° с.е бойында қалыптасатын жоғарғы қысымды белдеу.
Ауа температура 50
Қазақстанның солтүстігіндегі қар жамылғысының қалыңдығы
20-30 см
Ойлан тап Екі топқа да бірдей географиялық есептер беріледі.
Ылғалдану коэффициентін анықта, егер жауын-шашын 600 мм, ал буланушылық 400 мм болса
Карта бетінде Алматы мен Астана қаласына дейінгі арақашықтық 8,5 см-ді құрайды.Картаның масштабы-1:12 000 000.
Жер бетіндегі арақашықтығын тап.
Шымкент қаласында жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 528 мм, ал буланушылық 1120 мм. Ылғалдану коэффициентін есептеңіз.
Берлин қаласында азаңғы сағат 9:00.Астанада сағат қанша?
Астанада жылдық жауын-шашын мөлшері 300 мм, ал буланушылық 550 мм. Ылғалдану коэффициентін есептеңіз
Жүзден жүйрік Cәйкестендіру «Жалын» тобы
Қазақстанның физикалық – географиялық аймақтары. -40°С
Каспий маңы ойпатындағы құмды аймақ мөлшері 20-50м Каспий маңы ойпатында арктикалық
ауа массасы соққандағы температура 712
Жем өзенінің ұзындығы 5510 Батпақдаланың биік нүктесі Желтау биіктігі 80-10мм
Қарақия ойысы 974м
Тұран жазығында жер асты сулары орналасқан тереңдік 1934 Тұран жазығындағы жауын-шашын мөлшері - 132м Наурызым қорығы ұйымдастырылған жыл. 9 Зайсан көлінің ауданы 60 мың км
Жүзден жүйрік Cәйкестендіру тест «Тұлпар» тобы
Солтүстік қазақ жазығының еңістігі 4306
Солтүстік Қазақ жазығында жауын-шашынның жаз айларында жауады 900км
Ертіс пен Есілдің Қазақстан жеріндегі ұзындығы. 1558
Сарыарқадағы Ұлытаудың биіктігі 350км
Сарыарқаның батыстағы ені. 2300
Сарыарқаның шығысындағы ені. 1000 – 1500мм
Алтайдағы Мұзтау шыңының биіктігі Оңтүстік 200м, солтүстік 100м
Алтай тауындағы жауын-шашын мөлшері 60%
Кенді Алтайдағы Үлбі жотасының биіктігі 1134м
Қолба жотасындағы Сарышоқының биіктігі 1700км
Ойлы болсаң озып көр „Ою-өрнек“ тест тапсырмалар
Оқушыларңа 16 сұрақтан тұратын тест тапсырмалар беріледі. Оқушыларға тест сұрақтары таратылады. Оқушылар жауабын перфокартаға белгілейді. Жұмыс соңында алдыңғы келісім бойынша бірдей әріптерді (а,б, с,д, е) бір сызықпен сызады. Нәтижесінде бір ою-өрнек шығу керек. Оқушылар тапсырманы дұрыс орындаса, мұғалімдегі кілт бойынша ою-өрнек бірдей болып шығады.
Сырдария өзенінде орналасқан бөген А) Үлбі В) Шардара С) Тишинск Д) Қапшағай Е) Бұқтырма
Баренц, Кар, Лаптевтер теңіздері А) Солтүстік Американың шығысында орналасқан В) Еуразия жағалауында орналасқан С) Африка жағалауында орналасқан Д) Аустралияның солтүстік жағалауында орналасқан Е) Оңтүстік Американың батысында орналасқан
Хан-Тәңірі шыңының биіктігі А) 4973 В) 4506 С) 1133 Д) 6995 Е) 1565
Ең биік тау А) Кордильер В) Қырым С) Орал Д) Кавказ Е) Гималай
Арал маңы Қарақұмы орналасқан жазық А) Батыс Сібір В) Тұран С) Каспий маңы Д) Балқаш маңы Е) Торғай ойысы
Үндістан маңындағы арал А) Калимантан В) Мадагаскар С) Суматра Д) Шри-Ланка Е) Исландия
Шмит жазығы орналасқан материк А) Антарктида В) Еуразия С) Оңтүстік Америка Д) Солтүстік Америка Е) Еуразия
Павлодар облысымен шектеспейтін облыс А) Шығыс Қазақстан В) Солт Қазақстан С) Қарағанды Д) Қостанай Е) Ақмола
Жағалауын Росс теңізі шайып жатқан материк А) Аустралия В) Солтүстік Америка С) Африка Д) Еуразия Е) Антарктида
Еуразиядағы Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзені А) Обь В) Дунай С) Луара Д) Тигр Е) Амур
Бразилияның астанасы А. Ресифи В. Бразилия С. Сан-Паулу Д. Форталеза Е. Рио-де Жанейро
Аталған ағыстардың қайсысы жылы ағыс А. Лабрадор В. Гвинея С. Сомалим Д. Канар Е. Батыс желдер
Солтүстік Американың ең биік нүктесі А. Орисаба В. Мак-Кинли С. Джомолунгма Д. Митчел Е. Аконкагуа
Жер шарындағы ең құрғақ материк А. Аустралия В. Африка С. Оңтүстік Америка Д. Солтүстік Америка Е. Антарктида
Гавай аралы қай мұхита орналасқан А. Атлант мұхиты В. Тынық мұхиты С. Солтүстік Мұзды мұхит Д. Үнді мұхиты Е. Гренландия аралы
Андының ең биік нүктесі А. Митчелл В.Аконкагуа С. Сан-Валентин Д. Уаскаран Е. Мак-Кинли
Тест кілті:
 в |  в | д | е |
в |  д | а | а |
 е | а | в | а |
в | а | в | в |
Әділ қазылар алқасының шешіміммен жеңімпаз топ анықталады.