СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«?аза? тілі мен ?дебиет саба?тарын а?паратты? технологиялар ар?ылы о?ыту».

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л баяндамада ?аза? тілі мен ?дебиет саба?тарын а?паратты? технологиялар ар?ылы о?ыту ?аншалы?ты тиімді екені айтылады. ?аза? тілі мен ?дебиет саба?тарын д?рыс ?ткізу алгоритмі ?арастырылады.

Просмотр содержимого документа
««?аза? тілі мен ?дебиет саба?тарын а?паратты? технологиялар ар?ылы о?ыту».»

Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп







Баяндама


«Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын

ақпараттық технологиялар

арқылы оқыту».
























Павлодар,2016ж.

XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры. Шығармашылықпен жұмыс істей алатын қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін білім беруде құзыреттілікті

дамыту қажет.



«Сабақ беру –үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер».



Ж. Аймауытов





Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын

ақпараттық технологиялар арқылы оқыту.

Қазақстан республикасы өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру.

XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры. Мектептегі білім берудің қазіргі таңдағы міндеттерінің бірі – оқушыны ақпараттың кең ауқымын талдау және тез қабылдауға дайындау, әр түрлі пәндік саладағы жұмысы кезінде оны қазіргі құралдар және технологиялармен қамтамасыз ету, оқушыда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Жаңа атап өтілгендей шығармашылықпен жұмыс істей алатын қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін білім беруде құзыреттілікті дамыту қажет. Ғалымдардың пайымдауынша «құзырет» оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс. Оқушылардың негізгі құзыреттілігі ретінде: құндылық – бағдарлық, жалпы мәдени, оқу – танымдық, ақпараттық – технологиялық, әлеуметтік – еңбек, коммуникативтік, өзін – өзі тұлғалық дамыту құзыреттіліктері белгіленген. Яғни оқушылардың мектепте алған терең білімдерін болашақта пайдалана білуге бағытталған іс – әрекеттерді жүзеге асыру қабілеттерін дамытуға күш салуымыз керек. Құзыретті тұлғаны қалыптастыру барысында оның өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, көзқарасындағы даралықты анықтап, өмірде болып жатқан өзгерістерге, қоғамның дамуына немқұрайлы қарамайтын шын мәнінде өмірдегі өзін қоршаған адамдарға жаңашырлықпен, сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарау сезімін бойына сіңіру үлкен абыройлы іс. Уақыт талабына сай ақпараттық технологияны күнделікті сабақта қолданып, оқушыларды ақпараттандыруымыз қажет.

Ақпараттық технологияда білім мазмұны оқушыларға негізінен электрондық оқулық арқылы беріледі. Базалық білім мазмұнының дәстүрлі әдістеме бойынша оқытылуы қазір біртіндеп жаңа технологияларға ауыстырылуда. Сондықтан оқытудың ақпараттық технологиясы мектеп оқушыларының оқу ақпараттарын меңгеру қабілеттерін күшейтуге әсер етеді. Ақпаратты қабылдаушы мен оны өндеу, сақтау блоктары мен ақпарат ағынының өзі арнайы бір жүйені құрайды.

Оқушының ақпараттық сауаттылығы компьютердің қолданылу сферасын білуден басталады. Олар компьютерді іске қосып бағдарламалар кітапханасынан керегін алып пайдалана білуге, онымен мәтін жазуға, талдауға, сурет салуда пайдалануға үйренеді. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс – әрекетін айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді.

Мектептегі қазақ тілі мен әдебиет сабақтары бойынша оқу үрдісін басқарудың заңдылықтарын, әдістемелік негіздерін жалпы мектепті басқару негіздеріне сүйене отырып айқындалады. Олар мыналар:

Талдау. Мұғалім оқушылардың қазақ тілі мен әдебиет пәнінен жалпы жағдайын жете білетін болады. Соның нәтижесінде ол «неге?»деген сұраққа жауап іздейді.

Жоспарлау. Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды әлемдік деңгейде оқытудың бағыттарын ақпараттық технологиялар арқылы жоспарлайды.

Ұйымдастыру. Мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты сақтай отырып, оқушылардың ойлау логикасын, өзіндік көзқарасын дамытуға байланысты түрлі жұмыстарды атқарады.

Бақылау. Ақпараттық технологияны пайдалана отырып, білім деңгейлеріне бақылау жасау, оқушының жетістігіне талдау жасап, мониторингісін шығару, түзету жұмыстарына байланысты мақсат қою.

Осыған байланысты мектептегі қазақ тілі мен әдебиет пәнін ақпараттандырудың кезеңдерін былай деп көрсетуге болады.

Аудиовизуалды материалдарды пайдалану.

Сабақтың кейбір кезеңдеріне компьютерді біртіндеп пайдалану.

Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінде ақпараттық технологияны толығымен пайдалану.

Қазіргі уақытта қазақ тілі сабақтарын мультимедиалық кабинетте оқыту мүмкіндіктері беріліп отыр. Сол сияқты мектеп интернет жүйесіне қосылғандықтан, сабаққа қажет кейбір материалдарды алуға мүмкіндіктер бар.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләзат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білу қажет. Компьютерді қазақ тілі пәнін оқытуда қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Дегенмен қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мен төмендегідей алгоритмдерді сақтауға тырысамын:

  1. Сабақ жоспарын компьютерлік тапсырмалармен ойластырамын.

  2. Сабақтың әр кезеңіне кететін уақытты алдын ала санап мөлшерлеймін.

  3. Сабақтың мақсатын құру, міндеттерін анықтау, сабақтың барысын жоспарлау, жаттығу, жұмыстарын және олардың орындалу әдісін, қажетті құралдарды анықтаймын.

  4. Сабақтың жоспарын құру үшін қажетті аудиоматериалдарды, бейнематериалдарды, компьютерлік тапсырмаларды әзірлеймін.

  5. Бағдарламаның дұрыс жұмыс істеуін тексеремін.

Ақпараттық – коммуникациялық технология:

Менің әдістемелік – дидактикалық қорыма, яғни «Портфолио» жинақтауға мүмкіндігін береді. Әрбір тақырыптарға байланысты мәтіндерді компьютерге салып, жинақтап отырамын. Мысалы, қазақ тілінен «Сөз таптары» деген папкаға сөз таптарына байланысты ережелер, деңгейлік тапсырмалар, тесттер, сөзжұмбақтар, диктанттар осы тақырыпқа байланысты аймақтық материалдар енгізілді. Әдебиет пәні бойынша мысалы, «Тұрмыс –салт» жырлары папкасында сол тақырыпқа байланысты оқулықтан тыс жырлар, өлеңдер, мақал-мәтелдер, ертегілер, бата-тілектердің үзінділері немесе жыр түрлері, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, тест, шығарма тақырыптары салынады.

Оқушылардың өз білімдерін компьютер арқылы тексерудің тестілік жүйесі бар. Мұндай бақылау тәсілдері:

Толықтыруды қажет ететін тестілер.

Балама жауаптары бар тестілер.

Таңдамалы тестілер.

Диктант ретінде құрастырылған тест

Оқулық оқушыға тест сұрақтарын қойып, жауабына нақты бағасын алуға жағдай жасайды. Қажет болған жағдайда оқушы мәтінге қайта оралып, түсінбей қалған жерін қайта қарап, тақырып соңындағы бақылау кестені толтырады. Міне, осы кезде оқушының жеке бас психологиясына электрондық оқулықтар назар аударады десе болады. Оқушылар мұндай тестілеу жүйесіне қалыптасып алады да, білім көрсеткіштерін кейін ҰБТ-да көрсетуге даярланады.

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан XXI ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

























Пайдаланылған әдебиеттер:


Қазақстан мектебі. 2010 № 5

Мемлекеттік тіл. 2011 № 4

Хабаршы.2010 № 8

Қазақ тілі мен әдебиет журналы.2008.№6,7