СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі пәні бойынша "Өзгелік етіс" (6 сынып)тақырыбына ашық сабақ жоспары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Етістіктің түрі Етістің бір түрі "Етіс" тақырыбына арналған ашық сабақ жоспары. Бұл жоспарда жаңашыл, тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылған

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі пәні бойынша "Өзгелік етіс" (6 сынып)тақырыбына ашық сабақ жоспары»

Қостанай облысы,Денисов ауданы,Денисов ауылы

«№3 Денисов орта мектебі»КММ

Пән мұғалімі: Нұрғазина Маржан Ерболатқызы

Сыныбы: 6

Пәні:Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Өзгелік етіс, жұрнақтары.
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Өзгелік етіс туралы түсініктерін қалыптастырып, жасалу жолдарымен таныстыру;

Дамытушылығы: Етістіктің түрлері, оның ішінде етістің түрлері туралы білімдерін тереңдету. Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше және топпен, жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру;

Тәрбиелігі: Достыққа, қамқорлыққа, шапшаңдыққа, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу, өрмекші әдісі,жұптық жұмыс, топпен жұмыс, ойын элементтері.деңгейлік тапсырмалар, семантикалық карта,

Көрнекілігі: слайд, суреттер, қобдиша, асықтар, бағалау бағдаршамдары, кәмпиттер,кеспе қағаздар, жіп бумасы, оқулық.
Пәнаралық байланыс: әдебиет,

Күтілетін нәтиже:

  • оқушылардың өзгелік етіс және оның жұрнақтарын меңгеруі

  • етіс түрлеріне мысалдар келтіріп, ажырата алуы

  • өздік, өзгелік, етіс түрлерін жасауы

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық даярлық.

1. Сынып оқушыларымен амандасу.
2. Журнал бойынша оқушыларды түгендеу.

-Конфеть түрлері арқылы топқа бөлу

-Осы конфеттерде жазылған сөздер арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді

-Топ басшыларына бағалау парақшалары үлестіріледі.





Мұғалім:

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз басқа сабақтарға қарағанда ерекшелеу деп айтуымызға болады. Себебі, бүгін бізде ашық сабақ. Яғни, бүгінгі сабағымызда қонақтар қатысып отыр. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» — деген қазақтың мақалы бар. Бүгінгі сабақта қысылып-қымтырылмай, жан-жақты білімдерімізді көрсетуге тырысамыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Етіс,Өздік етістің ережесін жаттау. 188-189 жаттығуларды орындау.

-Өткен тақырыптарды пысықтау.

«Өрмекші» әдісі арқылы өткен тақырыптарды пысықтау. Ортада тұрған оқушылар бір бума жіпті бір-біріне лақтырып сұрақ қою арқылы үй тапсырмасы тексеріледі.

  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Етістік қандай сұрақтарға жауап береді?

  3. Дара етістік және күрделі етістік дегеніміз не?

  4. Болымды және болымсыз етістіктер дегеніміз, және оларға мысалы.

  5. Салт және сабақты етістік дегеніміз не, және оларға мысал.

  6. Етіс дегеніміз не?

  7. Етістің неше түрі бар?

  8. Өздік етіс дегеніміз не?

  9. Өздік етістің жұрнақтарын ата?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі

Мұғалім:

«Қызығушылықты ояту»

 Оқушыларға слайдтар арқылы суреттер көрсетіліп, түрткі болатын сұрақтар қойылады. Әр топ бірлесе жұмыс жасап, Мұғалімнің бағыты арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.






салыстыру



Мұғалім:

«Ой қозғау» сатысы. Оқушылар, сендер іс-әрекетті орындаушы болатынын білесіңдер. Ал орындаушы кім екенін білмейтін жайлар болуы мүмкін. Іс-әрекет пен оны жүзеге асырушы арасындағы қатынасты білдіретін (белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын) етістік түрі етіс деп аталады.

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы дәл осы: «Етістің бір түрі-.Өзгелік етіс,жұрнақтары».

1. Бүгінгі күн мен тақырыпты дәптерлеріне жаздырту
2. Сабақ мақсатымен таныстыру

Оқушылардың мақсаты – Өзгелік етіс және оның жұрнақтары туралы білгендерін баяндау

Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі, яғни субъектінің тікелей өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелетінін білдіріп, белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалады. ол жұрнақтар мыналар:

  • -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз: отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, т.б.

  • -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір: сал-дыр, сен-дір, ас-ыр, т.б.

  • -т: жаса-т, сөйле-т, т.б.

Демек, өзгелік етісті сөйлемде қимылды, іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі—сол қимылды орындатушы, екіншісі—қимылды тікелей орындаушы. Мысалы, Ол баласына өлең айтқызды деген сөйлемдегі айту қимылын істеуші—ол. Бірақ бұлар өздері тікелей істеп отырған жоқ, қимыл, іс-әрекетті екінші біреу арқылы, яғни баласы арқылы істетіп отыр.

Кейде бір түбірге өзгелік етістің бірнеше жұрнағы бірінен кейін бірі жалғана береді: сөйле-т-кіз-беді, қаз-дыр-т-қыз-ды, т.б.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру мақсатында оқулықпен жұмыс жасау.

«Артық білім кітапта» Оқулықпен жұмыс
190-жаттығу. Тақтамен жұмыс. Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жасап жазыңдар.

Үлгі: Көбей-т-тір

Көбей.Ойлан.Оқы.Өсір.Жуын.Айқайла.Ал.Өшір.Құтқар.Жина.Жап.Түсір.

Сын.Күй.Өт.Ақта. Апар. Әкел.Жет.Күл. Бас. Ойна. Жаз. Айт.




Деңгейлік тапсырмалар.

1-деңгейдің тапсырмасы. 191-жаттығу.  Өзгелік етістерді көшіріп жазып, қосымшаларын дефиспен бөліп жазу.

(дәптермен жұмыс)

Үлгі:    тарт-тыр-ып,...   (-тыр-өзгелік етіс жұрнағы,-ып-көсемше ж.)

Үлгі: тарт-тыр-ып.

2-деңгейдің тапсырмасы.Терме диктант.Берілген мақал-мәтелдерден өзгелік етістерді теріп жаз.

1.Ақыл көпке жеткізер,

Өзен,су көлге жеткізер,

2.Өнер көкке жеткізер.

Соқпақ жолға жеткізер,

3.Ақылды адам айтқызбай білер,

Ақ сұңқар қаққызбай ілер.

4.Елдестірмек елшіден,

Жауластырмақ жаушыдан

5.Ақыл табыстырады.

Ашу шабыстырады,

3-деңгейлік тапсырма.

Семантикалық карта

Етістіктің түрлері

Сөз тіркесі

Салт

Сабақты

Өздік

Өзгелік

Жыр айтқыз




+

Шөпті баспа


+



Сабақтан шықты

+




Жұртты сөлетпеді


+



Үйге жатқызды




+

Сөзді ұғу


+



Үйді тазалатқыз


+



Айгүл жуынды



+


Ағайын- туғаның сүйінді.





1 мин Сергіту сәті «Көшбасшыны анықтау»

Ойынның шарты: Екі топтан үш оқушы шығады. Олардың көздері матамен танылады. Мұғалімнің басшылығымен айтылған геометрия фигураларын тез арада шапшаң қимылдап орындаулары қажет.







Сабақтың қорытындысы:

«Сиқырлы қобдиша»

-Ал, балалар, әне-міне дегенше, сиқырлы қобдишаға да келіп жеттік.

Алынған ақпараттарды тәжірибеден өткізу мақсатында жұптық жұмыс орындату. Оқушылар сиқырлы қобдишаның ішінен түрлі-түсті асықтарды алып сол түс астында жасырылған суреттер бойынша олар жұптасып,бір-біріне көмек бере отырып,сурет бойынша 2 сөйлем құрастырады.

- қызық асық.



-сары асық.



-жасыл асық.



-көк асық.



-күлгін асық.


Оқушыларды бағалау:

Жоғарыдағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындап болған соң, сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларды және басқа да оқушыларды бағалап, журналға, күнделіктеріне бағаларын қою

Бағалау парағы

Оқушының

аты-жөні

Сабақ кезеңдері.


Үй жұм.

Оқулық-пен жұм.

Деңгей-лік тап.

Семанти-калық карта

Сиқырлы қобдиша

Мұғалімнің қорытынды бағасы

1

Базарбаев Бауыржан







2

Жабаков Айбек







3

Жаманов Даниал







4

Жолданов Дәурен







5

Журперова Дариға







6

Издыбаева Жулдызай







7

Нуридинов Бақдаулет







8

Нуридинов Нұрдаулет







9

Нуридинов Ержігіт







10

Сапар Нұрдаулет









Рефлексия «Алақан»
• Бас бармақ Не ұнады?
• Балан үйрек Жаңа не білдім?
• Ортан терек Не жөнінде ойландыңыз?
• Шылдыр шүмек Өз қоржыныма не аламын?
• Кішкентай бөбек Не білгім келеді?







- Сабақ аяқталды!
- Сау болыңыздар!


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!