СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі пәнінен 10-сыныпқа раналған жиынтық тапсырмалар

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

қазақ тілі пәнінен 10-сыныпқа арналған тапсырмалар.

Просмотр содержимого документа
«қазақ тілі пәнінен 10-сыныпқа раналған жиынтық тапсырмалар»

Оқушылардың облыстық олимпиадасы (аудандық кезең)

ІІ тур

10 – сынып

(Қазақ тілі мен әдебиеті)


Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25 ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушаларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады.


Екінші турдың сұрақтарына берілген жауаптарды бағалау тәртібі:

Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:

9-10 ұпай – жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;

7-8 ұпай – сұраққа толық жауап берілді, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;

5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;

3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;

1-2 ұпай – сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.

Екінші турдан оқушының жинайтын ең жоғарғы балы – 50. Олимпиаданың екі турынан да жоғары балл ала білген оқушы 100 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.


Пән атауы

Мазмұны

1.

Қазақ әдебиеті

«...Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды».


Үзінді Абайдың қай қарасөзінен келтірілген? Бұл қарасөзде не туралы айтылатынын қысқаша баяндап беріңіз.


2.

Қазақ әдебиеті

а) Ирония. 2-3 мысал келтіріңіз.

ә) Қазіргі жастар поэзиясы.


3.

Қазақ тілі

Сұрақтарға жауап беріңіз (әрбір дұрыс жауап үшін 2 ұпай беріледі):

  1. Орта түркі дәуірінің Қараханид кезеңіне жататын жазба мұра?

Орхон-Енисей жазба ескерткіштері; Хорезмидің «Мұххабатнамесі»; Рабғузидің «Қисса-сул әнбиясы»; Қожа Ахмет Йасауидің «Диуани хикметі».

  1. Шамамен XV ғасырдан XX ғасырдың басына дейінгі аралықта қызмет еткен қазақтың ескі жазба тілі қандай әліпби негізінде болды?

Латын әліпбиі; Араб әліпбиі; Орыс графикасы; Төте жазу.

3. Ресми ісқағаздар стилінің қолданылатын орындарының бірі:

а) Газеттерде;

ә) Зерттеулерде;

б) Сот процесі кезінде;

в) Көркем шығармаларда.


4. Ботагөз; Амангелді сөздері қандай қағидат бойынша жазылған?

а) Айырым қағидаты;

ә) Тарихи-дәстүрлік қағидат;

б) Тарихи қағидат;

в) Фонетикалық қағидат.

5. Тілдегі сан алуан варианттарды талғап-таңдауда аса қатаң талап қойылмайтын әдеби тіл нормасы:

а) қатаң норма;

ә) босаң норма;

б) тілдік норма;

в) әдеби норма.


4.

Қазақ тілі

Қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз (дұрыс талдаған талапкерге 10 ұпай, әр қате үшін бір ұпайдан шегеріледі):

Бізді Жазылбек ата он қанатты боз үйдің тұсында тұрып қарсы алды. Ол кісі әжемнің атын ұстап, оны қолтығынан демеп, аттан түсірді, есік ашып, төрге шығарды. Жалкенай жеңешем төрге төрт қабат көрпе салып, әжеме әдеппен сәлем қылып, ол кісіні ерекше құрметпен жұмсақ орынға отырғызды. Келген меймандарға деп, бізге арнайы мал сойылып дастарқан жайылды, үйірілген қышқыл тәтті сары қымыз құйылып, мәнді мәжіліс басталды.

5.

Тіл мәдениеті

Отанды сүю - иманнан.