СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі зат есім

Нажмите, чтобы узнать подробности

Зат есім туралы түсінік беру. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. 

    Дамыта  оқытуға  негіздей  отырып, оқушылардың  жан-жақты  ойлауын,  ізденуін,   өз  беттерінше  жұмыс  жасауын  және  шығармашылық  қабілетін  дамыту.  

    Оқушыларды  кішіпейілділікке,  үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі:  таратпа,  суреттер,   дидактикалық  материалдар.

Сабақтың  түрі: саяхат

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру  кезеңі.

 1-слайд.  Аялдама: «Дайындық»

Топқа бөлу. 

Мектептен – Циркке бару.                               

 а)  Оқушылардың  назарын  сабаққа аудару         

 ә)  Қазір  қандай  сабақ екенін  сұрау  мақсатында  қазақ  тілі жайларды  бір  шумақ  өлеңді  хормен  айтқызамын.

            Қазақ  тілі-өз тілім,  ана  тілім.

           Абай, Мұхтар  сөйлеген  дана  тілім.

           Қастерлейді  ұл-қызың  мәңгі  сені,

          Болашағым,  бақытым− дара  тілім.

-Тіл  дегеніміз  қай  халықтың  болмасын  кешегі,  бүгінгі  ғана  емес,  ертеңгі тағдыры.

Өз  тіліміз,  туған  тіліміз-қазақ тілі  сабағымызды   бастаймыз.

   2-слайд.   Аялдама: «Еске түсір!»

ІІ.  Үй  тапсырмасы....

1. Сөз  дегеніміз  не?

2.  Сөздің  одан  әрі бөлінбейтін  бөлігін  қалай  айтамыз?

3.  Сөздің  түбірге  жалғанған  бөлігін  ше?

4.  Қосымша  нешеге  бөлінеді?

5.  Жұрнақ  дегеніміз  не?

6.  Жалғау  деген  не?

 

 ОҚУШЫЛАР, БІЛІМДІ, СЫЙЛЫҚТАРДЫ– түбір  сөзге   жалғанған  қосымшалардың  жұрнақ,  жалғау  екенін  сызба  арқылы  белгілейік.

 

Семантикалық кесте

Сұрақтар/

сөздер

Кім? Не?

Не істеді?

Қанша?

Қандай?

Абылай

 

 

 

 

Төрт

 

 

 

 

Қызыл

 

 

 

 

Келді

 

 

 

 

Садақ

 

 

 

 

Жарық

 

 

 

 

Ойнады

 

 

 

 

жиырма

 

 

 

 

 

- слайд. Аялдама: «Жаңалық»

ІІІ. Жаңа  сабақ.

Балалар дүниетану сабағын еске түсірейік, біз айналадағы қоршағанның бәрін ЗАТТАР дейміз.

Сол заттардың барлығының өз аттары бар екенін білеміз. Осы заттардың атын білу үшін біз міндетті түрде сұрақ қоямыз. Бұл не? Бұл кім?

Мысалы:  Бұл тақта, бұл парта, сынып, терезе, оқушы, ұстаз, т.б. Яғни, Кім? Не? Кімдер? Нелер?  сұрақтар қойылады.

Енді  сендердің  ойлау  қабілеттеріңнің  қаншалықты  жылдам  екенін аңғару.  

  Ааабавввгггддддзатеееежжжззззз    ииииийййккккқққесімрррпстшчжл

Бұл  жерден ЗАТ ЕСІМ деген бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шықты.

   4- слайд.  Аялдама: «Сауатты жаз!»

Дәптермен жұмыс

Сауаттылық хат.

Қыс. Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті.

  • Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
  • Зат есімдерге сұрақ қой.

. Аялдама:  «Демалыс»

        Сергіту  сәті

    5-слайд . Аялдама: «Топтастыру».

 Оқулықпен  жұмыс

Берілген зат есімдерді өз тобына орналастыр. Ата, ұшқыш, сиыр, әже,ана, тәрбиеші, құрылысшы, әке, нағашы,жиен,  қой, мысық, ұстаз,дәрігер                         түйе,жылқы, ешкі, ит.

Туыстықты білдіретін:             Мамандықты білдіретін:           Үй жануарлары:

 

 

6-слайд. Аялдама: «Ойлан, тап

Сын есімнен зат есімге айналдыру.

Нарық- қыран                    

Түс – сүт                           

Қысым – мысық              

Атпа – апта 

Шығармашылық жұмыс.

  7-слайд Аялдама: «Әдепті бол!»   

    Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Ол ең алдымен әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз ата –анасын сыйламаған бала басқаны да сыйламайды. Ата-ана баланы дүниеге келтіріп, оны бағып-қағып  тәрбиелеп өсіреді. “Болашағым” деп үміт күтеді.

Оған үй ішінің қамқоры болады деп сенім артады.

8-слайд Аялдама: «Сыйлық»

Рефлексия.

ІV. Сабақты қорыту.

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма. 6-жаттығу.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі зат есім»

Пәннің аты: ТІЛ ДАМЫТУ

Уақыты:

Кабинет:12

Мұғалім: Таукебаева Р

Сабақтың атауы

Зат есім

Мақсаты Күтілетін нәтиже

1. Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
2. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.

Қолданылған материалдар

Қазақ тілі Алматы «Атамұра» 2013ж АКТ слайд, : оқулық, тақта,карточкалар

Оқыту әдістері

түсіндіру, жаттығу, танымдық ойлау, талдау, ойын, топтастыру сұрақ-жауап, әңгімелеу, «Миға шабуыл», Сергіту сәті, «Жасырынған әріптер бағалау парағы.

Орындалатын жұмыстар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық ахуал

Қазақ тілі – бал тілім.
Өзің барда шалқыдым.
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін.-деп,қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

- Егіншілер сөзінің түбірін тап?
- Түбір сөздерге қосымша жалғанғанда көбінесе сөздің түбірі не істейді?
- Балалар сөзіндегі – лар жұрнақ па? әлде жалғау ма?
- Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ Сөз таптары  Зат есім Сын есім Етістік Сан есім
Зат есім дегеніміз - заттың атын білдіретін сөзді айтамыз.
Сұрақтары: Кім?Кімдер?Не?Нелер?
Мысалы: Айдос ойнады
Оқулықпен жұмыс:
1- жаттығу Сөзжұмбақ
Қ а З ы т А р а қ м а Т т а
к Е с е Б е С і к к І л е м а л М а
2-жаттығу Құмырадағы су
Қарғаның су ішкісі келді. Қорада су құйылған құмыра тұр еді. Құмырадағы су орта болатын. Қарғаның суға тұмсығы жетпеді. Ол енді тұмсығымен құмыраға ұсақ тастар тастай бастады. Бір кезде су көтеріліп, ішуге жарады.
Суретпен жұмыс 

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр, 
Жаттығу жасаймын. 
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ, 
Жаттығу оңай-ақ. 

Ой толғаныс

Шығармашылық тапсырма: 1-топ Адамдар: кім? Нағашы, ақын, ата, ана
Өсімдіктер: не? Түймедағы, жусан, қызғалдақ
Құстар: не? Бүркіт, аққу, сауысқан
Балықтар: не? Сазан, жайын,
Аңдар: не? Жолбарыс, қасқыр, түлкі
Еңбек құралдары: не? егеу, балта, балға
Көлік: не? Автобус, трамвай, машина
Тез ойла Сөздерге -ші жұрнағын жалғап жаз. Сонда қандай сұрақ қойылады?
2-топ Кім? Кімдер?  Балалар,іні,әпке,аға 
Не? Нелер?  Ойыншықтар,машина, арба,шана,тақта,ат,тақпақ

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі: Жүнісова Н.