СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  классиктері"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл  бөлімнен  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  негізін  қалаған  ғалымдардың, тілшілердің, әдіскерлердің  еңбектерінен  үзінділер  немесе толық  мазмұнын  оқып-таныса  аласыздар.

Әлі  де  болса, «Қазақ  тілін оқыту  әдістемесінің даму  жолы  мен  тарихы»  деп  арнайы  оқытылмай  келе  жатқан, бірақ  болашақта  арнайы зерттеу  тақырыптары болатыны  сөзсіз осы  бір  бөлімнің  маңызы  ерекше  болуы  керек  деп  санаймыз.

Бұл  бөлімді  арнайы  құрастырудың  мақсаты – қазақ  тілін  оқыту  мәселесіндегі әрбір  тұлғалардың  өзіндік  орны олардың  ой-пікірлерімен тығыз  байланыста  берілсін  деген  міндетті  шешу. Осыған орай, бұл  бөлімдегі Ахмет Байтұрсыновтың, Құдайберген  Жұбановтың, Сәрсен Аманжоловтың, Нығмет  Сауранбаевтың, Сейіл Жиенбаевтың, Телжан  Шонанұлының, Хажым  Басымовтың, Ғали  Бегалиевтің, Шамғали  Сарыбаевтың  шоқжұлдыздай  қазақ  тіл  білімі  мен қазақ  тілін  оқыту  мәселесіне  топталып  келуінің  өзі – қазақ  даласы  үшін  ерекше  құбылыс  екендігін  оқушыларға  таныту, сонымен  байланысты, қазақ  тілін  оқыту  мәселесі  сол кездің  өзінде-ақ, осындай  деңгейде болған болса, оның  терең  тамыр, әрине  одан да бұрынғы  уақыттарға  созылып  жатқандығын  түйсіндіру. Бұл  бөлімнің осал  тұсы да  жоқ  емес. Біздің  мақсатымыз  классиктердің  еңбектерін  таныту  болғанда, бұл  жерде  Ғұмар  Қарашев т.б.  ұлағатты  ұстаздардың  еңбектері, Халел  Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов сынды  ұлылардың  үлесіне  қалдырамыз.

Просмотр содержимого документа
«"Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінің  классиктері"»

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің классиктері


Бұл бөлімнен қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалымдардың, тілшілердің, әдіскерлердің еңбектерінен үзінділер немесе толық мазмұнын оқып-таныса аласыздар.

Әлі де болса, «Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму жолы мен тарихы» деп арнайы оқытылмай келе жатқан, бірақ болашақта арнайы зерттеу тақырыптары болатыны сөзсіз осы бір бөлімнің маңызы ерекше болуы керек деп санаймыз.

Бұл бөлімді арнайы құрастырудың мақсаты – қазақ тілін оқыту мәселесіндегі әрбір тұлғалардың өзіндік орны олардың ой-пікірлерімен тығыз байланыста берілсін деген міндетті шешу. Осыған орай, бұл бөлімдегі Ахмет Байтұрсыновтың, Құдайберген Жұбановтың, Сәрсен Аманжоловтың, Нығмет Сауранбаевтың, Сейіл Жиенбаевтың, Телжан Шонанұлының, Хажым Басымовтың, Ғали Бегалиевтің, Шамғали Сарыбаевтың шоқжұлдыздай қазақ тіл білімі мен қазақ тілін оқыту мәселесіне топталып келуінің өзі – қазақ даласы үшін ерекше құбылыс екендігін оқушыларға таныту, сонымен байланысты, қазақ тілін оқыту мәселесі сол кездің өзінде-ақ, осындай деңгейде болған болса, оның терең тамыр, әрине одан да бұрынғы уақыттарға созылып жатқандығын түйсіндіру. Бұл бөлімнің осал тұсы да жоқ емес. Біздің мақсатымыз классиктердің еңбектерін таныту болғанда, бұл жерде Ғұмар Қарашев т.б. ұлағатты ұстаздардың еңбектері, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов сынды ұлылардың үлесіне қалдырамыз.


АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ


Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданында дүниеге келген. Қазақ даласына қоңырау болып келген Ы.Алтынсарин, бозторғай болып келген С.Дөнентаев маса болып ызыңдай берсе оянар халық деп келген Ахмет Байтұрсынұлы – халқымыздың рухани өсуін өз еріктерімен мойнына көтерген біртуар азаматтар.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін оқытудың міндеті мен мақсаттарын мына сөздері арқылы-ақ таныта алды: «Тілдің міндеті – ақылдық аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын».

Сонда қазақ тілі пәні мұғалімінің міндеті- осы «табылуы қиын» болып отырған адамды қалыптастыру.

Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолының әрбір ізі – адамшылықтың дәнін себу, сол дәнді баптап-бағу ісіне арналды. Ол: Адамдық диқаншысы қырға шықтым- деп, өзінің қызметінің бағытын айқын танытады:

Балалар,

Оқуға бар, жатпа қарап!

Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!

«Аллалап» ал кітапты қолдарыңа,

Құлдарын құдай сүймес жалқау болған.


Ахмет Байтұрсынұлы


ҚАЙ ӘДІС ЖАҚСЫ


Жалғы әліп-би үйретудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Сол әдістерді әр әдісқой өзінше өзгертіп қолданға түрлерін сөз қылсақ, әдіс түрлерін айтып түгесе алмас едік. Бүгін Жаурыпа әдісқойларының тұтынған әдістерін түгендемек түгіл, жалғыз орыстың ғана әдсқойларын алып сөз қылар болсақ, оның өзі әлденеше сан журнал бетін аларлық сөз болар еді, сөз созылып ұзаруынан қашып, орыс әдісқойларының бірін де өткен сандарда сөз қылмай өтіп кеттік.

Бұған дейін сөз болған әліп үйрету жүзіндегі әдістердің негізгі түрлерін алып, солардың қайсысы жақсы деп сауал қояр болсақ, оған ешкім мынасы жақсы, мынасы жаман деп кесіп айтып, тура жауап бере алмайды.

Орыс данасы Лев Толстой «бала оқытып тәжірибе жасаған адам): «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі бір ғана әдісті болу: шеберліктің белгісі – түрлі «дәстә болу: керек орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп бәлуге тырысу керек: оларды өзіне сүйеніш қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» дейді.

Толстой олай десе, өзгелердің тәжірибесі жасағаннан кейін келген қарары онан алыс емес. Әдіс турасындағы басқалардың да пікірлерін қорытып қысқасынан айтқанда, әр әдіс орнында жақсы деген пікір болып шығады.

Бұл не деген сөз болады?

Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне қолайлы боларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды. Кей жұрттар жазу үшін әріп алмаған, таңба алған. Кей жұрттар жазу үшін әріп алғанымен, әріптері тілі өзгергендіктен бұл күнде тіліндегі дыбыстарына сәйкес келмейтін болған. Кей жұрттардың әуелде дыбыстарына әріп арнауында шатақтық бар болғандықтан, сөздерінің жазылуы мен айтылуы екі басқа, кей жұрттардың тілінің шартына қарай дыбысына сәйкестеп әріп белгілеуге болмайды. Сондықтан оның да сөзінің жазылуы мен айтылуы арасында басқалық болады. Кейбір жұрттардың тіліндегі дыбыстары мен әріптері екеуінің арасында сәйкестәк күшті болғандықтан, сөзінің жазылуы мен айтылуы арасында да сәйкестік күшті болады. Жазу үшін әріп алмай, таңба алған жұрттың бірі, мәселен, қытай. Мұның жазуы біздің таңбамыз түрлі. Бізде (арғын), (қыпшақ), (төре). Қытайда = (ауыз) (ит). ауыз таңбасы мен ит таңбасы қатар тұрса, мәселен, былай = «үреді» деген сөз болады.

Біздің жазуымыз әріпше болмай таңбаша болса, бізде арғын таңбасы мен төре таңбасын қатар қойып [ ], «арғын төресі» деп оқыр едік; қыпшақ таңбасы мен төре таңбасын қатар қойып «қыпшақ төресі» деп оқыр едік:

Қытай жазу жүйесінің мысалы осы. Бұл жазуша сауаттағанда мұғалімнің дыбыспенде, әріппен де жұмысы жоқ. Әр сөзге арналған таңбаны танытса, сол таңбаларды қойдыра білсе, қытайша оқуды да, жазуды да біліп сауаттанғаны.

«Ауыз» деген, «ит» деген, «үреді» деген – үшеуінің жазуын оп-оңай үйреніп алдық. Қытайша хат білу (сауаттану) қиын дейтіні қайда? Қиын жазу ұшыраған кезде, «қытай жазуы» де мазақтайтындары қандай? Жоғарыда мысалға келтірген 2-3 сөздің таңбасын тану да, таңбасын қою да оп-оңай емес пе? Қиындығы қайда?

Мұның оңай болып тұрғаны – алған сөздің аздығынан. Қытай тіліндегі сөздің 10, 20, 30 саны болса да, қатта 100 болса да, қытайша сауаттану оғай болар еді. Ондай болса, сөз саны 10 мың, 20 мың, 30 мың болса, ондай көп сөздің әрқайсысына арналған таңбасын тануға көп уақыт керек. Ондай көп таңбаны ұмытпай баста сақтау үшін басты көп әурелеу керек. Қытай тілінде 50 мың сөз болса, 50 мың таңбасын жатқа білгенде ғана қытайша кәміл сауатты адам болмақ. Оны жаттау(дың) оғай-жеңілін «Жаңа мектеп» журналының оқушылары шамалай жатар, басқа жүйелі жазулардың әңгімесіне көшейік.

Жазу үшін әріп алғанмен, ол әріптері тіліндегі дыбыстарына сәйкес келмейтін ағылшын, американ сияқты жұрттар. Бұлардың сөздерінің жазылуы мен айтылуы айрылып, алыс кеткендігі сонша, «ит деп жазып, шошқа деп оқиды» деген мақал болған жазу жүйесі нақ осылардікі.

Олардікінен гөрі тәуірлеу жазу жүйесі француздікі. Бірақ тәуірлеу дегенмен, мұның да оңған жері жоқ. Мұның әуелінде дыбыстарына әріп арнауында шатақтың көп. Французда әріп басына жасалған болып жатқан ереже бар, толып жатқан қосымша белгілер

Лев Толстой «Үйрету әдістері туралы» бар. 26 әріптің 100 шамалы ережесі бар. Ол ережелер бойынша әріп түрлі орында түрлі айтылмақшы. Кей әріптер тұрған орнына қарай жазылғанмен, тіпті оқылмай да қалмақшы. Кей әріптер басқа дыбыстармен қатар келген жерде тіпті дыбысынан айрылып қалмақшы. Анықтық үшін азырақ мысал келтіріп көрсетелік.

«Бе ау» (beau) деп жазады, оны «бо» деп оқиды.

«орейлле» (оreille) деп жазады, «орей» деп оқиды.

«мой» (moi) деп жазады, «мува» деп оқиды.

«коин» (koin) деп жазады, «кувек» деп оқиды.

«Айгүйлле» (aiguille) деп жазады, «егуй» деп оқиды.


Тәуірлеу деген жазу жүйесі мынау болса, мұнан жаманның жазылуы мен айтылуы арасындағы сәйкестік қандай болмақ.

Бұл сияқты жүйелі жазумен сөздің ішіндегі дыбыстарын айырып, дыбыстарына қарап жазуға болмайды. Олай болса, сөздің дыбыстарын айыра білудің қажеті жоқ. Мәселен, егүй« деген сөзді «айгүлле» деп жазатын болса, «мүва» жеген сөзді «мой» деп жазатын болса, ол сөздердің дыбыстарын айырудың керегі не?

Сондықтан ағылшын, америка, французх жазуларының жүйесі әріпті болғанмен, мағынасы таңба жүйелі жазуға жақын, мұнда да сөзді дыбыстарына қарай әріптерін қойып жазбайды, тек әріптерден құрап сөздің таңбасын салады. Мұндай жазулармен Қытай жазуының арасындағы айырмасы тек таңба суретін құрауында ғана: Қытайлар сөз таңбасын әріп деп ат қойылмаған сызықтардан құрайды, ағылшын американ, француздар сөз таңбасын әріп деп ат қойылған сызықтардан құрайды.

Тілінің шартына қарай дыбысына сәйкестеп әріп арнауға болмағандықтан, сөзінің жазылуы мен айтылуы бөлектенген жұрттың мысал – орыс халқы. Орыс тіліндегі дыбыстарға сәйкестеп әріптер белгілеу мүмкін емес: «сақал» орысша «барада» (борода), «сақалдар» дегенде «бороды» (бороды) дейді, «тырма» орысша «барана» (борона) «тырманы» дегенде «борыну» (борону) дейді.

Бізде көпше жалғау қосылғанда, тек жалғау қосылғаны болмаса, сөздің басқа тұлғасы мен тұрпаты өзгермейді. Орыстікінде ондай емес: тек жалғау қосылып қана қоймайды, бүтін тұлға-тұрпаттарында өзгеріс кіреді. «о» дыбысы «а» дыбысына, «а» дыбысы «ы» дыбысына орыста айналып кете береді.

Сөздің дыбыстары сондай өзгергіш болған соң, орыс тіліндегі сөздердің дыбыстарына сәйкестеп әріп алуға болмайды. Дыбысқа сәйкестеп әріп алынбаса, сөздің жазылуы мен айтылуы бөлектенбей қала алмайды.

Мұндай жазу бар жұрттың кей сөздерінің дыбыстарына қарай жазуға болады, кей сөздерін дыбыстарына қарай, тек жатталған түрінде жазуға болады. Мәселен, орыстың бір сөзін дыбыстарына қарай жазсаң, он сөзін жатталған түрінде жазасың. Солай болған соң орыс жазуы сияқты жазуларға сөздің дыбысын айыра білудің керектік жағынан керексіздік жағы басым болып шығады.

Дыбыстар мен әріптер арасында сәйкестік күшті боғандықтан, сөзінің жазылуы мен айтылуының арасында да сәйкестік күшті. Жазудың мысалы біздің қазақтікі мен қырғыздікі. Бұлардың тіліндегі дыбыс басына арналып әріп алынған, әріп танылған дыбыстан қайда түрса да айырылмайды. Сөздері жазылғанда көбінесе-ақ сөзінің ішінде естілетін дыбысына қарай жазылады. Орыста бір сөз дыбысына қарай жазылып, он сөз дыбысына қарамай жазылатын болса, қазақта он сөз дыбысына қарай жазылып, бір сөз ғана дыбысына қарамай жазылады.

Солай болған соң бізде сөздің ішіндегі дыбыстарын айыра білу өте керек. Сөздің дыбыстарын дұрыс айыра біліп, оларға арналған әріптерді қоя білудің өзімен де үйренуші емілеміздің аз болса 60-70 %-ін біліп қалады.

Біздің жазу жүйемізбен ағылшын, америка, француз жазу жүйесінің арасы алыс. Олардікі қытайдың таңба жүйелі жазуына жақын. Он сөзінен бір сөзінде де болса сәйкестік бар, бізге бір табан жақын жүйелі жазу орыстікі. Онан да гөрі бізге жақын жазу италиянікі дейді (оның да сөзінің жазылуы мен айтылуы арасында сәйкестік көп деп айтылады).

Сөйтіп, жоғарыда сөзден мынадай нәрсе байқалады: Әуелі, жазу екі негізде екендігі: 1) таңба негізді. Екінші, әріп негізді жазулардың емле жүйелері түрлі-түрлі болатындығы. Үшінші, емле жүйелеріне қарай, әріп негізді жазулардың таңба негізді жазуға жақыны да, алысы да бар екендігі.

Осы күнгі қолданып отырған емлелердің бәрі төрт жүйеге бөлінеді:1) таңбаша жүйе, 2) дағдыша (тарихша) жүйе, 3) туысша жүйе, 4)дыбысша жүйе.

Таңбаша жүйе – таңба негізді жазумен тәртіптес, негіздес емле, мәселен қытайдікі.

Дағдыша емле – баяғыдан бері жазып келе жатқан қалыпты қолданып отырған емле, мәселен, ағылшынша.

Туысша емле – сөздің тек басына қарамай, басқа түбірлес, туыстас сөздердің де айтылуына қарайтын емле, мәселен, орысша.

Дыбысша емле – сөз дыбыстарының естілуінше жазу жолын қолданатын емле, мәселен, италянша, немісше, қазақша.

Бұл айтылған емле жүйелерінің бәрі де әріп негізді жаззулардың емле жүйелері. Бұлардың біреулері таңба жүйелі жазуға жақын болатыны көрініп тұр. Сөздің айтылуы мен жазылуының арасындағы сәйкестік күшейген сайын емле тәртібі таңба негізінен алыстай бермекші.

Емле тәртібінің жүзіндегі жақындық, алыстық сауаттау әдісінің жүзінде де болмасқа мүмкін емес.

«Ауыз» деген сөзді мынадай (=) таңбамен жазатын қытай дыбсты әдіспен үйретер ме?

Ондай таңба салмағанмен, «ит» деп жазып шошқа деп оқыған сияқты «мой» деп жазуын «мува» деп оқитын емле тәртібі бар. Ағылшын, американ, француз сындыжұрттарға дыбысты әдісті қолдану қолайлы бола ма?

Олар түгіл, «борода» деп жазып «барада» деп оқитын емле тәртібі бар орыс сияқты жұрттарға да дыбысты әдісті қолдану қолайсыз болатын орындары көрініп тұр.

Соалй болған соң бұлардың бәрі де сөзді таңбаша жазып отырған соң, немесе таңбаша жазуға жақын түрде жазып отырған соң, таңбаша үйрету әдісіні қолданып отыр. «Тұтас сөз» әдісі деген сол «таңбаша» үйрету әдісі болады: бұл әдісше әріппен жазылған сөз таңба мағынасында көрсетіліп, таңба есебінде үйретіледі.

«Сақал» деп жазып, «сақал» деп оқитын, «тырма» деп жазып, «тырма» деп оқитын дыбысша емлесі бар қазақ, қырғыз сияқты жұрттарға дыбысты әдісті қолдан тиістігіне дау болмасқа керек еді, өйткені – басқа да дыбысша емлесі бар жұрттар дыбысты әдісті қолданып отыр. Мәселен, италиян жұрты.

«Тұтас сөз» әдісін не мәніспен қолданып отырғандарына назар салмай, тек басқалар қолданып жатқанда, бізге де қолдану керек деушілер бар. Рас «тұтас сөз» әдісін бізде қолдануға болады. Бірақ біз ағылшын, американ, француздарша шарасыздықтан, ең болмағанда, орыс қадары мұқтаж болғандықтан, оны қолданбаймыз, дыбысты әдіспен үйретуден тұтас сөз әдісімен үйрету қолайлырақ. Оңайырақ болса, қолданамыз. Олай болса, әуелі қайсысы қолайлы деген сауал қойып, соған берілген жауапқа қарай қайсысын қолдану тиісті болатындығын айту жөн.

Сауаттауға қайсысын қолайлы десек те қолайлығын сипаттайтын тиісті дәлелдерді боларға керек.

Сауаттау әдістерін тексеру үшін, әуелі, сауаттылық дегеннің не нәрсе екенін, оның негіздік жағы қайсы, онысын ашып алу керек.

Сауатты адам деп қандай адамды айтамыз? – Оқи да, жаза да білетін адамды айтамыз.

Сауаттылық негізі оқу ма, жазу ма – мұны ашсақ, сауаттау әдісі қайсысынікі болатынын да ашамыз: өйткені – сауаттылықтың негізі не нәрсе болса, сауаттау әдісі де сонікі болу керек.

Оқи біліп, жаза білмейтін адам бола ма? – болады. Ескіше үйренгендердің көбі-ақ оқи біліп жаза білмейтін.

Ондай адамдарды толық сауатты деуге бола ма? – Болмайды. Ондайлар шала сауатты адамдар.

Жаза біліп, оқи білмейтін адам бола ма? – Жоқ. Жаза білетіндер оқи да біледі. Олай болса сауаттылық негізі оқу бола ма, жазу бола ма? - Әрине, жазу болады. Сауаттылық негізі екекндігін сауаттылықтың шыққан жолы да көрсетеді. Сауаттылықты оқу мұқтаждығы тудырмаған, жазу мұқтажы тудырған.

Мұқтаждық жазуды тудырған, оқу жаза білумен бірге қосыла біліп кететін қосалқы күйдегі асылы жазу болып, оқу соның бетіндегі нәрсе болып шығады.

Осы айтылғандардың бәрі сауаттылық негізі оқу емес, жазу екендігін сипаттайтын дәлелдер.

Сауаттылық асылы оқу болмай, жазуда болса, сауаттау әдісінің де асылы оқудікі болмай, жазудікі болу керек.

Ол не деген сөз болады? Ол – сауаттау әдістерін сынағанда, оларға оқу үйрететін әдіс деп қарамай, жазу үйрететін әдіс деп қарау керек болады, жаза білдіруге қолайлы әдіс – оқи білдіруге де қолайлы болады, өйткені негіздік нәрсе – жазу, оқу жаза білумен бірге қосыла біліп кететін қосалқы күйдегі нәрсе.

Жаза білу үшін тілдегі дыбыстарды тани білу керек. Таныған әріптерін дыбысымен атай білу керек.

Әріптердің бәрін шапшаң жазуға жарағанда, жазған әріптерін жаттауға жарағанда, екінші түрде айтқанда – шапшаң жаза білгенде, шапшаң оқи білгенде сауаты ашылды, сауатты адам болды дейміз.

Сауатты әдісі дегеніміз – соны білдіруге жұмсалатын түрлі әдістердің шумағы болады.

Жазу - әріптердің сүгіретін сала тізу; оқу - әріптердің дыбыстарын айта тізу.

Әдісін алғанша қай әдіс те болсын қиын болады.

Әдісін алған соң, қайсысы да болса оңайланады. Әстің шапшаң әстелу күйге жетуі, ұайта-ұайта істеліп, дағдыға айналған кезде болады.

Сауаттану жас балалардың жүруге үйренгені мысалы: бастапқы кезде балалар аяғын бір басып, бір тұрады, онан соң апыл-тапыл басып жүруге жарайды. Онан кейін ақырын да болса жүруге жарайды; жүгіруге жарағаннан әрі жарысқа түсіп, жүрісті өнер есебінде қолдану дәрежеге жетеді.

Балалар түгіл үлкендерді алсақ, олардың да бір нәрсемен жүруге үйрету жолы нақ әлгідей. Ши-аяқпен сырғанақ тебуге үйренгенде, үрелікпен немесе белесепетпен жүруге үйренгенде, бірден сырғытып кете алмайды. Бастапқы кезде жүру әдісін алғанша, олар да балалар секілді өз денесін өзі билей алмай, мүшелері өзіне көнбеген сияқты, өзі жұмсаған жағына жүрмеген сияқты болып, әр ісін бөлек-бөлек аңдап, әр қозғалысын бөлек-бөлек алып, санап әстеген сияқты болады. Әдісін алғаннан кейін батылырақ қимылдайтын болады, онан әрі батылырақ жүретін болады, онан соң қалай болса, солай жүретін болып әбден төселеді, төселгеннен әрмен (қарай) басқалармен жарысып өнер салыстырарлық дәрежеге жетеді.

Сол сияқиты сауатанарда балаларға болсын, үлкендерге болсын әлісін алғанщша сөздік ішіндегі дыбыстарын танып, айтырып шығару да қиын, бөлек-бөлек дыбыстарды құрап-қосып сөз қылып айту да қиын.

Әдіс алғаннан кейін айрудың да, қосудың да қиындығы жоғалады. Онан әрі тек жаттығу, төселу ғана қалады. Жаттығу, төселу үшін әстің қайта-қайта әстелуі шарт.

Жазу да, оқу да бір істеліп қана қойылатын іс емес, мектепте күнде керек болып, күнде істеліп отыратын іс.

Сондықтан мектептен шыққанша жазу мен оқуға балалар төселмек түгіл, әрі барған сайын қайсысын болса өнер түрге айналдырып, әдемілеп жазу, безендіріп оқу қолынан келетін болады.

Сауаттау әдісінің қызметі жазу мен оқу әдісін алғанша бастапқы кезде болатын қиындықты кеміту, не жоғалту үшін, жүруге үйренгенде балаларға беретін сүйеніш арба сияқты, ши-аяқ тебуге үйренгендерге беретін сүйеніш шана сияқты көмек беру.

Енді үйрету табиғи жөнімен жүріп, үйрену әдісінің жолымен жүріп отырып, дыбысты әдіс пен тұтас сөзді әдістің жолдарына келейік.

Дыбысты әдіспен үйрету жолы - әлгі айтылған үйренушіге сүйеніш арба, сүйенші шана беріп үйрету жолы. Мұнымен үйренетіндер жүру әдісін алмай тұрғанда, бойын билей алмағандықтан арбамен, шанаға сүйеніп қозғалған сияқты жылжиды. Соларға сүйеніп жүріп бойын үйретіп, мүшкелерін жаттықтырып әдісін алу сияқты болады. Бірақ аяғын бір басып, екі басып, ақырын жылжыса да, өздігінен өз мүшелерін жұмсаса, өз дене мүшелері өзі істеп, өз басынан кешіріп сезіп, түйіп отырғандықтан, қимыл тетігін тез аңдап, әдісіні тез алады. Дыбысты әдіспен үйрету жолы – мысалмен түсіндіріп суреттегенде, осы болып шығады.

Тұтас сөзді әдіспен үйрету жолына келсек, ол – арбаны өзіне беріп, соған сүйендіріп, өзін қозғалтып, өзін жүгізіп үйрету емес, арбаға тіркеп, біреу сырғытып жүргізіп жіберіп отырып үйрету сияқты. Немесе шанаға тіркеп, біреу сырғанатып жіберіп отырып үйрету сияқты. Өз күшімен жылжымай, басқаның күшімен бара жатқан соң, сырттан қарағанда жүре білмейтін баланың жүрісі сияқты көрінеді. Бірақ жүргізіп жүрген қуат біткенше тебе білінетін адамның сырғанағындай болып көрінеді. Бірақ жүргізіп жүрген қуат біткен жеріне дейін барады да, одан әрі жылжымай тұрып қалады, жылжу үшін әрдайым біреудің күшін керек қылады. Өйткені әрібір жүріп келген жеріне өз денесінің қуатымен жүріп келмейді, біреудің жүргізген қуатымен келеді. Мұнда дайым біреу жүргізіп, басқаның қуатымен қозғалып отырған соң, өз санасының ісімен жұмысы өз денесінің қуаты аз қатысқандықтан, қимыл тетігінің тез аңдап, әдісін тез ала алмайды.

Тұтас сөздің әдіспен үйрету жолы – мысалмен түсіндіргенде осы болады.

Осы мысалға келтірген жүруге, сырғанақ тебуге үйрету әдісінің екі жолын сауаттау әдістерінің мысалына алмай, жас баланы жүруге, үлкенді ши-аяқ тебуге үйретудің әдісі болған нақ өз қалпында алып сынға салсақ, жүрумен сырғанақ тебуді үйретуге жоғарғы екі әдістің қайсысы жақсы дер едік?

Әрине, алдыңғысы жақсы екендігіне дау жоқ. Солай болған соң алдыңғы әдіске ұқсас дыбысты әдісті, соңғы әдіске ұқсас тұтас сөзді әдісті екеуін де ешбір тілге, емлемен әліп-би жүйелеріне матастырмастан өз алдына оңаша тұрған күйлерінде алып тек қана асылын тиісінше тексеріп қарасақ, дыбысты әдіспен үйрету жолының артықтығы жоқ да даусыз нәрсе болып шығады.

Егерде тұтас сөзді әдісті дыбысты әдіспен төмен болып тұрса да, керек қылатын болсақ онда басқа жұрттардікіндей тіліміздің, емлеміздің, әліп-биіміздің жағдайына қарай, шарасыз керек қылатын орнымыз боларға керек.

Ондай шарасыз керек қылатын орнымыздың бар-жоғы қазақша сауаттау әдісін көрсеткен кезде білінбекші.

Басқарма. Жазушының дыбыс әдіс мен тұтас сөз әдісін сынаған ойларына, көз қарасына басқарма қосылмайды. Ол ойларын бір жақта жаңылысы бар деп біледі. Мұндай мәселе әлі қазақ оқушыларына соны болғандықтан, бұл мақала пікір алысу ретінде басылып отыр. Әдіс жұмысымен таныс адамдар, педагогтар бұл туралы пікірін жазуын өтінеміз. Басқарма соңғы нөмірлердің бірінде өз ойын да жазбақшы.


Қолданылған әдебиеттер

1. «Жаңа мектеп», 1928, № 4, 3 -16 (Мақала «Тіл тағлымы» кітабынан алынды. –Алматы; Ана тілі, 1992ж. 357-364 беттер)

2.Б.Б.Белғара Қазақ тілін оқыту әдістемесінен хрестоматия. Оқу құралы. – Астана: Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы. 2007. - 240 бет.

.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!