Сабақтың тақырыбы:Дара және күрделі етістіктер.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға етістіктің, құрылысына қарай түрлері: дара және күрделі етістіктер жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қал ыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың формалары: жеке баламен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) ¥йымдастыру кезеңі.
І.Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
З.Журнал бойынша түгендеу.
4.Үйжұмысын тексеру.
5.Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Дара жэне күрделі етістік» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Дара етістік пен күрделі етістік. Етістіктер қүрылысына карай дара етістік жэне күрделі етістік болып екіге бөлінеді.
Бір ғана сөзден түратын негізгі етістік дара етістік деп аталады. Мысалы: Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. Бұл сөйлемдегі салғызды деген етістік дара етістік болып табылады. өйткені бұлар—бір ғана сөзден тұратын негізгі етістіктер. әрқайсысының өз алдына мағынасы бар, белгілі бір сұраққа жауап беріп, сөйлем мүшесі қызметін атқарады: жүрттар не істеді?—салғызды (баяндауыш)
Екі не одан да көп сөзден құралып, бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы: Ауылда қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен. Берілген сөйлемдегі маңырап жатыр екен (қойлар қайткен?) деген—күрделі етістік. Олар бір ғана лексикалық мағынаны (маңырау) білдіреді, бір сүраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқарады.
Әдетте күрделі етістіктің қүрамындағы бірінші етістік негізгі болады да, негізгі мағынаны сол білдіреді, кейінгісі оған көмекші етістік болады. Кейде көмекші етістік біреу емесе, бірнешеу болуы да мүмкін. Негізгі етістік көбінесе көсемше түлғасында (барған екен, келген екен, т.б.) жэне есімше түлғасында (барған екен, келген екен, т.б.) болып келеді де, көмекші етістік сөйлемдегі орны мен мағынасына және қызметіне қарай етістіктің барлық түрлерімен түлғаланып қолданыла береді. Мысалы: Үнсіз күліп түрған—бағанағы бала шэкірті.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма дара және күрделі етістіктерді ажырат.
Келесі орындалатын тапсырма суретке қарап сөйлем құра.Ішінде дара және күрделі етістіктер болуы тиіс.
Дара етістікті күрделі етістікке айналдырып жаз.
Дара етістік: Күрделі етістік
Ұшты,ұшып барады,күреді,күреп жатыр,құйды,құйып тұр,үйді, үйіп тұр,сүзді, сүзіп отыр,ойласаң,ойнасаң, амандасты, көрмедім, шегеледі,
2-тапсырма. сөйлем құра.

Күрделі етістіктерді дара етістікке айналдыр.
барып едім-
Тыңдап отырмын-
Көріп тұрмын-
Сайрап отыр-
Жинап жүр-
Дәлелде
келе жатып-
ұйықтап жатқан-
көрді-
қуанып кетіп-
ұстап алып-
сатып-
сатып аламын-
өсіріп сатып-
қоздап-
өскен-
айқайлап жіберіп-
шошып оянып-
кіріп кетіпті-
Сергіту сәті
Далада Дана да ойнап жүр.
Далада Сана да ойнап жүр.
Шығармашылық тапсырма
сәйкестендіру тесті
1.Салтанатты жиындарда шуылдайды.
2.Астанаға шетелден қонақтар айтамыз.
3.Қалың орманда ағаш жапырақтары келіп тұрады.
4.Әсел ән айтқанды сағынып жүр.
5.Асқар әжесін ұнатады.
4-тапсырма.
Мәтінді оқы.
Үйге түстік.Үйге бірсыпыра жұрт жиылып отырды.Сәтбай Ықаңның қобызын сағынғанын айтты.Біреу қобызды алып берді.Мен екі көзімді алмай,телміріп қарап отырдым.Ықылас қобызын жөндеп алып,ақырын сыза бастады.Менің жүрегім лүпілдеп,бүкіл жұлын тұтам шымырлап кетті.
БЕКІТУ.
Етістіктер құрамына қарай қалай бөлінеді.
Дара етістік дегеніміз не?
Мысал келтір.
Күрделі етістік дегеніміз не?
Мысал келтір.
Үйге тапсырма:
Оқушыларды бағалау оқушыларды мадақтау
227-жаттығу.ереже оқу ..
.
Ақмола облысы
Астрахан аудан
Қызылжар орта мектебі
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ:
«Дара және күрделі етістіктер»
Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өмірзақ Д.
2015
Қызылжар орта мектебінің
6 «А» сынып оқушылары мен өткізген
ашық сабақтың
сараптамасы.
6 а сыныбында өткен ашық сабаққа 5 оқушы қатысты. Ашық сабақтың тақырыбы Дара және күрделі етістіктер. сабаққа оқушылар жақсы қатысты.Берілген тапсырмаларды тез әрі дұрыс орындап, жауап беруге тырысты.Сабақта оқушылар ауызша,жазбаша, шығармашылық тапсырмаларды орындады. Ең алдымен өткен тақырыпты еске түсіру үшін,оқушыларға бірнеше сұрақтар берілді.Жаңа сабақты түсіндірген соң,дара және күрделі етістікті ажырат.суретке қарап сөйлем құра.Дара етістікті күрделі етістікке айналдыр.Дара және күрделі етістіктерді ажырат.Сергіту сәті.шығармашылық тапсырма.Мәтінді оқып,дара және күрделі етістіктерді тап .оқушылар әр тапсырманы мұқият орындады.Сабаққа қойылған мақсатқа жеттім .