СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

?аза?ты? ?нші - сазгер а?ындары. Сегіз сері (М?хаммед-?анафия)

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Серілер поэзиясы туралы ойларын тере?дету, серілерге т?н орта?  ?асиетті танып-  білу, Сегіз серіні? ?зіне ?ана т?н ?асиеттерін ерекшелеу, ажырату. ?ле?дерімен  ж?не о?ан шы?арыл?ан ?ндерімен таныстыру.

Просмотр содержимого документа
«?аза?ты? ?нші - сазгер а?ындары. Сегіз сері (М?хаммед-?анафия)»


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың әнші - сазгер ақындары. Сегіз сері (Мұхаммед-Қанафия)

Баһрамұлы Шақшақов.

Сабақтың мақсаты :

 1. Білімділік : Серілер поэзиясы туралы ойларын тереңдету, серілерге тән ортақ қасиетті танып- білу, Сегіз серінің өзіне ғана тән қасиеттерін ерекшелеу, ажырату. Өлеңдерімен және оған шығарылған әндерімен таныстыру.

2. Дамытушылық : Өз беттерімен ойланту, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету. Сегіз сері поэзиясының кейбіреуінің халықтық шығармаға айналғанын дәлелдеу.

3. Тәрбиелік . Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.

Сабақтың түрі : Зерттеу сабағы

Сабақтың әдісі : СТО технологиясы (топтық жұмыс, зерттеу)

Сабақтың көрнекілігі: Презентация, слайдтар, интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып оқушыларының назарын аударып, сабаққа бейімдеу.

ІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың эпиграфы:

Қазақтың сәні кетсе, әні кетеді, әні кетсе, жаны кетеді

(Сұлтанмахмұт Торайғыров)

1.Қызығушылығын арттыру:
«Сөзжұмбақ» Қайталауға арналған сұрақтар.
1. Абайдың ақын інісі кім? (Шәкәрім)
2. Қашаған Күржіманұлының тарихи жыр дастаны? (Атамекен)
3. Ш. Уәлиханов Абылай ханның кімі? (Шөбересі)
4. Шоқанның Қашқария сапарындағы лақап аты (Әлімбай)
5. Махамбеттің жау жүрек досы (Исатай)
6. 100 жасаған ақын (Жамбыл)
7. Абайдың жылдың төрт мезгіліне арнаған бір өлеңі? (Жаз)
8. Дулат Бабатайұлының табиғат туралы жазған өлеңі. (Аягөз)

9. Табиғат лирикасына арналған өлеңі (Өзен)

10. Ыбырай кімнің шығармаларын аударды? (Крылов)

11. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің дастаны (Ғибратнеме)

12. Ыбырайдың атасы (Балқожа)

13. Жамбылдың ғашық қызы, құрбысы кім? (Бұрым)

14. Жамбылдың ұстазы кім? (Сүйінбай)

15. Абайдың поэмасы (Ескендір)

16. «Қызғыш құс» өлеңінің авторы (Махамбет)


2. Мағынаны тану

Әнші - сазгер ақындарға тоқталу.

Оқытушы:

Сері деп кімдерді атаған?

Серілерге тән ортақ қасиеттер қандай еді?

Оқушылардан күтілетін жауап:

Сері:
Өнерлі, әнші, ақын, сазгер, сұлулықты сүйеді, әсемдікті сүйеді, талғамды, күйкі тірлікпен айналыспайды, ел сүйіктісі.


Оқытушы: Қазақтың сыршыл ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Қазақтың сәні кетсе, әні кетеді, әні кетсе, жаны кетеді» деген екен. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы өнердің рухын асқақтатып, қазақ әдебиетінің тарихында әнші-ақындар деген атаққа ие болған өнер иелерінің шығармашылығына арналған.

19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің негізгі көркемдік арнасының бірі – әнші-ақындар шығармашылығы. Ұлт рухын көтерген әнші-ақындар поэзиясы қай кезде де өзінің терең философиялық ой-тұжырымдарымен, жүректі нұрландырар сөздерімен алаш жұртының жан азығына айналды. Әнші-ақындардың шығармашылығы 19 ғасырда кеңінен өрістей бастады. 19 ғасырдағы қазақ тарихындағы саяси-әлеуметтік құбылыстар қазақ әдебиетіндегі ежелгі арнаның бірі- ән өнеріне де елеулі ықпалын тигізді. 19ғасыр мен 20 ғасыр басындағы әншілік өнерін – ғалымдар Арқа, Жетісу, Сыр және Батыс аймақтарының метептеріне бөліп қарастырады. Нақтырақ айтар болсақ, Арқа мектебі Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлеріне тән. Бұл мектептердің ірі өкілдері: Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Ыбырай секілді өнер тарландары. Жетісу өңірі әуендерінің басында Сүйінбай ақын, Жамбыл, Кенен шығармашылығы тұр. Сыр бойындағы ән мектебі Ешнияз сал, Нартайлардан таратылса, Қазақстанның батыс өңірін қамтитын әндер асау тайдай тулаған қуатты мектептің өкілдеріне Мұхит, Ғариполла шығармашылықтары жатады.

Қазақ мәдениетін, халқының ой-сезімін байытып, дамытуда әнші-ақындардың алатын орны ала-бөтен. Олар ән салумен бірге ақындық, мергендік, саятшылық, палуандық, фокус-жанглерлік өнер үлгілерін көрсетіп, ел-жұртты күлкіге кенелтіп отырды. Сал-серілердің ауылға келуі ауыл-аймақ, әсіресе жастар үшін үлкен қуаныш болды. Олардың өнерпаздық қырлары, қайсібір салдардың оғаш, күлкілі киімді қасақан кию дағдысы, ерсі мінез көрсетуі осы сал-серілердің өзіндік қырлары. Халыққа көрсеткен еркеліктері.

Сал-серілер туралы М.Әуезов, Әлкей Марғұлан өздерінің зерттеулерін тарихи-әдеби деректерімен толықтырса, академик Ахмет Жұбанов әнші-ақындардың шығармашылық мұраларын жиыстырды.

Бейне дәріс тыңдалады

  • Балалар, бейне дәрісте көрсетілген қай әнші-ақындарды білесіңдер? Қандай әндері

естеріңде?

(оқушылардың жауабы)

Міне, балалар, біздер көптеген әнші-ақындармен төменгі сыныпта оқып жүрген кездерде-ақ таныс болғанбыз, ал Мұхаммед-Қанафия Баһрамұлы Шақшақов туралы кім біледі? Сегіз сері дегеніміз кім?

Сегіз сері – ол да сері. Басқа серіден айырмашылығы - халық оның өнерін бағалап, Баһрамұлының 8 түрлі өнеріне байланысты халық берген атау «Сегіз қырлы, бір сырлы» дегеннен шыққан. Атасы Қожаберген жырау – Толыбай Сыншыұлы.

Сегіз сері есімі - еліміз тәуелсіздік алғанша, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Ә.Марғұлан, Т.Нұртазин, Ш.Сәтбаева еңбектерінде сөз болған.

Соңғы кездері өнертанушы ғалымдар мен музыка зерттеушілері бір мәмілеге келе алмай жүр. Бірі Сегіз сері туралы әңгіме қоз­ғаса, екіншісі оны тарих беттерінен сы­зып тастауға тырысады. Сіз қалай ойлай­сыз, Сегіз сері ойдан шығарылған кейіпкер ме? 

Бүгін біздер өзімізідің сабағымызда Сегіз серінің тарихи тұлға, әнші-сазгер және оның көптеген әндерінің халықтікі болып жүргендігін дәлелдейміз. Зерттеу сабағын жүргіземіз.

Алдын ала «Зерттеушілер» тобына арнайы тапсырмалар берілген болатын, «Зерттеушілер» тобына сөз береміз.







Оқушы:Сіз бізге тапсырма бергеннен кейін, біздер «Жұбан Молдағалиев» атындағы

кітапханаға барып іздеу жұмыстарын жүргіздік. Біріміз кітапхананың оқу залында отырып сын-пікірлер, қазақ әдебиеті энциклопедиясы т.б. , өзіңіз берген нұсқаулар арқылы іздестірдік. Өткен жылдардағы газет-журналдарды ақтарып қарап бірнеше мәлімет жинадық. Ең бірінші Сегіз серінің өмірбаянын баяндаудан бастайық.



Оқушы: Өмірбаяны.Сегіз-Сері (Мұхаммед-Қанафия Бахрамұлы) (1818-1854) - ақын, әнші, композитор. Сегіз-сері 10 жасынан бастап, өзінің ақындық және орындау мәнерімен белгілі болды.

Сегіз сері – ол да сері. Басқа серіден айырмашылығы - халық оның өнерін бағалап,

Сегіз сері атандырған, Сегіз бірнеше кісі емес, бір кісі, яғни Мұхамед-Қанафия Баһрамұлының 8 түрлі өнеріне байланысты халық берген атау «Сегіз қырлы, бір сырлы» дегеннен шыққан. Атасы Қожаберген жырау – Толыбай Сыншыұлы. Көп вариантты «Қобыланды», «Алпамыс», «Едіге» жырларының бір - бір нұсқасын өзі шығарған.
Сегіз сері мұсылманша да, орысша да оқыған. Омбыдағы Сібір әскери

училищесін бітірген. Отарлаушы колчактарына басшы немесе тілмаш болудан бас тартқан. Сол үшін «Бұзақы, мойнына кісі қанын жүктеген» деген жала айыппен патша шенеуліктері оны түрмеге қамап, жер аудармақ болған. Оны сезген ақын Еділ - Жайық бойын бетке алады. Себебі атасы Шақшақтың анасы атақты Сырым Датұлының туған апасы екен. Осы жаққа келіп, Исатай - Махамбет көтерілісіне қатысып, қозғалыстың жалынды жыршысына айналады. Төрт жыл паналайды, еліне қайта оралады.
Кейін Махамбетті әдейі өлтіргенін естіп, өз елінен арнайы келіп, Баймағамбет сұлтанның көзін жоюға қатысқандардың бел ортасында болады. Еліне барған соң Сегіз Ырысбике есімді қызға үйленіп жанұя құрайды. Мұсайын, Мұстафа атты ұлдары болады. Олар да әкесі сияқты әнші, ақын болып өседі. 1854жылы, 36 жасында Сегіз сері ауырып, өз туған жерінде қайтыс болады. Бейіті Досқұл жерінде.

Сегіз серінің шәкірттері Біржан сал, Жаяу Мұса, Нұржан Наушабаев,

Кемпірбай, Құлтума, осы шәкірттері өзіне арнап жоқтау өлеңдерін шығарыпты. Халық арасында Сегіз-серінің "Үкілім", "Көркем-ай", "Қаракөз", Гауһар тас", "Мақпал" әндері, "Тұлпар", "Қос қыран", "Алмас қылыш" күйлері жақсы танымал. Халық арсында кең тараған батырлық және тұрмыстық эпостарды орындауда Сегіз- сері Шығыстың белгілі батырлық және ғашықтық шытырман оқиғалы мазмұнымен толықтырады. Сегіз-серіні өзіне Біржан сал, Жаяу Мұса, Өтеміс жырау ұстаз санаған, ал Нұржан Наушабаев оған "Ер Сегіз" поэмасын арнады. Сегіз-серіні өз қолымен жазылған қолжазба шығармасы Қазақстан Ғылым Академиясы Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында сақталған.




Оқушы: Серікбай Қосан «Ғасыр жұмбағы» мақаласында: «Сегіз серінің атасы Қожаберген жыраудың « Елім-ай» дастаны жасанды дүние, оны өлең деп қабылдау өнердің көркемдік қасиетін терең түсіне алмау» деп жазады.

Ал, Бөрібай Кәртен өз мақаласында « Сегіз сері ойдан құрастырылған ертегі - қиялдың кейіпкері. Ғылым тілімен айтсақ - фальсификация,» - дейді «Қазақ әдебиеті» (20.10.2006)

Сегіз серінің өмірде болғанын төмендегі ақындардың өлеңдерінен байқауға болады.

Біржан сал :

Ұстазым Сегіз сері, Нияз сері,

Солардан үлгі алған мен Біржан сері.

Жетпіс үш мүшеліме толғанымда,

Дүние теріс айнып кетті кері.


Сегіздей асыл адам жаралмайды,

Халқына болып өткен тым жағдайлы.

Керейден жүз мың әйел ұл тапса да,

Ешбірі Сегіз сері бола алмайды.

Жаяу Мұса :

Жігіттер өнер қусаң Сегізге ұқса,

Шәкірті Сегіз сері атым Мұса.

Қазақтың ел қорғаны мақтаныш қой,

Үш жүзде ер Сегіздей көп ұл туса.

 

Бөлеген күйге Сегіз ой мен қырды,

Төгетін жиындарда асқақ жырды.

Омбыда Мұқарама сұлуға арнап,

Шығарған алғашқы әні «Назқоңырда



Балуан Шолақ : ... Сегіз серіні көргенім жоқ,

Көрсем де естімей жүргенім жоқ.

Біржаннан қанып оның жолын қудым,

Жақсыны одан артық білгенім жоқ.


Сұлтанмахмұт Торайғыров :

Керейде Қожаберген, Сегіз өткен,

Қазақтың шежіресін жыр ғып шерткен.

Үш жүзге өлеңменен үндеу тастап,

Олар да бірлік үшін еңбек еткен.

 

Оқушы: Әндер жинағымен салыстырғанда оның көп өлеңі, әні халықтық шығармаға

айналып, ел ішінде осы кезеңге дейін халық әндері ретінде орындалып жүр. Мысалы : 1977, 1978, 1979, 1992 жылдары шыққан әндер жинағында « Халық әндері» деп берілген. Тіпті соңғы кезге дейін 2008 жылғы 24 наурыздағы «Казахстанская правда» газетінде халық артисі Б.Төлегенова халық әні «Гауһартасты» орындады делінген. Сегіз сері жөнінде соңғы жылдары ғана сөз бола бастады. Алғаш ақынның есімі мен мұрасын еске түсіріп қозғау салған әйгілі жазушы Ғ. Мүсірепов өзінің «Ұлпан» атты романында Сегіз сері туралы былай деп жазады: «Бұл келген Керей аталатын көп рулы елдердің аты шулы ақын- әншілері, жыраулары еді. Ақын Шәрке сал, соқыр Тоқжан ақын, Нияз сері, Сапарғали ақын, т. б. Бәрі де атақты – Сегіз сері ақынның мұрагерлері», - делінген.

Біздің зерттеуіміз бойынша, Сегіз сері өлеңдері негізінен махаббат лирикасына жатады. Мәселен, 1. «Ақбақай», 2. «Ақ ерке», 3. «Алқоңыр»,4. «Әйкен – ай», 5. «Боз шұбар», 6. «Гауһартас», 7. «Ғайни», 8. «Жылой»,9. «Еңлік – ай» (Илигай), 10. «Көкем - ай», 11. «Қызға сәлем», 12 « Мақпал»,13. «Назқоңыр»(Ай қабақ), 14. «Сәулем – ай».

Тек «Ақбұлақ», «Боз шұбар» өлеңдері - Исатай бастаған шаруалар көтерілісіне және оның жеңілісіне арналған.


Оқытушы: Ал, бұл өлеңдерінің Сегіз серінікі екенін қалай дәлелдейсіз?

Оқушы: Осы күнге дейін Сегіз серінің өлеңдері, классикаға айналған көп ән туындылары ақпарат құралдарында авторы аталмай, халық әндері деп жарияланды. Ақын, композитор –әнші Жаяу Мұса Байжанов Сегіз серінің шәкірті болған. «Ер сегіз» толғауында Сегіздің беделді туындаыларын атап өткен:


Сал Сегіз әуес болған нақ Құндызға,

Көз салған еліндегі шын жұлдызға.

Шығарған «Қыз сипаты», «Ғайни» әнін,

Еркесі ыЫсық жұрты Ғайни қызға.


Сардар еді Сегіз сері тура сөзді,

Ер еді аса көркем иман жүзді.

Жолығып Үшбуырылда Патшайымға,

Арнаған әсем әнін – «Қарақөзді».


Сал Сері өзге ақыннан болған басым,

Шығарған Мақпалға арнап «Гауһартасын»,

Ән салып, күй шығарып, дастан жырлап,

Әр жердің тамсандырған кәрі-жасын.


Таралған қолтаңбамен кіші жүзде,

Сегіздің «Айман-Шолпан», «Қыз-Жібегі».

Сегізде толып жатыр тамаша әндер,

«Әйкен-ай», «Жылой», «Қарғаш», «Бесқарагер»,

«Шолпан қыз», «Дайдидау» мен «Бозқараған».


Бөлеген күйге Сегіз ой мен қырды,

Төгетін жиындарда асқақ жырды.

Омбыда Мұқарима сұлуға арнап,

Шығарған алғашқы әні «Назқоңырды».


Шырқадым Сегіз сері «Көкем-айын»,

«Ерденкөк», «Алақоңыр» мен «Сәулем-айын».

«Бозшұбар», «Қыз әлем» әнін айттым,

Несіне сауық құрмай қорғалайын.


Жігіттер өнер қусаң Сегізге ұқса,

Шәкірті Сегіз сері атым Мұса.

Қазақтың ел қорғаны мақтаныш қоц.

Үш жүзде Сегіздей көп ұл туса.


Жаяу Мұсаның «Ер Сегіз» атты жырында «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек» жырларын Сегіз сері жырлағаны жазылған. «Дастаннан драмаға» атты әдеби-зерттеу еңбегінде филология ғылымдарының кандидаты Есенгелді Жақыпов «Айман-Шолпан» жырының авторы Сегіз сері екенін ғылыми тұрғыда дәлелдеген. 1979ж «Ғылым» баспасында «Дастаннан драмаға» атты әдеби-зерттеу еңбегі)

Оқытушы:Тағы да нені байқадыңдар, нені зертттедіңдер , тағы да неге көңіл бөлдіңдер?

Оқушы:

Бөрібай Кәртен «Айтысқан азар, тартысқан тозар» деген мақаласында (Қазақ әдебиеті газеті) (20.10.2006) Сегіз Серінікі делінетін шығармалардың көркемдік сапасы әдебиет теориясының талаптарына, шарттарына еш сай келмейтіні туралы жазған. Бірақ біздер Сегіз сері өлеңдерінің көркемдігінің жоғары екенін дәлелдей аламыз (өлеңдерінде эпитет, метафора, теңеу көп кездеседі).



«Мақпал» өлеңінде :

Ақша жүз, бота көзді, қасың қара,( эпитет)

Шашыңды түнде жуып, күндіз тара.

Ниязбен екеуіміз келген шақта,

Мақпалжан бұлғақтамай бізге қара.

«Назқоңыр»(Ай қабақ) өлеңінде :

Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін, ( эпитет)

Кел десең, неге аяйын аттың терін.

Сары ағаш сазға біткен секілденіп,

Қай жерде отыр екен бұраң белім.

 

Бұлақтай көгал қуған (теңеу)
Ажарың ашық екен атқан таңдай
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай
Ажарың ақ түлкідей
Шолпандай жалғыз туған
Ақ жүзің раушан гүлдей жайнағанда
Еріні бүлдіргендей
Гауһармын таразыға салынбаған (метафора)
Қылышпын қынабынан алынбаған
Керейдің Сегіз атты саңлағымын
Көп жігіттің топ бастар серкешімін
Ортасында биігі - өркешімін
Үш жүздің бұл күндегі еркесімін
Мақпалжан, айналайын, сен қызғалдақ
Аузың – бал, тілің – шекер, қойның - жұмақ

Тәтті үні мейіріңді қандырған қыс (эпитет)
Сайраған гүл бақшада бұлбұл үнін
Ақ балтыр, жасыл желек, ну орманым
Жібек жал арғымақсың, қамыс құлақ
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай

3. Поэзия минуты:

Шығармашылық топқа сөз береміз.





ІІІ. Ой толғау.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, не себепті Сегіз серінің әндері халықтікі болып кетті?

- Неге оның есімі тарих бетінен жоғалып кетуге қалған?

( оқушылар жауабы)

«Жұмбақ адам» тақырыбына 5 минуттық эссе жазайық.

4. «Гауһартас» әнін тыңдаймыз.

ІІІ. Сабақты қортындылаймын.

Түртіп алу стратегиясы

ІV.Үйге тапсырма: «Өнерлінің өрісі кең» тақырыбына шығарма жазу.

V.Оқушыларды бағалау.