СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қазақтың саз аспаптары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепке дейінгі мекемелерде ашық сабактар 

Просмотр содержимого документа
««Қазақтың саз аспаптары»»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Ән -әуез

Тақырыбы: «Қазақтың саз аспаптары»

Мақсаты: Бір дыбыстың әр түрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану, салыстыру, ажыратуға үйрету. Шығармаға аннотацияны өз бетінше жасауға дағдыландыру. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін қалыптастыру.

Көрнекілігі: Слайдтық презентация, саз аспаптарының суреттері, музыкалық аспаптар, үнтаспа.

Әдіс-тәсілі: Ән айту, би билеу, ойын ойнау, түсіндіру, талдау,Әңгімелеу, көрнекілік әдіс-тәсілдері.


Әрекет кезеңдері

Әуез жетекшінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық қозғаушы күш


Көңілді әуен ырғағымен балалар сап түзеп әуез залына енеді.

Шаттық шеңбері:

Бәріміз де баламыз,

Бір аулада тұрамыз.

Бір бақшаға барамыз,

Қосылып ән саламыз.

Жақсылыққа сенеміз,

Сенімді боп жүреміз!


- Балалар, біз бүгін қазақ халқының саз аспаптарымен танысатын боламыз. Ол үшін барлығымыз бірге Қызылорда қаласындағы балалар әуез мектебіне барамыз.





Балалар шаттық шеңберіне тұрып, «Бәріміз де баламыз» өлеңін айтады.



Орындарына отырады.


Балалар мұқият тыңдайды.



Ұйымдастырушылық- ізденушілік

- Мынау балалар, Қызылорда қаласындағы балалар әуез мектебі. Онда балалар әр түрлі музыкалық жанырда сабақтар өтеді. Музыкалық білім алады. Ертең біз де өскен соң осындай үлкен мектептер мен оқу орындарына барамыз.

Енді алдымен мектептің алдына назар аударайық. Мұнда қазақ халқының музыкалық аспаптары туралы мәліметтер бар екен.

Музыкалық аспаптармен таныстыру.

Ал, енді әуез мектебінің ішіне енейік.

І қабат – балалар, мұнда не көріп тұрмыз?

Балалар бейнетаспадағы бейнежазбаға қарап, әуез мектебімен танысады.



Аспаптар туралы мағлұмат алады.




Алға бір қадам адымдайды.

Бишілер.


Ендеше музыкалық ырғақтық би қимылын жасап үйренейік.

Үйренетін би қимылымыз «Бипыл» деп аталады.

Жарайсыңдар балалар, енді келесі қабатқа көтерілеміз.

ІІ қабат – Мұндағы балалар не істеп жатыр екен?

Түрлі қазақтың аспаптарынан құралған оркестр екен.

Ал, енді балалар, осы оркестрдің орындауындағы шығарманы тыңдап, талдап көрейік.

Халық күйі «Келіншек»

Балалар біз не тыңдадық?

Күй қалай орындалады екен?

Музыкалық шығарманың көңіл күйін, ұзақтығын айтайықшы?


ІІІ қабат Ненің суретін көріп тұрмыз?

Балалар ән айтып жатыр екен.

Бізде осы балалар секілді әнші болу үшін жаңа ән жаттап, үйренеміз.

Ән: «Домбыра сазы»

Сөзі: Х.Талғаров

Әні: И.Нүсіпбаев

Елдің жырын жырлаған

Қайғысан да толғаған

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған

Домбырасыз ән қайда?

Домбырасыз сән қйда?

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?

Құрманғазы Тәттімбет

Домбырамен сайраған

Жүрекке от жақсын деп,

Елге күйін арнаған.

Әнді айтқанда ән айту ережесіне мән береміз.

Балалар би қимылдарын мұқият қарап үйренуге тырысады.

Балалар тағыда алға адымдайды.

Оркестр



Балалар шығарманы тыңдайды.



Балалар күйді тыңдап, талдауға тырысады.





Хор







Балалар әннің ырғағына мән бере отырып, әнді тыңдап, жаттауға тырысады.

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын: «Ән салған кім?»

Көп бала бар бөлмеде

Біреуі ән салады.

Ал, сырттағы біреуі

Кім екенін табады.

Балалар ойынға қызыға кіріседі.

Рефлексивті түзету

Қорытындылау:

Жоғарғы қабаттан төменге қарай түсіп, өткен тақырыбымызды үйренген әнімізді еске түсіріп, қайталаймыз. Әуез мектебінде суретке түсеміз.


Белсенді балаларды мадақтау, бағалау. Қоштасу рәсімі.

Балалар үйренген жаңа тақырыпты айтып, жоғары қабаттан төменге қарай түседі.


Сау болыңыз!




Күтілетін нәтиже:


Білу керек: Аспаптардың атын, шығарманың мәтінін білу керек


Меңгеру керек: Ритімдік қозғалысты, дыбыстық интервалды, тембрлік бояуын меңгеру керек


Жасай білу керек: Дидактикалық ойын әрекеттерін, би қимылын жасай білу керек.