СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қаздар сайысы "Әуезов арулары"

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Әуезов арулары»

Өтетеін күні: 4 ақпан 2017 ж.

Мақсаты: Бойжеткен  қыздарымызды Мұхтар Әуезов шығармаларының кейіпкерлері арқылы ұяңдыққа, инабаттылыққа  тәрбиелеу. Қыз  балалардың икемділігін, шеберлігін, шығармашылық  қабілетін  арттыру, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты оқушылар  бойына  дарыта  отырып  дамыту.Ұлттық  сана-сезімге, әдемілік пен  әсемдікке  тәрбиелеу.

Әдісі: сайыс түрінде.

Көрнекілігі: Қыз  тәрбиесіне  байланысты  жазылған  ұлағатты  сөздер: «Қыз  өссе - елдің  көркі», «Қызға  қырық  үйден тыю», сурет салынған плакаттар.

Сайыскерлерге  қойылатын талап, Бағалау критерийі:

-    Мұхтар Әуезов шығармаларындағы Ұлжан, Зере, Әйгерім мен Тоғжанның бейнелерін сомдауы;

-         қыз  балалардың  сахнада өздерін дұрыс ұстауы;

-          әр бөлім  бойынша  өздерінің  білім-біліктілігін көрсете білуі;

-         эстетикалық  талғамы;

-         сөйлеу  мәдениеті мен  сөз  мәнері;

-         өз  ойларын  толық  жеткізе  білуі;

-         ұлттық  салт-дәстүрлерді  білуі  және  құрметтеуі.

Просмотр содержимого документа
«Қаздар сайысы "Әуезов арулары"»

Тақырыбы: «Әуезов арулары»

Өтетеін күні: 4 ақпан 2017 ж.

Мақсаты: Бойжеткен  қыздарымызды Мұхтар Әуезов шығармаларының кейіпкерлері арқылы ұяңдыққа, инабаттылыққа  тәрбиелеу. Қыз  балалардың икемділігін, шеберлігін, шығармашылық  қабілетін  арттыру, ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты оқушылар  бойына  дарыта  отырып  дамыту.Ұлттық  сана-сезімге, әдемілік пен  әсемдікке  тәрбиелеу.

Әдісі: сайыс түрінде.

Көрнекілігі: Қыз  тәрбиесіне  байланысты  жазылған  ұлағатты  сөздер: «Қыз  өссе - елдің  көркі», «Қызға  қырық  үйден тыю», сурет салынған плакаттар.

Сайыскерлерге  қойылатын талап, Бағалау критерийі:

- Мұхтар Әуезов шығармаларындағы Ұлжан, Зере, Әйгерім мен Тоғжанның бейнелерін сомдауы;

-         қыз  балалардың  сахнада өздерін дұрыс ұстауы;

-          әр бөлім  бойынша  өздерінің  білім-біліктілігін көрсете білуі;

-         эстетикалық  талғамы;

-         сөйлеу  мәдениеті мен  сөз  мәнері;

-         өз  ойларын  толық  жеткізе  білуі;

-         ұлттық  салт-дәстүрлерді  білуі  және  құрметтеуі.

1-жүргізуші: Құрметті  ата – аналар, ұстаздар мен оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан «Әуезов арулары» сайысына қош келдіңіздер!

Бүгін біздің  мектепте  дүбірлі  той,

Ден  қойып  тыңдаңыздар, көңілді  қой.

Жырдан  шашу  шашылып, күй  күмбірлеп,

Қош келдіңіз, халайық, сергісін  бой.

2-жүргізуші:

Әуезов арулары - қыз  өнері,

Тал  бойына  жарасқан күлкі  әдемі.

Бір көргеннен болмай-ақ сахнада,

Өмірде  сақталсыншы ұлт  әдебі.

1-жүргізуші:

Ән  бастайық  көрермен,

Өлең-өрнек  дегенмен.

Бастайық  біз  сайысты

Қадірменді  көрермен.

Әуен  ойналып  ортаға  ару  қыздар  шақырылады.

1-ші аруымыз – Абайдың жары Әйгерім образында 8 сынып оқушысы Сағымбаева Айсамал;

2-ші аруымыз – Абайдың ғашығы Тоғжан образындағы 9а сынып оқушысы Паңғалиева Болған;

3-ші аруымыз – Абайдың әжесі Зеренің образында 9б сынып оқушысы Маратова Надежда;

4-ші аруымыз – Абайдың анасы Ұлжанды сомдаушы 10 сынып оқушысы Серіққалиева Зарина.

Әділқазы, аққазыға бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар айтыстарда неше бір

Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл, – дей келе сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері

  1. Мурсалимова Куляш Хамитқызы

  2. Есенғалиева Гүлсім Кеңесқызы

  3. Молданова Лариса Мақатқызы

Аруларымызға сайыстың алғашқы кезеңіне дайындала беруге рұқсат. Олай болса сайыстың  бағдарламасымен таныс болыңыздар:

  1. Таныстыру (образбен)

  2. Монолог (оқу)

  3. Біздің образдардың көзқарасы...

(қазіргі қоғамдағы қыздардың бейнесі, іс – әрекетіне байланысты)

  1. Арулар әсем әуенде (ән орындайды)

Төрешілерден сұрар өтінішіміз әрбір сайыстан кейін жұптардың өнеріне сараптама жасап тоқталып өтсеңіздер дегім келеді, тек үшінші кезеңіміз бағаланбайды,тек сөздік қорларына назар аударылады. Себебі бұл кезеңде аруларымыз өз ойларын ортаға салады.

1 бөлім. Таныстыру.

Бүгінде  озық дәстүр, салт-санасын

Берік  ұстап, сүйетін, от панасын.

Арулар  кетсін  өзін  таныстырып,

Қуантып, жолдас-жора, ұстаздарын.

Олай болса сайысымыздың бірінші кезеңі Таныстыру.

(Ару  қыздар ретімен  өздерін  таныстырады)

Әділ қазылар алқасы бағасын береді.

2 бөлім. Монолог оқу

Байқаудың бұл бөлімі «Монолог оқу»деп аталады. Бұл кезеңде аруларымыз өзі сомдаған бейненің монологын оқиды.

(Ару  қыздар ретімен  өнер көрсетеді)

Әділ қазылар алқасы бағасын береді.

3 бөлім. Біздің образдардың көзқарасы...

Бұл бөлімде сайысқа қатысушы қыздарымыз қазіргі қоғамдағы қыздардың бейнесі, іс – әрекетіне байланысты өз ойларын ортаға салады.

Сайыскерлерімізге видеоролик көрсетіледі, арулар соған байланысты өз ойларын ортаға салады.

(бағаланбайды, тек арулардың сөздік қорына назар аударады)

4 бөлім. Арулар әсем әуенде (ән орындайды)

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі сайыста ән салуға,

Арулар аянбай-ақ жан салыпты, келесі кезеңіміз аруларымыздың әсем әуені. Ендеше тамашалайық.

(Ару  қыздар ретімен  өнер көрсетеді)

Әділ қазылар алқасы бағасын береді.

1-жүргізуші: Ал, құрметті көрермендер,біздің сайысымыз өз мәресіне жетіп қалды. Енді, сөз тізгінін әділқазылар алқасына тапсырсақ деймін. Құрметті әділқазылар, қыздардың ұпайларын есептеп жеңіске жеткен аруды жария етулеріңізді сұраймыз. Қазылар алқасы дайын болғанша көрермендер арасынан аруларымызға өз жүрекжарды тілектерін білдіргісі келетіндер болса сөз сөйлеуге ортаға шақырамыз.

(Көрермендер сөйлейді)

Әділ қазылар алқасы өз шешімін шығарып болған екен, ендеше сөз кезегі әділқазылар алқасында

(Әділқазылар сөзі)

Қорытынды. Сонымен, корытындылай келе қыздарымызға айтарым: кез келген көргеніңе еліктемей қазақ қыздарына тән қасиеттерді бойына сіңіріп, үлкеннен өнеге, ұлттық дәстүрімізді жалғастыратын ибалы, инабатты, білімді қазақ қызына лайық қыздар болыңыздар.

2-жүргізуші: Ал, құрметті көрермендер, осымен біздің «Әуезов арулары» сайысы соңына келіп жетті. Аруларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Келіп, тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет. Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!