Алғы сөз.
Тарих- адамзаттың тамыры. Өз тарихына үңілу, өткен жолын қорытындылау, жете түсінуге ұмтылу, оны бағалай білу — елін сүйетін, өзін танығысы келетін әрбір адам үшін маңызды. Адамзат үшін тарих өз алдына құндылық, ендеше сол тарихты баяндайтын материалдық игіліктер де құнды болмақ. Ерте тас дәуіріндегі Сақ мәдениеті, қола дәуіріндегі Ботай, Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеті, темір дәуіріндегі сақ, үйсін мәдениеті негізінде қаланған көшпелі түркілердің мәдениеті қазақ халқының ұлттық мәдениетінің бастау бұлағы.
Қазіргі, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті қай бағытта дамып жатыр, деңгейі, негізгі идеясы қандай? Біртұтас мемлекет ретінде, заман талабына сай қабырғасы қалана бастаған біздің Отанымыздың әлемдік мәдениет пен өркениет көрмесіндегі орны қандай, және мәдениеттің дамуына қазіргі заманда қандай үлес қоспақ? Бұл ретте мәдениет атадан балаға мұра болып қалып, ұрпақ ауысқан сайын дамып отыратынынын ұмытпаған жөн. Сондай-ақ мәдениет — дәстүрлі салт дәстүр, ұлттық дүниетаным, ой-сана негізінде дүниеге келетін әдебиет, театр, ән күй, бейнелеу, қолөнері сынды өнер туындыларынан, халықтың ортақ рухани байлығынан құралатындығы белгілі.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап мәдени өмірде үлкен, сапалы өзгерістер басталды. Біріншіден, тарихи мәдени мұраларымыздың өзіндік орны мен қажеттілігі айқындалды, халықаралық қатынастар дами бастады.Бұл саланың күрделі мақсаттарының бірі – мәдениетті ұлттың рухани байлығы ретінде дамыту және жандандыру. Мәдени дамуымыздың басты мақсаты көп ұлтты Қазақстанда бірыңғай мәдени ақпарат кеңістігін құру. Бұл кеңістіктің ұлтымызды әлемдік деңгейде танытуда, оның рухани байлығын көтеруде, әлемдік қоғамдастықпен тең дәрәжеде болуға қосатын үлесі зор.