СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес түрлері

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі заманға сай оқытудың ұйымдастыруда дәстүрлі сабақтын құрылымынан тысұйымдастырылған сабақтарды өткізу тиімді. Дәстүрлі сабақтын сапасына жетілдіру үшін жанашыл педагогтар көптеген жаңа  идеяларын, шығармашылық іс-әрекеттері мен әдіс-тәсілдерін қолданады. Дәстүрлі сабақты түрлендіріп, оқушылардың қызығушылықтын арттырудың ең тиімді  формасы – дәстүрлі емес сабақ. Әрине, әр оқыту үрдісінде дәстүрлі сабақ негізгі оқытудың түрі болып қалсада, дәстүрлі сабақты өткізу мұғалімнің педагогикалық іс-тәжірибесін жетілдіреді. Дәстүрлі емес сабақ дегеніміз – сабақтын дәстүрлі түрінін негізде жасалған оқытудың жаңа түрі. Педагогикалық – психалогиялық және әдістемелік әдебиеттерді дәстүрлі емес сабақ туралы мәліметтер көп емес. Тақырыпқа байланысты мақалаларда дәстүрлі емес сабақтың ұйымдастыру мен мазмұны жағы ғана зерттелген, ал сабақтың концептуалдық жағына  көп көңіл бөлінген. Ғылыми анықтамаларға қарағанда дәстүрлі емес сабақ.

Просмотр содержимого документа
«Қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес түрлері»

Мазмұны

Кіріспе


1. Қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес түрлері

1.1. Дәстүрлы окыту

1.2.Дәстүрлі емес сабақтың түрлері


2. Оқыту үрдісін технологизацияландыру

2.1.окыту үрдісінің негізі бағыты

2.2. Дәстүрлі емес сабақтардың технологиясы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер




























1. Қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес түрлері

1.1. Дәстүрлы окыту

Қазіргі заманға сай оқытудың ұйымдастыруда дәстүрлі сабақтын құрылымынан тысұйымдастырылған сабақтарды өткізу тиімді. Дәстүрлі сабақтын сапасына жетілдіру үшін жанашыл педагогтар көптеген жаңа идеяларын, шығармашылық іс-әрекеттері мен әдіс-тәсілдерін қолданады. Дәстүрлі сабақты түрлендіріп, оқушылардың қызығушылықтын арттырудың ең тиімді формасы – дәстүрлі емес сабақ. Әрине, әр оқыту үрдісінде дәстүрлі сабақ негізгі оқытудың түрі болып қалсада, дәстүрлі сабақты өткізу мұғалімнің педагогикалық іс-тәжірибесін жетілдіреді. Дәстүрлі емес сабақ дегеніміз – сабақтын дәстүрлі түрінін негізде жасалған оқытудың жаңа түрі. Педагогикалық – психалогиялық және әдістемелік әдебиеттерді дәстүрлі емес сабақ туралы мәліметтер көп емес. Тақырыпқа байланысты мақалаларда дәстүрлі емес сабақтың ұйымдастыру мен мазмұны жағы ғана зерттелген, ал сабақтың концептуалдық жағына көп көңіл бөлінген. Ғылыми анықтамаларға қарағанда дәстүрлі емес сабақ.

  1. түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдер қолдану арқылы дәстүрлі

сабақты түрлендіру;

  1. қазіргі заманға сай оқытудың түрі.

Ғылыми әдебиетге қарағанда дәстүрлі емес сабақтар – интерактивті

оқытудың негізінде өткізілетін сабақтар (интерактив – ағылшын «interachion» - қарымқатынас) онда жетекші роль атқаратын мұғаліммен оқушының арасындағы қарым қатынас алынады. Г.Ф. Селефко дәстүрлік емес сабағы технологиялық тұрғыдан қарастыруды ұсынады. Ол, дәстүрлі емес сабақ – оқытудың классикалық түрлерінің негізінде жетілген стандарттан тыс әдіс – тәсіл – дейді. Осы концепцияға сүйелгенде, дәстүрлі емес оқытудың жаңа технологиялары деп атауға болады.

Дәстүрлі емес сабақ дәстүрлі сабақтан гөрі түбегейлі өзгеше көрінің оқу үрдісін жетілдірудің бір түрі болып табылады. Дәстүрлі емес сабақ өткізудің алдынан мұғаліммен оқуының іс әрекеттері ойластырылады мұғаліммен оқушыныі іс-әрекеттері ойластырылады.


Сабақ мұқиятты дайындалады

Оқушыларға алдын –ала тапсырмалар белгілері, көрнекіліктер дайындалады




Сабақтың құрлымы ойластырылып, әр баланың жеке тапсырмалары тексеріледі

Сыныптын ерекшеліктерін есепке алу арқылы сабақтын өтуі ойластырылады






Оқушылардың іс-әрекеттері ойластырылады

әр бір әрекетке «үздік» және «орташа» оқушылар жұмысқа қосылады.





Сабақтағы оқушылардыі іс-әрекеттеріне қарағанда дәстүрлі емес сабақ негізгі жетістігі – барлық оқушылар сабақтың өтуіне белсене қатысады, қызығушылықтары артады, сабақтын сапасы өседі.

дәстүрлі емес сабақ алдына қойылатын талаптар.

  1. Оқу бағдарламаға сай бөлуі

  2. Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктері есепке алыну керек

  3. Өткен сабақтар бойынша бөлімдерін кеңейту керек.

  4. Оқушылардың қызығушылықтарын кеңейтіп, еңбекқорлығын ынталандыру қажет.

  5. Оқушылардың дербестігін, дарындылығын көрсету керек.

  6. Оқушы сабаққа «зертеуші» ретінде қосылып, өтіп жатқан тақырыптың теориялық және практикалық заңдылықтарын, өзара байланыстарын іздестіру қажет.

  7. Сабақ оқушыны жан-жақты дамытып, жетілдіру керек.

  8. Сабақ оқушының өз еркімен жасалған жұмыстарын міндетті түрде орындалатын жұмыстармен ұштастыру керек.

  9. Сабақта міндетті түрде қызығушылықтың артыраттын элементері болуы керек.

  10. Сабақта бос, еркін, көтерінкі күйдегі қарым қатынас болу керек.

Дәстүрлі емес сабақтар қызықты, танымды, оқушыларға ұнайтын

сабақтар болса да, оқытуда олардың жиі өткізуге қажет емес. Осы типті сабақтарды көбінесе қорытындылау, бекіту, жаңа білімді хабарлау кезінде қолдану тиімді. Сабақтардың саны, оқыту үрдісіндегі орны, әр мұғалім өзі ойластырады, осындай сабақтарды өткізу көбінесе мұғалімнің өзіне байланысты. Дәстүрлі емес сабақ оқытуды тағы да бір үлкен міндеттін орындайды – бұл оқытудың тағы да бір үлкен міндетін орындайды – бұл оқыту үрдісін демократизацияландыру.

Дәстүрлі емес сабақ демократизацияландыру идеяны іске асыру жолдары.

І аспект: 1. жан – жақты, ашық болуға бағыт:

1) білімді қоғамдық тұрғыдан көрсету

2) дискуссия сабағы

2. Сабақты таңдау құқығы

1) пресс – конференция сабағы

2) іскерлік ойын сабағы

3. Оқушылардың белсенділігі (инициативті) дамыту сабағы.

1) Викторина сабағы

2) жарыс сабағы

4. шығармашылықты дамыту сабағы

1) шығармашылық есебі сабағы

2) тақырыптық есеп сабағы

5. оқу дағдыларын дамыту сабағы

1) семинар сабағы

2) диалы сабағы



1.2.Дәстүрлі емес сабақтың түрлері

Дәстүрлі емес сабақ дәстүрлі сабақтан тағы да қандай айырмашылықтар бар: мұғалімнің іс-әрекеті.

Дәстүрлі емес сабақта оқушыларға нақты БІД дамыту мақсаты арқылы, болатын психикалық процестерін (ойлау, зейін, ес) дамытады, онда сабақ рәсмі педагогикалық техникалық функцияныатқарады. Дәстүрлі емес сабақ мұғалім оқушылардың жан-жақты оқу іс -әрекеттерін басқарып, оларды өз еркін бетімен жұмыс жүргізуге, үйретеді шығармашылық ойлауын қалыптастырады. Мұғалімнің оқушыларды ұйымдастырмайды осы оқу үрдісінің қатысушысы болады, ол оқушыларға көмек етеді, көрсетеді, түсіндіреді, естеріне түсіреді; кейбір кезінде өзі де қателеседі; оқушылармен ақылдасады; керек кезінде мұғалім өзі әр түрлі педагогикалық жағдайларды жасайды; оқушылардың ынталандыраду, сенім білдіреді, қызықтырады, оқу мативтерін қалыптастырады, беделін көтерер. Осы немесе басқа мұғалімнің іс-әрекеттерінің негізі – оқу үрдісін тұтас және бағытталған тұрғыдан ұйымдастыру.

Дәстүрлі емес сабақ үстінде оқушының да позициясы өзгереді. Дәстүрлі емес сабақ бала мұғалімнің тапсырмаларын орындап отыратын оқытудың объектісі болады, сабақта артық сөз айтуға тиім салынады,. Көбінесе мұғалім сабақты өзі жүргізеді, ал оқушылар оның тапсырмаларын ғана орындағаннан сабақта ынталары төмендейді. Осындай жағдайда оқушының жеке тұлғалығы дамымайды, алған білімдері көбінесе күр жаттау, мұғалімнен қорққаннан болады. Сондықтан дәстүрлі емес сабақта алған білімдерін көбі тез уақытта ұмтылады. Осы себептен, оқушылардағы сабаққа деген қызығушылығының төмендеуі пайда болды.

Дәстүрлі емес сабақта оқушының жағдай мүлдем басқа. Дәстүрлі емес сабақ оқушының жағдайы мүлдем басқа. Дәстүрлі емес сабақ оқушы – оқыту үрдісінің субъектісінің - белсенді іс-әрекеттін, шығармашылықтын, ізденімпаздықтың иесі. Ол оқушы емес, ол білімді алдымен бірге өзін-өзі дамытуға бағытталған адам. Сабақтын идеясы, қызығушылығы дәстүрлі сабақта мұғалімнен болса, дәстүрлі емес сабақ оқушыдан, білімді игеру үрдісі оқу үрдісіне айналады. Сабақтын мақсаты: алған теориялық білімдерін іс-әрекет, белсенділік, шығармашылық арқылы игеру.

Дәстүрлі емес сабақ мұғалім мен оқушының арасындағы қарым қатынас та мүлдем өзгереді. Дәстүрлі емес сабақта мұғалім мен оқушының арасындағы қарым қатынас авториторлық қарым қатынас (стиль) жиі кездесетін болса. Дәстүрлі емес сабақ қарым қатынасы өзгередіоқушылармен ресми қарым қатынас жасалмайды, бұнда оқушылармен «тен» тұрғыдан қарым қатынас жасайды. Мұғалім қарым қатынас дәстүрден тыс түрлі формаларын іздестіреді, сабақта топтық, ұжымдық оқыту түрлері жиі қолданылады. Осы жағдайда мұғалімнің педжагогикалық позициясы, шығармашылығы үлкен роль атқарады. Оқушылардың іс-әрекеттерін белсенділікке айналдыру үшін, ол өзі сабақтқа оқушылармен мең болып қатысады, сабақтың «ішінен» оның жағымды, жағымсыз жақтарын көреді, керек кезінде өз ұсыныстарын оқушылардың көңіл-күйлеріне тізбей айтады, түзейді, көмек етеді. Сонымен дәстүрлі емес сабақта мұғалімнің авториторлық позициясы жойылады да, оның орнына іскерлік қарым қатынас позициясы орындалады.

Қазіргі заманға сай оқытудың негізгі түрі дәстүрлі емес сабақ болса, онда мектептін орта буында қолданылатын дәстүрлі емес сабақтардын көптүрлілігіне тоқтап кетейік. Соңғы жылдары мұғалімдердің дәстүрлі емес сабақтарға қызығып, жиі өткізетін тағы да себептердің бірі – оқытуда оқу – тәрбие мақсаттарды тиімді және интенсивтік шешуге арналған жаңа педагогикалық қарым қатынастар.

Бұрынғы кезде әр сабақ оқушы үшін бұрында көрмеген, естімеген жаңа ақпарат болса, қазіргі оқушыларды қызықтыру өте қиын. Қазіргі оқушылар сабақты (тақырыпты) өтпеседе, көөп нәрсені теледидар, компьютер т.б. естіген, терең білімдерді болмаса да, «естідім», «бәлемін» деп, мұғалімді тыңдамайды осы тұрғыдан қарағанда дәстүрлі емес сабақ өзінің ерекшеліктерімен мектепте қажет те, тиімді де әдебиет мұғалімі.

Ойын элементтерін қолдану арқылы қазіргі кезеңдегі оқытудың түрлері.

Ойын баланын іс-әрекетінің негізгі түрлерінің бірі. Ойын-баланың әлеуметтік ортадағы табиғи қарым қатынастың түрі, әлемді тану жолы, өмірлік тәжірибені жинау жолы, қоршаған ортаға, жанындағы адамдарға, құбылыстар мен өздік көзқарасты қалыптастыружолы. Ойын арқылы өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларды ойластыруға, олардан өтуге, өзіне қажетті қарым қатынас жасауға үйренеді. Көптеген жетістіктері мен қатар ойынның әдістемелік мүмкіндіктер де аз емес:

  1. Ойын – оқытуды ынталандырудың күшті ынтасы;

  2. Ойын арқылы пәнге деген танымдық қызығушылығы жиі орнатылады;

  3. Ойын барысында баланын психикалық процестері (зейін, есте сақтау, ойлау, елестету) тез дамиды.

  4. Ойынның «эмоционалдық» жоғы алған ақпараттарды «өмірлендіруге» көмек етеді, оны қызықты оқыған айналдырады. Ойын кезінде пассивті балалар да өз орнын тауып, ойынға қатысуға тырысады.

  5. Ойын баланын шығармашылығын дамыпты үшін жағдай жасайды.


Ойын кезінде бала өзі ізденеді, ойынға қатысушыларға қызығушылығын білдіреді, өзінде бар қабілеттері мен мүмкіндіктерге назар аударады.

Белгілі педагогы Д.Б. Эльконит ойыннын құндылығын осылай бағалаған: «Ойын бала үшін өте маңызды, ойында бала басқалардың көмегісіз өзінде бар табиғи мүмкіндіктерін көріп, үйренеді». Бұл реалдық әлемде, ортада, уақытта, жануарлар мен адамдарға арасында өзін-өзі бағыттау, өзін-өзі зерттеп, көру тәсілі. Ойын арқылы бала біздің символдық әлемімізде тұруға үйренеді. Әдістемелердің байқауынша ойынға оқу ойыннан 2 жағы көзге түседі:

  1. диолы (тікелей қарым қатынас, сөз, әңгіме), 2) елестетілген жағдай оқытуда ойынның дидактикалық, рөлдік, іскерлік ойындары қолданылады.

  2. Дидактикалық ойындар – оқушыларға сабаққа ойын арқылы

сабақта білім беру, б) тексеру б) бекіту тәсілі, сабақтын барлық кезеңдерінде жиі қолдануға болады, әсіресе бастауыш сыныптарда. Жоғарығы сыныптардағы сабақтарда да қолданылды. Қазақ тілі сабағындажеке элемент ретінде кезінде оқушыларға викторияналық сұрақтар, «Кім бұрын үй тапсырманы тексеру» ойыны арқылы сұрақтарға жауап бере отырып оқушылардың белсенділігі қалыптасады, ойлау қабілеттері жылдам өтеді.

Рөльдік ойындар оқушылардың дүниетанымының, эмоционалдық көңіл-күй қалыптастырады; оқу материалы сырттай ғана емес, іштей білуге көмек етеді, оқушылардың жалпы мәдениеттілігін, коммуникативтік қарым қатынастарын қалыптастырады. Рольдік ойындар көбінесе бастауыш және орта жастағы оқушылармен өтеді. Рольдік ойындарды қолданудың ең тиімді сабағы қазақ әдебиеті сабағында қолдануға болады. Онда, мұғалімнің шығармашылығына қарай сабақта кейіпкерлердің дауыстары мен сөйлеу, әрекеттерін көрсету, көрінісі көрсету, музыкалық аспаппен ойнау т.б. арқылы сабақты түрлендіріп, оның білімділік мақсатын орындайды.

Іскерлік ойындарды қолданғанда мұғалім түрлі оқиғаларды бейнелеу үшін жағдайларды жасайды. Оқушы санын ішіне кіріп, рөлін ойнап, оқиғанын куәгері болып оқу материалын игереді. Іскерлік ойындар көбінесі жоғары сыныптарда, әсіресе мамандық таңдау байланысты сабақтардағы оқиғаларды бейнелейді (мұғалім, инженер, дәрігер, заңдар т.б.)

Қазіргі оқушылар теледидарға бейім, сондықтан, соңғы жылдары оқыту үрдісінде түрлі теледидарлық ойындарды қолдауда мұғалім оқушылардың сабаққа дейін қызығушылықтарын арттырады, білім көлемін кеңейтеді. «Лидер ХХІ века», «Таңғажайып аланы», «Алтын сақа», т.б. ойындар қазіргі оқушыларға өте жақын түсінікті, қызықты теледидарлық ойындарды қолдану кезінде мұғалім көбінесі ойын шарттарын бұзбайды өз тапсырмаларын енгізеді. Осы типті ойындарды барлық сабақтарда қолдануға болады. Мысалы 9 сыныптағы әдебиет сабағында:

Теледидарлық ойындар жеке пән, немесе пәндер бойынша өтеді, соңғы жылдар мектеп аралық ойындар да өтетін болды.

Дидактикалық ойындар оқыту үрдісінде кеңінен пайдалана отырып оқытудың, тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятып, танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады. Дидактикалық ойындарға материалды таңдап алу кезінде мынадай жайыттарға есепке алу қажет:

  • ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;

  • білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы;

  • ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.

Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.

  1. сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтын мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;

  2. тапсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет;

  3. ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету керек;

  4. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті.

  5. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.

  6. Дидактикалық ойындар таңдауда нәтижелері объективтің тұрғыдан бағалауы тиіс.

Дидактикалық ойындартаңдауда оқытудың білімділік тәрбиелік және

дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық – ынталандыру жағына сүйену керек. Айтқанда олар:

  • оқушылардың жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдынын көлемі, оқушылардың даму деңгейі мен психологиялық жай – күйі.

  • Оқып-үйренілетін материалдың сипаты мен мазмұны, сол сабақтың мақсаты;

  • Нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктері;

Осы өлшемдерге сәйкес мысалы бастауыш сыныптарда түрлі

дидактикалық ойындарды қолдануға болады, математика сабағында: санамақ-ойындар жанылпаш ойындар, жұмбақ ойындар: «Тізбек», «Поезд», «Орынды тап», «Мынау кімнің үйі?», «Дүкен», «Керекті санды қой», «Қасқыр мен қой», «Теңге алу», «Орамал тастамақ», «Аң патшасы» т.б. Осы және көптеген мұғалімнің шығармашылық әрекеттеріменшығарған ойындар арқылы оқушылардың білімсанасына тез жетіп, есінде ұзақ сақталады, оқушылардың білім, іскерлік, дағды сапасына тиімді әсер етеді.

















2. Оқыту үрдісін технологизацияландыру

2.1. окыту үрдісінің негізі бағыты

Дүниетану сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар «Бұл қай аң», «Күн мен түн», Кім күшті», «Тап – таза», т.б. балалардың ой -өрісін кеңейтеді, өз бетімен ойланып, заттармен құбылыстардың сипатталуына, баламасына қарай заттар мен құбылыстарды дұрыс атап табуға үлкен септігін тигізеді.

Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында дидактилық ойындар бір неше топқа келтіру қажет, онда:

  1. сөйлем, сөз, олардың өзара байланысы туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған дидактикалық ойындар:

  2. Дыбы және әріп ұғымдарын бекітуге бағытталған дидактикалық ойындар: «Бұл қалай өзгерді», «Біл кімнің дауысы», «Кім жылдам».

  3. Буын, тасымал туралы білімдерін бекітуге бағытталған дидактикалық ойындар: «Қай сөз жоғалды», «Дамино», «Не қажет», «Орамал тастамақ», «Бәйге», «Ойланып тап», «Сақина салу» т.б.

  4. Заттын атын, қимылын, көрсететін ойындар: «Суретті лото» «Сұрақ қою», «Жеті қазына», «Ғажайып алаң», т.б. саналық ойындары мен жұмбақ ойындар. Осы және көптеген басқа ойындар мұғалімдер тіл сабағының алдына қойылған мақсаттарын шешеді.

Тренинг сабақтары мұғалімдерге оқушыларды жан-жақты және тереңірек ойлауға, оларға бағыт-бағдар беріп әсер етуге, оқушы көзқарасын өзгертуге септігін тигізеді. Мұндай сабақтарды ұйымдастыру базасында мұғалім мақсатты нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан қарап, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып, ой-өрісін дамытуға баса назар аудару тиіс. Тренинг сабақтарының дамытуға баса назар аудару тиіс. Тренинг сабақтарының негізге критерилері (өлшемдері):

  • рөлдердің түрлері;

  • елестету жағдайдың шарттары;

  • сценарий бойынша қойылған талаптар.

Тренинг ойындардың түрлері:

  1. үстел ойындары: лото, дамино, таңғажайы аланы.

  2. Танымдық ойындар: ребус, кроссворд,

  3. Сюжеттік ойындар: «қателермен жазылған мәтін»,

әдебиет сабағында әр жазушының өмірі мен шығармашылық жасына байланысты жасауға болады.


Тренинг сабағында мұғалім мынадай рөлдерінде ойнай алады:

  • ойын шарттарын түсіндіретін инструктор;

  • ойын шарттарының дұрыс (қате) орындалуын бақылап отыратын әділқазы;

  • әр жағдайда көиек етуші тренер;

  • ойынды басқарып отыратын, қорытындысын жасайтын жүргізуші (төрайым).

Оқушылардың ролдері: актерлар, эксперттер, көрермендер.

Тренинг сабақтарда оқушы өзіне еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын

күшейтеді. Өзі өзгеге көмектессе, кейде өзіне көптеген көмегі қажет болады. Оқушылардың, тұлғалық дамуына бағытталған осы ойын түрі оқушылардың белсенділігін арттырады шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Пікірталас сабақтары - жоғары сыныптарда, әдебиет, тарих қоғамтану сабақтарында жиі қолданылады. Пікірталас негізгі ерекшелігі:

  • сабаққа қатысушылардың тақырыбп бойынша өз ойларын, пікірлерін айтқызу;

  • тақырып не арнайы мәселе бойынша толық, жан-жақты талдау қажет;

  • оқу материалын толық меңгереді;

  • шешендік қабілеттері қалыптасып дамиды;

  • пікірталасты жүргізу үйренеді.

Соңғы жылдары педагогикалық іс-тәжірибеде топтық жұмыс

түрлерінде өтетін пікірталастар кен орын тапты. Онда оқушылар пікірталасты белгілі тән, тақырып бойынша, өткізу үшін көп ізденеді, өз ойын өз уақытын тез ортаға жеткізуге талпынады. Болашақта осындай оқытудың түрі оқушыларды осындай оқытудың түрі оқушыларды нақты, дәл, мазмұнды сөйлеуге, өз ойын анық, терең жеткізуге үйретеді.

Пікірталас сабақтарының түрлері:

  1. регломенті (уақыты) шектелген дискуссия оқушыларға алдын ала әр кезінің уақыт нақты белгіленген жоспар беріледі. Топ топшаларға бөлініп, проблема ең алдымен сонда талқыланады да кейіннен бүкіл сыныптан алдында талқыланып, шешіледі.

  2. Ойын элементтерін пайдаланып өтетін пікірталас онда, оқушылар іскерлік ойын элементтерін пайдаланып, кейіпкердің атынан сөйлейді, сол заман, тарихи кезеннің «образына» кіріп, типті киіміне дейін, дауысын келтіріп, пікірталас жүргізеді.

  3. Проекттік пікірталас мұғалімнің тапсырмасы бойынша алдын-ала белгілі тақырып бойынша проект (жоба) жасалады сабаққа дейінгі уақытында (1-2 апта бұрын) негізгі жоспар сценары құралады. Сабақты оқушылар проблеманын пайда болуын іздестіреді, оны шешу жолдарын табуға тырысады. Проект гипотезаны шығару және оны шешу жолдарын іздестіру мен шешу болып табылады.

Топтық пікірталас (дебат) - соңғы жылдары жоғары сынып оқушылар

арасында сабақта және сабақтан тыс уақытында оқушылардың көзқарасы қалыптастыратын жиі қолданатын оқыту формасы. Талқылауға нақты тезис қойылады, оны бір команда қорғайтын (жағымды жақтарын көрсетін), қарсылас коммпоненттер оны жоққа шығарады (жағымсыз жақтарын көрсетеді). Әр бір топта 3 спиктер эксперт). Тезисты қорғау топта (команда);

1-спикер – жағымды жақтарын қорғайтын аргументтерді келтіреді;

2-спикер – аргументтерді дәлелдейді;

3-спикер – қарлық команданы айтқанын жоққа шығарады.

Қарсылас команда өз позициясын қорғайды, ол үшін әр түрлі аргументтерді дәлел келтіреді. 3 спикер қарсылас командаға тезис бойынша өз тұжырымын дайындайды. Таймер регламентін сақталуына қарап отырады. Жюри хаттама жүргізіп, екі командаға баға қояды.

Топтық пікірталас («вертимка»). Пікірталастың мақсаты – оқушыларды қойылған мәселелі (проблем) талдауға тарту.

Екі шеңбер жасалады: ішкі және сыртқы. Қатысушылар бір-біріне қарама-қарсы отырады. Ішкі шеңбер тұрақты, қозғалмайтын болса, сыртқы – қозғалмалы оқушылар арнайы белгі (сигнал) бойынша орны ауыстырады (немесе келесі орындыққа отырады). Пікірталас оқушылардың өздік дәлелін дұрыс қойып, шығаруға үйретеді, коммуникативті қарым қатынас жүргізуге тәжірибе жинақтайды.

«Дөңгелек үстел» пікірталас мәселені шешуге сыныптың жартысы ғана қатысады, қалған топша – көрермендер болады. Пікірталасты эксперттік топ, ғылыми симпозиум т.б. формаларды құрым түрлендіруге болады.

Пікірталастың т.б. түрлеріне «мозговой штурм», сот сабақтары, дискуссия сабақтары т.б. жатады.

Мұғалімнің шығармашылық қабілетіне қарай жоғары сынып оқушыларының білім деңгейлерін жетістіру үшін релейдік есеп (зачет) сабақтарын қолдануға болады. Тарауды немесе тақырыпты өткен соң, оқушыларға есептің негізгі сұрақтары беріледі. Құрастырылған билеттер блоктарға бөлініп 2-3 сұрақтан тұрады.

«О» - блогі – жоғары деңгейдегі, қиын сұрақтар

«۟  » - блогі – орташа деңгейдегі сұрақтар

«П» - блогі - қарапайым, жеңіл сұрақтар.

Билеттер блоктары бойынша мұғалімнің үстелінде деңгейіне сай блогінан билет алады да жауап беруге дайындалады. Билет ұнамаса, немесе басқа себептерге байланысты, билетті басқа блогтың билетіне ауыстыруға болалды, ал блогтан басқасын алуға болмайды, сонда 3 билетке дейін ауыстыруға болады. Әр блоктің бағалары да бірдей емес:

«О» - блогі жоғары баллы «5»

«۟  » - блогі орташа баллы «4»

«П» - блогі төменгі баллы «3»

Төменгі блогтің билетіне «5» бағаны алса, балл жоғары блок билетін алуға құқығы, онда жаңадан дайындалып, қайтадан жауап береді.

Билетке жауап беруге дайындыққа 10-15 минут уақыт беріледі. Дайындық кезінде бала мұғаліммен 1 конеульт алуға құқылы. Есептің тапсырмалары ауызша, жазбаша, аралас болуы мүмкін.

2.2. Дәстүрлі емес сабақтардың технологиясы


Білім беру саласында соңғы жылдары оқыту технологияларды оқыту үрдісінде пайдалану мәселелері кен түрде талқыланып жатыр. Белгілі ғалым Г.Ф. Селевко дәстүрлі емес сабақтарды технологиялық тұрғыдан қарастырды ұсынады. Ол «дәстүрлі емес сабақ – оқытудың классикалық түрлерінің негізінде жетілген стандарттан тыс әдісі – тәсіл дейді. Осы концепциясына сүйенгенде - дәстүрлі емес сабақ – оқытудың жаңа технологиясы деп атауға болады.

Оқытуды технологизацияландыру дегеніміз – ең алдымен әр сабақта зарым қатынас педагогикалық жағдайды орнатып, оқытушылар мен оқушылардың арасына гумандық – жеке даралық көңіл күйін жоғары деңгейге жеткізу тура келеді. Жаңа қарым қатынастын негізгі мазмұны – оқу үрдісіндей қарым қатынас қолайлы жайлы болып оқушылардың білім санасын арттырадындай болады осы технологияны орта және жоғары сыныптарда іске асыруға болады жолы – Ш.А. Оснонашвилидің гумандық технологиясы С.Н. Лысенкованның анықтамалық басқару, В.Ф. Шоталовтың тірек сигналдарға сүйеніп оқыту, В.В. Фирсовтың саралап оқыту және осындай басқа технологияларды негізге алып, оқыту үрдісі технологияландыру қажет.

Орта және жоғарғы саыныптарда жиі қолданылатын оқыту технологияларды атап кетсек, оқыту технологияларды атап кетсек, түрлері, мен іске асыру жолдары аз емес, ал олардың оқытудағы тиімділігі – мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Ақпараттық – коммуникативтік технологиялар - соңғы жылдарындағы білім беру жүйесін ақпараттандыруға, оқытуда компьютер, интернетті қолдануға байланысты. Ақпараттық технология туралы Г.К. Селевко былай деген: «кез келген педагогикалық технологиялары – ақпараттық технологиялары немесе оның негізін ақпарат және оның дамуы құрайды». Бірақ іс-тәжірибеде басқа да ұғым жиі кездеседі мұнда информациялық технологиялық деңгейі – барлық арнайы техникалық ақпараттарды (аудио, видио, кино т.б.) оқыту үстіне қолдану. Осы ұғым оқыту үрдісін ақпараттандыруға дәл келеді. Ал олардың ішінде ең тиімдісі – оқытуды ұйымдастыруда – компьютерлік технологияларды қолдану. Компьютерлік технологиясы бағдарламасы оқытудың технологиялық компьютерді қолданудың негізінде оқытуды дамыта отырып, нұсқаларын ашады; оқушыларға білім беру үрдісі компьютер арқылы өтеді.

Компьютерді оқыту үрдісіне кен пайдалану интерактивтік оқыту деп атайды, оның негізгі заманға сай ерекшелігі – мұғаліммен оқушы заманға сай «компьютерлік» диолы жүргізеді компьютерді сабақтын барлық кезендерінде қолдануға болады: жаңа білімді хабарлау, бекіту, білімді тексеру. Сабақта компьютер бір неше функцияны атқарады; мұғалімдік (білім беруді, оқу құралы (дәптер, оқулық, қалам) оқу объектісі (нені оқыды) қарым – қатынас жасаушы ұжым (оқшы – компьютердегі материал), бос уақытын ұйымдастырушы орта компьютерлік технологияны қолдануда қойылатын мұғалімнің алдына қойылатын

  • оқу үрдісін (пәндер, сыныпты) дұрыс ұйымдастыру;

  • оқушылар белсендіру және үлестіру жұмыстарын ойластыру: тәртіп туралы нұсқау беру, отыратын орындарын ойластыру, компьютерлік жүйені құру т.б.

  • оқушыларға жеке дара бақылау жүргізу, қажет кезінде көмек ету.

  • ақпараттық материалдарды даярлау.

Оқытуды ақпараттандыру оқушылармен оқушылардан компьютерлік

сауаттықтың талап етеді:

  • информатика мен есептеу техниканың негізгі ұғымдарын жете білу;

  • компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін;

  • тексттік редактормен жұмыс істеу жүйесін;

  • компьютердің алгоритмдерін, тілі мен бағдарламалау программаларын.

Компьютерлік сабақты өткізу бір кезегінен түрады:

І –мұғалім қажетті оқу материалын дайындайды;

ІІ – мұғалім сабақтын үлгісін жасайды;

ІІІ – мектептің компьютерлік бағдарламашы мұғалімнің ұсыныстары бойынша сабақтын компьютерлық бағдарламасын жасайды;

ІV – мұғалім жасалған компьютерлік сабақтын үлгісін қарап, керекті ұсыныстарын кірізеді;

V - компьютерлік сабақты өткізу.

Компьютерлік сабақтарды қазіргі мектепте өткізу мүмкіндік бар бірақ

мұғалімдер ондай сабақты өткізуге әлі дайын емес, оның негізгі себебі – компьютерді, оның мүмкіндіктерін жете білмейтіні. Оқушылар үшін компьютерлік сабақ тиімді және заманға сай болу керек.

Қазіргі оқыту үрдісінде тиімді оқытудың технологиялардың бірі – тиімді сабақтардың негізіндеоқыту. Оқу материалы көлемі жыл сайын көбейіп жатыр, ал оқуға бөлінген уақыт жетіспейді, ал оқуға бөлінген уақыт жетіспейді, осы тұрғыдан қарағанда А.А. Окупев ұсынған технология сабаққа бөлінген уақытты ұқыптықолдану әр мұғалімге қажет. Технология дәстүрлі сабақтың негізіне сүйеніп, сабақта әр түрлі тиімді әдістемелерді қолдануды көздейді, оған:

- пәнаралық байланыстарға сүйену арқылы сабақты интеграциялану;

- зерттеулік жұмыс негізінде өткізілетін сабақтар; зерттеу «мозговой штурлі», реферат, пікір беру.

- дәстүрлі емес әдістерді қолдануға сүйенген сабақтар

- қоғамдық қарым – қатынастарды қолданып өткізген сабақтар; дебат, пресс – конференция, пікірталас, телебағдарлама...

- фактазия элементтерін пайдалану: ертегі, елестету, сыйлық т.б....

- тәрбие сағаттардың элементтерін қолдану: КВН «Что где, когда», «Таңғажайып аланы» т.б.

Технологияның негізінде мектеп мұғалімдері өз пәнін оқытуда өздеріне қолайлы әдістерін таңдап оқытады, немесе мүмкіндігіне қарай кез келген оқытудың түрін таңдайды. Сабақты ұйымдастырудың түрі тиімді және нәтижелі болу үшін тиімді оқыту технологтяның көп түрлілігін қолдану керек.

Мектептерде кен дамыған технологиялардың тағы да бір түрі – дамыта оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы ХХ ғасырдың 30-ші жылдарынан басталып, түрлерін біздің заманымызға дейін жетті. Қазіргі таңда технология әлі де қолдануда.

Дамыта оқыту технологиясы И.Г. Бесталаанций, А.Дистервеч, К.Д. Ушинскийдің педагогикалық қызметтерін басталып, Л.С. Выгодскийдің «оқыту дамудың алдында түрін отыру қажет» деген ғылыми теориясына сүйеніп қалыптасқан. ХХ ғасырдың 50-60-ші жылдары Л.В. Занков.













Қорытынды


Қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес түрлері «Педагогикалық технологиялар- бұл білімнің басымды мақсаттары мен біріктірілген пәндер мен әдістердің, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ мазмұнын, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». Қазіргі заманғы ғылыми-техиикалык үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдында мүлде жаңа міндеттер қойып отыр. Жаңалықты ендіруге даярлык бұл, ең алдымен, стратегиялық және технологиялық өнделген білімділік кұжаттардың болуы. Аталған жұмыстағы ең негізгі өзекті мәселесі қазіргі таңда ғылымға мықтап енген «жаңа педагогикалық технология» ұғымына әр түрлі түсініктемелер берілген. Дегенмен, барлық анықтамалардың басты ортақ негізі бар, бұл біздің ойымызша келесі, түсіндірмелерден айқан көрінеді. Педагогикалык технологияның негізі болып педагогикалык - психологиялық және әлеуметтік ғылым жетістіктері, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибеде, халықтың педагогика, отандық және шетелдік педагогиканың өткенінің барлық жақсы жинақталғаны негіз болып табылады, яғни педагогикалық технология жеке түлганың қасиеттерімен орташаланады, бірақ онымен анықталмайды. «Педагогикалық технология» деген түсінік «Окыту әдісінен» кеңірек.

Қазіргі кездегі оқытудың дәстүрлі емес түрлеріне технология оқыту мақсатына осы жүйенің меңгерілуіне - алын ала жоспарланған жүйені жүйелі іске асыруға бағытталган іс-әрекеттердің барысы және оның нәтижесіндегі көрсеткіш. Ең алдымен педагогикалық технодлгия жоспарлау, педагогикалык технологияның нақты шарттарын таңдау болып табылады. Ол тұлғаның жеке ерекшеліктеріне және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келетін іс- кимылды, сондай-ақ олардың дайындығының шарттарын таңдауды талап етеді. Білім беру ісіндегі жаңа педагогикалык технологияның мақсаты, бағыты, сипаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болуына, ұлттық білім беру ісін әлемдік білім беру жүйесіне кірігуіне тығыз байланысты.

Сондықтан казіргі заманғы оқушылардың ойлау белсенділігін кеңінен дамытып білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға, оларды теориялык және тэжірибелік міндеттерді шешкенде сапалы пайдалана білуге үйретуге міндетті, ғылым мен техиканың кең канат жайған кезеңінде ғылыми таным әдіснамасы өте зор маңызға ие. Сондықтан оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияны енгізудің жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, жаңа педагогикалық технологияны енгізудің алғы шарттары мен жолдарын көрсету қажет. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың білім мең ғылым қызметкерлерінін III съезінде білім сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп мүғалімдерге де үлкен міндеттрді жүктегені мәлім. Ендеше келешекте Казақсатанның қарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі оқушы - ертеңгі азамат болғандықтан педагогикалық технология- оқыту мақсатына жетудің ең тиімді жолы болып табылады.

Оқу- тәрбие үрдісін жаңартып, білімін сапасын арттыру мұғалім құзырындағы жауапты іс. Білім алу, шеберлікке, іс - әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы- оқыту болып табылады.

Осы жоғарыда айтылған сөздің астарында қаншама керемет ой мен болашаққа жетелейтін үлен сенім мен үміт жатқаны мәлім. XXI ғасыр жан-жакты дамыған, білімді өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлес қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр. Олай болса осы жұмысымды тәмамдауда бір ауыз сөзбен аяқтағым келеді "Уақыт өтіп бара жатыр дегенге үйреніп алғанбыз, уақыт өтпейді, уақыт түр. Өтіп бара жатқан сіз бен біз. Сондықтан қоғамды дұрыс жолға салмай, болашақты дұрыс дайындамай бекер өтіп кетпейік", демекпін.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы А.,2001.

  2. «Білім туралы», Қазақстан Республикасының заңы. Астан- 2004. Назарбаев Н.Ә. «Еркін елдің ертеңі- кем ел білім мен кенен ғылымда».

  3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030», «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы «Кітап», 1998ж.

  4. Қазақстан Республикасының 2015 жылңға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы Егемен Қазакстан 28 желтоқсан 2003ж.

  5. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты А-2002.

  6. Т. Қазыретэлі «Мектепте тарихты окыту әдістемесі», А-2004.

  7. Т. Тұрлығұлов «Мектепте Қазақсатан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі», А-2003.

  8. Е.Е. Взяемский, О.Ю. Стрелова «Методические рекомендации учителю истории» М-2000.

  9. М.М. жанпейісова «Модульдік окыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» А-2002 ж.

  10. М.В. Короткова, М.Т. Студенчикин «Методика обучения истории в схемах, таблицах, описаниях», М-1999.

  11. Б.А. Әлмұхамбетов, Я.С. Бенцион «Педагогикалық кадрлармен әдістемелік жұмыс», А-1998.

  12. В.П. Бесполько «Слагаемые педагогической технологий», М-1989 г.

  13. Н.Р. Юсуфбекова «Общие основы педагогической инноватики» М-1991.

  14. В.Монохов «Проектирование и внедрение новых технологий обучения» М-1990 г.

  15. М.В.Кларин «Педагогическая технология в учебном процессе», М-
    1989.

  16. К.Аманжол. бастауыш мектептегі дамыта оқыту технологиясы.Бастауыш мектеп №11, 2005ж.

  17. ¥ Төленова. Білім беруде жаңа технологияны қолдану- өмір талабы. |Бастауыш мектеп №5, 2005ж.

  18. Байғазиева Г. Жаңа педагогикалық технологияларды ендіру. |Бастауыш мектеп №106 2005ж.

  19. Қ. Нағымжанова. Қазіргі педагогикалық технологиялар- объективті қажеттілік. Бастауыш мектеп №7, 2005ж|.

  20. Қ. Ыбараимжанов. Педагогикалық технология |Бастауыш мектеп №8, 2005ж.

  21. Байғазиева Гүлнүр «Педагогикалық технологияларды меңгеру- міндет» Қазақстан мектебі №1, 2006ж|.

  22. Мусина Сапура "Оқыту технологияларын енгізу жлдары", Қазақстан мектебі№86 2002ж|.

  23. Бүзаубақова Клара «Жаңа педагогикалық технолиялар», ЦҚазақстан мектебі №4, 2005 ж.

  24. Шадинова Кунсүлу. Дамыта окыту негізінде. ЦҚазакстан мектебі №1, 2005ж.

  25. Қүлиманова маржан. Оқытудың психологиялық ерекшеліктері. ЦҚазақстан мектебі №10, 2002ж.

  26. Қажығалиева Ажар «Модулмен оқытуды үйымдастыру», ЦҚазақсьан мектебі №26 2006ж.

  27. Ережепова Гүлжамал Модульдік технология хақында ЦҚазақстан тарихы №5, 2001ж.

  28. М.В.Кларин «Педагогическая технология в учебном процессе», М-1989.

  29. К.Аманжол. бастауыш мектептегі дамыта оқыту технологиясы Бастауыш мектеп № 11, 2005ж.

  30. Байғазиева Г. Жаңа педагогикалық технологияларды ендіру. |Бастауыш мектеп №106 2005ж.

22




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!