| Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу
| 1. Шаттық шеңбері. Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық , Бір жадырап қалайық! — Дыбыс дегеніміз не? — Дыбыстар нешеге бөлінеді? — Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз? — Ал әріп дегеніміз не? Алдында қандай дыбысты өттік? О дыбысы дауысты ма,дауыссызба? Қандай түсті текшемен белгілейміз? О дыбысы қандай пішінге ұқсайды? Қазір «Көп ойла,тез ойла » ойынын ойнаймыз. Мен сендерге допты лақтырамын сендер О әрпінен басталатын сөздерді айтасыңдар. Кім көп айтады соған жұлдызша беремін. Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын Сұрғылт тартқан түсi бар. Ақсиған көп тiсi бар Тыным таппай жүгiрiп, Сiлекейi шұбырған, Қыстау маңын ториды, Ауылдың бар өш итi. -Қасқыр жабайы ма, алде үй жануары ма? - Қасқырдың түсі қандай? - Қасқыр орысша қалай атаймыз? Қасқыр деген сөз қай дыбыстан басталып тұр? -Қ дыбысының таңбасымен танысайық. - дауысты ма дауыссызба? - қандай текшемен белгілейміз? Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз ертегі түрінде өтеді Қандай ертегілерді білесіңдер? Бүгінгі мен сендерге «Қызыл телпек» ертегісін айтып берейін. Ертеде Қызыл телпек деген қыз болыпты. Бір күні оған анасы орманда тұратын әжесіне жемістер апарып беруін сұрапты. Балалар біз Қызыл телпекке жемістерді тез жинауға комектесейік, ол үшін оқулықтаға бірінші тапсырманы орындауымыз керек. (интерактивті тақтадан көрініп тұрады). Балалар суреттердің атын атап Қ дыбысының қай жерінде естіліп тұрғанын айтады. Сөздерді буынға бөледі. -Жарайсыңдар сендер жемістерді тез жинауға көмектестіңдер.Енді Қызыл телпек әрі қарай орман ішімен әжесіне кетті. Орманда нелер өмір сүреді? -Аңдар. -Дұрыс айтасыңдар. Қызыл телпекке қасқыр кездеседі. Қасқырдан құтылып кету үшін кітаптағы сөздерді оқиық Сергіту сәті Қа-қа-қа. Бақылдайды бақа. Қа-қа-қа Атам берді соқа. Ақ-ақ-ақ Басына қонсың бақ -Балалар, біз тапсырмаларды дұрыс орындау арқылы Қызыл телпекке көмектесіп отырмыз.Қызыл телпекті қыз қасқырдан құтылғанымен қасқыр оның әжесінің үйін білетін болып шықты. Біз енді әжесінің үйіне аңшыны шақырайық. Аңшылар тез келу үшін Қ әріпін жазайық. Қ әріпі төрт элементтен тұрады.Мынау бас әріпімен кіші әріпі. Саусаққа жаттығу Ұнды қолмен аламыз, Бетіне тұз саламыз. Жылы суды құйып ап, Араластырып қоямыз — Балалар, аңшылар келіп қасқырды ұстап алды. Енді Қызыл телпек пен әжесін кездестіреміз. Ол үшін соңғы тапсырманы орындап жіберейік. Жоғалған әріптерді қоямыз.Үлгідегіні көшіріп жазып ребусты шешеміз. —Міне, балалар, қызыл телпек пен әжесі сендер көмектескен соң аман-есен бір-бірімен кездесті. Енді Қызыл телпектің әжесіне қандай жемістер әкелгенін көрейікші. Жемістердің аттарын атау, буынға бөлу. Сергіту сәті Қарлығашқа ұқсайық Қане қанат жазайық Ұшып-ұшып алайық Орнымызға қонайық
|
О дыбысын Дауысты Қызыл Шеңберге ұқсайды
-Қасқыр
-жабайы аң -сұр - волк
-қ - дауыссыз - көкпен
Ұшақ,қобыз,тышқан
Қа, қала, ақ,тақ, қо,қора, қола, қара
Қарақат,құлпынай, |
| Рефлексия- түзету жұмыстары (коррекция)
| 1. Қ қандай дыбыс? 2. Қ дыбысынан келетін адам аттарын ата. 4. Қ дыбысынан келетін қалаларды айт. 5. Қ дыбысынан басталатын сөздерді атаңдар. | Қ дыбысы Дауыссыз Қарлығаш, Қасым, Қаршыға, Қайсар Қызылорда, Қарағанды, Қостанай Қасық, қалам,қағаз, қарындаш, құлын, |