СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 13.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ҚМЖ "Процент" 5 сынып

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 - сабақ

Сынып: 5 «А»

Сабақ өтілетін күн:

Барлық оқушы саны: 20

Сілтеме:

Оқу жоспары, оқулық Математика 5 сынып, күнтізбелік жоспар.

Сабақ тақырыбы:

Берілген санның процентін табуға есеп шығарту

Жалпы   мақсаттар:

  • Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу дағдысы қалыптасады;
  • Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, заттың арзандатылған бағасын және қымбаттатылған бағасын есептеуді үйренеді;
  • Оқушылар бірін-бірі үйретеді, өзара ақылдасады, достық қарым-қатынас құрады, түсініседі
Показать полностью

Просмотр содержимого документа
«ҚМЖ "Процент" 5 сынып»

1 - сабақ

Сынып: 5 «А»

Сабақ өтілетін күн:

Барлық оқушы саны: 20


Сілтеме:

Оқу жоспары, оқулық Математика 5 сынып, күнтізбелік жоспар.


Сабақ тақырыбы:

Берілген санның процентін табуға есеп шығарту


Жалпы мақсаттар:

  • Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін есептер шығаруда қолдана білу дағдысы қалыптасады;

  • Оқушылар есептерді шешуде логикалық тұрғыдан ойланады, заттың арзандатылған бағасын және қымбаттатылған бағасын есептеуді үйренеді;

  • Оқушылар бірін-бірі үйретеді, өзара ақылдасады, достық қарым-қатынас құрады, түсініседі


Түйінді идеялар:

Заттың арзандатылған және қымбаттатылған бағасы, берілген санның процентін табу алгоритмі


Әдісі-тәсілдері:

топпен, жұппен, жекелей , Жигсо, СТО, АКТ, топтық әңгіме


көрнекіліктер

интерактивті тақта, слайд, стикер, үлестірме тапсырмалар, A3 қағазы мен маркерлер, бағалау парағы


Дереккөздер:

Оқулық, www.ustaz.kz сайтындағы математика бөлімінің материалы, дидактика Алдамұратова 5 сынып


Оқыту нәтижелері:

Мәселе есептерге теориялық тұрғыдан талдау жасайды. Өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізеді, өз ойларын еркін жеткізе алады, есеп мазмұнына сипаттама, талдау жасай біледі.


Сабақтың барысы:

уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Қызығушы-

лығын ояту.

3 мин

Сергіту сәті: физминутка «цыплята»

Оқушылар слайдтағы балапандардың іс-қимылдарын қайталау арқылы жаттығу жасайды.


Топқа бөлу: Оқушыларды геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлу

Геометриялық фигуралар бойынша 5 шағын топқа бөлінеді:

  • шаршы

  • үшбұрыш

  • дөңгелек

  • төртбұрыш

  • бесбұрыш


2 мин

Мұғалім оқушылардың, білім, білік дағдыларын бақылап, анықтайды

  • №1294 есеп

Әр топ жұппен дәптерлерін алмасу арқылы слайдтағы жауап бойынша бір-бірін тексереді (жұптық бағалау)




Мағынаны ашу

5 мин

Кесте толтыру: Әр оқушыға кесте сызылған үлестірме материал таратылады (жекелей жұмыс).

Әр топ өзара ақылдаса отырып, кестені толтырады. Кестені толтырып болғаннан кейін слайдтағы жауаптар бойынша өзін-өзі тексереді (өзін-өзі бағалау)


20 мин

Топтық жұмыс. Әр топқа тақырыпқа бойынша оқулықтан алынған деңгейлік тапсырмалар үлестіріледі. Топтағы оқушылар Жигсо тәсілі бойынша нөмірленеді. Үлестірме тапсырмалар сәйкесінше оқушылардың нөміріне сәйкес таратылады.

Мұғалім оқушылар есепті шығарып болғаннан кейін, оқушылар өздерін тексеруі үшін тапсырмалардың дұрыс жауаптарын береді.

Қорытынды бағаны мұғалім өзі қояды.


Оқушылардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес тапсырмаларға дайындалады, тірек сызба жасайды:

  1. Тапсырма орындалып болғаннан кейін бірдей нөмірдегі оқушылар топтасады, мәселе есеп мазмұны бойынша анализ жүргізеді және өздерін бағалайды.

  2. Дұрыс жауаптар арқылы оқушылар бірін-бірі тексеріп, бағалайды.

  3. Үй тобына, яғни бастапқы топқа қайтып келіп, өз сұрақтары бойынша топқа есеп шартын түсіндіреді және топ басшысы оларды бағалайды.


Ой толғаныс

5 мин

«Ыстық орындық» тәсілі бойынша бір оқушыны тақтаға шығарып, тақырып бойынша сұрақ қойғызу.

Тақырып бойынша оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды: есепті шығару алгоритмі бойынша, қалай шығарды немесе қандай тәсілмен шығарды т.с.с.


5 мин

«Эстафета». Тақтаға тапсырмалар жазылған бес A3 қағазы ілінеді.

Әр топтың оқушылары кезегімен шығып, тақтаға өз тобына берілген есептің шешімін жазып шығады. Эстафета аяқталған соң топтар бір-бірін әрі тексереді, әрі бағалайды. (топтық бағалау)


Бағалау


3 мин

Әр топ басшылары және мұғалім ортақ балдарын шығарып бағалайды. Қалған оқушылар стикерге сабақта не ұнағанын немесе ұнамағанын Т кестесі арқылы жазып шығады.


Келесі оқуға берілген тапсырмалар

2 мин

§ 7.3, 328-бет. Тақырыпты алдын ала оқып келу.

328-беттегі тапсырманы қарастыру, сұрақтарға жауап беру

Дарынды оқушыларға қосымша есеп: №1312 (1)





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!

Поделитесь с друзьями
ВКонтактеОдноклассникиTwitterМой МирLiveJournalGoogle PlusЯндекс