Просмотр содержимого документа
««Қоянның үйшігі»»
2- ші кіші топқа ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Технологическая карта 2 мл. группы
Technological card of educational activity for 2 junior group
Өтпелі тақырып: «Менің балабақшам»
Апта тақырыбы: «Жиһаз»
Тәрбиеші: Воспитатель: Teacher:
Күні :Дата:Data:
Білім беру саласы: Образовательная область: Educational area: ҚМҰҚ. ФЭМП. FEMC. Тақырыбы: Тема: Theme: «Қоянның үйшігі»
Мақсаты: Цель: Aim:
Білімділік : Образовательные цели: Educational: Заттардың биіктігін салыстыру. «биік», «аласа» - деген сөздерді қолданып, жауап беруге үйрету.
Дамытушылық: Развивающие: Developmental: Қатарға қойылған екі тең, тең емес топтардың заттарының санын салыстыру. «қанша», «сонша», «көп», «аз» - деген сөздерді қолдану.
Тәрбиелік:Воспитательные:Brining-up: Балаларды балабақша ойышыншықтарын ұқыпты, таза ұстауға, достарына адал болуға тәрбиелеу.Бірін – бірі сыйлауға, тату болуға тәрбиелеу.
Жабдықталуы : Оснащение: Resources: Қоян, ойыншықтар.
Алдын – алу жұмысы : Предварительная работа: Preliminary work: жиһаз жайлы әңгімелесу
Сөздік жұмыс : Словарная работа:Vocabulary work : Аласа, биік, тең, тең емес.
Көптілділік: Полиязычие: Multilingualism: қоян-заяц - here, биік-высокий - tall , аласа-низкий - low.
| Қызметтер кезеңдері Этапы деятельности Stages of activity | Мұғалімнің қызметі Действия педагога Teacher’s activities | Балалардың іс- әрекеті Деятельность детей Children’s activity |
| Мотивациялық – қозғаушылық Мотивационно – побудительный Motivational and incentive stage | Балалар мен сендерге көп жеміс тер алып келдім осылардың аттарын,түстерін атап көрейікші Балалар осының ішінен сәбізді тауып беріңдер,сәбізді қандай аң жақсы көреді? | Балалар жемістердің атын атап, түстерін айтып береді. -Алма, алмұрт,апельсин, жүзім -Сары,қызыл,жасыл Ортаға Жандос шығып сәбізді тауып береді. |
| Ізденушілік – ұйымдастырушылық Организационно – поисковый Organizational and exploratory stage | Тақтамен жұмыс: Қоянның үйшікте отырған суретін көрсету.Балалар сендер суретте нені көріп отырсыңдар? Балалар қоян қандай тамақ жиді? Ақ қоян мен қара қоянның суретін көрсетіп қай қоянның сәбізі көп? Ал мына жерде екі ағашты көріп отырмыз мұқият қараңдар қай ағаш аласа,қай ағаш биік? Билингвалдық компонент: қоян-заяц, биік-высокий, аласа-низкий. Мына суретте қызғанақпен алманы көріп отырмыз алма аз ба,қызғанақ көппе? Бұнда көріп отырғандай себетте не бар,оның түсі қандай,екеуін салыстырыңдар? Сергіту сәті: Сұр қоян қоян-заяц - here, биік-высокий - tall , аласа-низкий - low. | Балалар ойланып,суретте қоянның үйшікте отырғанын айтады. -Сәбізді жақсы көреді. -Ақ қоянның сәбізі көп -Биік, аласа ұғымын бекіту.
-Балалар ойланып алманың көптігін айтады.
-Алманың суретін көріп отырмыз, алманың түсі жасыл,екі себеттегі алма тең. Балалар тәрбиешімен бірге қимылдарды қайталайды. Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді Қарап еді артына Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің |
| Рефлексивті – түзетушілік Рефлексивно – корригирующий Reflective and corrective stage | Балалар бүгін біз тақтадан ненің суретін көрдік? Олар нені жақсы көреді? Балалар біз қандай теңдеулерді өттік қайталап көрейікші? | -Қоянның суретін көрдік. -Сәбізді жақсы көреді? -Балалар тәрбиешімен бірге қайта лап, өткен сабақты естеріне түсіреді. Биік, аласа, сонша, көп, аз |
Күтілетін нәтиже: Ожидаемый результат: The expected result:
Ұғынады: Воспроизводят: Reproduce: Биік, аласа, сонша, көп, аз деген ұғымдарды
Түсінеді: Понимают: Understand Заттардың биіктігін салыстыруды :
Қолданады: Применяют: Apply: Заттардың санын салыстыруды