СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қола дәуірінен қолданыста келе жатқан ою-өрнек түрлері"

Категория: Искусство

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп оқушыла арналған технология пәнінен сабақ жоспары

Просмотр содержимого документа
«"Қола дәуірінен қолданыста келе жатқан ою-өрнек түрлері"»

Қосымша 5-4

Сабақтың тақырыбы: «Тігін машина түрлері. Тiгiн машинасы және машина тiгiстерi. Қоса тiгу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Машинаның шығу тарихы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Ой өрістерін, ойлау қабілеттерін, икем дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі: Аралас

Сабақтың көрнекілігі: машина түрлері көрсетілген плакаттар.

Сабақтың барысы:

1. Ұымдастыру кезеңі.

а) оқушылармен амандасады, түгендейді

ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақ.

Тігін машинасы. Тігін машинасының қол машина, аяқ машинажәне электр машина деп аталатын түрлері бар. Конструкциялық орындалуы жағынан тігін машиналары астында тұғыры бар қақпақты машина, сандыққапты машина, стол-шкафты машина , жазылмалы столы бар машина деп бөлінеді. Тігін машинасының үш класы шығарылды: тск тура тігісті- 2М, тура және бір және екі жіпті инемен ирек тігіс жүргізетін -132 класты, бір немесе екі жіпті инемен тура немесе ирек сызықты тігіс жүргізетін және арнайы тігіс тігетін 142 класты машиналар. 2 М класты тігін машиналары киім детальдарын бір сызықты тура тігіспен тігуге, шілтері немесе таспа баулы киімді бастыруға, киімнің шеттерін бүгуге, бүрме тігіс тігуге, «ришелье» әдісімен кестелеуге, бір тегіс етіп кестелеуге, жамау жапсыруға арналған. 132 класты машина бұған қосымша ілгектерді торлауға, түйме қадауға, сәндік тігіс түсіруге, бау тігуге, матаның шетін жөрмеуге, ирек сызықты тігіспен бір-біріне түйістіре тігуге болады. 142 класты машинамен жоғарыда көрсетілген жұмыстың бәрін орындап, оған қоса жағдайда ең әуелі оның дұрыс сақталуына көңіл бөліп, содан кейін жіп өтетін серіппелі қысқаштың бұрандасын солға қарай бірнеше рет айналдырып, жіптті қатты тарту қажет. Шөлмектегі жіп қатты тартылып тұрған жағдайда қайықтың сырт жақ бүйіріндегі пружинаның реттеу бинтін сәл босатады. Сондай-ақ қайық ішіндегі катушка тым тез айналып кеткен кезде де (мұндайдажіп түйіліп, түйін пайда болады) жіптің үзіліп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда шөлмектің астына қалың мата төсмеп қою қажет. Шөлмек қайыққа тығыз болған кезде де жіптің үзілуі мүмкін. Сонда шөлмекке жіп қажеттегіден артық оралады. Шөлмекке жіп орағанда оның шөлмек жиегіне 1,5-2 мм жетпей тұруын қадағалау керек. Тігіс дұрыс түспесе онда иненің дұрыс орналасуын тексеру (ине түбінің тегіс, жылтыр –беті кейінгі жаққа, ал инедегі кішкене өзекше алдыңғы , жұмыс істеп отырған адам жаққа қарайды) қажет; ине мен жіп нөмірлерінің сәйкес келуін тексеріп, егір ұшы мұқалып немесе майысып қалса инені ауыстырады. Ал машина табаны матаны тартқыш тісті қажетті деңгейде келтіреді (егер олар тиісті деңгейде шығып тұрмаса) немесе ретруіш винт арқылы машина табанын қатайтады. Жұқа маталарды (мәселен керосин тамызу керек, сосын машинаны біраз жүргізіп барып жақсылап сүртеді де тігін машинасына арналған маймен майлайды.Машиналық белдігі (айналдыру таспасы) айналып кетсе, онда оны сәл қысқартқан жөн. Егер машина бұзылып, тігіс дұрыс түспесе онда машинаны шеберханада жөндетеді.

Тігін машинасының тарихы

XV – ғасыр – Ленардо да Ванчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.

1755 жыл – Англия, Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.

1834 жыл – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады.

1900- Ресейде Подальск қаласында «Зингер» зауытын ашты

1900- Ресейде Подольск қаласында «Зингер» зауытын ашты.

Тігін машинасы қол жетегінде , аяқ жетегінде және электр жетегіндегі машиналар болып бөлінеді. Заманауи тұрмысьтық машинасы негізінен электр тоғының күшімен жүргізіледі. Тігін машинасы қол жетегіндегі , аяқ жетегіндегі және электр жетегіндегі болып бөлінеді. Жетек – бұл машинаның жұмысшы бөлігін қозғалысқа келтіру қондырғысы.

Заманауи тұрмыстық электр жетегіндегі тігін машинасы өте шағын, оны жұмысқа тез дайындай аласың.

Тігін машинасының құрылысы: Көңіл аударсақ бірінші бөлшегі- жең деп аталады. Оның ішінде машинаның құйып жасаған басты вал бөлшегі орналасқан.

Жеңнің оң жағында өзара жалғасқан бірнеше бөлшектен тұратын аяқты беріліс орналасқан. Бұл түйін деп аталады. Машинаның әрбір түйіні қандай да бір жұмысты атқарады. Аяқты берілсі- бұл машинаны қозғалысқа келтіретін түйін.

Аяқты берілістің педальін аяқпен тербетеді. Бұл тербеліс шатунның және қисықшиптің көмегімен айналмалы қозғалысқа ауысады да жібергіш дөңгелек беріледі. Жібергіш дөңгелектің науасына тұйық белдік кигізілген. Белдік жібергіш дөңгелекті машинаның басты валына қондырылған маховик дөңгелекке жалғайды.

Әрі қарай машинаны бос жүріске қойып жаттығу орындалады.

Тігін машинасын жұмыс орнында жарық сол жақтан түсіп тұратындай етіп орналастырады.

Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ.

(Слайдпен машина құрылысын көрсету.)

1- шөрнек құрылысы; 2-басу табаны; 3-мата жылжытқыш; 4-жіптартқыш; 5-жіп бағыттағыш; 6- жеңқап; 7-жіп орағышқа арналған өзек; 8- жіп орағыш;9-айналма дөңгелек; 10- тігіс ұзындығын көрсеткіш; 11-кері жүргіш тетігі; 12- тегіс адымын реттегіш тұтқа; 13- жеңқап тіреуі; 14- тұғыр; 15- жіп бағыттағыш; 16- ысырмалы пластина.

Тігін машинасының инесі.

Ине – тігін машинасының ең маңызды жұмы органы. Ине конструкциясын Америкада 19 ғасырдың 30- жылдарында ойлап тапқан.

Тігін машинасының инесінің құрылысы

1- колба

2- қысқа және ұзын сызық

Ойық сызықшалары

3- алмас

4- көзі

5- ұшы

III. Бекіту сұрақтары.

1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина, аяқ машина, электрлі машина, арнайы машина)

2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім (Леонардо до Винчи).

3.Мата неден тұрады (Талшықтан)

4. Тігін машинасынң қандай түрлері бар?

5. Тігін машинасы қандай бөліктерден тұрады?

6. Тігін машинасың ине бөліктерінің құрлысын атаңыздар?

IV. Қортынды

Бағалау.