СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қолөнер үйірмесі арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен, терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор  мән берген. Еліміздің – 2050 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш- бүгінгі студенттер екенні анық.

Республикамыз егемендігін алған және қоғамымыз жаңарған қазіргі жағдайда, білім берудің шын мәніндегі демократикалық жүйелерін құру принциптері өз мәніне сай қалпына келуде.Олар шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға, қайталанбас  даралықты дамытуға бағытталған. Әрбір студент өмірдің, оқу-тәрбие процесінің еркін субъектісі.Бүгінгі сапалы білім берумен қатар еңбекке баулуда үйірме жұмысын жүргізу заман талабы.

Просмотр содержимого документа
«Қолөнер үйірмесі арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Қолөнер үйірмесі арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту


Н.И. САПАРОВА

технология мамандығының оқытушысы,

гуманитарлық колледж, Астана қ.


Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен, терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Еліміздің – 2050 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш- бүгінгі студенттер екенні анық.

Республикамыз егемендігін алған және қоғамымыз жаңарған қазіргі жағдайда, білім берудің шын мәніндегі демократикалық жүйелерін құру принциптері өз мәніне сай қалпына келуде.Олар шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға, қайталанбас даралықты дамытуға бағытталған. Әрбір студент өмірдің, оқу-тәрбие процесінің еркін субъектісі.Бүгінгі сапалы білім берумен қатар еңбекке баулуда үйірме жұмысын жүргізу заман талабы.

Үйірме жұмыстары оқу-тәрбие жұмысымен тікелей байланыста болады, себебі студенттердің сабақта алған білімін одан әрі тереңдету,шығармашылықтарын дамытуға бағытталады. Олардың білімді де , парасатты, адамгершілігі жоғары азамататар болып өсуіне жағдай жасайды. Сыныптан тыс осындай сан-сапалы жұмыстарды тартымды да, қызықты, әсерлі етіп ұйымдастырған оқытушы, тек жақсы оқитын студенттерді ғана емес, үлгерімі төмен, тәртібі нашар студенттердің де талабын оятпақ. Өйткені оқытушы мен студент арасында көзге көрінерлік ара-қашықтық болмайды. Оқытушы шәкіртімен бірге тыныстайды, бірге ойлайды, істі бірге істеп, бірге шешеді. Үйірме сабағы кезінде студенттерді шығармашылыққа баулу, олардың жеке қабілеттерін ескере отырып жүргізіледі. Шығармашылық жұмыстың мазмұны қазіргі заман талабына сай ғылыми- техникалық жетістіктердің даму деңгейңне жақындатылған болуы тиіс. Таңдалған тақырып студенттердің жүрегіне жақын, әрі түсінікті болғаны абзал. Ол үшін әртүрлі әдістемелік құралдарды жиі қолданып, үнемі шығармашылық ізденісте болу керек.

Сабақ барысында, оқыту кезінде қалыптасатын адамгершілік қарым-қатынас сипаты сыныптан тыс қызметте беки түседі немесе түрлі өзгерістерге ұшырайды.

Студенттер үйірме сабақтарында шығармашылықпен айналысады, тапсырмаларды орындайды, өз шеберліктерін шыңдайды, жасаған жұмыстарын көрмелерге шығарады. Өзара бірлескен сыныптан тыс қызмет үстінде кей ретте мұғалімнің ұжымдағы студенттердің өз жолдастары жөніндегі қате қалыптасқан пікірлерін өзгертуіне, олардың өзара қарым-қатынасын қажетті бағытқа қайта құруына мүмкіндік туады. Сан қилы үйірме сабағының процесі кезінде студенттердің арасында олардың жеке басты ерекшеліктеріне орай, қарым-қатынастар қалыптасатын болады.

Оқытушы жұмыс сапасына, ойын процесіне, жиындар, байқаулар өткізуге ғана емес, соынмен бірге осы ұжымдық қызметке қатысушылар арасында туындайтын қарым-қатынастарға да айқын талаптар қойып отырады.Бұл талаптарды балалар жақсы білуге және жеке түсінуге тиіс.

Адам өзіндік ерекшелігімен өмірге келеді. Осыған орай тәрбие беру үрдісінде әр түрлі болмыспен қалыптасқан тұлғаны одан әрі жетілдіруде тәрбиелеудің түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануға тура келеді.Тәрбие берудін тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты-барлық тәрбиелік істе әрбір студентті «жеке тұлға» деп танып, жан-жақты қалыптастыру. Осы орайда колледжде студент талабын ескере отырып үйірме жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде «Атамұра – ата кәсіп» үйірмесіне жетекшілік етемін. Үйірменің мақсаты ұмытылып бара жатқан қолөнерімізді қайта жандандыру, ата- бабамыздың асыл мұрасын қастерлей білуге үйрету, қолөнер саласындағы көнерген әдістерді дамыта отырып жаңа әдіс тәсілдерін табу. Бұл үйірмеде студент өзінің қалауы бойынша тақырып таңдап, шығармашылық жұмыспен айналасуға үлкен мүмкіндік алады. Әр семестр соңында олардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырылады.

Үйірме сабақтарында студенттер еркін жұмыс жасап өз қабілеттерін көрсетуге тырысады. Сонымен қатар, қалалық және республикалық деңгейде өтетін көрмелер мен іс-шараларына өз қолөнер жұмыстарын ұсынып отырады.

«Атамұра – ата – кәсіп» үйірмесінде студенттер түрлі бағытта жұмыс жасайды. Атап айтсақ,кестелеу өнері, жапсыру, коллаж, құрақ құрау, гобелен тоқу, макраме тоқу, моншақтармен тоқу, жүнмен жұмыс істеу түрлері. Моншақпен жұмысты алсақ олардан түрлі алқаларды тастармен бірге өңдей отырып жасайды. Кестелеу өнерінде жан-жақты түрлендіре отырып, машинамен өңдеп, аралас техниканы қолдану арқылы жүзеге асырады. Осы жұмыстардың ішінде жүнмен жұмыс жасау технологиясы студенттерді қатты қызықтырады. Киіз басу – дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр ( қалпақтық биязы киіз) басу процестері де киіз басу дәстүрлі технологиясымен бірдей.

Жүн – ұйысуға бейім бірден – бір талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механикалық әрекет нәтижесінде шырайлы да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады. Студенттер осы жүнді бүгінгі күні сусабынмен ұйыстыра отырып, жеңіл жұқа бұйымдар жасау технологиясын терең меңгеруде. Атап айтсақ, түрлі мойын орағыштар, паннолар, әшекей бұйымдарын осы киіз басу технологиясымен өңдеуде. Бүгінгі күні нарықта жүннен бұйым жасау бүгінгі таңда ерекше сұранысқа ие. Сән әлемінде жүннен жасалған әшекей бұйымның киімдердің өзіндік орны бар. Осыны ескере отырып студенттер осы бағытта тереңінен үңіліп жан – жақты зерттеп жұмыс жасауда.

2013 жылдың қараша айында «Отаным менің – Қазақстаным» атты қолөнер көрмесіне үйірме мүшелері белсенді қатысты. Атап айтар болсақ Алпыс Анаргүл, Келісова Тоқжан, Торғауытова Әсел, Арыстанова Махаббат сынды студенттерге көрме сертификаты берілді.

2013 жылдың қараша айынла халықаралық «Қазақстан өнері» апталығы бойынша көрмеге қатысып, студенттердің жасаған жұмыстары бағаланды және халықаралық сертификатпен марапатталды.

2014 жылдың қаңтар айында колледждің мерейтойына арнап «70 жылға – 70 бұйым» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Студенттер үйірме барысында жасаған жұмыстармен ұжымды таныстырып қана қоймай шеберлік мектебін көрсетті. Шеберлік мектебіне қатысқан ұстаздар мен студенттер көрмеге қойылған бұйымдардың жасалу технологиясымен танысып, қолөнердің тереңде жатқан құпиясын түсінді және өзіндік алғыстарын білдірді.

Жүннен жасалған алқа, моншақтар, шаш безендіруге арналған бұйымдар, жүннен жасалған кәдесыйлар, наурыз мерекесінде ұйымдастырылған көрмеде халықтың жоғары сұранысына ие болды. Біле – білгенге, қолөнер саласы – табысты еселей түсетін сала. Осыны ескергендіктен көптеген елдер қазірде бұл салаға айрықша мән беріп отыр. Әсіресе өзіндік қолөнерінен ажырап, ұмыт қалдырған Германия, Норвегия, Израиль сынды елдер бүгінде қазақтың төл туындыларына қызығушылық танытуда. Сондықтан қолөнер шеберлері шетелдік нарыққа шығуға барынша күш салуы керек. Үйірме барысында осы бағыт бойынша студенттерге тиісті мәліметтер, бағыт – бағдар беріледі. Болашақта «Ата – мұра ата - кәсіп» үйірмесінің мүшелері де сонау жоғарғы деңгейден көрініп, ұлттық қолөнерімізге әлемге танытады деген үлкен үміт бар.

Студенттермен теориялық және практикалық жұмыстарын жүргізу барысында, олардың шығармашылық қабілеттірн айқындау, шыңдау мақсатында үйірме жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше орын алады. Үйірме мүшелері сабақ барысында шеберліктерін шыңдап, жан – жақты білім мен тәрбие саласын тереңінен меңгереді. Олар болашақ үлкен өмірге дұрыс қадам жасаудың бағытын меңгереді, ұлтжанды ұрпақ деген ұғымның қандай екенін біліп, соған жетуге ұмтылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ш. Әбдуәлиева «Халық қолөнері». Алматы 1994

  2. К.Өстеміров «Кәсіптік оқыту әдістемесі». Алматы 2006

  3. К.Жасанова «Технологияны оқыту әдістемесі» Алматы 2002

Резюме

В статье рассказывается о роли кружковых занятий по народному творчеству в развитии творческих способностей студентов.

Summary

In this article talk role publik creative activity circle lessons in developing students creative activity abilities.



Скачать

© 2017, 590 4

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!