Мотивациялық-қозғаушы: | Шаттық шеңберіне тұрып, төмендегі өлеңді айтқызу. Сары, ақпыз, қарамыз. Бәріміз де баламыз. Бір қалада тұрамыз, Бір бақшаға барамыз. Ақ, қара деп бөлмейміз, Бір жыл туған төлдейміз. Туысқанбыз, татумыз, Биіктерге өрлейміз. | Балалар шаттық шеіберіне тұрып өлең жолдарын айтады. |
Іздену – ұйымдастырушы: | Педагог балаларға әлемдегі адамдар туралы сурет көрсете отырып, олардың өмір сүру, еңбек ету ерекшелігіне тоқталады. Адамдардың ұлтына, жынысына, жас шамасына қарай бөлінетіндігін айта отырып, адамдардың сәбилік шағынан бастап қартайғанға дейінгі кездерді суреттен көрсетеді. Сурет көрсету арқылы адамдардың жастары есейген сайын бет әлпетінің, дауысы мен жүріс – тұрысының де өзгеретінін түсіндіреді. Сонымен қатар адамдардың сырт келбеті мен әдеттеріне тоқталып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажыратуға болатындығын айтады. Соңынан екі баланың суретін көрсетіп, ұқсастықтары мен айырмашылығын айтып беоуді тапсырады. Кәне, балалар, оң қолдарыңмен сол жақ кеуделеріңді ұстап көріңдерші. Не байқадыңдар? Балалар, ол соғып тұрған сендердің жүректерің, барлық адамдарды жүрек болады. Және адамдардың барлығында өкпе, бүйрек, бауыр сияқты ішкі құрылыстары болады. Оларды күтіп ұстау үшін сендер спортпекн шұғылданып, дұрыс тамақтанып және таза ауада көп серуендеулерің керек. Гүлдер өсіп жетілу үшін не керек деп ойлайсыңдар? Ал адамдардың өсіп жетілу үшін не керек? Дұрыс айтасыңдар, сонымен қатар, күтім, әрі демалыс керек екен. Ал егер адам кешке дейін немесе бірнеше күндер, айлар бойы демелыссыз жұмыс істеп, уақытында тамақтанбай, таза ауада серуендемей, күтінбей жүре берсе не болар еді? Ондай адамдар аурушаң әрі тез ашуланғаш үнемі көңіл күйі болмай жүретін еді. Сол себепті кез келген адам өзін – өзі күту керек екен. Кешкісінде сендер ата – аналарыңды көрген кезде қандай сезімде боласыңдар? Ата – аналарың да сендерді көргенде қуанады. Себебі олар сендерді сағынады, жақсы көреді. Сол себепті сендерді көргенше асық болады. Ал, сендер ата – аналарыңды қылый қуантар едіңдер? Міне, көрдіңдер ме балалар, ата – аналарың сендердің тәтті қылықтарың жетістіктеріне қатты қуанады екен. Тек сендердің ата – аналарың ғана емес барлық адамдар жақсы хабарды естігенде қуанады екен. Педагог осылайша адамдардың бірдей сезімді сезінетіндігін (қуаныш, ауру, өкініш) түсіндіреді. Және балаларға ақ парақ бетіне салынған адам бейнесін аяқтауға ұсынады. Балалар жұмыстарын аяқтағаннан кейін дәптердегі тапсырманы тұсіндіреді. Сергіту сәтін өткізеді: Қолдарымды созамын, Суға сүңгіп аламын. Суда жүрып жүземін, Оң қолымен бір сермеп, Сол қолымен бір сермеп, Шынықтырып денемді Спортсмен боламын. | Балалар суретке қарап, екі баланың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы айтып береді. Думанның бойы қысқа, шашы қара әрі қысқа, құлағы үлкен көздері қара. Алешаның бойы ұзын, шашының түсі сары, көзі көк. Бүлкілдейді, қозғалады, тарсылдайды. Ау, жарық, топырақ, су керек. Онда ол адам аурушаң болады. Қуанамыз. Балалар мұқият тыңдап өздерінің ата – аналарына қаншалықты қымбат екендігін түсінеді, көңіл күйлері көтеріліп, қуанышта сезімде болады. Мен өлең, би билеп беріп қуантамын. Анама көмектессем, сонда ол қатты қуанады. Мен әкем мен анамды қатты жақсы көретіндігімді айтамын. Мен оларды қатты құшақтаймын. Балалар ақ параққа салынған адамның суретін аяқтап, көзін, мұрнын, шашын салып, қасында отырған баланың суретімен салыстырып, әңгімелеп береді. Балалар дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды. |
Рефлексивті – реттеуші: | Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған ісерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандығын, не үйренгендерін сұрайды. | Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Бүгінгі жиыннан алған әсерлері, көңіл күйлері, немен айналысқандары туралы айтып береді. |