СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қош бол, құтты Әліппем!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем!

Мақсаты:

Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу; Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.  

Просмотр содержимого документа
«Қош бол, құтты Әліппем!»



Тақырыбы: Қош бол, құтты Әліппем!

Мақсаты:

Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.
Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл көрнекілік, шарлар

Мұғалім:
Армысыздар құрметті ұстаздар,қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе» Міне бүгін біз барлық ғылымның анасы, біздің болашағымыздың негізі әліппемен қоштасу ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!

І-жүргізуші:
Қыр гүліндей жайнаймыз,
Ән сап, билеп ойнаймыз.
Бүгін бізде мереке,
Әліппе тойын тойлаймыз.
ІІ-жүргізуші:
Тал шыбықтай бойына
Әдемі көйлек жарасар 
Ортада біздің сүйікті,
Балдырған балғын балалар.
(1 «Б» сынып оқушылары ортаға шығады)

2. Әнұран

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларын!



І -жүргізуші

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, 
Әліппемен қоштасу тойымызға.

ІІ-жүргізуші

Шашу, шашу шашайық!
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастанғысын жасайық.

( Шашу шашылады)


Мұғалім:

Кімдер зерек, кім тапқыр,

Таланттарын табайық,

Қайсы күйші, кім биші,

Талабына қарайық

Іші толған әріпке

Бар білімнің бастауы

Білімдіге жарық не?


Хормен: Болашаққа жол бастар, ол сүйікті әліппе.


Мұғалім:

Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық.


Хор: Әліппе, әліппе, әліппе


Әліппе:

Армысыздар жас достар!

Армысыздар ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғылымның

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Жақсы білім көрімдік

Болсын бізге халайық

Не үйрендік, не білдік

Қане ортаға салайық


Балалар мен бір өзім келген жоқпын. Өзіммен бірге Ана тілінде ерте келдім. Мені оқып бітірдіңдер енді Ана тілін оқисыңдар.


Ана тілі:

Асыл-ойы дананың

Ана тілі боламын

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың

Өсірген ой білімді,

Мәнін терең білуде

Мейірімі мол балаға

Ана тілді құрметте

І-жүргізуші:

Хор: «Әліппе»

ІІ-жүргізуші:

Кәне достар: Әліппеден не үйрендік, не білдік ортаға салайық.


1-оқушы: Қарлығаш

Армысыздар мұғалімдер әз жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би билеп, ән де бүгін шырқалар


2-оқушы Шыңғыс

Ыбырай Алтынсарин –тұңғыш қазақ мұғалімі . Ол алғаш әліппені жазды. Балаларды оқуға шақырды.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар


3-оқушы Сымбат

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреттің оны Әліппе.

Енді біз жаза аламыз

Әріпті қосып әріпке

Ырза боп саған жүреміз

Қош бол сүйікті Әліппе!

4-оқушы Әділ

Қош құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің



5-оқушы Илина

Жақсы кітап әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштастық

Әліппемен достастық


Хор: Елімнің ертеңгі иесі біз


6-оқушы Иманғали

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы


7-оқушы:
Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

Адам барлық әріпті

Ардақтайды қолдайды


8-оқушы Мұхаммедәли

Әліппе деген даңғыл жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.

9-оқушы Қарақат

Әліппем менің Әліппем!

А деген бастап әріптен

Сөз құрап жаза бастадым

Тақылдап таңба танып мен

Осылай алға аттадым

Әр әріпті жаттадым

Жаттаған сайын әріпті

Сөз құрап жаза бастадым



10-оқушы Бақытжан

Таныстырып 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті әліппем

Сенің арқаң оқып жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім


Хор: «Мұғалім ол біздің»


11-оқушы Мағжан

Әліппе білім анасы

Әліппе кітап данасы

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы?


12-оқушы Жұлдыз

Алфавиттің А тұрады басында.

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші


13-оқушы Алибек

А деген ол – аналар ғой ардақты

Ә деген ол –әкелер ғой салмақты

Б деген ол –балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі


14-оқушы Әділет

Әліппем менің, Әліппем!

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен


15-оқушы Алдияр

Мектебің мынау класың

Осында он жыл тұрасың

Тарыдай болып кіресің

Таудай болып шығасың


«Қошақан» әні орындайтын Айдос Алибек


І- жүргізуші
Қане бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтардан бастайық.

ІІ-жүргізуші:
Енді ортаға әріптерді шақырайық.
«ӘЛІППЕ» сөзі шығатындай
( Ә,Л,І,П,П,Е) әріптер таққан оқушылар шығып тақпақ оқиды.

16-оқушы:
«Ә»

Бас әріпке інімін

Дауыстының бірімін

Ә дегенің - Әліппе

Бастауы бар білімнің


17-оқушы

«Л»

Мынау-доғаға, қарайық

Ұқсайды оған қай әріп?


18-оқушы

«І»

Інімін жақын –жуыққа

Ішік болам суықта

Сол себепті атымды

Ешқашан да ұмытпа


19-оқушы

«П»

Ата-анаңмен барып сен,

«Пілді» көрдің «парктен».

Осы атаулар, зер салшы,

Басталған қай әріптен?


20-оқушы

«П»

П дегенің періште

Желеп-жебер мың иең


21-оқушы

«Е»

Е-ні ұмытпас ешқашан

Елін сүйген жарандар

Хор: «Мен әдепті баламын»

Әліппе:

Балалар енді кім мақал –мәтелдер, жаңылтпаштар біледі екен?

(Оқушылар мақал-мәтелдер,жаңылтпаштар айтады.)

Жарайсыңдар сендер білімді екенсіңдер. Мені өте жақсы оқыпсыңдар. Ана тілінде дәл осылай оқыңдар. Әдепті де тәртіпті оқушы болыңдар. Енді мен сендермен қоштасамын. Қош сау болыңдар.


Хор: «Қош бол Әліппе»


1-жүргізуші:

Достар, Ана тіліне арналған өлеңдерің бар ма?

2-жүргізуші:

Кәне ортаға салайық, Ана тілі-данамыз бөлімі:


22-оқушы Іңкәр

Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол, 
Сауатты болып шықты міне балаңыз!



23-оқушы Бағдәулет

Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желікбас

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас


24-оқушы Зумрат

Ана тілін біліп қой,

Бостандығын теңдігің

Ана тілін біліп қой,

Мақтанышың елдігің


25-оқушы Исмаил

Ана тілім ұраным

Ана тілім ерлігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім


26-оқушы Мадияр

Мейірімі мол балаға

Бар әлемде анаға

Басымызды иеміз,

Бабамыздың тілі деп

Баламыздың үні деп

Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз


27-оқушы Динара

Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей ананың


1-жүргізуші

«5» болсын алар бағамыз

Біліммен бақыт табамыз


2-жүргізуші:

Өнер-білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз


Мұғалім:

Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!

Хор: Әрқашан күн сөнбесін

Ертеңгілігімізді аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын деген тілекпен аяқтағым келеді. Қош, сау болыңыздар