СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қош бол, сүйікті әліппем!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қош бол, сүйікті әліппем!» разработка внеклассного мероприятия

Просмотр содержимого документа
««Қош бол, сүйікті әліппем!»»



37 негізгі мектеп







ТӘРБИЕ САҒАТЫ



Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті әліппем!»

Орындаған: Ахметова Д.Н.








Мұғалім:Қымбатты аталар мен ақ жаулықты аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін 1-сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасқалы отыр.Міне бүгін біз барлық ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі Әліппені бітіріп отырмыз.Бүгін біз шексіз қуаныштымыз. Олай болса сүйікті Әліппемізді ренжітпей рахметімізді айтып, өзімізден кейінгі кішкентай іні-сіңлілерімізге табыс ету міндетіміз.Сондықтан қазір осы уақытқа дейін алған білімдерімізді көрсетіп ән-күймен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық.

Бала деген, шіркін-ай, балдай екен,
Тәттілігі жая мен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен


Ендеше бүгінгі шәкірттеріміз ертеңгі күннің үмітін ақтар деген ниетпен еліміздің болашақ азаматтарын ортаға шақырайық.

  1. Елдос пен Дильназ сыныптың ең сұлулары

Мінеки келді ортамызға

Ақылды боп әрдайым

Аналарың толтырады куанышқа

  1. Самат пен Гүлден жымисын әр кезде жүздерің

Көктемдей жадырап көңілдерің

Гүлден мен Самат келеді әнекей

Томпиған сұлу қыздарың, жігіттерің

  1. Ақжол мен Аяулым – белсенді өздері жан-жақты,

Олар біздің сондай талантты.

Сыныптағы сүп-сүйкімді балақайлар

Өздері сондай тартымды балапандар

  1. Ерқанат пен Раушан – білімді, дара болар

Сауат дейтін ең пысық бастығы бар.

Ал біздің сыныптағы екеуіннің

Өнерімен қатарлас білімі бар

Вальс

Құттықтау сөзді мектеп директоры Байшолақов М.Р беріледі

Аяулым: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулық достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.

Раушан: Мектеп кеме, білім теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Әліппе берген білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.
Ерқанат: Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін.
Құрметтейік мәпелеп,
Ұстаздардың есімін.

Гүлден: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты болып шықты міне балаңыз!
Дильназ: Әліппе деген алтын жол
Апарады сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Самат: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Әріп сырын түсіндім мақтанамын.
Әріп сырын үйреткен әліппемде,
Түстей болып міне бүгін артта қалды.
Ақжол: Мынау менің Әліппем,
Көгілдір тудың түсіндей.
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.
Елдос: Біз енді әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағына сусындаған
Көптеген кітаптармен достасамыз.

Мұғалім:Оқушылар біз төрт ай барысында не үйрендік?
Раушан: Біздер көп нәрсе үйрендік.
Ерқанат: Есеп шығаруды санауды.
Аяулым: Ән айтуды ойнауды.
Самат: Сурет салуды бояуды.
Елдос: Денемізді шынықтыруды.


Мұғалім: Мектепке қайсы айда келдіңдер?
Хормен: Қыркүйек.
Мұғалім: Алғаш мектепке келген күн, сабақ қайсы пәннен басталады?
Хормен: Әліппе.
Мұғалім: Алғаш қазақ балалары үшін әліппе оқулығын кім жазған?
Хор: Ы.Алтынсарин.
Мұғалім: Жарайсындар!!! Балалар мен сендерге бір сұрақ бергім келіп тұр.
Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Хор:Болашаққа жол ашар,

Ол сүйікті – Әліппе!
Мұғалім:Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым данасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Олай болса өздерің алғаш рет қолыңызға ұстаған аяулы әліппені ортаға шақырайық.
Хор:Әліппе. Әліппе. Әліппе.
Әліппе:
Сәлеметсіздерме менің сүйкімді достарым,ата аналар,ұстаздар,қонақтар.
Армысыңдар жас достар,
Армысыздар ата-ана.
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға.

Менің атым – Әліппе!

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ержеткен,

Ағаң менен әпкең де.

Білім деген ғажаптың,

Әліпбиін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.


Мұғалім: Төрлетіңіз қасиетті Әліппе! Әліппе, балалар, сізден не үйренді, кімдермен танысты, сіз білесізбе?

Әліппе: Балалар, сендер мені оқыдыңдар, сонда меннен не үйрендіңдер, не білдіңдер?Қане ортаға салайықшы.Ата- аналарың да естісін.

Әліппе: Қазақ тілінде неше әріп бар?
Әліппе: Оқуға, білімге шақырып өлең жазған қандай ақын аталарымызды білесің?
Самат: Ыбырай Алтынсарин- тұңғыш қазақ мұғалімі.Ол алғаш мектеп ашқан.
Бір аллаға сиынып, Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық!
Ерқанат: Абай- қазақ халқының ұлы ақыны.
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан.
Сенде бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан.
5. ҚР рәміздерін ата.
6. ҚР президенті кім?

Ақжол:Енді біз оқи аламыз, Әріпті қосып әріпке.
Риза боп соған жүреміз, Сүйікті біздің Әліппе.
Дильназ: «А- ны айтқанда дауысым дірілдейді,
Ұстазым көз алдымда күлімдейді.
Күн сайын әріптердің атын біліп,
Сөз оқимын айырып, буынды енді.

Ән: « Әліппе туралы ән»

  1. Әліппе: Сендер мені оқып сауаттарыңды аштыңдар, жазуға, оқуға үйрендіңдер. Ал, қане, мына көпшілікке әріптердің сырын ашыңдаршы.

Мұғалім: Әріптерді көрейік
Бастасын кәне айтысты,

Жібермесін намысты.

Аяулым: А: А дегенің ана ғой,
Ана деген дана ғой.
Ақжол: Ә: Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Дильназ: Б: Б дегенің бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
Самат: Г: Гу деп алғаш бөбектер,
Гуілдейді ақырын.
Раушан: Ғ: Ғалым ғылым ғасырды,
Ғ білімге асырды.
Елдос: Д: Дүлдүл аттар баптаған,
Дәркенді жұрт мақтаған
Гүлден: Е: Елге есті ер керек ,
Ер жет өсіп ертерек.
Ерқанат: Ж: Жасұланбыз, жастармыз
Жарқын істер бастармыз,
Жерімізді түлетіп,
Жайнатып –ақ тастармыз .
Аяулым: З: Зауза ұшады зыңылдап,
Зымыранша зырылдап.
Ақжол: Қ: Қарқа қол бер,
Жасқа жол бер.
Дильназ: Л: Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды.
Раушан: М дегенің мал болар
Қадір тұтқан бабалар.
Елдос: У жалауша мұны біл
Еліміздің туы бұл.

Гүлден: Ш Шытырмақ текше ғой
Алты қырын екшей ғой.

Ерқанат: Ф Футбол ойыны
Аяқ доп дейді оны.

Мұғалім: Олай болса балалар, мен сендерге әріптерге қатысты жұмбақ жасырам, соған тез ойланып, ұтымды жауап берейік.

  1. Мен үшін жақсы адам,

Артық көрем басқадан.

Апа, ата сөздері

Қай әріптен басталған? (А)

  1. Бастайды ол таңды да,

Бастайды ол талды да.

Келіп тұрған қай әріп,

Тау мен тастың алдында? (Т)

  1. Үйрек десе – бірінші,

Бүйрек десе – екінші.

Бұл қайсы әріп екенін

Біреу айтып берсінші? (Ү)

  1. Ата-анаңмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атаулар, зер салшы,

Басталған қай әріптен? (П)

  1. Ұя десе – соңында,

Сия десе – соңында.

Тұратұғын қайқайып,

Айтыңдаршы, қайсы әріп? (Я)

  1. Ас біткеннің анасы –

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталған,

Соңғы әріпін қарашы. (Н)

  1. Оспан да өлең жаттады,

Олжас та өлең жаттады.

Қай әріптен басталған

Екеуінің аттары? (О)

  1. Ұқсайды өзі шалғыға,

Елестет көз алдыңа.

Кәне, ойланып табайық,

Болды екен бұл қай әріп? (Ғ)

  1. Өрікте – сөдің басында,

Бөрікте – сөздің қасында.

Бұл қай әріп, көріңдер,

Енді айтып беріңдер. (Ө)

  1. Кесе, шыны пиала,

Оларсыз шай құя ма?!

Қасықсыз тамақ жемейміз,

Бәрінің атын не дейміз? (ыдыс – ы)

  1. Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене, балалар,

Үзуге адам қимайтын. (гүл – г)

  1. Ірімшікті жедің ғой,

«Тәтті екен» дедің ғой.

Оның аты біз жазған,

Қайсы әріптен басталған? (І)

Әліппе: Жарайсыңдар, балалар!

Мұғалім: Кроссвордты шешу...

Мұғалім: Әліппе, балалардың дайындаған өлең, тақпақтарын тамашалаңыз.

Самат: Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық ,тойладық.
Раушан: Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақты қолдайды

Дильназ: Ашыла берді алдымнан,
Кең дүние есігі.
Соғылған сомдап алтыннан,
Әліппе білім бесігі.
Гүлден: Әліппем, менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Аяулым: Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым оның кілтін алып берді.

Мұғалім: Балалар, сендер Әліппемен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар: математика, дүниетану, музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Балалар сендер кішкене шаршап қалған шығарсындар, бір серігіп алайық.

Сергіту сәті: физминутка

Мұғалім: Терең ғылым сананың

Тегі деп ой саламын

Маңызды етіп оқыңдар

Математика сабағын

Гүлден: 1-дегенім бесік
Шықтым содан өсіп.
Елдос: 2-дегенім егін
Далам тауым көгім.
Дильназ: 3-дегенім үміт
Үміт жақсы жігіт.
Ақжол: 4-дегенім төзім
Төзе білем өзім.
Аяулым: 5-дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт.
Самат: 6-дегенім ақыл
Тыңдағаның мақұл.
Раушан: 7-дегенім жалау
Жүректегі алау.
Ерқанат: 8-дегенім сөзім
Серт беретін кезім.
Гүлден: 9-дегенім тоқтау
Елдің жоғын жоқтау.
Елдос: 10-дегенім Отан
Қорға соны ботам.

Мұғалім: Олай болма, балалар, математика пәнінен есептер шығарайық.
Бір – бірімен жарысқан,

4 аю, 1 арыстан.

2 қоян, 1 түлкі,

Бәрі нешеу кім білді? (8)


Табақта 5 алма,

Қолымда 2 алма,

Қосқанда барлығы

Болады неше алма? (7)

Одан алынады

1 алма атама,

1 алма әжеме,

1 алма әкеме,

1 алма апама,

Нешеуі қалады,

Нешеуін алады? (7 – 1 – 1 – 1 – 1 )


Ала қанат сауысқан

Құртты көрсе жабысқан.

Үшеу едің басында

Екеуін қосса қасына.

Нешеу болдың, туысқан? (3 + 2)


Мұғалім: Үй. Геометриялық фигуралар. Есептер беріледі...

Би «Айгөлек» қыздар

Әліппе: Құрметтеріңе рақмет, балалар! Енді менен алған білімдеріңді ана тілімен ұштайсыңдар. Әрқашанда оқуда озат, үлгілі де ілтипатты болыңдар! Міне, менің досым Ана тілінің өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар.

Ана тілі

Сөйлетер сөзді шеберлеп,

Өзіңнің ана тіңліңмін.

Байыптап жақсы оқысаң,

Негізі менде білімнің

  • Сәлеметсіңдер ме, менің жан достарым? Мен сендермен танысқаныма өте

қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Ақын – жазушылардың ертегі, әңгімелерін ынта қойып оқыңдар. Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер.

Балалар: Оқимыз, оқимыз, оқимыз!

Ана тілі: Балалар, төрт ай бойы төрімізде қонақ болған, көп білім үйреткен әліппені шығарып салайық.

Әліппе: Бәрі жақсы, балалар. Енді мен сендермен қоштасайын. Алдағы уақытта жақсы оқыңдар. Менің досым Ана тілін ренжітпеңдер.

Кір шалмасын беттерін,

Таза болсын оқулық пен дәптерің.

Оқығандарың есте болсын,

Күнделіктерің «5» - ке толсын!

Хормен: Қош бол, құтты Әліппем!


Ән «Әліппемен қоштасу»


Дильназ: Қош бол құтты Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Толқындатып сөйлеттің

Раушан: Тіл тысауын кестің сен
Айаулы анам болып сен
Айыбымды кештің сен
Қош бол құтты Әліппем.
Ақжол: Қош бол сүйікті Әліппем.
Бәрімізді сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.

Аяулым: Әліппенні бітірдім

Жаза алармын атымды

Әліппені бітірдім

Бала болдым ақылды

Елдос: Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті Әліппем

Сауатты адам қатарына кіргенім

Қош бол құтты Әліппем!

Тіл тұсауын кестің сен

Мұғалім:

Музыка атты пәніміз,

Айтылар әсем әніміз.

Қазақтың сұлу саздарын,

Шырқатамыз бәріміз.

Келесі музыкалық сәлем өздеріңізге арналады, қабыл алыңыздар!

Ән: «Куанышқа толады»

Ана тілі: Сендер өнерлі екенсіңдер. Араларыңда Дымбілмес сияқты әріп білмейтін оқушы жоқ шығар.

Дымбілмес: Мыналар неге жиналған? Өй, менің атымды атаған кім? Сен бе? Болмаса сен бе? Кім менің атымды атаған? (Балаларға тиіседі)

Е, мынау екен ғой. Сенің суреттерің маған ұнайды. Суреттері әдемі екен, ә!

Ана тілі: Дымбілмес, бүгін бұл сыныпта әліппемен қоштасу кеші болып жатыр. Бұлар менің суреттерімді қарап қоймай, ертегі, әңгіме, өлеңдерімді өздері оқиды.

Дымбілмес: Ха, ха, ха. Қайдағы ертегі? Мынадан қайдағы ертегі оқисыңдар, не жазасыңдар? Мен бұларды Әліппе мен Ана тілін оқымай-ақ білемін.

Ана тілі: Қане, балалар, мына Дымбілмеске не үйренгендеріңді айтып беріңдерші.

Балалар: Біз әріптерді, дыбыстарды таныдық. Әріптерден буындар, буындардан сөздер, сөздерден сөйлемдер, ал сөйлемдерден әңгіме құрастыруды үйрендік. Санға санды қосып, қосындының мәнін таптық, саннан санды азайтып айырманың мәнін таптық. Ән айтуды, сурет салуды үйрендік.

Мұғалім:

Ән айтылды неше алуан,

Биге кезек берейік.

Мың бұралған ұлдарын

Өнерін де көрейік.

Ұлдардын билерін Тамашалаңыздар:

Мұғалім:

Бәрекелді, таудай бол,

Желкілдеп өскен баудай бол!

Талабыңа жел бітіп,

Қияндарға самғай бер!

Қысқалығы өреңнің,

Ойыңменен мың айып.

Алғырлығын өреннің,

Енді ойында сынайық.

Дымбілмес:

Ортаға шық сеніммен,

Алғыр, зерек, батырың,

Тәртібімен берілген

Міне, ойынның шарты бұл.

Іркілмей, баптап,

Он адым аттап,

Он ұлға шақтап

Лайық ат тап.

Шатаспасаң болғаны –

Жеңістің саған қонғаны.

Толқуды таста, ал қане, баста.

Дымбілмес: Балалар, сендер көп нәрсе біліпсіңдер. Осының бәрін кім үйретті, айтыңдаршы?

Хормен: Мектеп! Әліппе! Мұғалім! Ата – ана!

Дымбілмес: Олай болса, осыларға бас иіп рақметімізді айтайықшы.

Дымбілмес: Сендер жақсы оқушы екенсіңдер. Мен де сендермен дос болайыншы?!

Хормен: Әрине,

Ана тілі: Енді мен сендерге ана тілі оқулығын табыстайын. Сендер мені жақсы оқиды деген сенімдемін (ана тілі оқулығы таратылады)

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі оқып жазатын халге жетті
Құтты болсын қадамы балалардың.
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы әрқашан мықты болсын
Білімдерін әрі қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын.
Қымбатты шәкірттерім Сіздердің білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті қадамдарың құтты болсын.
Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар.