СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қош келдің, мол ырысты-алтын күз!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алтын күз мерекесіне орай 2 сыныпқа арнап жасалған іс-шараның жоспары

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің, мол ырысты-алтын күз!»




Ақмола облысы Степногорск қаласы

С.сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейі












Қош келдің, мол ырысты-алтын күз!



Сынып: 2 «А»

Мұғалім: Кусаинбекова Жанар Маратовна




























Қош келдің, мол ырысты-алтын күз!


Мақсаты: балалардың күз туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату; табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезіне білуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: сынып іші алтын, сары, қоңыр түсті жапырақтармен безендірілген, сахна жаққа алма,алмұрт ағаштарының макеті қойылған. Қабырғаларға шарлар, күз мезгілінің бейнесі салынған плакаттар ілінген. Жоғарыға ұшып бара жатқан құстар макеттері ілінген.


Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі «Қош келдің, ырысы мол — Алтын күз!»атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.


Арайлап таң аттып,

Алтын сәуле тараттып,

Бақшамыз бір тойласын,

Мерекемен жайнасын,

Әнмен бүгін бастайық,

Қол соғып бір қоштайық.

(Сахнаға балалар шығып, ән айтады)

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»


Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оны табуға тырысыңдар:

Бозарып дала,

Тоңады бала,

Астығы піскен,

Жапырағы түскен, — бұл қай мезгіл балалар?

Балалар:

Күз мезгілі

Мұғалім:

Дұрыс, осы күз мезгілінің мерекесін тойлап отырмыз. Бүгін бізге үлкен қонақ келеді. Ол «Күз ханшайымы». Қонағымыз тез келсін десек, оны дауыстап шақырайық.

Балалар:

«Күз ханшайымы». . .

(Залға әсем әуенмен, жапырақ шашып «Күз ханшайымы»кіреді )


1-бала:Ерекше күз енді,


Айнала сары ала.


Комбайн жүзеді,


Толқыған далада.


2-бала: Тазартса бірі дән,


Тиеді бірі астық.


Қырманға осы дән,


Күзге бұл жарастық.


3-бала: Шоферде болмайды,


Тынығып жату да.


Тасиды бидайды,


Қойма, элеваторға.


4-бала: Көк майсалы көрікті,


Алқаптағы көп егін.


Бұл күндері киіпті,


Сары жібек көйлегін.


5-бала: Жел тынымсыз гуілдеп,


Болып кетті тым бұзық.


Шуылдайды тал, терек,


Жапырағын жұлғызып.


Сарғайды тоғай

Сап — сары маңай.

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып.

Жаздай күткен бәріміз,

Сары алтын, сары күз.

Алтын ұя бақшада,

Күтіп алар шағымыз.

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар?! Бүгінгі «Қош келдің, ырысы мол — Алтын күз!»атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Қошеметпен «Жұлдыз» тобын қарсы алыңыздар!

(Балалар қол ұстасып, музыка әуенімен залға кіріп, келген қонақтармен амандасады.)

Жүгізуші:

Арайлап таң аттып,

Алтын сәуле тараттып,

Бақшамыз бір тойласын,

Мерекемен жайнасын,

Әнмен бүгін бастайық,

Қол соғып бір қоштайық.

(Сахнаға қыздар шығып, ән айтады)

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүгізуші:

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оны табуға тырысыңдар:

Бозарып дала,

Тоңады бала,

Астығы піскен,

Жапырағы түскен, — бұл қай мезгіл балалар?

Балалар:

Күз мезгілі

Жүргізуші:

Дұрыс, осы күз мезгілінің мерекесін тойлап отырмыз. Бүгін бізге үлкен қонақ келеді. Ол «Күз ханшайымы». Қонағымыз тез келсін десек, оны дауыстап шақырайық.

Балалар:

«Күз ханшайымы». . .

(Залға әсем әуенмен, жапырақ шашып «Күз ханшайымы»кіреді )

Күз ханшайымы:

Сәлеметсіңдер ме, кішкентай балақайларым. Мен сендерді көріп тұрғаныма, өте қуаныштымын.

- Мен күзбін. Өте еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп, бұртыйып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, кқз жасымды төгіп жіберемін, Әйтсе де менің жомарттығым мен ақ көңілдігімді бәрі де ұнатады.

Мұғалім:

Қош келдіңіз, «Күз ханшайымы», төрлетіңіз! Біздің балалар сізге арнап өздерінің жан –жақты өнерлерін дайындап отыр. Соны тамашалаңыз.

Күз ханшайымы:

Әрине, балалар, мен сендердің өнерлеріңді сүйсіне тамашалаймын.


1-бала:Ерекше күз енді,


Айнала сары ала.


Комбайн жүзеді,


Толқыған далада.


2-бала: Тазартса бірі дән,


Тиеді бірі астық.


Қырманға осы дән,


Күзге бұл жарастық.


3-бала: Шоферде болмайды,


Тынығып жату да.


Тасиды бидайды,


Қойма, элеваторға.


4-бала: Көк майсалы көрікті,


Алқаптағы көп егін.


Бұл күндері киіпті,


Сары жібек көйлегін.


5-бала: Жел тынымсыз гуілдеп,


Болып кетті тым бұзық.


Шуылдайды тал, терек,


Жапырағын жұлғызып.


Күз ханшайымы:

Бәрекелді, балалар. Қазір мен сендерге жұмбақтар жасырайын:

Ағайынды бәрі,

Жазда жасыл ,

Күзде сары.

Балалар:

Жапырақ


Күз ханшайымы:

Тырс-тырс етіп тамады,

Сайға қарай ағады.

Балалар:

Жаңбыр.


Дидактикалық ойын:«Көкөніс пен жемісті танисың ба?»

Ойынның шарты: Төрт бала екі топқа бөлінеді. Бір топ себеттен ұстау, иіскеу арқылы бананды алса, екінші топ сәбізді алып шығулары тиіс.

Жүргізуші:

Күз ханшайымы, біздің балалар ойынды қалай жақсы ойнаса, көкөніспен жеміс туралы тақпақтарды да жақсы айтады.

Күз ханшайымы:

Олай болса, тыңдап көрейік.

(Балалар сахнаға шығып тақпақ айтады)

Өлең-тақпақтар:


Пияз: Асханадан шықпаймын,



Атым Пияз, бұқпаймын.



Көзден жасты шығарып,



Тұмаудан бірақ сақтаймын.



Сәбіз: Өсіремін бойыңды,



Дамытамын ойыңды.



Қоянға да азықпыз,



Сәбіздерміз жазықсыз.



Қызанақ: Тал шыбығым бұралып,



Бақшаларда қызарып.



Тұрған ол мен – Қызанақ,



Күнге қарап ұялып.



Қияр: Көктеп ерте өрмелеп,



Өсемін мен бүр жарып.



Атым Қияр, теріп ал,



Жиі-жиі суғарып.



Картоп: Картоп біздің атымыз,



Жер астында жатырмыз.



Бір тамырдан тараған,



Ағайынбыз бәріміз.



Қарбыз: Көрсең егер бақшада,



Доп екен деп қалмағын.



Шөл қандырар Қарбызбын,



Ерте үзіп алмағын.



Алма: Нарттай қызыл Алмамын,



Мәз болады алғандар.



Жазда әдемі киінем,



Тілді балдай үйірем.



Өрік: Көктемде ерте гүлдеймін,



Кешігуді білмеймін.



Уылжыған Өрікпін,



Мен бау-баққа көрікпін.



Шие: Шиемін мен, шиемін,



Піскенше тон киемін.



Бала келсе қасыма,



Басымды мен иемін.


Өлең — тақпағымызды әсем әнмен жалғастырайық. Бізді күз мерекесімен құттықтауға «Қызыл өрік» әнімен Ақылбек Жеменей де келіпті. Қарсы алыңыздар!


- Күздің ең керемет байлығын білесіңдер ме?

-Ол деген егін . Егін дегенім-дән . Дән дегенім нан емес пе? Біздің бар байлығымыз нанға толды. Нан –бақытты өмірдің бастауы, нан ән мен жырдың өзегі . Нан қасиет, нан -береке , нан-мереке емес пе !

Сахналық көрініс: Бидай мен қаңбақ


Бидай мен қаңбақ

Өзі қаңбақ болсын,

Онда қайдан салмақ болсын,

Тұрақтай алмай тегістікке,

Тірелді бір күн егістікке.

Бидайға қаңбақ тым қатты,

Дауыспен былай тіл қатты:

— Сен осы бидайсың ба?

— Бидаймын.

— Ақыл айтсам тыңдайсың ба?

— Тыңдаймын.

— Ашып айтсақ дұрысын,

Осы қай тұрысың?!

Жүрмейсің, көрмейсің, кезбейсің,

Не бар, не жоқты да сезбейсің.

Көктемде шығып,

Бастарың салбырап,

Күз болса бұғып,Т

ұрғандарың маужырап...

Мен болсам міне,

Күні мен түні

Ұшарымды жел біліп,

Қонарымды сай біліп,

Сайран салып жүргенім,

Қызық өмір сүргенім...

— Ей, қаңбақ! — деді бидай,

Қанасына симай:— Ашып айтсақ дұрысын,

Осы қай жүрісің?

Белгілі тұрағың жоқ,

Бас түгіл құлағың жоқ,

"Уф " десе қонасың,"Суф " десе қонасың,

"Уф " десе ұшасың

,Қаңғырған қаңбақсың

,Кімге тұлға болмақсың ?

Біз болсақ міне,

Күні мен түні

Жинағанымыз дән,

Айналамыз толған ән...

Абырой да, бақ та,

Атақ та, даңқ та

Ерлік те, жеңіс те —Барлығы осы егісте.


«Бидай» балаларға өзінің бауырсақтарын тарту етеді.


Мұғалім: Күз ханшайымы сонымен қатар біздің балалар жеміс жидектерден, көкөністерден әртүрлі бұйымдар жасады. Күзге арнап өзінің суреттерін, жапсырмаларын жасады.


Күз ханшайымы:

Бұл балалар өздері бір керемет, өнерлі балалар болды.

- Ал енді Қайрат Нұртастың әнін қабыл алыңыз.


Күз ханшайымы:

Көп-көп рахмет, балалар. Өнерлерің өрге өссін, әрқашанда осындай әдемі, ұқыпты, мейірімді болып жүріңдер. Менің сыйлығымды ала қойыңдар.

(Күз ханшайымы балаларға сыйлығын таратып беріп, қоштасып залдан шығып кетеді)


Құрметті ата – аналар, келген қонақтар сіздерге күз мезгілі ырысы мен берекесін мол әкелсін! Осымен бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар!